КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
08:30:00 сейсенбі, 2017 жылғы 23 мамыр   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
«Құрбан айт» мерекесіне орай, ауданның 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арнап ет, азық-түлік өнімдері таратылатын болады

2012 жылдың 29 қазаны сағат 12.00-де Алатау ауданы әкімдігінің үлкен залында қасиетті «Құрбан айт» мерекесіне орай, ауданның 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арнап ет, азық-түлік өнімдері таратылатын болады.

Іс-шараға Алатау ауданының әкімі Б. Мәнізоров, «Қолғабыс» қоғамдық қорының төрағасы Д.Сақтаған, аудан тұрғындары қатысады.

454545454

2012 жылдың 20 шілдесінде Алатау ауданы әкімінің аппараты және «Нұр Отан» ХДП Алатау аудандық филиалымен біріге отырыс өткізді. Жиынның (мақсаты Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты жиырма тапсырмадан тұратын бағдарламасын талқылауға арналды.

2012 жылдың 16 шілдесі күні Алматы қаласының әкімдігі, қалалық денсаулық сақтау Басқармасы және Алатау ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамыту туралы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын, және ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру аясында «Дені сау қала» акциясы бойынша, маусымның 10-нан 14-іне дейін 4 (төрт) күн қатарынан Алатау ауданындағы «Болашақ», «Алатау-2», «Құлагер», «Довгун» базарларында жұмыс істейтін жұмысшыларды алдын-ала медициналық тексеруден тегін өткізді. Барлығы 4839 адам маман-дәрігерлерге қаралып, арнайы тексеруден өтті.

2012 жылдың 3 шілдесі күні Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда Астананың туған күнінің құрметіне арналған мерекелік шара және жүгіру бойынша марафон өтті. Шара Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров алаңға жиналған көпшілік қауымды Астана күнімен құттықтады. Аудан әкімі өз құттықтауында, «Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы елдің қарқынды дамуының жарқын көрінісіне айналған Астана - жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінің орталығы мәртебесіне ие болды» - деді. Сондай-ақ, Астана күні құрметіне арналған марафон өтті. Шара «Шаңырақ-1» ықшам ауданында орналасқан №169 орта мектептің алдындағы алаңнан Жанқожа батыр көшесінің бойымен аудан әкімі аппаратының ғимаратына дейін жүгіруден басталды. Марафонға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, спортшылар, оқушылар, әр жастағы аудан тұрғындары қатысты. Марафон аяқталған соң жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен дипломдар және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Мереке соңы аудан өнерпаздарының күшімен әзірленген концерттік бағдарламаға ұласты.

2012 жылдың 27 маусымында Алатау ауданы «Шаңырақ-2» ықшамауданы Жанқожа батыр көшесі, 26 мекен-жайында орналасқан Алатау ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс-залында «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Лаңкестікке қарсы қоғамдық сана қалыптастыру» атты тақырыпта семинар өтті.

Іс-шараға Алатау ауданы әкімінің орынбасары М.Балбаева, «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, генерал-майор М.Телегусов, «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Президиум мүшесі, генерал-майор А.Ахмадин, әскери ғылымдарының докторы, профессор Д.Абраимов, дәріс оқушы Р.Иржанов және т.б., жалпы саны 70 адам қатысты.

Семинар барысында діни экстремизм мен лаңкестіктің қоғамға тигізер зияны мен оларға қарсы тұру әдіс-тәсілдері, сонымен қатар радикалдық және деструктивті бағыттағы діни ағымдар мен қылмыстық топтармен біртұтас қоғам болып күресу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында іс-шараға қатысушыларға «Лаңкестікке жол жоқ!» атты деректі бейнефильм көрсетілді.

2012 жылы 4 маусымда Алатау ауданының №152 жалпы білім беретін мектеп алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 20 жыл толуына орайласқан «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Гимнім!» атты жастар акциясы өтті.

Мерекелік шараға Алатау ауданы әкімінің орынбасары М.Балбаева, аудан әкімінің аппарат басшысы Б.Торламбаев, «НұрОтан» ХДП Алатау аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары С.Кәрібозов, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Шара мемлекеттік гимннің ойналуынан басталып, М.Балбаева өз сөзінде мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету баршаның азаматтық борышы екендігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, шара барысында мемлекеттік рәміздердің авторлары, оларда бейнеленген белгілердің мағынасы жайлы баяндайтын слайд көрсетілді.

2012 жылы 8 мамыр күні Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған салтанатты мерекелік шара болып өтті.

Мерекелік шараға Алматы қаласы әкімнің бірінші орынбасары М.Мұқашев, аудан әкімі Б.Мәнізоров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Қабдолдин, Ұлы Отан және ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Мерекелік шара әкім аппараты алдындағы «Ер есімі – ел есінде» атты монументке әскери үрлемелі оркестрдің сүйемелдеуімен гүлшоқтарын салтанатты түрде қойып, майдан шебінде қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды.

Аудан әкімі Бағдат Мәнізоров бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерді, тұрғындарды Ұлы мерекемен құттықтап, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, мереке аясында ардагерлерге далалық асхана ұйымдастырылды.

2012 жылы 1 мамырда Алатау ауданының «Халық» спорттық саябақ кешенінде мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті.

Алатау ауданы әкімі Б.Мәнізоров халық бірлігі – Қазақстан дауы мен көркеюінің негізі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, мейрам барысында футболдан, волейболдан және баскетболдан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

2012 жылы 26 сәуір күні Алатау ауданында ардагерлер Кеңесінің 25-жылдық мерей тойына арналған пленум өткізілді.

Пленумға Алатау аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қ.Қабдолдин, Алматы қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Б.Рамазанова, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, білім бөлімі қызметкерлері қатысты.

Жиында ардагерлер ұйымының 25-жылдық мерейтойын аудан көлемінде атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау сияқты негізгі мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, ардагерлер ұйымының 25-жылдық мерейтойына орай, ауданда қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген бірқатар азаматттар Алатау ауданы әкімі Б.Мәнізоровтың атынан алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Алатау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен №152 жалпы білім беретін мектепте «Дінаралық келісім – тұрақтылық негізі» атты тақырыпта семинар өтті.

Іс-шараға Алатау ауданы әкімінің орынбасары М. Балбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Құрманәлиева, Алматы қаласы Дін істері департаменті директорының м.а. Ж.Тәжібаев, Алатау ауданының бас имамы Қ.Сансызбаев қатысты.

Семинар барысында теріс пиғылды дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметі туралы баяндалып, іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни ағымының қызметі жөнінде деректі бейнефильм көрсетілді.

2012 жылы 17 наурыз күні Алатау ауданы әкімі аппараты аудан тұрғындары мен қонақтары 22 Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара ұйымдастырды.

Наурыз мейрамына жиналған халықты Алатау ауданының әкімі Б.Мәнізоров шын жүректен құттықтай келіп, бұл мейрам Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мейрамы екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына рухани байлық, бақыт және барлық жақсылықтарды тіледі.

2012 жылы 6 наурыз күні Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында әкім Б.Мәнізоров ауданда тұратын көп балалы аналар, еңбек ардагерлерін және ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне үлес қосып жүрген аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімі Б.Мәнізоров өз сөзінде нәзік жанды азаматшалардың бүгінгі таңда ауданның дамуына, өркендеуіне қосып жүрген үлестерінің зор екендігін ерекше атап айтты. Барша аруларға жұмыста табыс, қажымас қайрат, талмас қанат тілеп, сыйлықтар тарту етті. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

2012 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Г.Исімбаева және қалалық ақпараттық-насихаттық (АНТ) топ мүшелері №152 ЖББМ мәжіліс залында Алатау ауданынынң жұртшылығымен кездесу өткізді.

Іс-шараға ауданның білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Депутат аудан тұрғындарымен кездесу барысында Елбасының биылғы Жолдауында айқындалған мемлекеттің даму міндеттерін іске асыру мәселелерін ортаға салды.

2012 жылдың 8 ақпан күні Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні жаңа құрамдағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиыны өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының мәслихат депутаттары, орта және шағын бизнес өкілдері, білім және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиында аудан әкімінің орынбасары М.Балбаева, №22 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ә.Тұрсынов, «Мария» ЖШС-ң директорының орынбасары В.Романова және «Нұр Отан» ХДП ААФ-ң заңгері Ғ.Майлыбаев сөз алып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, Елбасының Жолдауындағы басты қойылған міндеттерді дамыту, оларды орындау жөнінде баяндама жасады.

2012 жылдың 30, 31 қаңтар және 2 ақпан күндері Алатау ауданының әкімі Б.Мәнізоров 2005 жылдың 6 сәуірдегі Елбасының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен кездесу өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан тұрғындарымен алты есептік кездесу өткізді.

Іс-шарада аудан әкімі Б.Мәнізоров ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша халыққа есеп беріп, 2012 жылға жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

Есептік кездесулерге Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашев, қалалық маслихат депутаттары Д.Әбенов, Қ.Сәрсенбай, Ғ.Сәдібеков, кіші және орта бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен аудан тұрғындары қатысты.


Оқиғалар күнтізбесі
 мамыр 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы