КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
15:41:23 сенбі, 2017 жылғы 25 наурыз

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
ҚазҰУ-да университет ұжымы мен студенттеріне «Ауызашар» берілді

2012 жылғы 18 тамыз күні ҚазҰУ-да университет ұжымы мен студенттеріне «Ауызашар» берілді.

Барша мұсылман қауымы үшін ең ұлық ай - қасиетті Рамазан айында ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов жыл сайынғы дәстүрге сәйкес университет ұжымына ауызашар берді.

Ауызашар дастарханына Т.Кәкішұлы тәрізді ғалым-академиктерденбастап, осынау қасиетті айда ауыз бекіткен ұстаздар мен студент-жастар жиналды.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған универсиет ректоры Ғ.Мұтанұлы мұндай шаралардың жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны мен маңызы туралы айта келіп, әр адамның өмірдегі ең басты қағидасын өлең жолдарымен түйіндеді.

ҚазҰУ басшысы: «Бұл ауызашар дастарханы біздің ұжымның үлкен ауызбіршілігінің дастарханы», - деп атап өтті.Ректор Студенттік құрылыс отрядында жұмыс жасай жүріп ораза ұстаған студенттердің шыдамдылығына, қажыр-қайратына ризашылығынбілдірді.
Белгілі абайтанушы Альберт Фишлер Орталық Азияның мәдениеттануы мен дінтануы бойынша дәрісін бастады

2012 жылғы 17 – 19 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Францияның құрметті профессоры, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Орталық Азия мен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым, белгілі абайтанушы Альберт Фишлер Орталық Азияның мәдениеттануы мен дінтануы бойынша дәрісін бастады.

Дәрістер «VI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі Орталық Азиядағы отырықшы және көшпелі халықтардың кездесуі» тақырыбы төңірегінде өтті. «Біз Франция туралыайтқанда, Франция Қазақстаннан 5 есекіші. Мен батыстан қазақ халқының мәдениетімен танысуға, сезінуге арнайы келдім. Бұндай зерттеулер сонау VI ғасырдан бері зерттеліп келе жатқан дәстүр деуге де болады. Батыс зерттеушілерін көшпелі халықтың таңқалдыруы, кереметтілігі бірігіп интеллектуалды қызығушылықты құрды», - деп атап өтті өз сөзінде Альберт Фишлер. Сондай-ақ, өз әскерімен Александр Македонский түрік жерінде болғанын, оған ақын Абай «Ескендір» поэмасын арнауынан да белгілі екендігін де айта кетті. Альберт Фишлерәл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауиді зерттеп жүрген ғалым болып табылады. Сондай-ақ «Орта ғасырлық түркі дүниесінің екі көрнекті интеллектуалы – әл-Фараби және Иасауи», «Дала: айырмашылықтар мен ұқсастықтар мекені, Қазақстан мысалында» атты дәріс тақырыптарында сөз сөйледі.


Оқиғалар күнтізбесі
 наурыз 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы