КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
06:10:42 сарсенбi, 2017 жылғы 26 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
№129 мектепте мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге жаңа жылдық шырша өткізілді

2012 жылдың 28 желтоқсанында сағат 12.00-де Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі мен «ЮЗКО» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Айнабұлақ-3 ықшам ауданы, 165 А мекен-жайы бойынша орналасқан №129 мектебінде бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өткізілді.

Шараға аудан аумағында тұратын 90-ға жуық мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін қатысты. Кішкентай бүлдіршіндерге арналып, жаңа жылдық шырша, байқаулар, жарыстар, түрлі ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, аудан әкімінің балаларға арналған сыйлықтары ұсынылды.

Алматы қаласы аумағындағы аудандардың ішіндегі алғашқысы болып веложарыс өткізілді

2012 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 8.00 де Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын орындау, ҚР рәміздерінің 20 жылдығы, «Қарттар айлығы» және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматы қаласы аумағындағы аудандардың ішіндегі алғашқысы болып веложарыс өткізілді.

Іс-шара аудандық балабақшалар бүлдіршіндері, орта және арнайы орта оқу орындарының оқушылары, өндірістік кәсіпорындар, зейнет жасындағы аудан тұрғындары, аппарат қызметкерлері арасында ұйымдастырылады.

12121212

Алматы қаласы күнін Жетісу ауданының тұрғындары үлкен дәрежеде өткізді

Алматы қаласы күнін Жетісу ауданының тұрғындары үлкен дәрежеде өткізді. Шара аудан аумағындағы қалалық Иппадромда «Құрманғазы» ансамблінің, «Жігіттер» тобы, «Салтанат» би тобының концерттік бағдарламасы мен басталып, аудан әкімінің кубогына таласқан аламан бәйге, құнан бәйгелермен жалғасын тапты.

122222222222

Жетісу ауданның тұрғындары Конституция күнін атап өтті

29 тамызда аудан әкімі аппараты ғимаратының алдындағы алаңда ҚР Конституция күні аталып өтті. Шара барысында ауданға еңбегі сіңген азаматтар «ҚР 20 жылдық» медалімен марапатталып, 16 жасқа толған аудан азаматтарына жеке куәліктері мен 1 сыныпқа баратын 100 бүлдіршінге мектеп құралдары табысталды.

Қазақстанның жарық жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылымдары ұйымдастырылды.

122222222222

Арт-площадка 2012

Алматы қаласының мәдениет жылдары аясында 24-25 тамызда аудан әкімі аппараты ғимаратының алдындағы алаңда ALMADENIET қоғамдық қорымен бірлесе отырып «АРТ-Площадка» мәдени жобасы ұйымдастырылды.

Шара барысында концерттік бағдарламалар қойылды.

122222222222

Қазақстан шекара қызметіне 20 жыл!

Биылғы жылы Қазақстан шекара қызметіне 20 жыл толып отыр. Осы кәсіби мерекенің құрметіне аудан аумағына қарасты №2468 әскери бөлімінде салтанатты сап түзеу рәсімі өткізілді. Шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, әскери бөлім басшылары әскери қызметкерлер қатысты.

Шара соңында қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

122222222222

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен «Ашық есік күні» акциясы

Жетісу ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығында ағымдағы жылдың 24 тамызында сағат 10.00 бастап «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары – Ж.Мұрынова, Ішкі саясат бөлімінің бастығы – Ә.Доскеев, аудандық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары – С.Сүлейменов, аудандық прокурордың аға көмекшісі – Д.Издаулетов, «Нұр Отан» ХДП Жетісу аудандық филиалының кеңесшісі - Қ.Серимбетов, ХҚКОның директоры – Е.Шуренов қатысты.

Осындай үлкен мүмкіндікті пайдаланып ондаған аудан тұрғындары өз мәселелерін нәтижелі шешу үшін арыз білдіріп, белсенділік танытты.

Жетісу ауданында халықтың қаржылық сауатын көтеруге арналған семинар

2012 жылдың 24 тамызында сағат 11.00де Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықты көтеру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «НефтеГаз-Дем» жинақтаушы зейнетақы қорының  ұйымдастыруымен семинар сабақ өтті.

Шараға аппарат қызметкерлері, аудан аумағында тіркелген ұлттық мәдени орталықтарының, ПИК, медицина саласының, өндірістік кәсіпорындардың мүшелері қатысты.

Микроэкономикалық деңгейде қаржылық сауаттылық адамдарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға, болашақ туралы ойлануға, өзінің өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға көмектеседі


Қаржылық дағдарыс қарсаңында халықты ипотекалық несиелендіру қарқынды жүріп жатты. Көптеген адамдар аз білгендіктен және қандай да бір қаржылық құралдарды және оларды пайдалануға байланысты тәуекел дәрежесіне дұрыс баға бермеуі себебінен өздеріне шамадан тыс міндеттемелер жүктеді. Осы жағдайлардың салдарынан қаржылық жетіспеушіліктер пайда болды.

Қаржылай жетістікті қоғамды үш фактор арқылы анықтауға болады. Бірішні фактор – бұл халықтың қаржылық құралдарды пайдалану бойынша және қаржылық институттардың жұмысы туралы тәжірибесі мен білімінің болуы, сонымен қатар қаржылық үрдістерді және олармен байланысты тәуекелді түсінуі. Екінші фактор – бұл халықтың түрлі қаржылық институттармен өзара әрекеттесе алуы. Бұл қажетті ақпарат көзін таба алу, өзінің құқықтары мен міндеттерін білу, сонымен қатар өзінің мүддесін қорғай білу деген сөз. Үшінші фактор – бұл азаматтардың экономикалық ойлауының және салмақты қорытынды жасау қабілетінің дамуы, сонымен қатар өзінің жеке қаражаты мен жалпы экономика арасындағы өзара қатынас туралы түсінігінің дамуы. Мұнда қаржылық сауатты адам қате қаржылық әрекеттер жасаудан аулақ екенін, сонымен қатар қаржылық алаяқтықтан да анағұрлым сақтанды болатынын ескерте кеткен жөн.



«Мектепке барар жол» акциясы
Жетісу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері 2012 жылы 21 тамызда «Балаларды туберкулез дертінен арылту  республикалық шипажайында» ҚР Конституция күні қарсаңында өткен (утренник) концерттік бағдарламаға қатысты. Шараға мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың өнерлері тамашаланды.

«Мектепке барар жол» акциясы аясында биылғы оқу жылында орта білім беретін орданың табалдырығын аттайтын Жетісу ауданының 5 бүлдіршініне аудан әкімінің атынан білім алуға ынталарын көтеру мақсатында мектепке баратын құрал – жабдықтар сыйға берілді. Бүлдіршіндердің қуанышында шек болмай ризашылықтарын білдіріп, өлең – тақпақтарын жаудыртты.



Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 20 жыл

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 20 жыл толды. 1992 жылы 18 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі құрылған болатын. Содан бері еліміздің шекара қызметі өз дамуының күрделі кезеңдерінен өтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті екендігін көрсете білді. Кәсіби мерекеге орай аудан аумағында орналасқан №2468 әскери бөлімі 17 тамызда сағат 15.00 де шекарашылар күнін атап өтпек.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!



Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай дамудың 20 қадамы

Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтетін шара Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға  Ортақ Еңбек Қоғамына қарай дамудың 20 қадамы» атты бағдарламасын орындау мақсатында аудан аумағында орналасқан өндірістік кәсіпорындар ұжымындағы еңбек адамдарының өмірі мен әлеуметтік тұрмысын нақты көрсету үшін құрылған кестеге сәйкес 800 ге жуық азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп,  еліміздің экономикасының қарыштап дамуына және әсем қала Алматының сәнін көркейтіп, жолдарының жаңаруына өз үлестерін қосып жүрген беделді кәсіпорындардың бірі «Асфальтобетон» АҚ туралы болмақ.

Аталмыш мекеменің жұмысшыларына деген қамқорлығы мен әлеуметтік жағдайларының артуына  қосқан үлесі, аудан аумағындағы жағдайы төмен отбасыларға көрсеткен қайырымдылық көмегі де ескерілмек.

Елбасымыздың саясатын қолдап, Жолдауында көрсеткен мәселелерді жүзеге асыруға атсалысып, халықты жұмыспен қамтып жүрген азулы кәсіпорынның тыныс тіршілігін басқаларға үлгі ретінде көрсетіп, шараны жарықтандыруға қатысуларыңызды сұраймыз.


Жетісу ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясы Күніне орай мерекелік іс-шара өткізіледі.

2012 жылдың 29 тамызында сағат 10.30-дан бастап Жетісу ауданында (Құлагер ықшам ауданы, әкімдік ғимаратының алды) Қазақстан Республикасы Конституциясы Күніне орай мерекелік іс-шара өткізіледі.
Конституция – еліміздегі әр адамның құқығының кепілі. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Ауданымызда өткізілетін іс-шарамызда «Балалар шығармашылық үйінің» жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерттік бағдарламасы қойылады. Сондай-ақ ҚР Конституция Күні мерекесі қарсаңында 16 жасқа толған азаматтарға төлқұжаттарын беру шарасы және 1 сыныпқа баратын бүлдіршіндерге мектепке қажетті заттар үлестіріледі.
Он жеті жыл толып отырған Конституцияның мерейтойы – барлығымыз үшін орны бөлек төл мереке. Осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерді мерекелік іс-шарамызға қатысуға шақырамыз.


Ағымдағы жылдың 8 тамызында «Айнабұлақ» ықшам ауданындағы №11, «Көкжиек» ықшам ауданындағы № 21 және «Құлагер» ықшам ауданындағы емханаларда ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауындағы, 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытуға байланысты жасалған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Дені сау қала» атты акциясы ұйымдастырылды. Осы шара аясында аудан аумағындағы емханаларда күніне 600 ге жуық тұрғындарға қызмет көрсетілді

Ағымдағы жылдың 1-2-3 тамызында аудан әкімінің бастамасымен мәжіліс залда Алматы қаласы аумағында болған террорлық әрекеттерге байланысты Жетісу ауданы аумағында экстремизм мен лаңкестікке қарсы сақтық шараларын күшейтуге орай мәселені қарастыру бойынша мемлекеттік органдар мен құзырлы құқық қорғау органдарының қатысуымен кең ауқымда жиын болып өтті. Шараға аудан тұрғындарына қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) басшылары, мешіттер мен православтық шіркеулері қызметшілері және аудан аумағында орналасқан сауда орындары мен базар басшылығы қатысты.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды сандық қолтаңба беріле бастады. Аз уақыт ішінде ауданның 328 тұрғынына қызмет көрсетілді. Ақпараттық технологияның дамуының арқасында қазіргі таңда көптеген электрондық қызметтер көрсетілуде. Аудан аумағында тіркелген жеке және заңды өздерінің электронды жеке идентификациялық нөмерлерін алуда.

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде күні Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен зілзалаға қарсы оқу-жаттығу шарасына Жетісу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері де белсене ат салысты.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде аудан аумағына қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың қатысуымен «Кіші Алматы» және «Есентай» өзендерінің жағалауын тазалау шарасы ұйымдастырылды. Шараға аудан аумағындағы 20-ға жуық кәсіпорынның 1000-нан аса жұмысшылары қатысты.

Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Астана күні мерекесіне орай Жетісу ауданы әкімі аппаратының және «Бірлік» жастар қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтті. «Гүлдер» саябағының футбол алаңында тартысты өткен жарысқа Талғар, Бесағаш, Тұздыбастау, Қызыл Қайрат, Ұзынағаш ауылынан Гүлдала командасы, Алматының «Дружба» ықшамауданының ойыншылары қатысты.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде бас қаламыз Астананың 14 жылдық мерей тойына орай Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағына қарасты «Айнабұлақ-3» ықшам ауданындағы бақта үлкен шара болып өтті. Күннің жауын-шашынды болғанына қарамастан шараға аудан тұрғындары қатысып белсенділігін көрсетті. Аудан әкімі Е.Әлиқұловтың құттықтауынан кейін, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздарынң және «Атамекен» ардагерлер хорының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы