КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
08:35:02 сейсенбі, 2017 жылғы 23 мамыр   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2016 жылғы 1-тоқсандағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында басқарма басшысының 2016 жылғы 28 маусымдағы № 97 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы басқарма өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Мемлекеттік органның ережесін қарастыру барысында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) қызметіне және оларға байланысты Қазақстан Республикасының Заңдарына (2011 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы»; 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 «Бұқаралық ақпарат туралы»; 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»; 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»; 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»; 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»; 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрация ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы»; 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы»; 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы») қатысты 13 қызметіне талдау жасалынды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2016 жылғы 1-тоқсандағы басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы; Басқарманың штат саны 2016 жылғы 1-тоқсан басында 30 бірлікті, соңында - 27 бірлікті құрады. 7 бос орын бар: 1 бірлік – басқарма басшысының орынбасары, 6 бірлік – бас маман орындары.

2) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

3) басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

4) басқармада рұқсат беру функциялары жоқ;

5) басқармада бақылау-қадағалау функциялары жоқ;

Басқарманың барлық қызметкерлері Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған

Басқарма мекенжайына заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зертеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда келесі іс-шаралар қарастырылған: Атқарушы және құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кенестердің және мәдениет мекемелерінің жұмыс жоспарларында қомамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу; Қазақстан Республикасынының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Алматы қаласының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру; Арнайы мониторигтеу тобының Қазақстан Республикасынының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету;

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.


Оқиғалар күнтізбесі
 мамыр 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы