КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
15:46:47 сенбі, 2017 жылғы 25 наурыз

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды.

2. Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – сараптама кеңесі)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жанындағы ғылыми-консультативтік орган болып табылады.

3. Сараптама кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүргізеді.

2. Сараптама кеңесінің міндеттері

4. Сараптама кеңесінің негiзгi мiндеттерi:

1) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілерді әзірлеу, пайдалану және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзірлейді;

2) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнiндегі нормативтік құқықтық базаны жетiлдiреді.

3. Сараптама кеңесінің функциялары

5. Сараптама кеңесі осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген міндеттерді орындау үшін келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілерді әзірлеу, пайдалану және жетiлдiру жөнiндегi мәселелерді қарайды;

2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді зерттейді және өзектілігі, мазмұны, жалпы стилистикалық безендірілуі, мағынасы мен көркемдік маңыздылығы жөнінде, оның ішінде мемлекеттік саясат пен жалпы мемлекеттік құндылықтардың басымдықтарына сәйкестігі бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілерді пайдалану мәселелері жөнiндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

4) Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия мен Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырыстарына талдамалық материалдар әзірлейді;

5) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысты өзге де мәселелерді талқылайды;

6) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді пайдалану жөнінде қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады.

4. Сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру

6. Сараптама кеңесі төрағадан, хатшыдан және сараптама кеңесінің мүшелерінен, мемлекеттік орган өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен геральдика, тарих, юриспруденция, бейнелеу өнері, өлкетану салаларындағы ғалымдар мен сарапшылардан құралады.

7. Сараптама кеңесінің төрағасы:

1) сараптама кеңесінің жұмысына басшылық етеді және бақылау жүргізеді;

2) сараптама кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;

3) сараптама кеңесініңотырыстарын өткізеді және хаттамаларына қол қояды.

8. Сараптама кеңесінің шешiмдерi хаттама нысанында рәсімделіп, ұсынымдық сипатта болады.

9. Сараптама кеңесінің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін сараптама кеңесінің қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда сараптама кеңесінің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Сараптама кеңесінің шешімімен келіспеген жағдайда сараптама кеңесінің мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және сараптама кеңесінің отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар.

10. Сараптама кеңесінің қызметін қамтамасыз етудіҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

11. Ұйымдастыру жұмыстарын, тиісті құжаттар мен материалдарды, оның ішінде хаттаманыәзірлеуді сараптама кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.

Қосымшаны ашып оқу


Оқиғалар күнтізбесі
 наурыз 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы