КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
08:33:35 сейсенбі, 2017 жылғы 23 мамыр   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Қоғамдық Кеңес
Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесі туралы ереже

Қосымша

Алматы қаласы мәслихатының VІ сайланған

кезектен тыс ІІ сессиясының

2016 жылғы «___» наурыздағы

№_____ шешіміне

Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Осы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына және Қоғамдық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген Үлгілік ережеге (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес әзірленді.

  2. Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі ( бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) – консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

  3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.

  4. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген Үлгілік ережені, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты болып табылады.
2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары

Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) қоғамдық негіздегі қызметі;

2) автономдық;

3) дербестік;

4) жариялылық;

5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

1. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;

3) мемлекеттік органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

5) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

7) Заңда қарастырылған қоғамдық бақылау, мониторинг, тыңдау, сараптамаларды жүзеге асыру;

8) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

9) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

5. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға кіруге;

2) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

6. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

1. Қоғамдық кеңес Заңмен қарастырылған тәртіпте қалыптасады.

2. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

3. Қоғамдық кеңес мүшелерінің санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.

4. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.

5. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

6. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.

7. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

8. Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.

Қоғамдық кеңес мүшесіне үміткерлерге Заңның 10 бабына сәйкес талаптар қойылады.

9. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы мемлекеттік органның шешімімен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

10. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.

  1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

    1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.

    Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

    2. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

    Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

    3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық деп саналады. Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу жағдайы мен тәртібі, сондай-ақ, шешімдерді қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережемен айқындалады.

    Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

    4. Қоғамдық кеңестің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы қаллық Қоғамдық кеңестің құрамына кіруге құқылы.

    5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

  2. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері

    1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

    2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

    3. Төралқаның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне қатыса алады.

    4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

    1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

    2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

    3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

    5. Қоғамдық кеңес өзінің өкілетті мерзіміне Қоғамдық кеңес мүшелері қатарынан қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар құрайды.

  3. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

    1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

    1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

    2) отырыстарда төрағалық етеді;

    3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

    4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

    5) жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

    6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

    2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

    1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

    2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

  4. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңмен және осы Ережемен айқындалады.

    2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
    1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

    2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

    3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

    4) ) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

    3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

    4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

    Қоғамдық кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Қоғамдық кеңес комиссиялары қоғамдық тыңдауды өткізуге құқылы.

    5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссиясымен хаттама жүргізіледі, онда:

    1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

    2) қатысушылардың саны;

    3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

    6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссиясымен қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
    7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің немесе Қоғамдық кеңес комиссиясының қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

    8. Қорытынды хаттама негізінде ұсыныс қабылданады, оған Қоғамдық кеңес төрағасы қолын қояды.

9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

    1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

    2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

    3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

12. Өтпелі және қорытынды ережелер

1. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.

2. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.

__________________________

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі комиссияларының құрамы

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы: Алшанов Рахман Алшанұлы – «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің хатшысы: Көбеева Алтынай Орманқалиқызы «Қазақстандағы ақпараттық-ресурстық орталықтардың ұлттық желісі» ЗТБ төрайымы

1. Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссия

1

Шардинов

Ахметжан Бәкрімұлы

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы, «Алматы көпір құрылғылары зауыты» ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы

2

Асанов

Тұрарбек Мәжілұлы

ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-ші шақырылымының депутаты

3

Қазанбаев

Қалдыбай Омарұлы

Алматы қаласы Маслихатының хатшысы

4

Қиқымов

Мақсат Сәкенұлы

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

5

Кенжебек

Өмірғали

«Астана» оқыту-клиникалық орталығының директоры

2. Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссия

6

Әмреқұлов

Бақберген Әуезханұлы

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы, «Алматы футбол федерациясы» ЗТБ президенті

7

Қапасов

Думан Жандосұлы

«Қазақстанның велоқауымдастығы» ҚБ басшысы

8

Телеғұсов

Махмұт Өтегенұлы

"Генералдар кеңесі" РҚБ Президиумы төрағасының орынбасары

9

Набиев

Вакиль Гусейнович

ҚХА жанындағы Қазақстанның «Барбанг» атты күрдтер қауымдастығының вице-президенті

10

Мамедов

Расим

«Әз-Бірлік» «Әзірбайжандықтардың бірлестігі» ҚБ төрағасы

3. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссия

11

Бабамұратов

Даурен Әбуталіпұлы

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның төрағасы,

«Болашақ» ресепубликалық қозғалысының және «Жастар үні» БЖҰ төрағасы

12

Кисиков

Бекнұр Сейтжанұлы

Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті

13

Сағымбекова

Майра Мәжитқызы

«Гүлден Сауда» ЖШС бас директоры

14

Шаяхмет

Дана Олеговна

«ТӨБЕ» «Әлеуметтік-мәдени даму қоры» ҚҚ директоры

4. Әлеуметтік саясат (әлеум.қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссия

15

Пірәлиев

Серік Жайлауұлы

Әлеуметтік саясат (әлеум.қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры

16

Есполов

Тлектес Исабайұлы

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры

17

Шыныбеков

Дамир Әбдухалиұлы

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры

18

Шимашева

Рахат Сейдахметқызы

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы

19

Ахметов

Валихан Исаұлы

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.

20

Саин Аружан

«Милосердие» Еріктілер қоғамы» ҚҚ директоры

5. Жастар және ішкі саясат, спорт, дін мәдениеті бойынша комиссия

21

Шалабаев

Құсман Кәрімұлы

Жастар және ішкі саясат, спорт, дін мәдениеті бойынша комиссияның төрағасы, Алматы қаласы Мәслихатының 5-ші шақырылымының депутаты

22

Әшімжанов

Жанарбек Садықұлы

Қазақстанның Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары

23

Сарым

Айдос Әміроллаұлы

«Абай-ақпарат» ҚҚ вице-президенті

24

Есенбеков

Айдар Рахымжанұлы

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы

25

Сыдықов

Нұрлан Ерболатұлы

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының м.а.

6. Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссия

26

Данилина

Анна Викторовна

Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы,

Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» ҚБ президенті

27

Байсақова

Зульфия Мұхамедбекқызы

«Дағдарыс Орталықтарының Одағы» ЗТБ басқарма төрайымы

28

Белянов

Александр Петрович

«Express Autoservice» компаниясының президенті

29

Бишманов

Кәкімжан Мұратжанұлы

«Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталығы» ҚҚ құрылтайшысы

30

Шибутов

Марат Мақсұмұлы

«Әскери стратегиялық зерттеулер Орталығы» АҚ бас сарапшысы

7. Мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция бойынша комиссия

31

Асылбеков

Асхат Зейноллаұлы

Мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция бойынша комиссияның төрағасы, «Аzat Media Holding» ЖШС және «Золотой теленок» ЖШС президенті

32

Шайх

Қазыбек Әлтайұлы

«ҚР Бейбітшілік қоры» АГБОФ төрағасы

33

Ливинская

Наталья Игоревна

«Алматы қаласы Даму орталығы» АҚ урбанистика дамуы Орталығының директоры

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Ф.И.О.

Лауазымы

1.

АЛШАНОВ

Рахман Алшанұлы

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы,
«Тұран» университетінің ректоры
Алматы қаласы мәслихатының депутаты

2.

ҚАЗАНБАЕВ

Қалдыбай Омарұлы

Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы

3.

КӨБЕЕВА

Алтынай Орманқалиқызы

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, "Қазақстанның ҮЕҰ-ның ақпараттық ресурстық орталығының ұлттық желісі" ЗТБ төрайымы

4.

ШАРДИНОВ

Ахметжан Бәкрімұлы

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы,

«Алматы көпір құрылғылары зауыты» ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы

5.

ӘМРЕҚҰЛОВ

Бақберген Әуезханұлы

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы, «Алматы футбол федерациясы» ЗТБ президенті

6.

БАБАМҰРАТОВ

Дәурен Әбуталіпұлы

Кәсіпкерлік, туризм және ауыл-шаруашылығы бойынша комиссия төрағасы,

«Болашак» республикалық қозғалысының және

«Жастарүні» БЖҰ төрағасы

7.

АСЫЛБЕКОВ

Асхат Зейноллаұлы

Мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция бойынша комиссияның төрағасы,

«Аzat Media Holding» ЖШС және «Золотой теленок» ЖШС президенті

8.

ПІРӘЛИЕВ

Серік Жайлауұлы

Әлеуметтік саясат (әлеум.қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры

9.

ШАЛАБАЕВ

Құсман Кәрімұлы

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы, Алматы қаласы Мәслихатының 5-ші шақырылымының депутаты

10.

ДАНИЛИНА

Анна Викторовна

Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы,

Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» ҚБ президенті

11

САҒЫМБЕКОВА

Майра Мәжитқызы

«Гүлден Сауда» ЖШС бас директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

12

КИСИКОВ

Бекнұр Сейтжанұлы

Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Қоғамдық кеңестің 2016 жылға Жұмыс жоспары

Қоғамдық кеңестің 2016 жылға Жұмыс жоспары

Іс-шаралар атауы

Аяқталу мерзімі

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1.

Алматы қаласы әкімі Б. Байбектің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2016 жылғы міндеттер туралы есебін тыңдау бойынша Қоғамдық кеңес отырысы

Хаттама

2016 жылғы

11 сәуір

Қоғамдық кеңес хатшысы

А.О. Кобеева

2.

Алматы қаласы Қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламаларды орындауы, 2015 жыл бойынша ақшаның кірістер мен шығыстар жоспарының орындалуы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссия отырысы

Хаттама

2016 жылғы

15 сәуір

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы – А.Б. Шардинов

3.

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссия отырысы

Хаттама

2016 жылғы

25 сәуір

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы –

А.Б. Шардинов

4.

Алматы қаласы Білім басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары, білім саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы мамыр

Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы – С.Ж. Пірәлиев

5.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы – С.Ж.Пірәлиев

6.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы мамыр

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы - Қ.К. Шалабаев

7.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы -

Қ.К. Шалабаев

8.

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы - Қ.К. Шалабаев

9.

Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы –

Қ.К. Шалабаев

10.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

27 сәуір

Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы – А.В.Данилина

11.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы –

Б.Ә. Әмреқұлов

12.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы –

Б.Ә. Әмреқұлов

13.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

5 мамыр

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы –

Б.Ә. Әмреқұлов

14.

Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы –

Б.Ә. Әмреқұлов

15.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы –

Б.Ә. Әмреқұлов

16.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

11 мамыр

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның төрағасы –

Б.С. Кисиков

17.

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша

комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның төрағасы –

Б.С. Кисиков

18.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы – С.Ж.Пірәлиев

19.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

мамыр

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы – А.Б. Шардинов

20.

Алматы қаласы Туризм басқармасының 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

28 сәуір және мамырдың 6

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның төрағасы –

Б.С. Кисиков

21.

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

11 мамыр

Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы –

А.В. Данилина

22.

Аудандық әкімдіктердің 2015 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындауы және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның отырысы

Хаттама

2016 жылғы

5-20 мамыр

Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы – А.В. Данилина

23.

2017 жылға арналған Алматы қаласының бюджеттік бағдарламаларының жобасын тыңдау бойынша Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

Хаттама

2016 жыл

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы –

А.Б. Шардинов,

24.

2017 жылға арналған әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламалар жобасын тыңдау бойынша комиссия отырысы

Хаттама

2016 жыл

Әлеуметтік саясат (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы – С.Ж.Пірәлиев

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы –

Қ.К. Шалабаев

25.

2017 жылға арналған экономикалық блоктың бюджеттік бағдарламалар жобасын тыңдау бойынша комиссия отырысы

Хаттама

2016 жыл

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның төрағасы –

Б.С. Кисиков

26.

2017 жылға арналған инфрақұрылымдық блоктың бюджеттік бағдарламалар жобасын тыңдау бойынша комиссия отырысы

Хаттама

2016 жыл

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы –

Б.Ә. Әмреқұлов

27.

2017 жылға арналған аудандық әкімдіктер мен ІІД бюджеттік бағдарламалар жобасын тыңдау бойынша комиссия отырысы

Хаттама

2016 жыл

Жергілікті мемлекеттік басқару, заңдылық пен өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы –

С.Ж. Пірәлиев

28.

Тыңдаулар мен отырыстардың нәтижелерін БАҚ-та жариялау

БАҚ материалдары

Ай сайын

Жауапты комиссиялардың төрағалары, хатшы – А.О. Көбеева

29.

Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы БАҚ үшін баспасөз конференциясы

баспасөз конференциясы

2016 жылғы

14 сәуір,

қараша

Қоғамдық кеңес хатшысы –

А.О. Көбеева


Оқиғалар күнтізбесі
 мамыр 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы