КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
01:53:11 сенбі, 2017 жылғы 29 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
«Тұран» университетiнің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді

12 қазанда Республика сарайында «Тұран» университетiнің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді. Саланатты шараға ҚР білім және ғылым вице-министрі М.Орынханов, ҚР Парламент сенатының депутаты Ғ.Қасымов, «Нұр Отан» ХДП Алматы қ. Филиалы төрағасының 1-ші орынбасары К.Матыжанов, ЖОО-ң басшылары, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Б.Мұстафин және профессор-оқытушы құрамы мен студент жастар қатысты.

Мерекелік шара аясында университеттің құрметті оқытушылары Медеу ауданының құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар мерекелік концерт ұйымдастырылды.

454545454

1123445

Халықаралық бизнес университетiнiң 20 жылдық мерейтойы атап өтілді

12 қазан күні Алматы концерт залында Халықаралық бизнес университетiнiң 20 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Мерекелік шараға университет президенті К.Сағадиев, Н.Назарбаев білім қоры директорының бірінші орнынбасары С.В.Мырзабаев, ЖОО-ң басшылары, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Б.Мұстафин және профессор-оқытушы құрамы мен студент жастар қатысты.

Мерекелік шара аясында университеттің құрметті оқытушылары Медеу ауданының құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар мерекелік концерт ұйымдастырылды.

1123445

Дәстүрлі «Баспалдақ-2012» жарысы болып өтті

30 қыркүйек күні Медеу шатқалында 24-ші реет дәстүрлі «Баспалдақ-2012» жарысы болып өтті. Жарыс әр-түрлі қашықтыққа созылды: 100, 200, 300, 500 және 841 баспалдақ.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қатысушылар арасында жүлделі орындар үшін үлкен бәсеке орын алды. Олардың арасында 5 жасар оқушылар, ардагерлер мен зейнеткерлер, және кәсіби спортшылар да болды.

1123445

Медеу ауданы әкімінің аппараты «Сана тазармай – Қала тазармайды» атты акция ұйымдастырды

Акция Көк базар маңындағы жабайы сауданы жоюға бағытталған. «Сана тазармай – Қала тазармайды» акциясының шеңберінде Пушкин, Есенов, Мақатаев, Жүргенов көшелерінің бойында мобильдік топтар жұмыс атқарды: заңсыз көлік тұрақтарын болдырмау мақсатында жол полициясының экипаждары бақылау жүргізді, еріктілер және қоғамдық ұйымдардың мүшелерінен құралған топ мобильдік топтардың жұмыстарына көмек көрсетті, ал «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы акцияны қолдау мақсатында «Сана тазармай – Қала тазармайды» атты флэш-моб акция ұйымдастырды. Осы жерде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша түсінік беретін жұмыспен қамтамасыз ету Орталығының және бөлімінің, ҚР Салық кодексінің баптары жайлы түсінік беретін Салық басқармасының және базарлар мен жәрмеңкелер өкілдерінің көшпелі қабылдау бөлмелері өз жұмыстарын жүргізді.

Акцияның мақсаты жабайы сауданы жою, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың санасын өзгерту, сауда жасау және кәсіпкерлікпен айналысу мәдениетін сіңдіру.

1123445

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқалармен» марапаттау салтанатты рәсімі болып өтті

16 қазанда аудан әкімі аппаратында көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқалармен» марапаттау салтанатты рәсімі болып өтті. Шараға Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қаласы маслихатының депутаты Жанат Қасымжанова қатысты.

Медеу ауданының әкімі өз сөзінде ана болу деген ең жауапты және қиын еңбек екендігін айтып кетті. Аудандық медициналық бірлестіктің бас дәрігері Жанат Қасымжанова көпбалалы аналарды құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі.

Көпбалалы аналар Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 қыркүйегіндегі №374 Өкіміне сәйкес марапатталады. Осы күні 10 баланың анасы Битай Толымбаева, 9 баланың анасы Данархан Айыт, 8 баланың анасы Ольга Ващеникина «Алтын алқа» тағынды. Ал Айымгүл Кибирова, Шолпан Тайкибаева және Айман Баймағамбетова «Күміс алқа» иеленді.

ҚР Президентінің Өкіміне сәйкес көпбалалы аналарды алтын және күміс алқалармен марапаттау 2010 жылдан бері іске асырылып келе жатыр. Алтын алқаны 7 немесе одан да көп баласы бар аналар алса, күміс алқаны 6 баласы бар аналар тағынады.

Медеу ауданында 2012 жылдан бері алқаға иелену мақсатында 438 анадан өтініш келіп түсті. Бүгінгі күнге дейін 20 марапаттау рәсімі болып өтті. «Алтын алқа» 193 ана иеленді, «Күміс алқаны» 237 ана алды.

1213134

Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру мақсатында Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері бекітілген кестеге сәйкес ауданда 2 кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру мақсатында Президент Әкімшілігі Басшысының Бұйрығына сәйкес Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері бекітілген кестеге сәйкес ауданда 2 кездесу өткізді.

Осы орайда, 15 қазанда Елбасының Жолдауын насихаттау үшін ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Алатау кентінде «Технопарк Алатау» ЖШС еңбек ұжымымен және кент тұрғындарымен кездесті.

16 қазан күні ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі төрағасының орынбасары Владислав Германович Галиев «АлЭС» АҚ-ң ТЭЦ-1 мекемесінде еңбек ұжымымен кездесті.

1213134

Қарттар айылығы шеңберінде

Қарттар айылығы шеңберінде 12 қазан күні аудан әкімінің аппараты және аудан емханаларының қызметкерлері 102 жастағы Күлбақиша Құрманбаеваны және Прасковья Белованы үйлерінде құттықтап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар бұл азаматшалар медициналық тексеруден өтті.

Айта кетсек Медеу ауданында 23 000 зейнет жасындағы адам тұрады. Оның ішінде 700-ден астамы Ұлы Отан Соғысының ардагерлері және оларға теңестірілгендер, 4000 тыл еңбеккерлері. Оған қоса ауданымызда 100 жастан асқан 11 тұрғын бар. Медеу ауданының ең үлкен тұрғыны биылғы жылы 103 жасқа келіп отыр.

1213134

Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті

2012 жылдың 2 қазанында №159 гимназиясында, Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Шараға мектеп директорлары және мектепке дейінгі дайындық мекемелерінің басшылары қатысты. Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ұстаз мамандығы әр кезде де қоғамдағы ең маңызды істердің бірі екендігін айтып кетті.

Салтанатты шараның соңында аудан әкімі аудан конкурсының жеңімпаздарына ақшалай сыйлығы бар сертификаттар, 7 үздік ұстазға демалыс үйіне жолдама және бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен мұғалімдерге аудан әкімінің және Алматы қаласы маслихатының Грамоталары мен алғыс хаттары ұсынылды.

1213134

«Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы» атты Дөңгелек үстел ұйымдастырды

3 қазанда Медеу ауданы әкімінің аппараты «Қазақстан» қонақ үйінде «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы» атты Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оның жұмысына аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, қалалық маслихат депутаттары, бизнес құрылымдарының өкілдері, қалалық және аудандық қызметтердің, аудандық мүгедектер ұйымдарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын ашу барысында аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында қоғамның әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарының мәселеріне ерекше назар аударғандығын айтып кетті.

Медеу ауданы әкімідігінің әлеуметтік сала бөлімінің бастығы Жанна Қожамбердиева өзінің жасаған баяндамасында Медеу ауданы мүгедектерінің құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар жайлы айтып берді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – мүгедектер мәселесіне тәсілдерді өзгерту, олардың мемлекет көмегін алуы ғана емес, қоғамның толыққанды мүшесі болуына барлық мүмкіндікті пайдалану қажеттігі болды.

Жиынның нәтижесі бойынша аудан аумағында мүгедектердің жеке қажеттіліктеріне сәйкес жабдықтандыруға жататын тұрғын үйлерді инвентаризациялау өткізілетін болды. Мүгедектер айлығы аясында ауданның медициналық ұйымдарында «Ашық есіктер күнін» өткізу, тасымалдауға қиыншылық тудыратын мүмкіншілігі шектеулі адамдарды үйлерінде қарауды ұйымдастыру өткізу шешілді.

1213134

Қазақстан халқының тілдер күніне орай мерекелік шара

2012 жылдың 26 қыркүйегінде Медеу ауданында орналасқан №56 гимназиясында Қазақстан халқының тілдер күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушыларды тілдерді оқуға баулу, көп ұлтты мемлекет азаматы екендігін сездіру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және халықтар арасындағы достықты насихаттау болды.

Жиналғандар үшін керемет концерттік бағдарлама әзірленді. Жас дарындар Пушкин мен Абайдың шығармаларын орындады. Бұл күні орыс, қазақ, ағылшын, неміс тілдеріндегі өлеңдер айтылды.

1213134

Қазақстан халқының тілдер күніне арналған ҚазҰПУ және ҚазҰАУ студенттері арасында қазақ тілі бойынша жарыс өтті

2012 жылдың 21 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-де Қазақстан халқының тілдер күніне арналған ҚазҰПУ және ҚазҰАУ студенттері арасында қазақ тілі бойынша жарыс өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді.

Шараға депутаттар, Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының өкілдері, студент жастар қатысты.

1213134

16 қыркүйекте Медеу ауданында Қала күні атап өтілді

Қала күніне арналған салтанатты концерт алғашқы реет дәстүрлі сахналарда емес, арнайы құрастырған Есенов көшесінде сахнада өтті. Қаламыздың көрікті жерлерін көріксіз орындарға айналдырған жабайы сауда мәселесінің орын алғандығы алматылықтар мен қала басшылығын алаңдатуда. Қайткенмен де, екі жыл ішінде үлкен жұмыстар атқарылды. Көк базар маңы абаттандырылды, 300-ден астам шырша және басқа да декоративті көшеттер отырғызылды, гүлзарлар жайылды, ал оның жанында жатқан көшелер әдемі бульварларға айналды.

Салтанатты концерттің қонақтарын Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Разақов құттықтады. Шараның ресми бөлігінен кейін мереке салтанатты концертпен жалғасты. Көрермендер алдында Қазақстанның эстрада жұлдыздары, «Таилсман-Бэнд» тобы, «Аяулықыздар» тобы және т.б. өнер көрсетті.

Концерт қонақтарына қала символына айналған Алматы апорты таратылды.

1213134

UNI жылжымалы кітапханасы

2012 жылдың 10 және 16 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының Мәдениет жылы аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Әулие-Вознесенск соборының жанында UNI жылжымалы кітапханасы жайылды. UNI жобасы Алматы қаласының Мәдениет жылыа ясында Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының, Бегалина тындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының және білім мәселесі бойынша американдық кеңестер қызметі арқасында жүзеге асты.

UNI жылжымалы кітапханасында 500-ден асқан қызықты да, пайдалы өнер альбомдары, детективтер, анықтама әдебиеті, балалар журналдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Кітаптардың бір бөлігі Бегалин кітапханысының қорынан алынса, енді бір бөлігі Қазақстандағы АҚШ елшіліг іұсынды.

Айта кетсек, аталмыш кітапхана алғаш реет ағымдағы жылдың 17 шілдесінде 28 гвардишыл-панфиловшылар атындағы саябақта тұсау кесері болған.

1213134

Конституция күніне орай қайырымдылық акциясы

29 тамыз күні Конституция күніне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында Медеу ауданы әкімі аппараты және ардагерлер Кеңесі, «Іле ет өңдеу комбинаты» ЖШС-мен бірлесе Ұлы Отан соғысының 70 майдангерге «Іле ет өңдеу комбинаты» ЖШС ұсынған азық-түлік себеттері сыйлады. Сонымен қатар, тағы 180 ардагер Төле би мен Уалиханов көшелерінің қиылысында орналасқан «Іле ет өңдеу комбинаты» ЖШС-ың әлеуметтік дүкеніне келіп, қосымша сыйлықтраға ие болды. Акция барысында Медеу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының 250 ардагері қамтылды.

12 12 12 12

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын

27 тамызда Медеу ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Шара барысында Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов Конституция күнімен құттықтап, еліміздің дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтарды ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтардың салатанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

12 12 12 12

«Күн Әлемі» балалар фестивалі

27 тамызба 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта «Күн Әлемі» балалар фестивалі өтті. Балалар фестивалінде Алматы тұрғындары оқыту және демалыс орталықтардың, дамыту және мектепке дайындау орталықтарының бағдарламаларымен танысты.

Фестиваль аумағы екі бөлікке бөлінді – Оқыту аралы және Ойын-сауық аралы. Ойын-сауық аралында фестивалдің кішкентай қонақтары байқауларға қатысты, сыйлақтар алды, иогамен айналысып, мерекелік концертті тамашалады.

12 12 12 12

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде іс-шара

23 тамыз күні «Цезарь» кинтеатрында балаларға барынша қамқорлық жасап, демеу көрсету, көп балалы мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларын орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде іс-шара ұйымдастырылды.

Акцияға №159 гимназиясының, №48 мектеп-лицейінің және №98, 99 жалпы білім беретін мектебінің 50 оқушысы қатысты.

Шара барысында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Мұстафин балаларды, олардың ата-аналарын және ұстаздар құрамын Конституция күнімен және Білім күнімен құттықтап кетті.

Ауданның «Алма» сауда үйі, «Рамстор» супермаркеті, «Түркістан», «Қызыл таң» сауда үйлері сияқты кәсіпкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында 1 млн. теңге сомасына, мектеп киім үлігісінің 100 данасын және мектепке қажетті жабдықтарды сатып алды.

Акция шеңберінде Алматы қаласы Медеу ауданы салық басқармасының бастығы Жайдар Іңкербаев қарауындағы балаларға мектеп киім үлгісін және барлық қажетті жабдықтармен толтырылған сөмкелерді сыйлады.

Жетім балаларды қарауға алу идеясын қолдаған Алматы қаласы медеу ауданының санитарлы-эпидемиялық бақылау басқармасының қызметкерлері және ауданның мердігер ұйымдарыда жан-жақты жұмыс атқаруда. Тамыз айының соңына дейін 100 бала жаңа формаға және жабдықтарға ие болады.

Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін балалар «Ледниковый период-4» мультфилмінің көрсетіліміне барды.

12 12 12 12

«Медовый спас» мерекесіне орай ұйымдастырылған бал жәрмеңкесі

19 тамызда 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Балды жәрмеңке-мереке болып өтті.

«Медовый спас» мерекесіне орай ұйымдастырылған бал жәрмеңкесінде қазақстандық омарташылардың өнімдері ұсынылды.

Бұл күні жәрмеңке барысында хор ән шырқап, би ұжымдары мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады.
«Мектепке жол» акциясы

16 тамызда «Мектепке жол» акциясының шеңберінде Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов Думан ықшам ауданында тұратын көпбалалы отбасының балаларына Көлсай көліне жолдама және мектеп жабдықтарын сыйлады.

Аудан басшылығы ауданның кішкентай тұрғындарын қолдап, оларды өз қоластына алуды жөн көрді. «Жақсы іс жасауға ұмтыл» қайырымдылық акциясының шеңберінде аудан әкімі және оның орынбасарлары балаларға жаңа киім үлгісі мен мектеп жабдықтарын сыйлаумен шектелмей, жыл бойына оларға қайырымдылық көмек көрсетуге бел бұрды. Аудан құрылымдарының басшыларыда шетте қалмай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмектесетін болады.

12 12 12 12

«Мама, папа және мен, біздің отбасымыз – Нашақорлыққа қарсы!» ақпараттық спорттық шарасы

11 тамызда Медеу ауданының аула демалыс орталықтары «Мама, папа және мен, біздің отбасымыз – Нашақорлыққа қарсы!» ақпараттық спорттық шарасын өткізді. Оған Медеу ауданында орналасқан «Намыс», «Қайсар», «Көңілді ноталар» және «Алатау» сияқты аула клубтары қатысты. Шара барысында көптеген сайыстар ұйымдастырылды. Олардың ішінде жаппай сауығу, уақытқа жүгіру, «Менің отбасым – нашақорлыққа қарсы» коллаждар байқауы бар. Үздіктерді нашақорлық және наша бизнесіне қарсы күрес Басқармасы бастығының орынбасары Ермұрат Ізғұттиев, Медеу ауданы әкімдігінің нашақорлыққа қарсы күрес комиссиясының хатшысы Гүлнар Досмұхамбетова және т.б. бастаған қазылар алқасы таңдады. Жарыстың жеңімпазы болып «Алатау» демалыс орталығының отбасысы болып танылды. Екінші орынды «Намыс» демалыс орталығы иеленсе, «Қайсар» демалыс орталығының мүшесі үшінші орын алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар алып, барлық қатысушылар Медеу ауданы әкімінің Дипломдарымен марапатталды.

Осы жерде ата-аналар мен олардың балалары нашақорлық, шылым шегу, алкогольді сусындарды ішу, ЖИТС туралы және жеке сауалдарын қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының дәрігер-наркологы Алексей Любушкинге, «Выбор» психологиялық - алдын-алу орталығының психологы Руфи Искаковаға және Александра Идоловаға, заңгер Ардақ Андасоваға қоя алды.

12 12 12 12

Көрнекті қазақстандық мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі болып өтті

22 тамызда көрнекті қазақстандық мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі болып өтті.

Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Д.А.Қонаевтың туыстары мен жақындағылары, қоғамдық қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар Д.А.Қонаев есіміне үнсіздік минутымен құрмет көрсетті. Сонымен қатар құрмет белгісі ретінде Алматы қаласы Әкімдігінің және Медеу ауданы әкімінің гүл себеттері ескеркіш алдына қойылды. Өз гүл себеттерін қалалық және аудандық ардагерлер Кеңестері, Д.А.Қонаев университетінің өкілдері, Д.А.Қонаев мұражайының қызметкерлері, көрнекті қайраткерлер мен танымал ақындар да қойды.

Осы күні «Алатау» кинотеатрында Д.А.Қонаевтың өмірін және қызметін баяндайтын «Узелки памяти» туындысының тұсаукесер көрсетілімі болып өтті. Ал марафоншылар клубының спортшылары марафон жүгірісін Қонаев есіміне арнады.

11

Конституция күніне орай «Ғылым Ордасында» «Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің дамуы мен гүлденуінің берік негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21 тамызда Конституция күніне орай «Ғылым Ордасында» «Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің дамуы мен гүлденуінің берік негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға «Ғылым Орданың» бас директоры Роза Кәрібжанова, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімәлік Нысанбаев, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қошанов сияқты Ата заңның негізін қалаушылар, аудан әкімінің орынбасары Мустафин Берік, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Несіпбаев Әділ және басқа да оқу орындары мен ғылыми институт өкілдері қатысты.

Конференцияны ұйымдастырудың басты мақсаты Конституция күнінің маңыздылығы жайлы қоғамдық ой қалыптастыру, қоғамда Конституцияны құрметтеу дәстүрін қалыптастыру, жас ұрпақты конституциялық құрылысты құрметтеу рухында тәрбиелеу болды.

11

«Sky Race – биіктегі жарыс» атты жылдамдықта жүгіруден жарысы

5 тамызда салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды демалыстың белсенді түрлерімен айналысуына тарту мақсатында Медеу ауданы әкімінің аппараты, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппаратымен және «Kazakh Alpine Club» ЖШС-мен бірлесе 2012 жылдың «Sky Race – биіктегі жарыс» атты жылдамдықта жүгіруден жарыс ұйымдастырылды.

«Просвещенец» демалыс үйінен бастау алған жарысқа 45 адам қатысты. Қатысушылардың арасында демалыстың белсенді түрлерін сүйетін жастармен қатар, егде жастағы адамдарда болды. Танымал альпинист, әлемнің ең биік сегіз нүктесін бағындырған Мақсұт Жұмаев спортшыларға сәлем беріп, барлығына жарыс жолында сәттілік тіледі. Кейін барлығы 8 км-ді құрайтын жарыс жолына аттанды.

Жарысқа қатысушылар екі топқа бөлінді – жастар және ересектер. Жүгірушілер мәре сызығын теңіз деңгейінен 2850 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» жандырманда қыйды.

Бұл күні «Күмбель» қонақ үйінің спорт алаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушылар сертификаттар алып, сыйлықтарға ие болды.

Аудан құрылымдары мен ПИК арасында алдын-алу жұмыстарын күшейту мәселелері

3 тамызда Медеу ауданы әкімінің аппаратында аудан құрылымдары мен ПИК арасында алдын-алу жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша отырыс болып өтті.

Іс-шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Мұстафин, аудан прокурорының орынбасары Жакупов Асхат, ҰҚКД қызметкері Укимов Мұрат, АІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Байғожаев Серік, ПИК және бақша қоғамдастықтарының төрағалары қатысты.

Өз сөзінде Берік Мұстафин соңғы уақытта Алматы қаласында орын алып жатқан қылмыстық оқиғалар аясында, деструктивті ұйымдарды жою бойынша жұмысты күшейту мәселесі туындап жатқандығын айтты. Оған қоса ПИК қызметі және олардың бірлескен жұмысқа белсенді түрде қатысуы ортақ мақсатқа жету үшін тиімді болатындығын қоса айтып кетті.

Ағымдағы жылдың 5 тамызында салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды демалыстың белсенді түрлерімен айналысуына тарту мақсатында Медеу ауданы әкімінің аппараты, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппаратымен және «Kazakh Alpine Club» ЖШС-мен бірлесе 2012 жылдың «Sky Race – биіктегі жарыс» атты жылдамдықта жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. «Просвещенец» демалыс үйінен бастау алған жарысқа 45 адам қатысты. Қатысушылардың арасында демалыстың белсенді түрлерін сүйетін жастармен қатар, егде жастағы адамдарда болды. Танымал альпинист, әлемнің ең биік сегіз нүктесін бағындырған Мақсұт Жұмаев спортшыларға сәлем беріп, барлығына жарыс жолында сәттілік тіледі. Кейін барлығы 8 км-ді құрайтын жарыс жолына аттанды. Жарысқа қатысушылар екі топқа бөлінді – жастар және ересектер. Жүгірушілер мәре сызығын теңіз деңгейінен 2850 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» жандырманда қыйды. Бұл күні «Күмбель» қонақ үйінің спорт алаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушылар сертификаттар алып, сыйлықтарға ие болды.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында Медеу ауданы әкімінің аппаратында аудан құрылымдары мен ПИК арасында алдын-алу жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша отырыс болып өтті. Іс-шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Мұстафин, аудан прокурорының орынбасары Жакупов Асхат, ҰҚКД қызметкері Укимов Мұрат, АІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Байғожаев Серік, ПИК және бақша қоғамдастықтарының төрағалары қатысты. Өз сөзінде Берік Мұстафин соңғы уақытта Алматы қаласында орын алып жатқан қылмыстық оқиғалар аясында, деструктивті ұйымдарды жою бойынша жұмысты күшейту мәселесі туындап жатқандығын айтты. Оған қоса ПИК қызметі және олардың бірлескен жұмысқа белсенді түрде қатысуы ортақ мақсатқа жету үшін тиімді болатындығын қоса айтып кетті.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Орталық демалыс саябағының «Спартак» спорт алаңында «Гол Day» спорттық отбасылық мейрам ұйымдастырылды. Шара ТМД мемлекеттеріндегі Спорт және салауатты өмір салты жылы аясында, белсенді отбасылық демалысты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті. Ұйымдастырушылар Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты және Халықаралық көшбасшылар орталығының бастамашы тобы. Жарысқа Алматы қаласының және облысының 30-дан астам отбасысы қатысты. Отбасылық топтар 3 адамнан тұрды. Жарыстың нәтижесі бойынша бас жүлдені – Алакөл көліне жолдаманы Медеу ауданының намысын қорғаған Мырзатаевтар отбасысы жеңіп алды.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде күні Салауатты өмір салты орталығының залында «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының төрағасы, Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың бастауымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты мақаласын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті. Оның жұмысына аудан қызметтерінің басшылары, Алматы қаласы маслихатының депутаттары, кіші және орта бизнес өкілдері қатысты. Өз сөзінде «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Данагүл Айнақұлова Президент мақаласының басты принциптеріне тоқтала кетіп, билік пен бизнестің өзара іс-қимыл жасауын атап кетті. Әлеуеметтік жаңғырту әрбір қазақстандыққа пайда алып келуі тиіс, өз кезегінде әрбір азамат мемлекетке өз пайдасын тигізуге міндетті. Сонымен қатар Алматы қаласы маслихатының депутаты, №5 қалалық клиникалық емхананың бас дәрігері Жанат Қасымжанова, аудандық жұмыспен қамту бөлімі бастығының орынбасары Айдын Байров, «Ақпараттық ресурс орталығы» ҚҚ директоры Алтынай Көбеева және «Рахат» өнеркәсіп өндірісінің өкілі Бейсенбаев Сапарбек сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Кездесуді қорытындылай келе аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов «дөңгелек үстелдің» жұмысының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты мақаласын орындауға алу қажеттігін және партия активінің барлық күш жігерін қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға шоғырландыру қажеттігін және осы жұмысқа ауданның ақпараттық-насихаттық топтарын, қоғамдық ой көшбасшыларын, қала маслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясын, үкіметтік емес ұйымдарды және «Жас Отан» жастар қанатын тарту керектігін айтты.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде №5 қалалық клиникалық ауруханасында Медеу ауданының зейнеткерлері және ардагерлері жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесті. Кездесуге Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Разақов, қалалық маслихат депутаты Жанат Қасымжанова, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұханбетов, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Данагүл Айнақұлова және Медеу ауданы ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Бұл шараға қатысқан әрбір қарттың, көкейінде тұрған мәселесі жайлы сұрағын қойып, ол бойынша тура жауап алуға мүмкіндігі болды. Көбінесе қарттар коммуналдық төлемдер, зейнетақы мөлшері, аудандағы жолдарды салу туралы сұрақтарды көбірек қойды.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Медеу ауданы әкімінің аппаратында «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты Жолдауының басты міндеттерін талқылау мақсатында отырыс болып өтті. Шараға Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данагүл Айнақұлова, Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан құрылымдарының басшылары қатысты. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данагүл Айнақұлова «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты Жолдауының басты принциптеріне тоқталып кетті. Сонымен қатар Д.Айнақұлова Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап ететіндігін атап кетті.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Медеу ауданының ардагерлері – «Нұр Отан» ХДП мүшелері ҚР Парламент мәжілісінің депутаты (Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі) Смағұл Бақытбекпен кездесу өтті. Басқосудың мақсаты Елбасының қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламалық құжатын талқылау, ақпараттық насихаттау болды. Халық қалауы өз сөзінде Елбасының еңбек адамына жасалуы керек жағдай мен оның тиімді еңбек етуіне мүмкіндіктің болуы туралы ойлары көпшіліктің көңілінен шығып жатқандығын айтты. Сонымен қатар еліміздің бүгінгі жетістіктері мен алдағы әлеуметтік бағыттағы дамуы жайында активпен ой бөлісті. Медеу ауданының Ардагерлері атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серикбаев сөз сөйлеп, Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын зор ықыласпен қабылдағанын айтты.

2012 жылы 6 шілде күні Медеу ауданы әкімінің аппараты Орталық мәдениет және демалыс саябағында Астана күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама барысында аудан әкімінің орынбасары Берік Мұстафин барша қонақтарды мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар аула клубтары арасында спорт түрлерінен сайыс өтіп, бүлдіршіндер арасында велосипедтен жарыс өтті.

Ал жас суретшілер «Астана – көркем қала» атты жерге сурет салудан байқауға қатысып, өнер сүйер қауымды біраз тамсандырды. Сахнаның жанында аудандық этно-мәдени орталықтары мен басқа да мекемелер ұйымдастырған «Астана- достық мекені» атты өнер көрмесі жайылды. Оған ұйғыр мәдени орталығы, «Әдемі» өнер орталығы, «Жизнь» газеті қатысты. Мерекелік бағдарлама салтанатты концертпен жалғасты.

2012 жылдың 3 шілдесінде Медеу ауданы әкімінің мәжіліс-залында терроризмге және экстремизмге қарсы тұру бойынша отрысы болып өтті. Шараға Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Генералдар Кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі, аудан қызметтерінің өкілдері қатысты.

Отырыста «Генералдар Кеңесі» РҚБ президиум мүшесі, мемлекеттік әділет кеңесшісі А.Азаровтың кіріспе сөзінен басталды. Өз сөзінде ол терроризмге және экстремизмге қарсы тұру үшін барлығымыздың күшін біріктіру қажет екендігін айтып кетті.

Кіріспе сөзден кейін барлық қатысушыларға «Терроризмге жол жоқ» бейнефильмі көрсетілді.

Сонымен қатар Иржанов Руслан «Терроризм және қоғамдық пікір» тақырыбында баянадама жасаса, әскери ғылымдардың докторы, ҚР білім және ғылым саласының құрметті қызметкері, профессор, запастағы полковник Абраимов Досай «Қазақстандық патриотизмді мемлекеттің антитеррористтік және антиэкстремисттік саясатының басты бағыты ретінде қалыптастыру» тақырыбын терең талдап, жан-жақты қарастырды.

2012 жылдың 22 маусымында Медеу ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан полициясының күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов полиция қызметкерлерін Қазақстан полициясының 20-жылдығымен құттықтады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша өз қызметін аса ынтызарлықпен атқарған полиция қызметкерлері медальдармен, төс белгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Адал қызметі үшін 1-ші деңгейлі «Еңбек өтілі үшін» медальдарымен капитан Сергей Клишев, 2-ші дәрежелі медальдармен капитан Бахыт Идриосва бар 5 ІІБ қызметкері, 3-дәрежелі медальдармен 4 қызметкер марапатталды. Аға уәкілетті Құрманғали Тіленшиев, Самал Ахметбекова, ІІБ штабы және тағы 8 қызметкер «Қазақстан полциясына 20 жыл» төс белгілерімен марапатталды. Аудан әкімі ІІБ 10 қызметкеріне Грамоталар табыстады. Олардың ішінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Серік Байғожаев, терге бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Үтебаев. Тағы 22 қызметкер Медеу ауданы әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Сонымен қатар аудан әкімі Медеу аудандық ІІБ-на теледидар сыйлады.

Бұл күні қазақстан полициясының дәстүрлерін қалаған ішкі істер органдарының ардагерлері де назарсыз қалған жоқ. Отставкадағы майор Нұржан Жорабаев және тағы 5 ардагер «Нұр Отан» ХДП алғыс хаттарын алды.

ІІБ-ның бастығы Аудан әкіміне алғысын білдіріп, атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді. Кейін Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановқа «Қазақстан полициясына 20 жыл» төс белгісін тағып берді.

2012 жылдың 22 маусымында Еске алу және қайғы күні – Ұлы Отан соғысының басталған күніне орай аудан әкіміның аппараты, аудандық ардагерлер Кеңесімен қайырымдылық акция ұйымдастырды. Шара 80 жастан асқан зейнеткерлерге қолдау көрсету мақсатында жасалды.

1941 жылдың 22 маусымы бұрынғы Кеңес Одағының ең қайғылы күндерінің бірі. Себебі сол кезде Ұлы Отан соғысы басталды. Акт залында жиналғандар соғыстың сұрапыл мінезін, шайқастарда қаза болған жолдастарын, аштық және қиын қыстау кездерді естеріне алды.

Акцияға қатысқан 50 зейнеткерге материалдық көмек көрсетілді.

2012 жылдың 21 маусымында Орталық демалыс саябағында Медеу ауданы әкімінің аппараты Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған акция өткізді.

Акцияның басты қатысушылары жасөспірімдер мен аула клубтарының жеткіншектері. №5 Оқушылар үйінің, «Равный равному» қоғамдық қорының, «Инициатива жастар орталығының» шығармашылық ұжымдары үлкен концерттік бағдарлама дайындады. Саябақтың кіре берісінде бір топ жастар флэш-моб ұйымдастырып, қалалықтарды акцияға қатысуыға шақырды. Жазғы алаң қонақтарына және свябақта қыдырып жүрген адамдарға темекі шегудің, нашаның зияны туралы жазылған және салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын буклеттер таратылды. Спорттық алаңда «Көңілді бастаулар», стритболдан жарыс өткізілді. Ал шараның ең кішкентай қатысушылары үлкен проблемаға көзқарасын сурет салу байқауында көрсетті.

Шараның қонақтары алдында арнайы шақырылған Қалалық медико-әлеуметтік наркоорталығының Медеу ауданы бойынша дәрігер-наркологы Алексей Любушкин және жасөспірім дәрігер-наркологы Елена Захарова сөз сөйледі. Әрбір қонақ 21 ғасырдың ең ауыр дерті – нашақорлық туралы қызығатын сұрақтарын қойып, мамандардың нақты жауаптарын ала алды.

2012 жылдың 13 маусымында Медеу ауданы әкімінің аппаратында аудан қызметтері өкілдері және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері үшін «Халықтық ІРО» кампаниясының ақпраттық-түсіндірме қоғамдық лекциясы болып өтті.

Кампанияның басты мақсаты Қазақстан Республиасы азаматтарының қаржы-инвестициялық біліктілігін жоғарылату, құнды қағаздар нарығындағ орын алып жатқан операцияларға деген азаматтардың қызығушылығын тудыру, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халықтық ІРО» бағдарламасының мақсаттарын түсіндіру.

Акцияның қыр-сырын түсіндіру мақсатында жиналғандар алдында «Этнос-Форум» қоғамдық қорының бас директоры Ғабит Нұраділ сөз сөйледі. Өз сөзінде ол үлестік қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты құнды қағаздар нарығының қызметі, онымен байланысты табыстар мен тәуекелдер принциптерін қазақстандық қоғамның түсінуін қосатын білім кампаниясының мақсаттары жайлы айтып берді.

Тұрғындардың қаржы-инвестициялық біліктік деңгейін жоғарылату, азаматтарды құнды қағаздар нарығына қызығушылығын ояту мақсатында тыңдармандар алдында «Нефтегаз ДЕМ» жинақтау зейнетақы қорының директор орынбасары Құралай Беркімбаева сөз сөйледі. Ол қазақстандық құнды қағаз нарығының ерекшеліктері жайлы айтты.

2012 жылдың 13 маусымында аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов ауданның дәрігерлерін кәсiби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі дәрiгерлік қызметтің өте қиын әрі асыл екендігін, әрі көп күш пен тұрақты шығармашылық ықыласты, биiк кәсіптілік пен қолдауды талап ететiндігін атап өттi.

Әкім аппараты «Ең үздік жыл дәрігері», «Үздік эпидемиолог дәрігері», «Үздік мейірбике», «Үздік санитарка», «Медицина саласындағы үздік КВН командасы» номинациялары бойынша ұйымдастырған жарыстары екi айдан астам уақытқа созылды. Жарыстың басты мақсаты дәрігерлік қызметтің мәртебесін арттыру, денсаулық сақтау мәселелерiне қоғамның назарын аударту, сонымен бiрге өз мамандығының хас шеберін, терең бiлiмді, бiлiктi әрі практикалық тәжiрибесi мол, тиімді дәрігерлерді анықтау еді. Бұл жарыстың қорытындысы осы кеште жарияланды.

Салтаннатты кештің сыйлы қонақтары мен демеушілері жеңімпаздарға сыйлықтар мен гүлдерін тарту етті. Сонымен, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша жылдың ең үздік жыл дәрiгерi номинациясында жеңiмпаз атанған № 5-шi ҚКА-ның балалар бөлім меңгерушісі Серiк Нұрмағанов, Медеу ауданы бойынша «Үздік эпидемиолог дәрігері» номинациясының жеңімпазы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігер Баянсулу Табинова, ал қалалық жарыстың ең үздік фармацевті номинациясында Медеу ауданының өкiлi, № 5-шi ҚКА-ның дәрiхана меңгерушiсi Светлана Токарева жеңімпаз атанды. Жеңiмпаздарға қазiргi заманға сай IPAD тарту етілді. Сонымен қатар, «Үздік мейірбике» мен «үздік КВН командасы» номинацияларының жеңімпаздарына теледидарлар кәдеге тартылды, бұл № 5-шi ҚКА-ның мейірбикесі Альфия Мавлютова мен қалалық наркологиялық орталықтың «Синюшкадағы демалыс үйі» КВН командасы. Ал, Медеу ауданы бойынша «Үздік санитарка» номинациясын жеңіп алған өкпе құрт ауруына қарсы санаторийде қызмет атқаратын Малика Шавлахова сыйға тоназытқыш алды.

2012 жылдың 11 маусымында Орталық Демалыс саябағында Халықаралық балалар қорғау күніне арналған 3-шi Қазақстандық Балмұздақ фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары қазақстандық өндiрушiлерінің алуан түрлі өнiмдерiнің дәмін татып, балмұздақтың бiрнеше ондаған түрлерiнің дәмін лайықты түрде бағалай алды.

Шараның әрiптестері Орталық саябақ аймағында мерекелiк қалашық салды, ал қонақтарды көңiл көтеру үшін аттракциондар, жарыстар, викторина, және эстафеталар күтті. Орталық сахнада шара серiктестері презентацияларын жүргiздi.

Фестиваль шеңберiнде балалар үйлерінің, интернат тәрбиеленушiлерiне, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға ерекше iлтипат көрсетілді (балмұздақты тегiн тарату, аттракциондарды тегін пайдалану және Орталық саябақ аймағында орналасқан «Родина» кинотеатрында мультфильмдердi тегін тамашалау). Күнi бойы балаларды бас сахна мен екi сахналық алаңда бiртума шоу мен көп көңiлдi ұтыс ойындарды күттi.

Эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі, спорт жарыстары мен оның жеңiмпаздарын марапаттау рәсімі, бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыстау да осы жерде өттi.

2012 жылдың 8 маусымы күні Медеу ауданында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта «Арт-площадка»

жазғы өнер фестивалі ашылды. Ол Алматыдағы Мәдениет жылы аясында ұйымдастырылды.

Жоба аясында қалалықтар және Алматы қонақтары шығармашылық өнер көрсетулердің көпқырлылығының күәгері болуға мүмкіндігі болды. Фестивалдің барлық күндері көрермендер Константин Киквидзенің «Жеңіл ауамен серуен» атты фотокөрмесін тамашалай алды. Жұма және сенбі күндері музыкалық бағдарлама әзірленді: Алматының брасс-квинтеті, «Кварта+» тобы үрмелі аспаптар көмегімен жанды дауысты музыка ойнады, Құрманғазы атындағы Консерваториясының ағаш үрмелі квинтеті, Айтбаев джаз-бэнді көрермендерге музыка әуенімен тамсануға мүмкіндік сыйлады. Сонымен қатар шара барысында Мемлекеттік қуыршақтар театрының, «Мутурганчики» Қазақ Мемлекеттік циркінің әртістері өнер көрсетті. Ал жексенбі күні С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханысы мерекелік бағдарлама ұсынды. Жастар жексенбі күні орын алатын графити-шоуға қатысады. Фестиваль шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясының «Ирония любви» және «Ликивдатор» кинотуындылары бұқара халықтың назарына ұсынылады. Авторлық бұйымдардың құмарлары жексенбі күні өтетін дизайнерлік еңбектердің дизайнерлік жәрмеңкесіне бара алады.

2012 жылдың 1 маусымында Жыл сайын, Халықаралық балаларды қорғау күнінде Медеу ауданы әкімінің аппараты, ауданның кәсіпкерлікті қолдау Қауымдастығымен және демеушілермен бірлесе тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан шыққан, жетім, балалар үйлерінде тәрбиеленетін және мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін салтанатты шаралар ұйымдастырды.

Бұл күні Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға бақытты балалық шақ, оқуларында көптеген жетістіктер, қызықты демалыс тіледі. Оған қоса ол сәбилерге сыйлықтар дайындаған демеушілерге алғысын білдірді. Ауданның көптеген мекемелері үшін балаларға қайырымдылық көмек көрсету жақсы дәстүрге айналды.

«GRAND CAFE» жазғы алаңында ауданның мүмкіншілігі шектеулі 150 баласы үшін «Әрқашан күн сөнбесін» шарасы болып өтті. Бұл күні сәбилер үшін «Кудесники» театр-шоуының ұжымы өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар көптеген ойындар, байқаулар, билер, үздік сурет үшін байқау ұйымдастырылды.

Оқушылар Сарайының алдындағы алаңда «13-жас мүшел той» атты салтанатты мереке өтті. Оған жақсы концерттік бағдарлама дайындаған көптеген шығармашылық ұжымдар қатысты. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында «Лето с книгой – это хорошо!» атты шара өтті. Мереке барысында жазғы оқу бағдарламасының тұсау кесері, жазғы видеотеатрдың және Алматы хайуанаттар бағымен бірлесе ұйымдастырылған «Мы в ответе за тех, кого приручили» атты акция өтіп, кітапхана алдында кіші хайуанаттар бағы салынды.

Осы күні «№1 балалар туберкулезге қарсы шипажайы» мекемесі негізінде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен, мемлекеттік қуыршақтар театрының және Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі өнерпаздарының өнер көрсетуімен салтанатты шара болды. Ата-аналарсыз және мүмкіншілігі шектеулі балалар тәрбиеленетін №1 балалар үйінде ойындар ұйымдастырылды.

Тұрмыстық жағдай төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның тіркеуінде тұрған балалар үшін «Луксор» мұз айдынында қайырымдылық акция ұйымдастырылды. Акция барысында «Қиял» шаңғышылар мектебінің тәлімгерлері өнер көрсетіп, балалар тегін негізде мұзда сырғанады. Кейін кішкентай қонақтар үшін дастархан жайылды.

2012 жылдың 26 мамырында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта екінші рет жыл сайынғы «Сладкоежка» кәмпиттер және кондитерлік өнімдер фестивалі өтті. Бұл күні Әулие-Вознесенск Соборының алдындағы алаңда қызметі әр-түрлі, бірақ балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау бағытында қызмет ететін түрлі мекемелердің өкілдері жиналды. Фестиваль қонақтары үшін көптеген ойындар мен байқалуар ұйымдастырылды. Оларға тек балалар ғана емес, оладың ата-аналары да қуана қатысты. Мереке барысында ересектер өздерінің балалық шақтарын естеріне алып, бір мезгілге өздерін бала сезінді. Ойындарға қатысып, би биледі.

Шараның басты оқиғалары арнайы салынған сахна үстінде өтті. Фестиваль барысында қонақтар үшін танымал әртістер, балалардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, барлығына керемет, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал ересектер «Темекіні – кәмпитке ауыстыр» акицясына қатысты. Фестиваль барысында әрбір бала және оның ата-анасы сурет салудан, суретке түсіруден кәсіпқой мамандар өткізген шеберлік сағаттарына қатысты. Оған қоса алаңда ән айту, би билеу, теннис ойнау, сурет салу алаңшықтары ұйымдастырылды.

2012 жылдың 11 мамыры күні ҚазКСР-ің еңбек сіңірген геологы, Социалистік Еңбек Ері Нұрлығайын Түкеновтің 100-жылдығына орай, ол тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта ашылды. Тақтаның ашылу салтанатына оның қызметтестері, жолдастары мен оның оқушылары келді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы минералды ресурстар академиясының президенті Генаят Бекжанов, ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукеев, Алматы қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов және тағы басқалар да бар.

Тақтаның ашылу салтанатын Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама Басқармасының бастығы Мамай Ахетов ашты.

2012 жылы 9 мамыр күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Жеңіс күні аталып өтілді. Таң атысымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, ауған-жауынгерлері, зейнеткерлер, аудан оқушылары колоннаға жиналып, 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа шеруін бастады.

Аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов және Медеу ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев генерал-майор Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

2012 жылдың 8 мамырында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 300-ден аса Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл қатысушыларына арналған «Ұлы Жеңіс және қазіргі жастар» атты мерекелік концерт өтті.

Бұл күні ардагерлер үшін филармония сахнасында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Далел Уашев, Сәуле Ағыбаева, Толқын Забирова, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Игорь Благородный, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері Ардақ Салқашев, Айдарбек Рысбай және т.б. өнер көрсетті.

2012 жылдың 8 мамырында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов ауған-жауынгерлерін Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 67-жылдығымен құттықтады. Бұл күні Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында екі салтанатты шара болып өтті. Сұлтанбек Мәкежанов екі көпбалалы ана Сәуле Мұғаева мен Гүльбахар Садыбековаға «Күміс алқа» табыстады. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Сұлтанбек Алмасбекұлы Ұлы Жеңіс күні қарсыңында Ұлы Отан соғысының және еңбек майданының ардагерлерін құттықтау жақсы дәстүрге айналғандығын айтып кетті. Әкіммен кездесуге 20 ардагер келді. Олардың ішінде Алтынбек Танабаев, Василий Шупейкин, Байкал Хамзин, Мурат Абдушкуров және т.б. Олардың барлығы Медеу ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, азық-түлік себеттері табысталды.

2012 жылдың 7 мамырында 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғандығының 20-жылдығына арналған шара өтті. Мерекелеуге қалалық ардагерлер Кеңесінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, құрлық әскерлері, ӘҚК ардагерлері және Алматы гарнизонының жауынгерлері мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелеуге қалалық ардагерлер Кеңесінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, құрлық әскерлері, ӘҚК ардагерлері және Алматы гарнизонының жауынгерлері мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты шара митинпен ашылды. Алматы қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мэлс Шампиев және Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Мустафин жиналғандар алдында сөз алып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20-жылдығымен құттықтады. Митингтен кейін Мәңгі алауға және Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, құрлық әскерінің, әуе-қорғаныс әскерлерінің және азаматтық қорғаныс әскерлерінің өкілдерін «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Қонақтар үшін арнайы әскери техниканың көрмесі, Алматы гарнизоны сарбаздарының салтанатты маршы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері мен Алматы гарнизонының сарбаздарымен кездесу ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды.

2012 жылдың 4 мамырында Ұлы отан соғысындағы жеңістің 67-жылдығын мерекелеу қарсаңында Медеу ауданы әкімінің аппараты, «Ресейдің Сбербанкімен» бірлесе аудан ардагерлеріне «Евразия» мейрамханасында дастархан жайды. Шараға 100 ардагер шақырылды. Олардың ішінде ҰОС мүгедегі, қоғамдық қайраткер, Алматы қаласының құрметті тұрғыны Сұлтан Жиенбаев, ҰОС ардагері, қоғамдыққайраткер Шаңгерей Жәнібеков, ҰОС мүгедегі, Казпотребсоюз төрағасы Сейдәлім Тәнекеев, ҰҒА академигі Үәхит Шәлекенов, ҰОС мүгедегі Айнакүль Нарманбетов, ҰҒА академигі Мәулен Арыстанбеков және қаланың басқа да танымал және құрметті ардагерлері бар. Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Берік Мустафин құттықтады.

Осы күні Медеу ауданында тұратын еңбек майданының ардагерлері де мерекелік дастарханға шақырылды. Салтанатты дастархан 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан мейрамханада жайылды. ВАТ (Бритиш американ Тобакко) компаниясының өкілдері шараның 20 қатысушысына ұялы телефон сыйлады.

2012 жылдың 2 мамырында Мәдениет жылы аясында «Жамаль» ориенталды өнер галереясының ашылу салтанаты болып өтті. Өнер үйінің салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз-қызметінің басшысы Валерий Кузембаев, Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қаласының мұражайлар мен театрлар басшылары және танымал өнер қайраткерлері қатысты. Галереяда ежелгі Шығыстың мәдениетін, даналығын, философиясын және рухын бейнелейтін экспонаттар қойылды. Сонымен қатар XVIII ғасырда және одан да ерте жасалған, өте сирек кездесетін артефакт күйіндегі фолианттар, қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, қазақтардың, Шығыс елдерінің, Орталық Азия елдерінің тұрмыс-тіршілігінде қолданған бұйымдар көрермендер назарына ұсынылды.

Галереяның мақсаты – қонақтарға Нью-Йорк, Лондон және Париждегі халықаралық көрмелер көрермендерінің жүректерін жаулап алған коллекцияның әрбір экспонатының әдемілігі мен саналылығына тамсануға мүмкіндік бере отырып, бабаларымыздың мәдениетін көрсету.

2012 жылдың 28 сәуірінде №5 қалалық ауруханасында Жеңіс күніне арналған «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні Медеу ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек тылының қатысушылары ЛОР дәрігердің, көз дәрігерінің, хирургтың, эндокринологтың, невропатолгтың, гинекологтың және басқада дәрігерлердің кеңестерін алды.

Ардагерлер жеңілдігі бар рецептер алып, жалпы сомасы 682 949, 14 теңгені құрайтын тегін дәрілер алды. Ауруханада Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және оларға теңестірілгендерді қарау мақсатында профилактикалық бөлме ашылды.

2012 жылдың 22 наурызында Медеу ауданының тұрғындары Ш.Уәлиханов алаңына Наурыз мейрамын мерекелеуге келді. Алаңда киіз үйдерден жасалған қазақ ауылы құрылды. «Қымызхана», «Шеберлер аулы», «Ұлттық киім үлгілері көрмесі», «Шығыс базары» тақырыптардағы киіз үйлер келушілерді құшақпен қарсы алды.

Аудан тұрғындарын мейраммен құттықтау мақсатында сөз сөйлеген аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов өз сөзінде «Наурыз мейрамы» - бүгінгі күнге дейін жетіп, барша халық қуана тойлайтын ең көне мерекенің бірі екендігін айтып кетті. Қонақтар үшін үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Халық алдында Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері және халық аспаптар ансамблі өнер көрсетті. Қазақ КСР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев өздерінің баршаға танымал әндерін шырқап, отандық эстрада жұлдыздары мен би ұжымдары көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады

2012 жылдың 13 наурызында С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтың 110-жылдығына арналған кеш өтті. Бұл күні №116, 64 және 52 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Қазақстанның жазушылар Одағының мүшелерімен кездесуге мүмкіндігі туды. Кітапхананың жас оқырмандары ұлы қазақ жазушының шығармашылығымен байланысты және әдебиет классигінің өмірінен қызықты фактілер жайлы әңшімелерді тыңдап қана қоймай, «Солдат из Казахстана» және «Пробужденный рай» романдары бойынша қойылымдар қойды. Жас дарындар Ғабит Мүсіреповтің шығармалары бойынша өздерінің еңбектерін оқып берді.

2012 жылдың 6 және 7 наурызында Халықаралық әйелдер күніне орай Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қарттарға, ҰОС ардагерлеріне және мүмкіндігі шектеулі әйелдерге сыйлықтар табыстады.

8 наурыз күні өзінің 100-жылдығын атайын деп отырған ауданның тұрғыны Исаханова Алихан бұл күні балаларын, немерелерін және шөбелерін үйіне жинап, үлкен дастархан жайыпты. Алихан әженің қонағы болған аудан әкімінің орынбасары Берік Мұстафин және ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев Медеу ауданы әкімінің жылы тілектерімен қоса, қаржылай көмек және азық-түлік себеттерін табыстады. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагері, ұшқыш-әйел, ұлы Жеңіске өзінің үлесін қосқан Бибинұр Тынысбекқызының үйінде де қонақтарды құшақпен қарсы алды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, бірінші топтағы мүгедек Батима Төреханова жылы сөздермен, игі лебізге ие болды.

Халықаралық әйелдер күні аясында мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың атынан дайындалған қаржылай көмекті және сыйларды аппарат қызметкерлері үйлеріне жеткізіп береді.

2012 жылдың 1 наурызында №56 гимназиясында «Жыл мұғалімі - 2012» байқауының үшінші кезеңі өтті. Он екі қатысушының сабақ жүргізу тәсілін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бастаған қазылар алқасы бағалады. Білім басқарамасының орынбасары Галина Саматокинаның айтуы бойынша биылғы байқаудың ерекшелігі сайысқа математика, физика, биология, информатика және география сияқты күрделі пәндердің ұстаздары ғана қатысып жатыр. Ақпанда басталған қалалық сайыста аудандық іріктеу кезеңдерінің 70-тен астам жеңімпаздары қатысты. Олар пәндік олимпиададан, өзін-өзі таныстыру презентациясынан және ашық сабақ сияқты кезеңдерден өтті.

2012 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласының Әулие-Вознесенск кафедаралды соборының алдындағы алаңында «Широкая Масленница» атты мерекелік шаралар және халықтық қыдырулар ұйымдастырылды. Мейрам қонақтары үшін бұл күні өнер шеберлерінің концерті, театрландырылған қойылымдар, спорттық сайыстар, мерекелік сауда ұйымдастырылды. Масленницаның басты тағамы «блины» аудан қонақтары мен тұрғындарына таратылды.

2012 жылдың 23 - 24 ақпанда ҚазҰАУ-ің орыс тілі кафедрасының, «Достық» студенттік ассамблеясының және «Русский мир» қорының қаржылық көмегімен театрландырылған «Здравствуй, масленица» мейрамы болып өтті. Мерекелік іс-шараны жастарға арналған кіріспе сөздерімен ҚазҰАУ-ің ректоры Т.Есполов және Алматы қаласының этномәдени орталықтарының өкілдері ашты. Мерекенің алғашқы күні қонақтарға «Масленица да Наурыз» атты музыкалық спектакль-ертегі қойылды. Қазақ және орыс ертегілернің кейіпкерлері көрермендер алдында жаңа бейнелерде келді. Ертегі мәресінде екі үлкен мереке Наурыз бен масленица бір-бірімен кездесті. Ал 24 ақпан күні жаппай қыдырулылар ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар дәстүрлі ойындар ойнап, спорттық-жаппай сайыстарға қатысып, қысты шығарып салды. Мереке соңында барлығы «блины» және тағы басқы да тағамдардың дәмін татты.

2012 жылдың 22 ақпанында аудан әкімінің аппарат қызметкерлері және «Халықралақы құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері арасында Қазақстанда медиация институтын енгізу бойынша кездесу болып өтті. Кездесу барысында баяндама жасаған «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жанділдә Жақыпов кәсіби медиаторлар қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының «Медиаторлар туралы» Заңының тармақтарын қарастырды. Өз сөзінде ол қылмыстық және азаматтық-құқықтық істер бойынша іске асырылатын медиация принциптері мен үрдісі, соның ішінде азаматтық-құқықтық қатынастар саласының мәселелері жайлы айтып берді.

2012 жылдың 7 ақпанында С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында жазушы және ақын Әдібай Табылдиев өзінің жас оқырманадырмен кездесті. Жазушының кішкентай оқырмандары үшін А.Табылдиевке арналған арнайы көрме ұйымдастрылды. Ш.Уәлиханов атындағы №12 және №168 мектеп оқушыларын тек жазушымен кездесу ғана емес, қызықты мерекелік бағдарлама күтті. Балалар скетч, ойындар ұйымдастырды.

Танымал балалар ақыны ретінде Әдібай Табылдиев он беске тарта еңбек жазған. Оның ішінде бала-бақша, мектеп сахнасына арналған пьесалар мен сценарийлер бар. Ақынның өлеңдері ә дегеннен-ақ көпшілік назарын аударған. Оның «Паровоз», «Жүгері ханым мен бұршақ патша», «Құрылысшылар», «Атымтай», «Гүл мен жеміс», «Аялы алақан», т.б. кітаптары өлең, ертегі, тақпақ, мысал, жұмбақ, жаңылтпаштардан тұратын ауыл балаларының өмірінен бастап, табиғаттың сан алуан құбылыстарына дейін тыс қалмай, көрініс тауып жатыр.

2012 жылдың 27 қаңтарында «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың әндер және өлеңдерін оқудан 2-ші Республикалық байқау мәресіне жетті. Қаңтардың 23 мен 27 аралығында өткен байқау керемет гала-концертпен аяқталды. Байқау Қазақстанның көрнекті жазушысы М.Мақатаевтың 80-жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 170-тен астам оқушы қатысты. Ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаттары жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, тарихын білуге, ділін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, отандық композиторлар мен жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында балалар мен жасөспірім шығармашылық ұйымдарының репертуарын авторлық озық туындылармен толықтыру, балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетелдіру, олардың орындау шеберлігін арттыру және т.б.

2012 жылдың 16 - 18 қаңтары аралығында Оқушылар сарайында КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың 90-жылдығына арналған «Ақ сұңқарым» атты ән байқауы өтті. 16 қаңтар күні іріктеу туры өтіп, 17 қаңтар күні ақтық конкурс орын алды. Балалар өнерін ҚР Халық әртісі бастаған қазылар алқасы бағалады. Қаңтардың 18 жұлдызында салтанатты түрде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып, іс-шара гала-концертпен жалғасты. Ұйымдастырылып жатқан байқаудың мақсаты – жас орындаушыларда қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, жастардың рухани дамуы, жаңа идеяларды іздеу және Қазақстан әншісі Роза Бағланованың өнер жолы туралы түсінік беру. Байқау дипломанттарына арнайы дипломдар табысталды. Үш жүлделі орынға ие болған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс гран-прийін Абзал Еркежан және Базарай Рауан иемденіп, бас жүлде мен «Алтын сақа» қайырымдылық қоры атынан Р.Бағланованың ескерткішін алды.. Байқау Алматы қаласы білім Басқармасы, Оқушылар сарайы және Р.Бағланова атындағы «Алтын сақа» қайырымдылық қоры қолдауымен ұйымдастырылды.

2012 жылдың 12 қаңтарында Д.А.Қонаевтың туған күнінде Д.Қонаевтың ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі және Төлебаев көшесіндегі пәтерінде мұражайдың ашылу салтанаты болды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев, медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов, аудандық әкімдіктердің өкілдері, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, саясатшылар, еңбек ардагерлері, қала тұрғындары қатысып, Қазақстанның ұлы мемлекеттік және қоғамдық қайраткеріне құрметін білдіріп жатты.

2012 жылдың 11 қаңтарында Республикалық кітап мұражайында қоғамдық және мемлдекеттік қайраткер, ғылым, Қазақстанның ҒА академигі, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор үлес қосқан Дімұхамет Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100-жыл толуына орай «Біздің заманымыздың ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі ашылды. Көрме экспозициясында Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», 1992 жылы жарық көрген «Mенің кезім жөнінде» атты кітап-естелігі және 1994 жылы қайта баспадан өткен «От Сталина до Горбачева» еңбектері көрермендер назарына ұсынылды. Оған қоса көрмеде қазақстандық жазушылардың Д.А.Қонаевқа арналған Г.Толмачевтың «Д.А.Қонаевпен кездескен 50 сәт», Б.Батталхановтың «Дінмұхамед Қонаев және оның әріптестері», К.Аухадиевтың «Өмір жолы – тар соқпақ» және тағы басқа авторлардың еңбектері де қойылды. Көрменің алғашқы көрермендері Д.Қонаевтың замандастары – К.Аухадиев, К.Нарибаев И.Балтағұлов, Д.Қонаевтың туыстары мен басқа да құрметті қонақтар болды. Д.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолын зерттеуші О.Қауғабаев мұражайға өзінің «Ғажайып Қонаев» еңбегінің екінші баспасын ұсынды.

14


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы