КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
08:35:59 сейсенбі, 2017 жылғы 23 мамыр   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2011 жылғы ақпарат

2011 жылы 8 қарашада Медеу ауданы әкімі аппаратында 16-ші салтанатты алқа тағу рәсімі болып өтті. Бұл күні «Күміс алқаға» Әсел Аханова және Ақлима Дүйсекенова ие болды.

2011 жылдың басынан бері «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алу мақсатында 21 ана өтініш білдірді. Ұйымдастырылған 15 рәсім нәтижесінде 11 анаға «Алтын алқа» және 7 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Медеу ауданы аумағында көп балалы аналар баршылық. Мұндай әйелдер аудан мақтанышы болып табылады

2011 жылы 7 қарашада Медеу ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, кәсіпкерлікті дамыту Қауымдастығы және «Этнос-форум» әлеуметтік қоры «Жанұя» арнайы кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына, Медеу ауданының 75-жылдығына және Құрбан айт мейрамына арналған қайырымдық акциясын өткізді.

Жанұя» кешенінің сәбилері үшін бұл күні Республикалық қуыршақтар театрының ұжымы үлкен концерт ұйымдастырды.Концерт аяқталғаннан кейін балалар үшін мерекелік дастархан жайылды. 130-ға тарта «Жанұя» тәлімгерлері демеушілерден сыйлықтар алды.

Қайрымдылық акцияның барлық ұйымдастырушылары естелік сыйлықтар мен алғыс грамоталарға ие болды.

2011 жылы 3 қарашада Думан ықшам ауданында «Тәуелсіз Қазақстан құрдастарының аллеясы» атты акция ұйымдастырылды. Ағымдағы жылда өздерінің 20 жасқа толғандарына орай студент жастар 100 көшет отырғызды. Думан ықшам ауданында орналасқан №172 жалпы білім беретін мектеп оқушылары үлкен ағаларына қолдау көрсетті. Саябақтың ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімінің орынбасары Т.Разақов қатысты.

2011 жылы 27 қазанда ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы және Медеу ауданының 75-жылдығы аясында №159 гимназиясында «Медеу ауданының құрметті азаматтары» атты салтанатты іс-шара өтті.

Тәуелсіздіктің 20-жылдығына, 1986-жылғы оқиғаның 25 жылдығына және Медеу ауданының 75-жылдығына арналған іс-шарада ауданының құрметті тұрғындарына, қаланың және мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, оқушылардың ат салысуымен концерттік бағдарлама қойылды, және «Алматы – Тәуелсіздігіміздің тал бесігі» атты кітап көрмесі және «Ауданымыздың мерейі мен мақтаныштары», «Мақтанышым - Ауданым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

25 қазанда Медеу ауданы әкімінің мәжіліс залында Медеу ауданының «Нұр Отан» ХДП «Ардагер» бастауыш ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған жиналыс өткізді. Іс-шараға арнайы заң ғылымдарының докторы, профессор, академик С.Сартаев қатысып, тәуелсіз Қазақстанның соңғы 20 ішіндегі жетістіктері мен дамуына тоқталды. Сонымен қатар шара барысында партияға мүшелерді салтанатты қабылдау өтіп, қонақтарға сый-сияпат көрсетілді.

2011 жылы 21 қазанда Халықаралық бизнес университетінде «Тілдарын-2011» аудандық олимпиадасы өтті. Аудандық олимпиаданың жеңімпазы А.Масимбаева бірнеше тіл меңгерген жастар арасында ұйымдастырылатын қалалық олимпиадада Медеу ауданының намысын қорғайтын болады.

Халықаралық бизнес университетінің 3 курс студенті Айдана Масимбаева өзінің білім деңгейімен, өз ойын жеткізе білу әдісімен және тапқырлығымен қазылар алқасының көңілінен шықты. Жеңімпаздар және жүлделі орын иеленушілер аудан әкімінің грамоталарымен марапатталып, барлық қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды.

2011 жылы 18 қазанда Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында қайырымдылық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Медеу ауданы аумағында тұратын зейнет жасындағы 70 тұрғынға азық-түлік себеттері табысталды.

Ауданның қарттарын Медеу ауданы әкімінің орынбасары Т.Разақов құттықтады.

Бұл күн ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқаға» ие болған Нетишат Макаева және Қайшы Мұхаметқали үшін ерекше мағынаға толы болды. Аудан әкімінің орынбасары Т.Разақов 8 және 9 балалы аналардың кеуделеріне алқаларын тақты.

Қарта адамдар айлығы аясында аудан аумағында көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды: 390 зейнеткер азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді, 180 тұрмыстық жағдайы төмен зейнеткерлерге 410 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, ауданның 5 округі бойынша 300 адам қатыстырылған қайырымдылық астар ұйымдастырылды.

2011 жылы 14 қазанда №12 мектепте Мүгедектер күніне орай қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Медеу ауданы аумағының мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында концерттік бағдарламалар, экскурсиялар, қайырылымдылық астар, азық-түлік себеттерін табыстау шаралары өтті.

2011 жылы 12 қазанында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыс маусымын қорытындылауға арналған «Алматы – жастар қаласы» атты қалалық жастар форумы өтті.

Іс-шараға аудан әкімі С.Мәкежанов, Алматы қ. Жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Б.Мәкен, Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелері қатысып жастарды құттықтады және еңбек кезеңіндегі ең үздік топтарды арнайы сыйлықтармен, грамоталармен марапаттады. Сонымен қатар концерттік бағдарлама қойылды.

2011 жылы 11 қазанда «Ритц-палас» сауда орталығында тұрғындардың тілектері мен өтініштерін жинау мақсатында «Халық дауысы - Голос народа» республикалық акциясы бастау алды.

Аталмыш акция «Нұр Отан» ХДП-на өзінің жаңа модернизациялық саясатын құру барысында барлық азаматтардың тілектері мен өтініштерін ескеруге мүмкіншілік беретін болады. «Ритц-палас» сауда орталығында әрбір азамат өзінің тілектерін қалдыратын стенд пен арнайы жәшік орналастырылды.

Аудан тұрғындары өз пікірін айту мүмкіндігін акцияның бірінші күнінен бастап пайдаланып жатты. Іс-шараға ЖОО, колледж студенттері және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысуда.

2011 жылы 7 қазанда Б.Момышұлы атындағы №131 орта мектеп-лицей ауласында «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржысымен көпфункционалды жаңа спорт алаңы ашылды. Көпсалалы спорттық алаңын қала әкімі А.Есімов ашып, барлық спорт сүйер қауымды құттықтады. Аталмыш спорттық алаң «ҚазМұнайгаз» АҚ Ұлттық компаниясының демеушілік көмегі арқылы салынды. Салтанатты іс-шара барысында футбол, теннис және волейболдан жарыстар өтіп, Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2011 жылы 7 қазанда аудан әкімі апаратының қызметкерлері қарт адамдар айлығы аясында 100 жастан асқан К.Құрманбаеваны және Иосьма Кулаеваны үйіне барып құттықтады. Шара барысында аудан әкімі атынан азық-түлік себеттері беріліп, дәрігерлік тексеру жасалды.

2011 жылы 5 қазанда «Ғылым ордасының» кіші залында «Әділет кеңес береді» атты акция ұйымдастырылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған іс-шара барысында Алматы қаласы Әділет Департаментінің қызметкерлері азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жергілікті тұрғындардың көкейтесті сауалдарына, әділет саласы бойынша және әлеуметтік сұрақтарына жауап беріп, тегін құқықтық кеңес берді.

Кездесуге Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов, Алматы қаласы Әділет департаментінің бастығы Е.Ерғалиев, «Нұр Отан» ХДП, Алматы қаласы Әділет департаментінің,аудан прокуратурасының, Нотариалдық палата және адвокаттар алқасының өкілдері қатысып, қала тұрғындардын сұрақтарына жауап берді.

2011 жылы 30 қыркүйекте Мұғалімдер күніне орай аудан әкімі С.Мәкежанов аудан ұстаздарын салтанатты қабылдады. ҚР Тәуелсіздігінің және ауданның 75 жылдығына орай аудан әкімі С.Мәкежанов үздік мұғалімдерге Алматы қаласы Мәслихатының грамоталарымен марапаттады. Іс-шара барысында М.Жүнісова және М.Ілиясова мерекемен құттықтап концерттік бағдарлама қойды.

2011 жылы 29 қыркүйекте мүгедектер күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен қолданбалы және бейнелеу өнерінің көрмесі және Оқушылар сарайының балалары ұйымдастыруымен концерт өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы және Медеу ауданының 75-жылдығына арналды.

Көрме экспонаттары арасында кілем тоқымасы, май суреттер, органикалық әйнектен жасалған бұйымдар, қағаздан жасалған гүл композициялары, тоқымалар және бала суреттері болды. Экспозицияда балалардың 100-ге жуық жұмыстары қонақтар назарына ұсынылды.

100-ден аса бүлдіршіндер сыйлықтар, кітап және дамыту материалдарын сыйлыққа алды.

2011 жылы 28 қыркүйекте Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында С.Мәкежановтың бастауымен, аудандық құқық қорғау және коммуналдық құрылымдар бастықтарының қатысуымен, биылғы жылдың 9 ай барысында жабайы сауданы жою және діни ахуал бойынша жасалған жұмыстардың нәтижелері бойынша отырыс болып өтті. Отырысқа Медеу ауданының бас прокуроры Г.Мұқанов, Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Б.Қасабеков, Медеу ауданы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің бастығы Д.Алиев, Медеу аудандық сотының төрағасы К.Досымбет, Медеу ауданы әкімі апаратының қызметкерлері мен аудан құрылымдарының өкілдері қатысты.

2011 жылы 25 қыркүйекте «Медеу» шатқалында табалдырықпен өрге жүгіру бойынша «Баспалдақ» жарысы өтті. Жарысқа қатысуға бел буғандар өз күшін 100, 200, 300, 400 және 841 табалдырыққа жүгіру арқылы тексере алды.

2011 жылы 24 қыркүйекте ауданда ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған жалпыреспубликалық сенбілік ұйымдастырылды. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында 2000-ға жуық студент жастар, әлеуметтік қызметкерлер және аудан бизнесінің өкілдері жиналды. Сенбілік барлық қатысушылар үшін керемет концерттен басталды. Сахнада «Аяла», «StarsKZ» топтары және Шэр Али жастар алдында өз өнерлерін паш етті. Өздерінің ырғақ әндерімен олар қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Сенбілікке 64 және 99 мектептерінің оқушылары Шухов атындағы саябақты ретке келтірді. Ал «Туран» университетінің студенттері «Тереңкөр» аумағын тазаласа, ҚМЭБИ жастары Таулы Қырат ауданында жұмыс істеді.

2011 жылы 23 және 24 қыркүйек күндері Мемлекет Басшысының Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда Министрі Қ.Келімбетов бастаған Республикалық ақпараттық-насихаттық топ Қазақстанның мұсылмандарының Діни Басқармасында, православиелік шіркеуде, Халықаралық бизнес университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде №5 Қалалық клиникалық ауруханасынды және ауданның ең ірі коммерциялық мекемелері «Рахат» АҚ мен «Бурган» ЖШС («Қазақстан» қонақ үйі) мекемелерінде 7 кездесу өткізді

2011 жылы 23 қыркүйекте Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін кемсіту түрлерін жою мақсатында мүгедектер құқығы Конвенциясының рөлі» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай өткізіліп және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналды. Семинарға мүгедектер қоғамдастығының мүшелері қатысты. Іс-шара барысында «Намыс» қоғамдық мүгедектер бірлестігінің төрағасы К.Иманалиев Қазақстанда тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін Мүгедектер құқығы жайлы Конвенция көзқарасынан қарастырды. Өз сөзінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің өмір сапасын жақсартуға және құқықтарының қорғалуына бағытталған Ұлттық жоспардың бағыттары мен іс-шараларына ерекше назар аударып кетті. Қатысушыларды жоспардың орындалу барысымен таныстырып кетті. Семинардың барлық қатысушылары аталмыш жоспардың жүзеге асуы мемлекетіміздің барлық мүгедектерінің өмірлеріне жағымды өзгерістер алып келетіндігіне сенімді.

2011 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайының 4-ші залында белгілі әлеуметтік-саяси қайраткер Ш.Омаровты еске алу мақсатында «Қандай жас болып едік...» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Көрмеге Ш.Омаровтың жеке және отбасылық деректерінен алынған материалдар ұсынылған: құжаттар, сыйлықтар, футбол формасы, доп және т.б. Көрменің ашылу салтанатына Ш.Омаровтың отбасы мүшелері, жолдастары, танымал қоғамдық-саяси тұлғалар қатысты.

2011 жылы 22 қыркүйекте №172 жалпы білім беретін мектебінің акт залында, Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған Медеу ауданы мектептерінің оқушылары арасында «Ана тілі – жүрек үні» атты байқау өтті.

Іс-шараның басты мақсаты аудан мектептерінің оқушыларын әр-түрлі халық тілдерін үйренуге баулу, оқушының көптілді маман болуына себептес болу, жастардың тілдік компетенциясын жетілдіру болды.

Байқауға қатысушылар 3 номинация бойынша сайысқа түсті: 1)Ана тілі жайында авторлық шығармалар жазу; 2) Қазақстан және қазақ тілі жайында жазылған әйгілі жазушылардың еңбектерін мәнерлеп оқу; 3) Ана тілі жайында әндерді шырқау.

2011 жылы 21 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Алматы қаласындағы экология проблемалары: жас көшеттерді дамыту мәселелері» атты «дөңгелек үстел» өтті. Табиғатты пайдалану, жас көшеттерді жасарту концепциясын, апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлы кесу және қырқу сұрақтарын талқылау мақсатында ҚазҰАУ, орман шаруашылығының Қазақ ұлттық зерттеу институтының, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері және Алматы тұрғындары шақырылды.

2011 жылы 19 қыркүйекте Медеу ауданының әкімі С.А.Мәкежановтың төрағалығымен аудан мешіттері имамдарымен жиналыс өтті. Іс-шараға АІІБ, ҰҚКД аудандық бөлімі, прокуратура өкілдері қатысты. Күн тәртібінде аудан мешіттеріндегі уағыз-насихат жұмыстары мен қауіпсіздік мәселелері, мешіт жанындағы медреселер мен құран үйрену курстарында оқып жүрген жастар тәрбиесі және де мешіт ауласының тазалығы, заңсыз сауда, қоғамдық тәртіп мәселелері қарасытырлды.

2011 жылы 18 қыркүйекте Ш.Уәлиханов ескерткішінің алдындағы алаңда Қала күніне арналған «Алматы – алтын бесiгiм» атты аудандық мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан тұрғындары, қала қонақтары, ЖОО студенттері мектеп оқушылары қатысты. Іс-шарада мерекелік сауда-саттық, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының және Куба елінен келген «Eminensia clasica», «La Fresk» сияқты топтардың қатысуымен концерт ұсынылды.

2011 жылы 18 қыркүйекте 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында «Алматы - кітап әлемі - 2011» көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан тұрғындары, қала қонақтары, ЖОО студенттері мектеп оқушылары қатысты. Кітап фестивалінің мақсаты – Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай отандық кітап басылымдарын оқырманмен таныстырып, кітап оқуды насихаттау. Мерекелік шарада оқырман қауым назарына елімізде соңғы жылдары жарыққа шыққан көркем әдебиет, оқу құралдары, балалар әдебиеті сияқты басп өнімдері ұсынылды.

2011 жылы 17 қыркүйекте 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Панфилов дивизиясының күні атты мемориалдық-патриоттық іс-шара өтті. Іс-шараға ардагерлер, ЖОО, колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Жиналғандар алдымен Даңқ мемориалына, генерал И.В.Панфилов, батыр Б.Момышұлы ескерткіштеріне және 28 панфиловы жауынгердің атаулы белгілеріне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар жас сарбаздар соғыс уақытындағы панфиловшылар өмірінен көріністер қойды. Саябақ аумағында Панфилов дивизиясы туралы ақпараттық көрме ұсынылды.

2011 жылы 14 қыркүйекте Ш.Уәлиханов ескерткішінің алдындағы алаңда «Алматы бейнесі» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов, ҚР сәулетшілер Одағының президенті, Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері, «Казинкомбанк» АҚ мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Қала күніне орай ұйымдастырылған көрменің басты идеясы Алматы қаласының соңғы 100 жыл барысында өзгеріске ұшыраған архитектуралық бейнесін көрсету. Қаланың тұрғындары мен қонақтары Алматының тарихын, оның даму жолын фотосуретке түсірген фотографтардың ең үздік жұмыстарын көре алады.

2011 жылы 10 қыркүйекте Қала күніне арналған жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Оған Медеу ауданының тұрғындары мен мекемелері белсенді түрде қатысты. Аудан студенттері, жоғарғы сынып оқушылары, аудандық мекемелер өкілдері бұл күні көшелерді, өзен жағалауларын, арықтарды, саябақтарды қоқыстан тазартты. Көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар үй алаңдарын жинаса, жекеменшік сектор үй алдындағы аумақты ретке келтірді. Сенбілікке қатысушылар қолдарына жұмыс құрылғыларын алып, аудан көшелеріндегі 55000 текше метр арықтарды тазалап, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Солоновка және Тіксай өзендерінің жағалауларын қоқыстан босатты. Ауданның 27 саябағы тазарды. Мектеп оқушылары сенбілікті мектеп аумағына жүргізді. Оған қоса мектептерде «Менің сүйікті қалам – таза Алматы» конкурсы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Қаланың тазаруына кіші және орта бизнес өкілдері үлес қосты. Қала күні қарсаңында аудан кәсіпорындары мен мекемелері ғимараттардың сыртқы келбетін әшекейлеп, кіреберістеріне гүлзарлар орналастырды.

2011 жылы 9 қыркүйекте аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында қызметкерлерге жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында «жемқорлық», «мемлекеттік қызметкер», «мемлекеттік қызмет» деген ұғымдар және мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жан-жақты қарастырылды. «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаларында көрсетіліп кеткен талаптарға ерекше назар аударылды.

2011 жылы 9 қыркүйек күні Қазақстанның халық жазушысы Зия Самади 1973 жылдан 1996 жылға дейін өмір сүрген үй қабырғасына ескерткіш тақтайша орнатылды. Тақтайшаның ашылу салтанатына жазушының балалары, немере-шөберелері, Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының өкілдері, Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, ұйғыр ұлттық мәдени орталығы, Қазақстанның жазушылары және өнер қайраткерлері қатысты.

2011 жылы 8 қыркүйек күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ленинград блокадасы басталуының 70 жылдығына арналған аза - салтанатты митинг және гүл қою рәсімі өтті. Іс-шарада қалалық ардагерлер кеңесі, қала аудандарының ардагерлер кеңестері, блокада куәгерлері, Алматы қалалық және Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы консулдығының өкілдері Мәңгі алауға және Ленинград топырағы салынған тостағанға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін ардагерлер және қонақтар үшін қайрымдылық дастархан жайылды.

2011 жылы 1 қыркүйек – Білім күніне орай Медеу ауданының мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеулер өтті. Аудандық барлық орта мектептерде өткен салтанатты іс-шаралараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Биылғы жылы 2000 бүлдіршін алғашқы қоңырауды бірінші рет естіп, парталарға отырды.

2011 жылы 30 тамызда Орталық демалыс саябағында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға қала қонақтары мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Мұстафин жиналған халықты мерекемен құттықтап, 16-ға толған жас Қазақстан азаматтарына жеке куәліктерді салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар барша қауымға мерекелік концерт ұсынылды.

2011 жылы 25 тамызда Самал-3, 21 үй мекен-жайында КСРО және ҚазКСР-ң халық әртісі, халық каһарманы Р.Бағланованың ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қала және аудан басшылығы, туған-туыстары, мәдениет қайраткерлері қатысты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов Р.Бағланованың өнер мен мәдениетке қосқан үлесі, ел дамуында алған орны туралы сөз сөйлеп, салтанатты түрде тақтайшаны ашты

2011 жылы 24 тамызда Т.Шевченко ескерткішінің алдында Украина Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шара өтті. Оған Украинаның бас консулы Л.Протасова, аудан әкімі С.Мәкежанов, Украин ұлттық-мәдени орталығының мүшелері және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Шара барысында Т.Шевченко ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылып, Л.Протасова Украина елінің Тәуелсіз жылдарындағы жетістіктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар аудан әкімі С.Мәкежанов Украина халқын мерекемен құттықтап, алдағы уақытта жетістіктер және екі ел арасында достық қатынастың нығаюын тіледі.

2011 жылы 24 тамыз күні «Арман» кинотеатрында «Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға көп балалы мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысты. Балаларға барынша қамқорлық жасап, демеу көрсету, көп балалы мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларын орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің аппараты демешілердің қолдауымен 100 жуық балаларды мектепке қажетті заттармен (портфель және мектеп формасы) қамтамасыз етіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

2011 жылы 22 тамызда Д.А.Қонаев ескерткішінің алдында Д.А.Қонаевты «Еске алу» күніне орай салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға билік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, мекемелер қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ізбасарлары мен замандастары және туыстары қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін, Д.А.Қонаевтың мұражай-үйінде Қызыл залдың ашылу салтанаты болып өтті. Осы уақытта «мұражайға экспонат сыйла» акциясы өтті. Акция аясында Д.Қонаевқа қатысы бар заттардың иегерлері, оны мұражайға беруге мүмкіндігі болды. Көрмеге келушілерді бұл күні «мұражай достары» клубының балалары қарсы алып, мұражай экспонаттарымен таныстырды.

2011 жылы 18 тамызда аудан әкімінің аппаратында Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулық жолы – 2011» кең көлемді акциясын өткізу туралы» жарлығына сәйкес, аудан әкімдігінің және құрылымдардың қызметкерлері жоспарлы медициналық тексерістен өтті. Профилактикалық тексерісті мобильді медициналық топ өткізді. Әкімдіктің қызметкерлері терапевт-дәрігерден кеңес сұрап, көз дәрігеріне тексерілу мүмкіндігіне ие болды. Жылжымалы флюро-бөлменің мамандары флюрографияға түсіріп, қанның шұғыл анализдері жасалды. Профилактикалық тексеріске келушілер жүрек дәрігеріне жолығып, кардиограммадан өтті.

2011 жылы 14 тамызда Свято-Вознесенск соборының алдында «Медовый спас» бал мейрамы атап өтілді. Іс-шараға Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы, ҚР «Бал-ара» ұлттық омарташылар одағы және аудан әкімінің аппараты қатысты.

Медовый спас мейрамын атап өту дәстүрі ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Тамыз айының орта шенінде аралар гүлдерден бал тасымалдауын тоқтатады. Осы кезден бастап кәріздер кесіледі және сындырылады. Кесілген кәрізді дәріптеу үшін шіркеуге алып барады. Дәстүр бойынша жаңа алынған балды дәріптеп, кейіннен саудаға шығарады.

2011 жылы 12 тамызда Еңбек биржасында «Жұмыс жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Іс-шараға « Хоум Кредит» АҚ, «Рамстор Қазақстан» ЖШС, «Алматы ТВ» АҚ, «Партнер» бизнес орталығы сияқты 12 ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Медеу ауданы әкімінің аппараты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесе ұйымдастырған іс-шараға экономиканың барлық саласындағы мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысып, ЖОО және колледж тәлімгерлеріне жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеге 70-тен аса адам келіп, жұмыс берушілер 30-ға тарта резюме қабылдады. Сонымен қатар келушілерге «Бизнестің жол картасы - 2020» дағдарысқа қарсы бағдарламасы түсіндірілді.

2011 жылы 11-12 тамызда Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында 2020 Бизнестің жол картасы «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша «Кәсіпкерліктің экспресс-курсы» тренингі өтті. Іс-шараға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Экономика ғылымдарының кандидаты, «HOLDING UN» АҚ-ның президенті К.Жұмабеков нарықтық экономиканың негіздері, нарықтық экономикадағы шағын бизнестің рөлі, кәсіпкерлік психологиясы, кәсіпкерліктің заңды аспектілері мен оның түрлері туралы лекция оқыды. Ал экономика пәнінің мұғалімі А.Әшімова бизнесті жоспарлау процесі, кәсіпкерліктегі маркетинг жөнінде лекция оқыды.

2011 жылы 5 тамыз күні Ұлттық ғылым академиясының кіші залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер А.Бижановпен кездесу өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары С.Боқаев, Алматы қаласының Мәслихат депутаты И.Шәріпов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Жүрінов, аудандық құрылымдардың, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, ардагерлер қауымдастығының және саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Сенатор, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы А.Қ.Бижановпен кездесу барысында мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалары жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар оңтүстік астананың мемлекет дамуында атқаратын рөлі туралы, 2011ж. Алматы қаласының дамуы бойынша әлеуметтік-экономикалық анализі шаһар экономикасының үдемелі өсуін көрсетіп отырғандығы атап өтті.

2011 жылы 4 тамызда «Рамстор» сауда орталығы, «Silkway city» супермаркеті және орталық «Көк базарда» жаңа партиялық бақылау бекеттерінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының азық-түлік бағасына мониторинг жасау қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Қасым, қоғамдық кеңестің орынбасарлары Г.Ақбергенова, Алматы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының директоры В.Примаков, «Нұр отан» ХДП белсенділері, сарапшылар тобы мен партиялық бақылау кеңесінің мүшелері, Медеу аудандық әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Азық-түлік бағасының қалыптасу үрдісіне мониторинг жасайтын партиялық бақылау комиссиясының бекеттер қызметі азаматтармен кері байланыс орнату үшін бағытталған.

2011 жылдың 17 маусым күні Медеу ауданы әкімінің аппараты, АІІБ, СЭС, аудандық «Нұр Отан» ХДП салауатты өмір салтын қалыптастыру қалалық орталығымен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында және қоғамдық көліктерде темекі шегуге қарсы бағытталған рейд ұйымдастырды.

2011 жылдың 16 маусымда Медеу ауданы әкімінің аппараты «Достық» мейрамханасында медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның құрметті қонақтары бұрынғы денсаулық сақтау министрі М.Н.Омарова, құрметті дәрігерлер Н.А.Каюпова, Д.С.Салық, С.Ж.Нұрғазиева, Д.С.Хасанғалиева.

Аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов медицина саласында көп жылдар бойы ерең еңбек еткен құрметті азаматтарды, аудандық ауруханалар мен емханаларда қызмет істеп келе жатқан дәрігерлерді қабылдап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар Гиппократ ордендерімен, аудан әкімінің грамотасымен марапаттады.

2011 жылдың 14 маусым күні ішкі саясат бөлімі Діни істер жөніндегі Алматы қаласы департаментімен бірлесіп, аудандық әділет басқармасының қызметкерлеріне теріс діни ағымдар, экстремизм және терроризммен күрес тақырыптарында лекция-семинар өткізді. Іс-шарада дінтанушы-исламтанушы Мырзахмет Жүзей аталған тақырып бойынша мәлімет беріп, қатысушылардың сұрағына жауап берді.

2011 жылдың 11 маусымында орталық демалыс саябағында «Браво плюс» компаниясы балмұздақ фестивалін ұйымдастырды. Фестиваль барысында келген қонақтар үшін балмұздақтың 300-ден аса түрі ұсынылды.

Фестивальға келген Мемлекеттік қуыршақтар театрының әртістері қойылымдар қойып, жас әртістер би билеп, ән шырқады. Балалар үшін «Менің сүйікті қалам», «Мисс және Мистер балмұздақ» және «Таза қала» атты сурет конкурстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар іс-шара барысында қайырымдылық акциясы өтті. Жетім және мүмкіншілігі шектеулі балаларға балмұздақ таратылып, саябақ аттракциондарына балалар тегін кірді.

2011 жылдың 10 маусымында Медеу ауданы әкімінің аппараты және Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада–цирк колледжімен бірлесіп, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына және Медеу ауданының 75 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шара барысында хор ұжымдарының, әншілердің, би ансамбльдерінің өнерлері және колледж оқушыларының эстрадалық–цирктік қойылымдары көрермендерді ерекше мейрам сезіміне бөлейді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ш.Бүркітбаева мен С.Мақұлбековтің, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүль Татидің тәлімгерлері қатысушылардың жадында ұзақ уақытқа қалатын қойылымдарды ұсынылды.

2011 жылдың 7 маусым күні ҚР Президенті мұрағатында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 20 жылы» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Р.Дәулетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Тұрсымұратова, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы оңтүстік өңірінің өкілдері, Ингуш мәдени орталығының, Түрік мәдени орталығының, Украин мәдени орталығы, Қазақстандағы орыстар, славяндықтар және казак қауымдастығы бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ҚР Президентінің Жолдауында қарастырылып кеткен мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып, Н.Назарбаевтың белсенді жұмысы арқасында мемлекеттің барлық секторларында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырғанымызды айтты. Сонымен қатар әрбір Қазақстандықтың басты міндетті – Республикадағы бейбітшілік және ынтымақтастықты сақтап қалу екендігін қатысушылардың барлығы сөз ете кетті.

2011 жылдың 3 маусымында Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында мемлекеттік рәміздер күніне орай лекция оқылды. Шара барысында студенттік істер жөніндегі офис директоры М.Топаева Қазақстан азаматын тәрбиелеудің маңызды құрамдас бөлігі - мемлекет рәміздерін құрметтеу, насихаттау сияқты міндеттер туралы айтып өтті. Сонымен қатар әкімшілік және тәрбие ісі жөніндегі маман А.Морозова Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішіндегі жетістіктері, беделі мен әлемдегі орны туралы сөз қозғады.

2011 жылдың 3 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Жастар ісі жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Менің мақтанышым!» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Іс-шараға Медеу аудандық ішкі саясат бөлімі, Алматы қаласы «Жас Отан» Жастар қанаты аппарат жетекшісінің орынбасары Жомарт Жарылқасын, Медеу ауданы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Әмірханов Абзал, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Жұмаділләева Нұржайна, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Баймолла Өрден сияқты белсенді жастар қатысып, ҚР рәміздерінің ерекшелігі, мемлекеттік рәміздер әрбір қазақ азаматының кеудесінде мақтаныш сезімін оятып, қасиеттеп, қастерлеп, көздің қарашығындай сақтайтын құндылықтар екендігі туралы айтып кетті. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ 1-курс студент жастары рәміздерге деген өз құрметін білдіріп, мақтан тұтатынын және де оларды қастерлеп жүретіндігін баса айтып кетті.

2011 жылдың 3 маусымында Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, орынбасарлары және аппарат қызметкерлері қатысты.


Оқиғалар күнтізбесі
 мамыр 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы