КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
15:36:14 сенбі, 2017 жылғы 25 наурыз

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Хабарландыру
04.07.2016
30 маусым. Алматыда бизнесмендер онкологиялық дертке ұшыраған балаларға арнап пансионат салады

Алматы қаласы әкімдігі мен «U-Partners» ЖШС арасында балалар педиатриясы мен хирургиясы Ғылыми орталығының базасында онкологиялық дертке шалдыққан балалар және олардың қасында болатын ата-аналары үшін пансионат салу жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Алматы әкімі Б.Байбек бұл шараның әлеуметтік маңызды екендігін атап өтті. Жалпы, қалалық әкімшіліктің басты міндеті - экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту.

«Қазіргі экономикалық қиын кезеңде біз кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға барынша қолдау көрсетеміз, өйткені олар қаланың әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Бүгінгідей бастама халықтың бизнеске, билікке деген сенімін арттырады», - деді Алматы әкімі.

Атап өтерлік жайт, болашакқа салынатын әлеуметтік нысанның жалпы көлемі 3 мың шаршы метрді құрайды, халықаралық стандартқа сай салынып, қаланың меншігіне беріледі. Қазіргі кезде құрылыстың жобалық құжаттары жасалуда.

«Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен ауыр дертке шалдыққан баласын әкелген ата-ана емдеу барысында бір жерге тұрақтауы тиіс, жатын орын жалдауға көбінің қалтасы көтермейді, ал болашақта салынатын пансионатта барлық қажетті жағдайлар толық жасалады. Жоба 14 ай ішінде іске асады деп ойлаймын», - деді «U-Partners» компаниясының бас директоры Жанат Рахмани.

Мегаполис басшысы МЖС аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып жүрген қаланың барлық кәсіпкерлеріне алғысын білдірді, өйткені осы ынтымақтастық аясында қалада төрт мектеп, емхана, 17 бала бақша, спорт кешені және басқада нысандар салынатын болады.



«« | »» « Назад | Барлық жаңалықтар
Последние новости

Оқиғалар күнтізбесі
 наурыз 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы