КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
06:13:54 сарсенбi, 2017 жылғы 26 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
«Дені саудың – жаны сау»

2012 жылдың 25 қыркүйегінде «Дені саудың – жаны сау» дегендей, жаттығу жасап, тұрақты дене қимылын уақытымен жүргізіп отырса, кім-кім де ауру-сырқаудан ада болады. Осы мақсатты көздеген Әуезов ауданы әкімдігі мәдени-спорттық шараларды тұрақты ұйымдастырып келеді. Жуырда ауданда орналасқан №4 кәсіптік лицейде Қала күні мерекесіне орай спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оған жас жеткіншектермен қатар, ауданның ардагер азаматтары да белсенді қатысты. Әуезов ауданы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық» акциясы аясында жиынға келген ауданның мыңнан аса студенттері мен мектеп оқушылары, ұстаздар мен ардагерлері қатарласа тұрып, синхрондық дене жаттығуларын жасады. Қызықты да пайдалы шарадан ұйымдастырушылар тарапы да қалыс қалмай, аудан басшысы Бекқали Торғаев та қалың көпшілікпен бірге жаттығушылар арасында болды.

12121212

«Жұмыспен қамту – 2020»

2012 жылдың 25 қыркүйегіндеӘуезов аудандық жұмыспен қамту бөлімінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары қала тұрғындары арасында кеңінен жүргізіліп келеді. Жыл басынан бағдарламаға қатысушылар арасынан 86 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 36 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қайта даярлау курсына 92 жұмыссыз азаматтар жолдама алып, 78 қатысушы оқуды аяқтады. Қазіргі кезде бітірушілердің жұмысқа орналасуына жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жастар тәжірибесінен өтуге қаланың мекеме-ұйымдарына әртүрлі мамандықтар бойынша жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген 45 жас мамандарға жолдама берілді.

12121212

Ардагерлер үйінде Президент бағдарламасы талқыланды

2012 жылдың 19 қыркүйегі күні Алматыдағы ардагерлер үйінде ҚР ІІМ Академиясының академигі, милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаев Елбасының «Қазақстанның Әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 Қадам бағытындағы тапсырмаларын талқылау бойынша, бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Әуезов аудандық әкім аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының Қоғамдық-Саяси жұмыстар бөлімінің бастығы Нұрланбек Әжібаев, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының бірінші орынбасары Мұрат Омаров және басқалар қатысты. Мұрат Қалматаев Елбасының жаңа бағдарламасында, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы, Қазақстанның жаңа сатыға көтерілуінің бірден -бір бастапқы бағыттары көзделген деп атап кетті. Қазақстанның Тәуелсіздігі жолындағы бірден-бір тарихи кезеңдер, Мемлекет Басшысының көрегендігі мен саясаттағы салиқалы пайымдауларының арқасында, өзінің даму қарқынымен бүкіл әлемнің назарында тұрған Қазақ елінің болашақ дамуы да осы бағ­дарламамен тікелей байланысты. «Біздің еліміз өзінің тұрақты экономикасы және саяси берік ұстанымымен.

12121212

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

2012 жылдың 14 қыркүйегі күні Алматыдағы политехникалық колледжде Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалымен бірлесіп, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық саяси кеңес мүшесі Мақпал Әуесбаеваның төрағалығымен, аудандағы мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Әуезов ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік мекемелерде, кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Сыбайлас жемқорлық кез келген дискриминантты билік иесіне зиянын тигізуі мүмкін. Билік өкілі қолындағы билікті пайдаланып, өз құзырынан бөлек басқа саланың айналасында да сыбайлас жемқорлықпен өзіне эқономикалық қаржылай қосымша табыс көзін табуды көздегенімен, оның арты жазалау мен құрықтауға апарып соқтырады. Кездесуга «Нұр Отан» ХДП-ның партия бақылаушысы Мұхит Түменбаев, Алматы қаласының экономикалық сыбайлас жемқорлықпен күрес Басқармасының бастығы Даулет Асылбеков, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының өкілдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің өкілдері, Әуезов аудандық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, партияның аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшелері және жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

12121212

Қала күні мерекесі

2012 жылдың 16 қыркүйегінде Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев «Фэмили» саябағында, аудан тұрғындары мен қонақтарын Қала күні мерекесімен құттықтады. Бекқали Торғаев «Бүгінгі Алматы – ғаламдық кеңістікте өзінің сара жолын таңдаған-жаңа қала. Осы дәстүрге лайықты өсіп, өркендеп келе жатқан - дара қала. Мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен өркениеті қатар дамып келе жатқан –әсем қала. Бабалар армандап, аталар аңсаған «тәуелсіздік бесігін» тербеткен де осы Алматы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында экономикамыз қарқынды дамып, әлемдік деңгейде еліміздің мәртебесі жыл сайын арта түсуде, халықтың жағдайын, тұрмыс –тіршілігін жақсарту үшін қаншама игі істер атқарылуда». Құрметті аудан тұрғындары, бүгінгі таңда Әуезов ауданында сіздердің қолайлы өмір сүрулеріңіз үшін қаншама игі істер атқарылып жатыр. Ауданның әлеуметтік-экономикалық мәдениеті дамып келеді. Ауданымыздың басты байлығы – еңбекқор, дарынды және өз ауданын сүйетін тұрғындарымыз деп мақтана аламыз. Алматының жарқын тарихы мен дәстүрлері, заманауи жетістіктері ертеңгі күнге деген сенімі бізді қуанта түсуде дей келе, ауданның болашағына үлес қосқан қызметкерлерге алғыс қағаздарын табыс етті.

12121212

Қала күніне арналған спорттық жарыс

2012 жылдың 15 қыркүйегінде таңертеңгілік уақытта, № 4 Кәсіптік лицейдің айналасына, жастар мен ардагерлер қоғамының мүшелері, ауданның орта және жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылары Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық жарыс мерекесіне қатысуға жиналды. Әуезов аудандық әкім аппаратының ұйымдастыруымен Қала күніне арналған «Денсаулық» акциясы аясында, «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты салтанатты жиында» митнг басталып, синхрондық дене жаттығулары жасалды.Спорттық жиынға Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев қатысты. Жарысқа қатысушыларды Қала күні мерекесімен құттықтады. «Биылғы жылы үшінші жыл қатарынан Қала күні мерекесіне орай, жасымыз бен кәріміз бір кісідей ат салысып, спорттық дене шынықтыру жаттығуларын жасауды дәстүрге айналдырып отырмыз. Жаттығудың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жастардың бойына бірыңғай спортпен шұғылдануды қалыптастыру. Сонымен қатар спорттық шаралар нашақорлық пен есірткі саудасына жол бермеу мақ сатына да бағытталып өтуде.

12121212

Қала күні мерекесіне орай

Әуезов ауданындағы бекітілген кесте бойынша, Қала күні мерекесін тойлау қарсаңына орай, Әуезов аудандық әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Алматы-арман қала» атты 2012 жылыдың 13-14 қыркүйегінде, №126 лицейдің мәжіліс залында, екі турдан тұратын сайыс өтті. Шараға Әуезов аудандық әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық оқу бөлімінің қызметкерлері, №8 Шығармашылық үйінің мен аудандағы мектептердің оқушылары мен оқытушылары қатысты.Шараның мақсаты өскелең ұрпақты өз елі мен жерін, Отанын сүюі мен құрметтеуіне тәрбиелей отырып, патриоттық сезімдерін ояту. Жарысқа қатысушылар арасында, мәнерлеп оқу, қазақ композиторларының шығармалырынан әндер орындау, оқушылардың қазақ әндерін қаншалықты орындай білетіндіктерін анықтау барысында тапсырмалар орындалды. Сондай–ақ аудан оқушылары сайыс барысында, қазақша мақал -мәтелдер мен жаңылпаштар айтудан өзара білімдерін сынады.Сайысқа қатысушыларға Әуезов ауданы әкімінің мәдениет пен тілдерді басқару бөлімінің бас маманы Дана Данияр сәттілік тілей отырып, айтулы мерекемен құттықтады. 13 қыркүйекте өткен «Алматы – менің жүрегімде!» алғашқы турға қатысушылар қазақ ақын-жазушыларының Алматы туралы жазған шығармаларынан өз білімдерін ортаға салды. 14 қыркүйектегі «Алматы тарихымның алтын діңгегі» атты турда жас ақындар өздерінің сүйікті қалаға арнаған өлеңдерін оқыды.Екінші турдың қорытындысы бойынша, өз қалам қуатымен көзге түскен жас ақындарға аудан әкімінің мақтау қағазы мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

12121212

\

Құқық қорғау мен алдын алу шаралырына қатысты

2012 жылдың 14 қыркүйегінде Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденовтың жетекшілігімен № 121 жалпы білім беретін мектепте кәмлеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау мен алдын алуға қатысты Әуезов ауданда ағымдығы жылдың соңғы 8 айында жүргізілген жұмыстар жайлы кеңес өтті. Шараға Әуезов ауданыдық білім бөлімінің бастығы Айгүл Нүсіпбекова, Әуезов аудандық Ішкі Істер Басқармасының қызметкерлері, Алматы қалалық әкімшілік Басқармасы мен ішкі Істер Басқармасының штаб полицейлері, Алматы қалалық ЖҚТБ орталығының қызметкерлері, аудандық оқу орындарының басшылары мен мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп инспекторлары қатысты.Шараның мақсаты, аудандағы мемлекеттік орындардың кәмлеттік жасқа толмағандардың түрлі зиянды заттарды қолданудың алдын-алу және жастар арасында құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу.Кеңес барысында Сайран Сайфеденов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аударып отырғанын ескертті.Әуезов ауданы Ішкі істер Басқармасының бас испекторы Досым Тұрсынханов ағымдағы жылдың 8 айындағы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және әлеуметтік қауіпті аурулардың алдын алуға қатысыты аудан мектептерінде жүргізілгін жұмыстардың қорытындысын жасады.

12121212

Бауыржан Момышұлын еске алу кеші

2012 жылыдың 12 қыркүйегінде Алматыдағы Ардагерлер үйінде, Кеңес Одағының Батыры, соғыс ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған, Әуезов аудандық әкім аппараты, «Активное долголетие» Қоғамдық қоры, Ардагерлер үйіндегі ұзақ жасаған қарттар ұжымы және ұзақ жасаушылар Клубымен бірлесіп, салтанатты шара өткізді. Шараның мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысқандарды еске алу, жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың сана-сезіміне біздің ата-бабаларымыз өзінің болашақ ұрпағы үшін қандай ерліктер жасағаны жайлы , олардың қиын сәттерді қандай күш-жігермен жеңе білгендігі жайлы әңгімелеп үлгі ету. Олардың ұрпақ үшін көрсеткен жанқиярлық ерліктерін бағалап, оларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы жайлы естеліктерді Д. Малышева мен А. Қанафин әңгімелеп берді. Бауыржан Момышұлы – өте қатал, айтқанынан қайтпайтын, шындықты бетке айтқанды қалайтын өз қызметіне адал адам болған. « Ол – қазақ халқының ұлы, ол- ақиқат пен аңыз, ол-еркіндік пен иронияның адамы», - деген жарқын сөздер № 131 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпыға білім беретін мектептің оқушылары атынан жатқа айтылып жатты.

12121212

Президенттің бағдарламалық мақаласы талқыланды

2012 жылдың 11 қыркүйегі күні Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша бастапқы партия «Жас-ай» ұйымында кездесу болды. Шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кеңсе бастығының орынбасары Қыдырбай Нұрпейісов, Әуезов ауданы әкім аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, аудандық филиалдың Саяси Кеңес мүшесі Мақпал Әуесбаева, бастапқы партия ұйымының төрағасыЖасанЗекейұлы және басқалар қатысты.Қыдырбай Нұрпейісов Мемлекет басшысының Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру бағдарламасындағы басты бағыты, қазақстандық жаңа сатыға көтерілуіндегі бірден-бір негізгі жол екенін атап кетті. Қазақстанның Тәуелсіздігі жолындағы бірден-бір тарихи кезеңдер, Мемлекет Басшысының көрегендігі мен саясаттағы салиқалы пайымдауларының арқасында, өзінің даму қарқынымен бүкіл әлемнің назарында тұрған Қазақ елінің болашақ дамуы да осы бағ­дарламамен тікелей байланысты екенін айтты. «Біздің еліміз өзінің тұрақты экономикасы және саяси берік ұстанымымен, «Лондон-2012 Олимпиадасы» кезінде көрсеткен спортшыларымыздың ерекше көрсеткіштері нәтижесінде, тағы бір қадам алға басты», - дей келе, ол әр қазақстандық өзінің еңбек жолына дұрыс таңдау жасау керек екенін де айтты. Еліміздің ертеңі бізге байланысты, ал ертеңіміз бүгіннен де жақсы болуы тиіс деп атап кетті.

12121212

Жалпы қалалық сенбілік өтті

2012 жылдың 8 қыркүйегінде, Алматыда жалпы қалалық сенбілік өтті. Әуезов ауданында бұл шараға студентер, оқушылар, шағын және орта бизнес, өнеркәсіп орындары, ПИК өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Әуезов ауданының жауапты қызметкерлері сенбілікке қатысушыларды қажетті құралдармен, қаптармен және саусақты қолғаппен камтамасыз етті. Сонымен қатар, уақтылы қоқыс шығару үшін жүк көліктерімен де қамтамасыз етті.Әуезов ауданының аймағында 233 көше бар, онын 19-ы магистралды көше. Сонымен қатар, жалпы саны 94,92 гектарды құрайтын 13 саябақ, гүл бағы мен бульварлар бар. Жалпықалалық сенбілікке 40 мың адам шықты. Сенбілікке қатысқан техника саны 81-ге жетті.

«Фирма ЛЭУ» ЖШС-нің, «Тәртіп» АҚ-ның № 1, № 2 учаскелері және тағы басқалардың көмегімен полигонға тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстар тасылды. Осы күні қалалық полигонға 1300 текше метр қатты қоқыс қалдықтары шығарылды.Сондай-ақ, сенбілікте жаздың аптап ыстығынан қураған ағаштар мен шөптердің басы қырқылып, саябақтар, гүлбақтар, көшелер мен тротуарлар, арық жүйелері, құрылыс алаңдары тазаланды. Ауданымыздың азаматтары сенбілікке шығып, өзінің тұрып жатқан ауласының санитарлық тазалығы мен көріктендіруін қамтамасыз етті. Осыдан былай, қаланың әр тұрғыны туған қаласына, туған ауданына, өзінің үйі мен ауласына, және өзіне қымбат денсаулығына ұқыпты қарайды деген үміттеміз.

12121212

Ауданда рейд жүргізу басталды

2012 жылдың 6 қыркүйекайында, Алматы қаласының Әуезов ауданында, Алматы қаласы әкімдігінің кәмлеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау мақсатында, Ведмствоаралық комиссияның бақылауымен, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденовтің ұсынған кестесі бойынша, сауда орындарында, мешіттер мен қоғамдық көліктерде жас өспірімдерді жұмысқа пайдаланудан сақтандыру мақсатында, рейд жүргізу басталды.Шарағаны іске асыруда, арнайы аудандық ішкі істер Басқармасының қызметкерлер мен білім бөлімі, Мүгедектерді оңалту мен сауықтыру орталығының қызметкерлері және аудандық жұмыспен қамту орталығынан комиссия құрылмақ. 1994 жылдың 8 маусымындағы, Қазақстан Республикасының ЖоғарғыКеңесi қаулысында қабылданған, бала құқықтары туралы радификацияланған конвенциясында , баланың құқығы, оның денсаулығы және физикалық жетілуіне, моральдық және әлеуметтiк дамыуға залал әкелетін жұмыстарға, оның өміріне қауiп-қатер төндіретін, олардың бiлiм алуына кедергі келтіретін кез келген жұмыстан қорғау бекiтiлген.Осы Конвенцияда анықтап көрсетілген; мемлекеттің кез келген азаматын, жасөспірімдерді еңбектің ауыр түріне жұмсаудан сақтандырады, балалардың еңбек күшінің дұрыс бағаланбауы, заңды талаптармен жазаланады.2012 жылдың 8 қыркүйегінде Алматыда жалпы қалалық сенбілік өтеді. Әуезов ауданында бұл шараға студентер, оқушылар, шағын және орта бизнес, өнеркәсіп орындары, ПИК өкілдері қатысады. Жалпықалалық сенбілікке 38 мыңнан астам адамның шығуы жоспарлануда.

12121212

Қала әкімі аудан бала бақшасында болды

2012 жылдың 1 қыркүйекайында қала әкімі Ахметжан Есімов, Әуезов ауданының 5 ықшамауданындағы қайтарылған № 174 бала бақшада болып қайтты. Шараға қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев, аудан әкімнің орынбасары Қанат Сәлменов, Алматы қалалық білім беру басқармасының бастығы Рахат Шимашева және басқалар қатысты.1993 жылдан бастап, бала бақшаның ғимараты «Экстерн» жеке меншік мектептің құзырына беріліп, 2011 жылдың желтоқсан айында балабақшаға қайтарылып, түбегейлі жөндеуден өтті.Балабақша 282 балаға арналған. Балабақшаның барлық құрылғылары мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруге арналған заманауи талапқа сай жабдықталған. Бірінші қабатының еденіне, заманауи технологиямен жылу құрылғылары төселіп, ғимраттың барлығына жарық үнемдегіш құрылғылар орнатылып, жылумен қамтылған. Әуезов ауданында мектепке дейінгі 37 мемлекеттік мекемеде 11 751 бала тәрбиеленсе, 29 жеке меншік балабақшағда 1 706 бала тәрбиеленіп, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша335 бала тәрбиеленеді.Ауданда соңғы 3 жылда мекетепке дейінгі дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында, 2 428 орындық бала бақша ашылды. 25 жеке меншік балабақшадағы 368 орыннан,1 706- ға дейін жетті. 3 балабақша № 160, 159, 172 балабақшаның іргетасы жаңадан салынып, жалпы саны 520 баланы қамтыды. Болашақта 1 360 орынды қамтитын жаңа орындар ашылу көзделуде. 280 орындық қалалық мұрағатқа берілген ғимарат балабақша орнына қайтарылып, болашақта ашылмақ.

12121212



Алматы қаласы Әуезов ауданында 2012 жылдың шілде айынан бастап, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында, «Мектепке жол» атты республикалық акция жүзеге асырылуда. Аталмыш акция аясында, «Жақсылық жасауға асығыңыздар!» ұранымен Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен түрлі шаралар өткізілуде. 

2012 жылдың 24 тамызында сағат 11.00-де, «Фемили» саябағында, Әуезов ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы мен Әуезов ауданы әкімінің жанындағы отбасы мен әйелдер ісі жөніндегі Комиссияның ұйымдастыруымен, «Мектепке жол!» акциясы аясында мерекелік шара өткізілді. 

Аталған шара барысында Әуезов ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан 1 000 шақты балаға  портфельдер мен мектепке қажетті жабдықтар тапсырылады.


2012 жылы 6 шілдеде, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев «Family» демалыс саябағында, аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, ізгі тілектер білдірді. «Қазақстандықтар үшін Астана қаласы тек қана астаналықтарға ғана емес, барша қазақстандықтардың басты символы. Сондықтан, еліміздегі ең басты мерекелердің бірі. Астана күнін тойлау, Астана тұрғындары үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін, ерекше күн, ерекше мереке. Жас Астана өзінің жарқын болашағымен, жыл сайынғы зәулім құрылысымен, қарыштап дамуымен, гүлденіп көркеюімен әлем елдерін таңқалдыруда. Астана гүлдене түсуде. Астананың гүлденуіне тек астаналықтар ғана емес, алматылықтар да өзінің үлкен үлесін қосты», - деп, атап өтті Бекқали Торғаев.

2008 жылы, 18 маусымдағы Мәжілісі (Қазақстан Республикасының төменгі палатасында) депутаттардың пленарлық отырысында, мәдени-әлеуметтік дамыту барысындағы заң жобасына, «Қазақстан Республикасының заңына қосымша, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», мемлекеттік мерекелерді қайта қарау заңына сәйкес, 6 маусым – Астана күні болып, бекітілді.

Астана тарихы Тәуелсіздігіміздің тарихымен тікелей байланысты. Жаңа астананы қалыптастыру, қазақсатандықтар үшін, тарихтағы жаңа белестер мен тарихтың өзгеруінің жаңа басты ақиқатына айналды. Осы жылдар ішінде, Астананың жаңа іргетасының қалыптасып, еліміз гүлденіп, өсіп өркендеуі қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныштың белгісі.

Мемлектіміздің жүрегі еліміздің негізгі стратаегияларымен бірге дамып,өркендеуде, Астана Қазақстанның экономикалық өсуіндегі басты жетістіктердің куәсі болды. Қазақстанның болашағы, Астананың болашағымен ажырамас бірлікте. Барша халқымыз осы жылдар аралығында, Қазақстанның зор мақтанышы «жаңа астананы» ХХI ғасырға өз қолдарымен, өз еңбектерімен қалағанын мақтан етеді.

Шара барысында, аудан қонақтары мен тұрғындарына арналып, қазақстандық эстрада жұлдыздары және аудандық көркем өнерпаздар ұйымы, бишілер тобының қатысуымен, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен қоса, «Астана – менің сүйікті қалам» атауымен көрме ұйымдастырылды, асфальтқа балалар арасында сурет салудан жарыс ұйымдастырылды. «Сары арқа" кинотеатрының артындағы спорт алаңында, қанат тарту т.б. спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға аудан әкімінің сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.

2012 жылдың 13-14 шілде аралығында, Алматы қаласындағы Мәдениет жылы аясында, қала әкімдігі мен Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, «Family» саябағында «АРТ-алаң» әлеуметтік-мәдени фестивалі өткізілді.

«АРТ-алаң» фестивалінің алғашқы күні «Алматы – менің сүйікті қалам», «Алматының тылсым сыры» т.б. тақырыптарда фотокөрмелер ұйымдастырылып, «Карина Шум» би театры қойылымы, Алматы гитарашылар ассоциясы, «Santas Flores del Alma» испан би студиясы өз шығармаларын тарту етті.

Жобаның негізгі мақсаты жаздың жайма шуақ күндері, әсем де көрікті Алматының қонақтары мен тұрғындарын қаланың мәдени өміріне араластыру және халқына кешкілік көңілді әнін сыйлау болып табылады.

Бұған қосымша, балалардың «Точка роста» ән-би бағдарламасы, Мемлекеттік қуыршақ театрының «Медвежата» атты бишілер тобы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қойылымдары көрсетіліп, қолданбалы қол-өнер бұйымдарының жұмыстарынан жәрмеңке ұйымдастырылды.

Фестиваль қонақтарына кешке қатысуда ерекше белсенділік танытқандары үшін арнайы сыйлықтар тарту етілді. Осындай көңілді ән кештер, халқымыздың күнделікті мәдени демалуына үлкен пайдасын тигізетінін сезініп, қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

2012 жылдың 25 шілдесі күні, № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі Мақпал Әуесбаеваның төрағалығымен, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы талқыланды.

Аталмыш шараға «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әділ Несіпбаев, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рақилям Мақпирова, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі, «Ерке Нұр» ЖШС-нің бастапқа партия ұйымының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Фарида Мерхамитқызы, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Ирина Брежнева, аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, Алматы қалалық Мәслихат депутаттары және денсаулық сақтау жүйесінің бастапқы партия ұйымдарының мүшелері қатысты.

Мақпал Әуесбаева өз сөзінде ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында, әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске қарай жаңғыру стратегиясының тренді болып саналатын, Қазақстанның ХХІ ғасырда даму мәселелерін белгілегенін айтты. «Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс деп жазады президент. «Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды». Елбасы мақаласында осылай деп жазады. Әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі шынайы өндірістік еңбек болуы керек. Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жеке меншік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс. Яғни, бәріне ортақ жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, әрқайсымыз бұл бағдарламаның жүзеге асырылуына белсенді атсалысуымыз керек», - дей келе, ол қазіргі кезде аудандық филиалының барлық бастапқы партия ұйымдарында Елбасының бағдарламалық мақаласының бағыттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде екенін атап айтты.

Сонымен қатар, Х. Есенова, Р. Мақпирова, Ф. Мерхамитқызы, И. Брежнева мен Ә. Несіпбаев та өз пікірлерімен бөлісті. Содан соң, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бастапқы партия қатарына енген мүшелерге куәліктер табыстап, біз ел Президенті партиясы қатарында екенімізді мақтан ететінімізді айтты.

Шараны қорытындылай келе, Мақпал Әуесбаева еңбек ХХІ ғасырда, жаһандық бәсекелестік кезде, ұлттық фактор ретінде, бас жоспарға шығарылуы тиіс.

«Келешек жастарда демекші, жастардың дені сау болса, ертеңгі күніне сенімді болады.Тек үздіксіз еңбек пен әлеуметтік талап ету – Жалпыға ортақ қоғамын құрудың кепілі», - деп, ол сөзін түйіндеді.

Президенттің Қазақстан халқына «Әлеуметтік–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын, «2011-2020 жылдарға арналған Алматы қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту» Мемлекеттік бағдарламағсын жүзеге асыру барысында,

2012 жылдың 26 шілдесінде Лондонда өтетеін «ХХХ жазғы олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшылырымызды қолдаймыз!» ұранымен, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Ice Party» спорт кешенінде, Алматы қаласы демалыс орталықтарының (аула клубы) тәрбиеленушілері арасында шағын-футболдан жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақты дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу.

Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов құттықтады. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тамаша сөзі бар: "Олимпиада - жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл - достық пен бірліктің тұтастық философиясы. Ол мінез–құлықты тәрбиелейді, адалдық пен жігерлілікті қалыптастырады, қарсыласқа деген сыйласымдылықты ұлғайтады" деген.

Бүкіл әлем назары он жеті күн бойы Ұлыбритания астанасы Лонданға ауады. Біз үшін де, Қазақстаннан барған әрбір спортшының жеңісі - біздің жеңісіміз болып саналмақ.

Біздің мақтанышымыз Олимпиадаға қатысушы 114 спортшымыздың, әлемдегі спорт тарихында есімдері жазылмақ. Бұл біздің мемлекетіміздің спортты дамытуда қойған мақсаттарының басты саясатының бірі», - дей келе, барлық Олимпиадаға қатысушыларға, қазақстандықтарға сәттілік пен елімізге жеңіспен оралуын тіледі.

Жарысқа 24 команда қатысты, әр командада 6 адамнан болды. Дене тәрбиесіне ерекше дайындықпен келген жасөспірімдер өте жақсы көрсеткіштерге ие болды. Бірінші жүлделі орынға 5-6 сыныптар арасында Әуезов ауданының «Жас Отан» демалыс орталығы иеленсе, 7-8 сынып оқушылыр арасында Жетісу ауданының «Темірлан» командасы ие болды. Екінші орынды 5-6 сынып оқушылыры арасында, «Каравелла» командасы алса, 7-8 сыныптар арасында Әуезов ауданының «Жас Отан» командасы иеленді. Үшінші орынды 5-6 сыныптары мен 7-8 сыныптары арасында да Әуезов ауданының «Достық» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командалардың барлығына аудан әкімі мен «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

2012 жылдың 30 шілдесінде, № 57 балабақшаның акт залында, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың төрағалығымен «Халықтық ІРО» бағдарламасын талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесуге Әуезов аудандық әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, «Самұрық - Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат Қоры» Акционерлік қоғамының бас менеджері Ержан Елекеев, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы мен аудандық филиалдарының өкілдері, Әуезов ауданының мектепке дейін білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен № 138 сайлау учаскесі бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.

Мұрат Омаров өз сөзінде: «қазiр қоғамда «Халықтық IPO» туралы әңгiме қызу жүрiп жатыр. Бұрын мұндай жоба болмаған соң, ел-жұрттың ол жайлы бiлгiсi келедi.

«Халықтық IPO» бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Мақсаты – елдегi көшбасшы компаниялардың жеткен жетiстiгiне тұрғылықты халықтың да қолын жеткiзу. Қазақстандықтарға мемлекеттiк компаниялардың барынша iрi, тұрақты әрi әл-ауқаты күштi компаниялардың акциялары ұсынылмақ. Акционер атанған азамат компанияның сенiмiне кiрiп, ондағы кiрiстiң бiр бөлшегiн иемдену мүмкiндiгiне ие болады.

Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметі «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат Қоры» Акционерлік қоғам еншілес және тәуелді ұйымдарының акциялар пакетін бағалы қағаздар нарығына шығару Бағдарламасын әзірледі. «Халықтық IPO» Бағдарламасы 2015 жылға дейін есептелген және аса ірі әрі тұрақты мемлекеттік компаниялардың акцияларын қор нарығына кезең-кезеңімен шығаруды көздейді.

Өз сөзінде, Ержан Елекеев Бағдарламаның жұмыс істеу механизмімен таныстырып өтті. Бірінші болып «Каз Транс Газ» АҚ акциялары сатылуға түсетінін, 2015 жылға дейін бірнеше АҚ акциялары сатылатынын мәлімдеді.

Сөз қорытындысында, Мұрат Омаров өткізген кездесуіміз сіздерге толыққанды ақпарат берді деп ойлаймыз және Елбасымыздың халық игілігі үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін жасап отырған мүмкіндігін қолдана білейік деп, кездесуді аяқтады.

2012 жылыдың 31 шілдесінде, Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын талқылау бойынша, № 1 қалалық клиникалық аурухана ұжымымен және № 133 жалпы білім беретін мектеп ұжымының қызметкерлерімен кездесу өтті.

«Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың жаңа міндеттері. «Елбасы атап айтқандай, бұл бағдарламаға Қазақстан Республикасының қоғамдық қабылдауы жұмыла атсалысуы керек. Біз жұмыла, бірігіп іс істегенде ғана өзіміздің ортақ шаңырағымызда керегесі кең еңсесі биік, болашаққа нық қадам баспақпыз!», - деп, атап кетті.

Барлық орындарда «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының тапсырмасымен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы бойынша, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының бастапқы партия ұжымдарының мүшелері, халықтың арасында, жаппай кең көлемде талдау-талқылау жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 20-сы мен 27 шілде аралығындағы «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының бекітілген кестесіне сәйкес, Президентіміз Н. Назарбаевтың мақаласын, аудандағы 122 бастапқы партия ұйымдарында 7 000 аса партия мүшелерімен жаппай талқыланды.

Бастапқы партия ұйымдарының мүшелері Елбасы «Нұр Отан» ХДП Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Республикамыздағы барша қазақстандықтардың көптен күткен ең бір келешегі зор бағдарламаның бірі деп атап кетті.

Кездесу барысында, қатысушылар жалпы қоғамдық саяси жаңғырудың Жалпы Қоғамдық Еңбекке бағытталған мықты бәсекелестіктің бағыт- бағдарына тоқталды. Елбасының берік саясатының арқасында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында әлеуметтік-экономикалық бірталай жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, Елбасы барлық аймақтарда әлеуметтік дамуымыздың өсіп-өркендеуіне өте үлкен мән беріп, оған қосымша қаржы да бөліп отыр. Осы бағдарламаның жүзеге асыруын «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы атап тапсырды.


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы