КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
06:08:19 сарсенбi, 2017 жылғы 26 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2011 жылғы ақпарат

2011 жылдың 16 қарашасында Әуезов ауданында орналасқан № 123 жалпы білім беру мектебінде аула клубтарының және спорт мектептерінің арасында ұлттық әрі бұқаралық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Бұл спорттық шараны Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына, «ҚР Конституция күні», «Спорт күні» мерекелеріне орайластырып, Әуезов ауданының әкім аппараты, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы мен мектептің бастапқы партия ұйымы ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ынталандыру болып табылады.

Жарыс жеке жарыс пен командалық жарыс болып екі түрге бөлінді. Жеке жарыста білектесу, батпан көтеру, секіргіш және жүз метр қашықтыққа жүгіру бойынша сайысшылар өз дайындықтарын көрсете білді. Асық ату мен арқан тарту бойынша жеңімпаз командалар анықталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров құттықтап жылы лебізін білдіріп, іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2011 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру және студенттер Күнін мерекелеу аясында, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі, Қазақстандық жол қатынастары университетінде жоғары әрі арнайы орта оқу орындарының студеттері арасында футболдан жарыс өткізді.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және жетілдіру болып табылды.

Аталмыш сайысқа 6 ер адамнан тұратын 15-тен астам команда қатысты. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің ойыншылары дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екендігін көрсетіп, бірінші жүлделі орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз командаларға Әуезов ауданы әкімінің мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтары табыстады. Жеңімпаз командалардың қатысушыларына тиісті медальдер тапсырылды.

2011 жылдың 6 қарашасында Құрбан айт мерекесіне орай, Алматы қаласы Әуезов ауданының төрт мешітінде құрбандық шалынды. Бұл шараға Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев, оның орынбасарлары Сайран Сайфеденов пен Куаныш Бақытұлы қатысты. Олар «Қалқаман», «Достық», «Таугүл» және «Ақсай» мешіттеріне барып, барлығына жақсылық пен сәттілік тіледі. Мұсылмандарды қарсы алған мешіттер имамдары елдердің бірлігі, достастығы мен татулығы туралы уағыздар айтты.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «Ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып құран оқиды, аруағына құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

2011 жылдың 20 қазанында Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын жүзеге асыру барысында, № 117 жалпы білім беру мектебінде «Бірге спортпен шұғылданамыз!» тақырыбында аудан жастарының әйгілі қазақстандық спортшыларымен кездесуі өткізілді. Кездесуге Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт Басқармасының, Әуезов ауданының әкім аппаратының өкілдері, аудандағы оқу орындарының басшылары және спортшылар: Юрий Мельниченко, Ермахан Ибраимов, Асхат Жіткеев пен Саида Хасенова қатысты.

Кездесу барысында спортшылар мектеп жастағы балаларға өздерінің балалық шақтары, ансаған армандары мен жетістіктерге қалай жеткендері туралы әңгімелеп берді. Сұхбат барысында балалардан туындаған сұрақтарына толық жауаптар қайтарылды.

Әңгіме аяқталысымен, іс-шараға қатысушылар аталмыш мектептің стадионының ашылу салтанатына қатысты.

Естеріңізге сала кетерлік, Әуезов ауданында 7 жоғары, 19 арнайы орта білім беру мекемелері, 35 жалпы білім беру ордасы, 5 мемлекеттік және 11 жеке меншік спорт мектептері орналасқан. Олардың ішінде № 16 олимпиялық резервтегі, №9 олимпиялық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, № 18 олимпиялық резервтегі спорттың қысқы түрлері бойынша даярлайтын мектеп және жоғарғы кәсіби спорт мектебі. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ауданда 9 аула клубы бар, оның екеуі спорттық бағытта қызмет көрсетеді.

2011 жылдың 20 - 21 қазанында Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, аудан кәсіпкерлеріне арналған, «Даму» кәсіпкерлік дағдыландыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен тренинг-семинары өткізілді. Аталмыш шараға кәсіпкерлік ынтасы бар аудан тұрғындары, ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген азаматтары, кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға ынтасы бар жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Тренинг барысында кәсіпкерліктің негіздері әрі кәсіпкерліктің заңды аспектілері және тағы басқа тақырыптарда дәрістер оқылды.

Екінші күні, 21 қазанында, курсқа қатысушылар өз білімдері мен кәсіпкерлік қабілеттерін көрсете отырып, сынақ тапсырды. Оқу тренингі аяқталған соң тындаушыларға сертификат табысталды. Семинарға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Әуезов ауданы әкімі аппаратына өз алғыстарын білдірді.

Бүгінгі таңда «ДАМУ» қоры, «Нур Отан» ХДП-сы, Білім және ғылым Министірлігімен бірлесе отырып, қаржысыз сүйеу көрсететің, кәсіпкерлерге көзделген «Бизнес-Кеңесші» атты бағдарламаны жүзеге асырып отыр. Бағдарламаның игерілуі ҚР Премьер-министрінің бақылауында, өйткені бұл демеу ұтымды әрекеттің бірі болу тиісті, соңымен қатар, белсенді азаматтарды кәсіпкерлік әрекетпен айланысуға тартады.

Бағдарлама аясында баяндалған кіші және орта кәсіпкерлік дамуы приоритеттері «Қазақстан-2030» Стратегиясына, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы және бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына сәйкес бейімделген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға ынтасы бар азаматтарға бірыңғай және қолайлы білім беру болып табылады.

2011 жылдың 18 қазанында Әуезов ауданының Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, Елбасының халыққа арнаған Жолдауы аясында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған спартакиадаға белсенді қатысты. Алматы қаласы ұйымдастыру комитеті, ұлттық спорт түрлерінің клубы және Алматы қалалық ардагерлер Кеңесі ұйымдастырған спартакиада, қарттар айлығы аясында, Орталық стадионда өтті.

Жарыс спорттың жеті түрінен болды. Қала қариялары өзара 30-50 метрге жүгіру, доп лақтыру, орнынан секіру және секіргішпен секіру бойынша жарысты. Қатысушылардың арасындағы ең үлкені, 1923 жылы туған Ысхақ Уразаев болды.

Сайыстар қорытындысы бойынша командалық бірінші орынға Әуезов ауданының ардагерлері ие болды. Үш орын бойынша белгіленген 21 мақтау қағаздың 10 Әуезов ауданының соғыс және еңбек ардагерлері иеленді. Жеңімпаздарды Орталық стадионның директоры, қалалық Мәслихат депутаты О. Печеник құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол жүлдегерлерге кубок, мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

«Біздің таңдауымыз – салауатты өмір салты. Сондықтан, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің спортпен шұғылдану, өз ауданыңның, қалаңның қоғамдық өміріне белсене қатыс деген үндеуін қолдаймыз», - деді іс-шараға қатысушылар.

2011 жылдың 11 қазанында Алматы политехникалық колледжде, Әуезов ауданының әкімі аппараты және аудандық нашақорлықпен күресу бойынша комиссияcымен, ауданның мектептері мен колледж оқушыларының арасында нашақор мен есірткі бизнесінің алдын алу және онымен күресу мәселелері бойынша іс-шара өткізді.

Аталмыш шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері, қалалық наркологиялық орталығының өкілдері, колледждің оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Бұл семинардың басты мақсаты – Елбасының Жолдауы аясында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау; жасөспірімдер арасындағы нашақорлықа жол бермеу.

Ағымдағы жылдың үшінш тоқсанында нашақор мен есерткі бизнесінің алдын алу және онымен күресу бойынша атқарылған іс-шара туралы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрлан Алмасбеков баяндап берді. Ол, шараға қатысушылар назарына нашақорлықтың қауіптілігін айқын көрсететін бейнероликті тамашалауды ұсынды. Содан кейін жастар арасында туындаған барлық сұрақтарға толық та нақты жауаптар қайтарды.

Іс-шараға қатысушылар ашық пікір-таласқа белсене қатысып, театрландырылған эпизодтарды да тамашалады. Студенттер аталмыш шараның дайындығына үлкен жауапкершілікпен қарады. Дұрыс ойлай білу, өмірге деген құлшыныс және тағы басқа адамзат баласының жақсы қасиеттері – жастарды нашақорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді.

2011 жылдың 30 қыркүйегінде Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлының қатысуымен, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында, ҚР статистика бойынша Агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Жарқынбаев «Белкамит» АҚ мен «Глобал Фарм» ЖШС-нің ұжымдарымен әрі аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Биылғы Жолдаудың жөні ерекше. Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды. Еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы айқындалды. Қазақстанның экономикалық дағдарыстан кейінгі алға қойып отырған жоспары зор. Нұрсұлтан Назарбаев басты назарын елімізді индустриалдық дамытуға бөліп отыр.

Кездесу барысында қонақтар машине өндірісі мен фармацевтикалық өнімінің өндіріс түрлерімен танысып шақты.

Жолдаудың негізгі бағыттарына қолдау көрсете отырып, ауданның еңбек ұжымы, Елбасы қойған мақсатқа қол жеткізу үшін, Қазақстанның әр азаматына байланысты екенін нақты айтты. Қаржылық қорды үнемді әрі сауатты үлестірілуді үйрену тек дағдарыс кезіндегі қажеттілік еместігі айқын. Бүгінгі кездесулерге қатысушылар Елбасының жаңа Жолдауы Қазақстан осы кездегі мәселелердің шешілуіне аса жауапкершілікпен қарап отырған мемлекеттердің бірі екенін атап айтты.

2011 жылдың 29 қыркүйегінде Әуезов ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында, аудан әкімінің орынбасары Қанат Сәлменов коммуналдық қызметтер мен құрылымдар басшыларымен және жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағаларымен, Әуезов ауданындағы террордық қатынас жағынан осал жерлерді антитеррористік қорғаумен қамтамасыз ету бойынша жиналыс өткізді.

Іс шараға Алматы қаласы ҰҚКД-нің аудандық бөлімінің қызметкері Е. М. Жүнісов, Әуезов ауданы прокурорының аға көмекшісі Г. П. Бердімұратов, Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім бастықтары және «тұрғын үй» Әуезов ауданы үй иелері кооперативінің Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы М.Т.Жақыпбай қатысты.

Дәл осы күні аудан әкімінің екінші орынбасары Қуаныш Бақытұлы ауданда орналасқан сауда үйлердің, сауда-сауық орталықтарының, базарлардың және өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен осы мәселе бойынша жиналыс өткізді.

Экстремизм «шеттеу, орталықтан ауытқу» жалпы тәртіпті тыңдамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы болса, экстремизм пайда болуы себебі, адамның надандыққа, соқырлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Террордың сөздік мағынасы «Қорқыту, үркіту, үрейлендіру, шошыту» дегенді білдіреді. Терроризмнің пайда болуы жөнінде Британ энциклопедиясында мынандай анықтама бар: «терроризм белгілі бір саяси мақсат үшін жүйелі түрде озбырлық жасау арқылы жұртшылық арасында жалпылама үрей туғызу» болса, терроризм қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып саналады. Сондықтан терроршылдық жағдайдың алдын алу мақсатында ауданда орналасқан нысандардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

2011 жылдың 24 қыркүйегінде Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтің төрағалығымен, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында, ҚР табиғи монополияны реттеу бойынша Агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновтің «Бителеком» АҚ-ның еңбек ұжымымен және Еуразиялық нарық институтының профессорлық-педагогикалық құрамымен, студенттерімен кездесулері өткізілді. Осы кездесулерге аталмыш Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті директорының қызметін атқарушысы Анар Рақымбаева қатысты.

«Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ең күрделі кезеңін ойдағыдай өткізді. Қазіргі кезде біз экономикалық қуаттылығымызды нығайтып, өз дамуымызда келесі қадам жасау кезеңіне келіп тұрмыз. Елбасы айтқандай, «Мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін, кез келген қадамға бармауы тиіс», - деп, Нұрлан Алдабергенов Жолдаудың негізгі бағыттарына шолу жасап, еліміз Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын қандай нәтижелермен қарсы алғалы отырғанын айтты.

Биылғы Жолдаудың жөні ерекше. Ол Мемлекет басшысының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды. Еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы айқындалды. Қазақстанның экономикалық дағдарыстан кейінгі алға қойып отырған жоспары зор. Нұрсұлтан Назарбаев басты назарды елімізді индустриалдық дамытуға бөліп отыр.

Осы күні ҚР еңбек және тұрғындардың әлеуметтік қорғалу вице-министрі Серік Ахметов Алматы ардагерлер Үйіне барып, қызметкерлермен және ардагерлермен кездесті. Бұл кездесуге Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының бастығы Әмір Құлмаханов, Әуезов ауданы бойынша ардагерлер Кеңесінің төрайымы Бәтима Ибраева, тағы басқалар қатысты.

Жолдаудың негізгі бағыттарына қолдау көрсете отырып, ауданның еңбек ұжымы, Елбасы қойған мақсатқа қол жеткізу үшін, Қазақстанның әр азаматына байланысты екенін нақты айтты. Қаржылық қорды үнемді әрі сауатты үлестірілуді үйрену тек дағдарыс кезіндегі қажеттілік еместігі айқын. Бүгінгі кездесулерге қатысушылар Елбасының жаңа Жолдауы Қазақстан осы кездегі мәселелердің шешілуіне аса жауапкершілікпен қарап отырған мемлекеттердің бірі екенін атап айтты.

Кездесу барысында туындаған сұрақтарға аудан тұрғындары толық та нақты жауаптар алды.

2011 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР білім және ғылым Министрлігінің техникалық әрі кәсіби білім Департаментінің директор орынбасары Алма Майтунова №4 және №10 кәсіби лицейлердің педагогикалық ұжымымен, оқушыларымен кездесті. Осы кездесулерге Алматы қаласы білім Басқармасының бастығы Рахат Шимашева, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов, аудан тұрғындары мен тағы басқалар қатысты.

Сондай-ақ, дәл осы күні ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің әкімшілік, бақылау-кадрлік жұмысы жөніндегі Департаментінің директоры Файзулла Бисмильдин, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Қанат Сәлменовтің қатысуымен, №2 көпсалалы балалар клиникалық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесулер барысында Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға РАНТ мүшелері толық жауап қайтарып, кейбір ұсыныс пен тілектерін ескертуге алды.

2011 жылдың 20 қыркүйегінде «Фэмили» саябағына қарасты, боулинг Орталығында, Әуезов ауданы әкімінің аппараты аудан әкімі жанындағы отбасы мен әйелдердің ісі жөніндегі Комиссиясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен Мұғалімдер күніне орай, аудан аумағында орналасқан жоғары, орта және арнайы орта оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушыларының арасында боулингтен жарыс ұйымдастырды.

Аталмыш шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында, салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болып табылды.

Сайыс нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынды Алматы қаласы үздіксіз білім беретін университетінің командасы жеңіп алды. Екінші орынға Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің оқытушылары ие болды. Үшінші орынды № 4 Кәсіби лицейдің командасы иеленді.

Жеңімпаз командаларға аудан әкімінің мақтау қағаздары және ескерткіш сыйлықтар табысталды. Бірінші жүлделі орынға ие болған командаға теледидар, екінші орынға – магнитофон, ал үшінші орынға – телефон табысталды.

2011 жылдың 14 қыркүйегінде бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экстремизм мен терроризм мәселелері бойынша кездесу өтті.

Аталмыш шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, Алматы қаласы діни істер Департаментінің жетекші маманы Е.Шаймерденов, Әуезов ауданы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің маманы Н.Берсугуров, «Таугүл» мешітінің бас имамы О. Дәуренбеков, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректор орынбасары Ә.Жүнісов пен студенттер қатысты.

Кездесу барысында Әділ Жүнісов қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған діни мәселелер туралы кеңінен тоқталып өтті, сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнің қайдан шығатынын және сол радикалдық діни ағымдарға көбінесе жастардың білмей кіріп кететіндігі туралы түсінік берді. Ол жастарды осындай шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Жастар қауымдастығының назарына «Покаяние» атты бейнематериал ұсынылды. Туындаған сұрақтарға толық та нақты жауаптар қайтарылып, түсініктемелер берілді.

2011 жылдың 7 қыркүйегінде Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті мен Қалалық еңбек Биржасының қолдауымен, қалалық еңбек Биржасында Бос орын жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама Басқармасының аудандық бөлімінің өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Әуезов ауданы халықтың жоғары тығыздығымен, сонымен қатар, жоғары көрсеткіштегі әлеуметтік жүктемемен сипатталады, сондықтан, 2011 жылдағы әлеуметтік қорғаудың бірінші басымдылығы – аудан халқының дәулеттілігін жақсартуды қамтитын әлеуметтік бағдарын нығайтуға болады.

2011 жылдың 18 тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев Рамазан айында аудандағы Ораза тұтқан тұрғындарға, «Меланж» мейрамханасында, «ауыз ашар» ұйымдастырды. «Ауыз ашарға» Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мәслихат депутаттары, аудан мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері мен аудан тұрғындары шақырылды.

Бекқали Торғаев келген қонақтарды қарсы алып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатты. 2011 жылдың тамыз айының біріне қараған түні күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды.

2011 жылдың 18 тамызында Әуезов ауданы әкімшілігі мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен, № 60 бала бақшасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен Спорт күніне орайластырылған, Елбасы Н. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын жүзеге асыру барысында, ауданда орналасқан бала бақшалардағы тәрбиешілер арасында «Кім жылдам?» ұранымен жарыс өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру, бала бақша тәрбиешілерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту болып табылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынға «Тұлпар» тобы ие болды, 2-орынға ие болған «Сұңқар» тобы болды. Жеңімпаздарды «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалының өкілі құттықтап, мақтау қағазын және естелік сыйлықтарын табыс етті.

2011 жылдың 15 тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан «Таугүл-3» мешітінде, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қатысуымен, Рамазан айында аудандағы Ораза тұтқан тұрғындарға ауыз ашар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыз ашарға Алматы қаласы Дін істері Департаментінің өкілдері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық қызметтердің басшылары, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері шақырылды.

Жиылған қауымды Бекқали Торғаев қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Оразаларыңыз берік болсын! Алла тағала тілеген тілек-дұғаларыңызды қабыл етсін! Рамазан айындағы барша жақсылықтарды Алла тағала нәсіп етіп, шапағаты мен мейірімі баршаңызға тие берсін! Келесі Рамазан айына дейін еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп, аудан әкімі сөзін аяқтады.

2011 жылдың 12 тамызында Әуезов ауданында орналасқан № 173 физика-математикалық мектеп-гимназиясында аула клубтарының және спорт мектептерінің арасында ұлттық әрі бұқаралық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Бұл спорттық шараны Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына, «ҚР Конституция күні», «Спорт күні» мерекелеріне орайластырып, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ынталандыру болып табылады.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров пен Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Мирас Нысанәлиев құттықтап жылы лебіздерін білдіріп, іс-шараға қатысқандары үшін алғыстарын айтты. Демалыс орталықтары арасында бірінші орынға «Жас Отан» демалыс орталығы ие болып, сыйлыққа теледидар табысталды. Екінші орынға ие болған «Намыс» демалыс орталығы DVD-ге ие болды. Үшінші орынды «Жеті жарғы» командасы ұтып алып, сыйлыққа магнитофон алды.

Спорт мектептер арасында бірінші орынды № 5 спорт мектебі, екінші орынды № 16 спорт мектебінің орта тобы, ал үшінші орынды № 16 спорт мектебінің кіші тобы иеленді. Барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2011 жылдың 5 тамызында Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев «Қоғамдағы діни ахуал: Проблемалары және олардың шешілуі жолында мемлекеттік органдардың әрекеті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Іс-шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, аудан прокурорының орынбасары Олжас Бағжанов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әуезов ауданы бойынша бөлім бастығы Руслан Дәрібеков, ішкі істер басқармасының аудандық бөлім бастығы Нұрлан Алмасбеков, Алматы қаласы діни істер жөніндегі Департаментінің жетекші маманы Ерсайын Шаймерден, «Ақсай» мешітінің бас имамы Доскелді Қожатайұлы, «Музаммиль» мешітінің бас имамы Әбдіқұл Қажы Қадырұлы, «Таугүл» мешітінің бас имамы Орынбасар Дауренбеков және «Қалқаман» мешітінің бас имамы Саттарқұл Мейірман қатысты.

Бекқали Торғаев «дөңгелек үстелдегі» күн тәртібін «Вахабисттік немесе салафиттік ағым» атты үстіміздегі жылдың 21 шілдесінде «Алматы ақшамына» жарыққа шыққан мақаламен таныстыру арқылы бастады. Бұнда Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбекұлы салафиттік ағым Қазақстанда кеңінен тарап қауіпті діни ағымдардың біріне айналғандығын және оны тоқтату қажеттігін айтқан болатын. Аталған мақаладағы «Салафиттік ағымның кең етек алуына араб елі миссионерлерінің әрекеттері себеп болды. Бес жыл бұрын Шымкентте өкілетті органдарымен қазақ-араб университеті жабылды, үш жыл бұрын Алматыда дәл осы бағыттағы мұсылмандарды оқытатын медресе жұмыс істеген болатын. Өз кезегінде олар аталмыш ағым жолында Мединаға қажылыққа барып, ол жақта тегін білім алып, қайтадан елге қайтып келетін жүздеген мамандарды дайындап үлгерді», деген жолдарды мысалға келтіре отырып, ауданда аталмыш ағымның етек алуына жұмыла жол бермеу керектігін айтып өтті. «Дөңгелек үстел» барысында конституциялық сапты қорғау, аудандағы ұлттық қауіпсіздікті күшейту және конфессияаралық алауыздық, қарапайым діндар адамдар арасында арандатушылық туғызу мәселелері талқыланды.

2011 жылдың 4 тамызында «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров «Таугүл» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбековпен кездесіп, қасиетті Рамазан айының басталуымен күллі мұсылман халқын құттықтады.

Кездесу барысында Орынбасар Дәуренбеков алға қойылған мақсат-міндеттері, жоспары туралы мәлімдеді. Олардың ішіндегі ең маңызды да өзекті, жастарды тәрбиелеу, қоғамның рухани адамгершілік денсаулығына байланысты мәселелерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, рухани әрі діншілдік тәрбие, жасөспірімдерге экстремизмдік ағымдар мен бағыттардың ықпалы бойынша мәселелер талқыланды.

Мұрат Омаров өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтің салихалы саясатының арқасында, еліміздегі рухани тәрбие саласында ұлтаралық және дінаралық келісім қалыптасқанын атап айтты. Сондай-ақ, ол келешекте «Нұр Отан» ХДП діншілдік ұйымдарымен бірлесе жұмыс атқару қажеттігін айтты.

2011 жылдың 2 тамызында «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров № 36 және № 42 мектепке дейінгі мекемеле ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде қойылған міндеттемелер түсіндіріліп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған іс-шаралардың өткізілуі, бастапқы партия ұйымдарының жұмысын күшейту және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, жастардың тәрбиелеуі мен тілдерді дамыту мәселелері де орын алды. «Елбасы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында жас өспірімдердің тәрбиелеуіне зор назар аударады. Президенттің айтуынша, «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, елімізде 32 бала бақша салынып, 1 534 мини орталықтар құрылып, 137 жеке меншік бала бақшалар ашылды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін де атап айтқан болатын. Бала тәрбиелеу, тілді меңгеру бала бақшадан басталады», - деді Мұрат Омаров.

Содан кейін Омаров мырза азаматтарды партия қатарына қабылдау бойынша жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Партияға қабылдау «Нұр Отан» ХДП-ның Жарғысы мен «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының талабына сай жүзеге асырылады. Партия қатарына ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқандар ең алдымен қабылданады.

2011 жылдың 21 - 22 шілдесінде Әуезов ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында, аудан кәсіпкерлеріне арналған, «Даму» кәсіпкерлік дағдыландыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен, 2009 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласы әкімдігі мен «Даму» қоры АҚ «Бизнес-Советник» атты бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде Меморандумға қол қойылған негізінде, тренинг-семинары өткізілді.

Аталмыш шараға кәсіпкерлік ынтасы бар аудан тұрғындары, ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген азаматтары, кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға ынтасы бар жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Тренинг барысында кәсіпкерліктің негіздері әрі кәсіпкерліктің заңды аспектілері және тағы басқа тақырыптарда дәрістер оқылды.

22 шілде күні, курсқа қатысушылар өз білімдері мен кәсіпкерлік қабілеттерін көрсете отырып, сынақ тапсырды. Оқу тренингі аяқталған соң тындаушыларға сертификат табысталды. Семинарға қатысушылар, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, Әуезов ауданы әкімі аппаратына өз алғыстарын білдірді.

Бүгінгі танда «ДАМУ» қоры, «Нур Отан» ХДП-сы, Білім және ғылым Министірлігімен бірлесе отырып, қаржысыз сүйеу көрсететің, кәсіпкерлерге көзделген «Бизнес-Советник» атты бағдарламаны жүзеге асырып отыр. Бағдарламаның игерілуі ҚР Премьер-министрінің бақылауында, өйткені бұл демеу ұтымды әрекеттің бірі болу тиісті, соңымен қатар, белсенді азаматтарды кәсіпкерлік әрекетпен айланысуға тартады.

Бағдарлама аясында баяндалған кіші және орта кәсіпкерліктің даму басымдылықтары «Қазақстан-2030» Стратегиясына және бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына сәйкес бейімделген. Бағдарламаның негізгі мақсаты кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға ынтасы бар азаматтарға бірыңғай және қолайлы білім беру болып табылады.

2011 жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, № 153 жалпы білім беру мектебінің жанында орналасқан «Жетісу» футбол клубының спорттық алаңында, аула клубтар арасында футболдан жарыс өткізді.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және жетілдіру болып табылды.

Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойымен құттықтап, ізгі ниетін білдіріп, алдағы ойында сәттілік пен жеңіс тіледі.

Аталмыш сайысқа 6 ер адамнан тұратын 15-тен астам команда қатысты. 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Жеті Жарғы» аула клубының ойыншылары дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екендігін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізіп, бірінші жүлделі орынға ие болды. Екінші орынды «Болашақ» аула клубы иеленді. Ал, үшінші орынды «Достық» аула клубы жеңіп алды.

2011 жылдың 8 шілдесінде №153 жалпы білім беру мектебінің аумағында «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалы мен Әуезов ауданының әкім аппараты бірлесе отырып, этномәдени орталықтары: «Барбанг» ҚР мекендейтін курдтар Ассоциациясы» Аймақтық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы, «Неміс мәдени ортылығы» қоғамдық бірлестігінің, Алматы татар қоғамдық-мәдени орталығының, «Стругураш» Молдова мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің және ұйғыр этномәдени ортылығының қатысуымен фестиваль өткізді.

Ағымдағы жылдың 8 маусымынан 8 тамызына дейін этномәдени дәстүрлер аймақтық фестивалі басталғаны мәлім. Фестиваль мақсаты ұлттық мәдениетті сақтау, меңгеру, насихаттау және дамыту, Қазақстан халықының салт-дәстүрлерін жаңарту әрі жариялау болып табылады.

Аталмыш шараға «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Санжар Боқаев, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы, Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Этнос Форум» ҚҚ-ның ресми өкілетінің орындаушы директоры Рахилям Махпирова, Әуезов ауданының этномәдени орталықтарының төрағалары қатысты. Олар жиылған қауымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығымен құттықтап, осы мерекені тойлау аясында, ағымдағы жылдың 8 маусым мен 8 тамыз аралығында этномәдени орталықтарының аймақтық фестивальдері өткізілетінін атап айтты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған концерттік бағдарлама, этномәдени орталықтары тағамдарының көрмесі, «Балалар Қазақстанды суреттейді!» атты асфальттағы балалар суретінің байқауы және «Достар дастарқаны» ұйымдастырылды.

«Балалар Қазақстанды суреттейді!» атты байқауға аудан мектептерінің оқушылары, аз қамтылған және сәтсіз отбасылардың балалары қатысты. Ең жақсы баға алған суреттердің иелері мақтау қағазбен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Достар дастарқаны» басында әр түрлі ұлтты аудан тұрғындары жиналып, өз елінің тағамдарын дайындау өнерімен бөлісті.

2011 жылдың 6 шілдесінде Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев «Family» саябағында Астана күніне орай өткен мерекелік іс-шара барысында, аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

2008 жылдың 18 маусым күні Мәжілістің бірінші кеңесінде депутаттар, әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитеті ұсынған, «Қазақстан республикасындағы мерекелер» туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында 6 шілде күнін Астана күні – мемлекеттік мерекелік күн жасауы қарастырылған.

Аудан тұрғындары мен қонақтары назарына қазақстандық эстрада жұлдыздарының, көркемөнер ұжымдары мен би топтарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, асфальтта балалардың сурет салудан сайысы өткізіліп, «Астана – сүйікті қалам!» атты көрме ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

2011 жылдың 4 шілдесінде Әуезов ауданы әкімшілігі, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы мен «Насихат Астана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Фэмели» саябағында Астана күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған, Елбасының Жолдауы аясында, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, «Жастар нашақорлыққа қарсы!» акциясы аясында, қаладағы демалыс орталықтарының арасында жарыс ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларды мереке күнімен Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, статистика және есеп бөлімінің меңгерушісі, «Жас Отан» жастар қанаты Кеңесінің мүшесі Мақпал Әуесбаева тағы басқалар құттықтады.

Жарыс Алматы қаласындағы жастар мен жасөспірімдер демалыс орталықтарының арасында арқан тартыс, бұқа тартыс, дартс, секіртпе секіру, гір көтеру секілді спорт түрлерінен болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша, бірінші жүлделі орынға Жетісу ауданының «Дорожник» аула клубы ие болды. Екінші жүлделі орынды Әуезов ауданындағы «Достық» аула клубы иеленсе, үшінші орынды Түрксіб ауданының «Мечтатель» аула клубы жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Оларға сыйлық ретінде теледидар, магнитофон және DVD берілді.

2011 жылдың 28 маусымында Журналистер құрметіне, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Family» саябағына қарасты, Боулинг орталығында, бұқаралық ақпараттар құралдары қызметкерлерінің арасында, боулингтен жарыс өткізілді.

Сайыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болып табылады.

Спорттық сайысқа 4 команда, әр қайсысында төрт (екі қыз бала, екі ер азамат) адам қатысты. Қатысқан командалар «Алматы» мен «Таң» телеарналары, «Қазақ радиосы» мен Әуезов ауданының әкімі аппаратының құрама қомандасы еді. Әр команда ойыншылары өз физикалық дайындығын көрсете отырып, белсене қатысты.

Жарысқа қатысушылардың айтуы бойынша, әдетте, мереке қарсаңында, мерекелік концертке қатысып, бір шоқ гүлімізді алып кетуші едік, соның өзінде, елемейтін аудандар да бар. Дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін демекпіз. Жұмыс кезінде өзіміз де сергіп қалдық», - деп, БАҚ қызметкерлері пікірлерімен бөлісе жатты.

Сайыс нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынды «Алматы» телеарнасы жеңіп алды. Екінші орынға «Қазақ радиосы» ие болды. Үшінші орынды «Таң» телеарнасы иеленді. Сонымен қатар, «Алматы» телеарнасының өкілі Мақсат Слямбеков «үздік ойыншы» жүлдесін ұтып алды.

2011 жылдың 25 маусымында Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев «Фэмили» саябағында бокстан Қазақстан мен Қырғызстанның жастар командаларын қарсы алды. Ол барлығына зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-дәулет, ал жарысқа қатысушыларға алдағы ойында сәттілік тіледі.

Халықаралық турнир Әуезов ауданы әкімі аппаратының, Алматы қаласы бокс Федерациясының және Әуезов ауданында орналасқан «Каравелла» атты спорт клубының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, Алматы мен Бишкек қалаларының жас құрама командаларының арасында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің кубогіне өткізілді.

Іс-шараның мақсаты боксті кеңінен тарату, Елбасының Жолдауын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Қазақстан Республикасында спорттың осы түрін дамыту; Қазақстан, жақын және алыс шетелдік қалалары арасында достастық пен спорт байланыстарын нығайту; балалар мен жастарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту және спорттық шеберлік деңгейін жоғарлату болып табылды.

Жарыс нәтижесі бойынша, бірінші жүлделі орынға алматылықтар ие болды. Оларға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов Әуезов ауданы әкімінің кубогін, мақтау қағазын, медальдарын және сыйлық ретінде жүз мың теңгелік купонын табыстады. Қырғызстан құрама командасы екінші орынды иеленіп, мақтау қағазбен, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

«Үздік боксшы» номинациясын біздің жерлесіміз Мазур Стоян ұтып алды. «Үздік жаттықтырушы» номинациясын Бишкек командасының жаттықтырушысы Оразбек Евкачев алды. Ал «Жеңіске деген жігері үшін!» номинациясын Бишкек қаласының қонағы Күшназар Жұмалиев жеңіп алды. Оларға да аудан әкімінің мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтары табысталды.

2011 жылдың 23 маусымында Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының есеп пен статистика бөлімінің меңгерушісі, Саяси Кеңес мүшесі Мақпал Әуесбаева Әуезов ауданында орналасқан этномәдени бірлестіктердің басшыларымен жиналыс өткізді.

Республикалық желілік кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 8 маусымында, «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасымен, 8 қыркүйекке дейін созылатын, этномәдени дәстүрлердің аймақтық фестивальдар топтамасы басталғаны барлығына да мәлім.

Фестивальдің мақсаты ұлттық мәдениетті сақтап қалу, зерттеу, насихаттау және әрі қарай дамыту, Қазақстан Республикасында мекендейтін халықтың дәстурлерін жаңарту және жариялау болып табылады.

Іс-шара барысында «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сесиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев қойған міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының Х кезектен тыс конференциясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізетін іс-шаралар жоспары қарастырылды.

Этномәдени дәстүрлері фестивалінің концепциясын талқылай отырып, Мақпал Әуесбаева мұндай фестивальдер еліміздің барлық аймақтарында, партия филиалдарының қолдауымен, өткізілетінің атап айтты. Фестиваль барысында мәдени-көркем бағдарламар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, «Нұр Отан» халық-демократиялық партия мүшесі боламын дегендердің назарына, ол партияға қабылдау тәртібі мен алғашқы партия ұйымын құрастыру бойынша ақпарат берді.

Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында, 2011 жылдың 16 маусымында Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Қазақ қатынас жолдары университетінің спорт залында ауданда орналасқан медицина мекемелері қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті.

Іс-шараның мақсаты аталған мерекені атап өту, сонымен қатар Елбасының Жолдауы аясында өткізілді.

Жарыс барысында медицина қызметкерлерін «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Станислав Канкуров пен Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері құттықтап, ізгі ниеттерін білдіріп, алдағы ойында сәттілік тіледі.

Дәл осы күні «Фэмили» саябағындағы Боулинг орталығында жоғарыда аталған ұйымдастырушылар медицина қызметкерлерінің арасында боулингтен жарыс өткізді.

Осы сайыстарға ауданда орналасқан барлық медицина мекемелері белсене қатысты. Волейбол ойынының нәтижесі бойынша, бірінші жүлделі орынға № 18 Қалалық емхананың қызметкерлері ие болды. Екінші орынды № 7 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жеңіп алды. Үшінші орынды № 1 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері иеленді.

Боулинг ойыны бойынша бірінші орынды № 7 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жеңіп алды. Екінші орынға № 5 Перзентхана қызметкерлері ие болды, ал үшінші орынды № 18 Қалалық емхананың қызметкерлері иеленді.

2011 жылдың 14-15 маусымында ҚР Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа арнаған Жолдауы аясында, 2008-2011 жылдарға арналған «Алматы – темекі түтінінен азат қала» және «Таза ауа – Азияда-2011» атты нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру аясында, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, қалалық көліктерде, денсаулық сақтау мекемелері мен тағы басқа жерлерде қоғамдық рейд жүргізілді.

Іс-шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП-сы Әуезов аудандық филиалының, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, салық комитетінің, ІІБ-ның, қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығының, «Насихат-Астана» қоғамдық ұйымының және бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

2011 жылдың 8 маусымында Әуезов ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалы мен неміс этномәдени орталығының ұйымдастыруымен, этномәдени дәстүрлер фестивалі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей тойына орайластырылған, мүмкіншшілігі шектеулі азаматтардың арасында спорттың 8 түрінен сайыс өткізілді.

Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, Әуезов ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бастығы Керімқұл Жекетаев, колледж директоры Виктор Эзау, Әуезов ауданы мүгедектер қоғамыныңтөрағасы Қайрат Иманалиев пен бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

Спартакиада бағдарламасы бойынша тоғыз-құмалақ, шахмат, армреслинг, теннис, мүгедек арбасымен жарысу сияқты сайыстардың 9 түрінен күш сыналды. Жарыс екі кезеңде өткізілді. Барлығы сайысқа 45 мүмкіндігі шектеулі адам қатысты.

Жеңімпаздарға «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалының сыйлықтары мен мақтау қағаздары табысталды. Жарыстан кейін шараға қатысушылар арнайы жайылған мерекелік дастарқан басында әңгімелесіп, оө ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара өз дәрежесінде өтті. Мұндай шаралар мүгедек жандардың көнілдеріне дем беріп, сенімдерін нығайта түседі.

2011 жылдың 4 маусымында «Family» саябағында, Әуезов ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орайластырылған мерекелік шара өтті.

Көрермендер назарына көркемөнерпаз ұйымдары, балалар шығармашылығы үйінің ұжымы мен ауданның жас таланттары өз өнерлерін ортаға салды. Олармен бірге жастар қауымдастығы «Қара жорға» биін билеп, көңіл көтерді.

Әкім орынбасары Сайран Сайфеденов аудан тұрғындары мен қонақтарын мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Жарыстың нәтижесі бойынша, бірінші орынға «Ақсай-4» ықшам ауданында тұратын жастар командасы ие болып, сыйлыққа магнитофон алды. Екінші орынды «Жетісу-2» ықшам ауданының жастары иеленіп, сыйға DVD-плеер табысталды. Ал үшінші жүлделі орынды «Таугүл» ықшам ауданының жастары жеңіп алып, сыйға телефон алды.

2011 жылдың 9 мамырында аудан ардагерлері әскери-патриоттық Әуезов ауданы әкімінің аппаратына жиналды. Бұл жерден олар аудан басшылығының, жол полициясының, музыканттардың, солдаттар мен жастар қоғамы взводының атқосшылығында автобуспен ауданның магистральды көшелеріне саяхат жасады. Осы кезде Абай даңғылының бойында, «Family» саябағының негізгі есігінің алдында Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды аудан тұрғындары, студенттер мен оқушылар қарсы алды.

«Family» саябағында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен майдангерлерінің, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, «Ұлан» Республикалық гвардиясының, ҚР Құрлық әскери институты курсанттарының, десанттық шабуыл бригадасының, Б.Момышұлы атындағы Алматы Әскери мектеп-интернаты курсанттарының, студент пен оқушылар қауымдастығының қатысуымен шеру өтті.

Салтанатты шара саябақтың орталық сахнасында жалғасты. Ардагерлерді әскери үрмелі оркестр күтіп алып, хор капелласының, қазақ эстрада жұлдыздарының, шығармашылық ансамбль мен ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен, тамаша мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды және әскери ретро-әндер шырқалды. 2011 жылдың 29 сәуірі күні Алматы қаласы Әуезов ауданындағы № 117 жалпы білім беретін орта мектепте аудан әкімі Бекқали Торғаевтың қатысуымен Ұлы Жеңіс күніне орайластырылған, патриоттық тәрбие бойынша «Ардагерлер еш қашан қартаймайды!» атты қалалық семинар өткізілді.

Аталмыш шараға ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Ержан Рахметов, Алматы қаласы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов, қалалық Ардагерлер Кеңесінің Президиум мүшелері, аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Батима Ыбраева, Алматы қаласы аудандарының Ардагерлер Кеңестерінің төрағалары, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының, аудандық білім бөлімінің, аудандық қорғаныс істері басқармасының өкілдері, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері қатысты.

Е.Шайхутдиновтың айтуынша, мұндай шаралар тек ардагерлер үшін емес, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге қажет. Бұл шара соғыс кезінде өз өмірлерін аямай, Отан үшін күрескендерді құрметтеп, оларды мақтан тұтуға шақыратындығын айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында, Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелеріне орай, «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы 2011 жылдың 28 сәуірі күні «Жетісу» футбол клубының спорттық алаңында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болып табылады.

Жеңімпаз командаларға Әуезов ауданы әкімінің мақтау қағазы мен сыйлықтары табыс етіледі. 2011 жылдың 27 сәуірінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің мәжіліс залында «Қазақстанды жетілдіруге бағытталған Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын іске асырудың сапасы мен тиімділігі жолдары туралы» ғылыми-практикалық конференциясы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты К.Н.Бұрхановтың қатысуымен, өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық және Әуезов аудандық филиалдарының, Әуезов ауданы әкімі аппаратының өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және ауданның студенттік құрамы қатысты.

Өзінің сөйлеген сөзінде Бұрханов алдымызда он жылдық жоба тұрғандықтан, Елбасы өзінің Жолдауында дұрыс әрі уақытылы бастама көтергендігі туралы өз пікірін айтып өтті.

Саясаткердің пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда бүгінгі Президентке тұрақты деңгейі, беделі мен мәртебесі сәйкес келетін, бәсекелес тұлға жоқ. Ол қазақстандықтар Елбасының көрсетіп берген сара жолымен келе жатқандығын ерекше атап өтті. «Біз батыстың, я болмаса шығыстың үлгісін көшіріп алудан аулақпыз, біз өз жолымызды таптық, өз уақытында бұл ізденіс оңайға соқпаған, және ол біздің Президенттің жігерлі шешімі батын. Бүгін біз стратегия о бастан дұрыс таңдалғанына көзімізді жеткізіп отырмыз», - деді депутат. 2011 жылдың 26 сәуірі күні №2 көпсалалы Балалар ауруханасы мен № 6 Қалалық емханада ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаты Г. Ж. Қарағұсова, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша және тағам өнімдері бағасының мониторингі жөнінде, еңбек ұжымдарымен кездесті. Аталмыш шараға «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы Аймақтық партиялық бақылауының төрағасы Ербулат Қасымов, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметін атқарушы Мақпал Әуесбаева, қалалық басқармалардың, аудандық білім бөлімінің өкілдері тағы басқалар қатысты.

Кездесу барысында Гүлжан Қарағұсова Елбасының биылғы Жолдауы ерекше орын алатындығын атап айтты. «Бұл аса маңызды саяси құжатқа тек қазақстандықтар ғана емес, сол сияқты шет мемлекеттер де зор ықыласпен қызығушылық танытады. Бұл біздің еліміздің, оның әр отбасының, әрқайсымыздың алдымызда туып отырған зор мүмкіншілік. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саясатын іске асырудың табысты болуы тікелей мемлекеттік биліктің барлық буындарының бір-бірімен өзара әрекеттесуіне байланысты», - деді Қарағұсова ханум.

Дамудың қазіргі кезеңі қоғам алдына жаңа мақсат-міндеттерді қояды. Елімізде қазіргі таңда құқық саласында, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына реформа жасалып жатыр. Елбасы жақын арада жүзеге асырылатын іс-шараларды белгіледі. Олар экономиканың индустриализациясы, әлеуметтік саясаттың дамуы және тағы басқалар.

Осы күні Гүлжан Қарағұсова «Арыстан» базары мен Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету Орталығына да барып қайтты. Ал ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні осы делегация № 130 жалпы білім беру мектебіне, «Ақсай Нан» НТК ЖШС-не және «Магнум» супермаркетіне барып, тек еңбек ұжымымен ғана емес, аудан тұрғындарымен де жүздесті.

Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы. Ол С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн тәмәмдаған, экономика ғылымдарының докторы, профессор. 2001 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi. Гүлжан қарағұсова монография, 10 брошюра мен жүзден астам мақаланың авторы, «Парасат» орденімен марапатталған. 2011 жылдың 26 сәуірі күні Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, аудан әкімі Б.Торғаевтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Ақан Бижановпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру және қабылданған әлеуметтік бағдарламалар бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесуге Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, Әуезов ауданының әкім аппаратының бөлім бастықтары, аудандық қызметтердің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің, сайлау учаскелерінің төрағалары, ардагерлер қоғамдастығының өкілдері мен көпбалалы аналар қатысты.

Өз сөзінде А.Бижанов өңірлерге келіп тұрғындармен жүздескен өте маңызды екенін айтты. «Өйткені осындай басқосуларда атқарылған жұмыстар талқыға түсіп, өзекті мәселелерді шешу жолдары ортақтаса отырып анықталады. Өздеріңізге мәлім, Елордада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Астаналық декларацияның қабылдауымен еліміздің осы ұйымдағы төрағалығы аяқталды. Ал, биыл Қазақтан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығын бастады», - деді Бижанов мырза.

Сонымен қатар, А.Бижанов тұрғын үй құрылысы мен үлескерлердің мәселесі қарастырылып шешілуде екенін, халықтың жалақысы мен әлеуметтік төлемдер көтеріліп жатқанын атап көрсетті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның жетістіктері мен алға қойылған мақсаттарын сөз қылып, еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша мәселелерін де талқылады.

Әңгіме барысында туындаған сұрақтарға Сенат депутаты толық та нақты жауаптар қайтарды. Жиналған қауым, өз кезегінде, Бижанов мырзаға жылы әңгімесі мен берген мағлұматтарына алғыстарын білдіріп жатты. 2011 жылдың 21 сәуірі күні, «Сайран» су қоймасының батыс жағалауында, «Бірлігіміз жарасқан!» республикалық акция аясында, еліміз тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей тойына орайластырылған, Президенттің «Қазақстан-2030» Стратегиясы», Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған» Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, Туризм саласын дамыту және оны жастар, тұрғындар мен қонақтар арасында насихаттау, Алматы қаласы мен Әуезов ауданының жастары мен жас өспірімдерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналасуға тарту, ынталандыру, қала мен аудан жастарының отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін дамыту және жастарға Ұлы Жеңістің қадір-қасиетін түсіндіру шараларын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласы Әуезов ауданының жалпы білім беретін мектептерінде тәрбиеленетін жастар мен жас өспірімдер арасында туризмдік көпсайыс түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Бұл шараға Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары С.Сайфеденов, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт Басқармасының өкілдері, №051 құтқару қызметінің, төтенше жағдайлар Басқармасының, аудандық ардагерлер Кеңесінің өкілдері және ауған соғысының жауынгерлері қатысты.

Жарысқа қатысушыларды С.Сайфеденов құттықтап, сәттілік пен жақсы нәтижелер тіледі.

Жарыс жеңімпаздарына С.Сайфеденов аудан әкімінің мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтарын табысталды. 2011 жылдың 15 сәуірі күні Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінің стадионында, Әуезов ауданы әкім аппаратының қолдауымен, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Ұлан» атты әскери-спорт ойындары өтті.

Іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларының оқу және мәдениет байланысын дамыту, ұлтаралық достастық, оқу-тәрбие үрдісі бойынша оңды табыстарға жету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Сайысқа қатысушыларға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары С.Сайфеденов ізгі ниетін білдірді.

Университет стадионында мектеп оқушылары өз әскери дайындықтарын көрсете біліп, жас әскер курсын өтті. Ойынды қорытындылай келе, жеңімпаздарға аудан әкімі атынан құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Бүгінгі таңда кәсіподақтар қоғамның ажырамайтын бөлігіне айналды және оның рөлі мен маңызы өте зор. Бұл туралы 2011 жылдың 8 сәуірі күні Әуезов ауданының әкім орынбасары С.Сайфеденов «Кәсіподақтардың өкілетті және атқарушы органдармен әлеуметтік-еңбек саласындағы қарым-қатынасы» атты тақырыпта өткен «дөңгелек үстел» барысында айтты. «Бұған дәлел, Елбасымыз: «Кәсіподақтар жалданушы жұмысшылардың мүддесі мен құқығын қорғаудың ықпалды институты болды және солай бола бермек» деген сөзі, кәсіподақ өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктегені ақиқат», - деп, Сайран Сайфеденов аталған мәселелерде мемлекет пен кәсіподақтарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін және еңбекшілердің мүдделері мен құқықтарын қорғау салаларында мақсаттар мен міндеттер жаңа заман талабына сай болуы қажет екендігін атап айтты.

Іс-шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы М.Әуесбаева, жоғары және орта арнайы оқу орындарының, кәсіптік кәсіпорындарының, ұйымдардың басшылары мен өкілдері және тағы басқалар қатысты. 2011 жылдың 22 наурызында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз Әуезов ауданындағы аты аңызға айналған қазақ батыры Бауыржан Момышұлы көшесінде бес мыңнан астам тұрғындарын жинады. Бұл күні, ауданның тұрғындары мен қонақтарын, Ф.Шаляпин көшесі мен Абай даңғылына дейін жайылған қазақ ауылдары қарсы алды. Бұл ауылда ұлттық әшекейлермен безендірілген және мерекелік ақ дастарханы жайылған 20 сегіз-он екі қанатты киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылған. Келген қонақтарға, аудан әкімі аппаратымен, жасанды сахнада әйгілі қазақстандық әншілердің, эстрада жұлдыздары мен би топтарының қатысуымен, арнайы мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2011 жылдың 3 наурызында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық универститетінің мәжіліс залында Әуезов ауданының барлық жоғары және арнайы орта білім беру орындары студенттерінің қатысуымен, университет ұжымы мен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Әуезов аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясының қолдауымен, «Темекісіз өмір – есірткісіз өмір» атты шығармашылық байқаудың соңғы саты аясында, Гала-концерт өткізілді.

Аталмыш іс-шараға медико-әлеуметтік коррекция бойынша Қалалық наркология орталығының, Әуезов аудандық прокуратураның, Әуезов ауданы ішкі істер басқармасы, Аудандық медициналық бірлестік, Коммерциялық емес «PSI» ұйымының, Орталық-азиаттық бөлімшесі өкілдері шақырылды.

Сайыстың мақсаты – Елбасының Жолдауы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткілік және психоактивтік заттекті қолдану мен өрістеуден сақтандырудағы шығармашылық қызметінің белсенділігі.

Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 2011 жылдың 28 ақпанында Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың төрағалығымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, ҚР сауда және экономикалық даму министрі Жанар Айтжанова «Ақсай-Нан НТК» ЖШС-нің ұжымымен әрі аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Биылғы Жолдаудың жөні ерекше. Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды. Еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы айқындалды. Қазақстанның экономикалық дағдарыстан кейінгі алға қойып отырған жоспары зор. Нұрсұлтан Назарбаев басты назарын елімізді индустриалдық дамытуға бөліп отыр.

Дәл осы күні, Әуезов ауданының әкім орынбасары Қуаныш Бақытұлының төрағалығымен, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен ҚР табиғи монополиін реттеу бойынша Агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов кездесті.

Кездесу барысында «Қаржылық нарықтар мен банк бизнесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор У.Ысқақова, «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Л. К. Баймағамбетова, университеттің 1 курс студенттері Ю. Шиносилова мен Е.Еркеш сөз алды.

Сонымен қатар, осы күні, әкім орынбасары Сайран Сайфеденовтың төрағалығымен, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледждің профессорлық-педагогикалық құрамымен және оқушыларымен «Возрождение» атты Қазақстандағы немістердің қоғамдық бірлестіктер Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Александр Дедерер кездесті.

Аталмыш кездесулер барысында оқытушылар мен студент жастар арасында, білім алу, студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша туындаған сұрақтарға толық та нақты жауаптар қайтарылды.

2011 жылдың 18 ақпанында, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында, «Бірлігіміз жарасқан!» республикалық акциясы аясында, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру, Алматы қаласы мен Алматы облысының жастарын спортпен шұғылдану және Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, Әуезов ауданы әкімі аппаратының бастамасымен, Қазақ қатынас жолдары университетінің студенттері, бір жарым сағаттық концерттік бағдарламасымен, Алматы облысының Жамбыл ауданы Қарақыстақ және Аққайнар селолық округтарына барып қайтты. Іс-шараға Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Әуезов ауданы бойынша бөлімінің бастығы Б.Жамбылов, Қазақ қатынас жолдары университетінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Р.Қашабаева, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Алматы қаласынан келген қонақтарды Жамбыл ауданының үш жүзге жуық өкілі қарсы алды. Оларға арнайы, аудан оқушыларының күшімен даярланған концерттік бағдарлама мен қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларды Б.Жамбылов пен Р.Қашабаева Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, өз алғыстарын айтты. «21-ғасырдың беделді ұрпағын тәрбиелеу – зор құрметке бөленетін, ауыр еңбек пен аса үлкен жауапкершілік. Осы бағытта қызмет атқарып келе жатқан оқытушыларға еңбектері үшін зор алғысымды білдіргім келеді. «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саясатын қолдап, келешекте бірлесе жұмыс істейтінімізге сенімдімін», - деді Қашабаева ханым.

Содан кейін, мемлекет Президентінің Жолдауындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында Алматы қаласы мен Алматы облысы жастарының арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды. Командалар, келешектегі ынтымақтастық пен достастық белгісі ретінде, бір біріне естелік сыйлықтар табыстады.

2011 жылдың 10 ақпанында Әуезов ауданы әкімі аппаратының, аумақтық ішкі саясат бөлімінің және «Жас саясаткер» жастар клубының ұйымдастыруымен, Әуезов ауданында орналасқан жасанды мұз айдынында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты коньки тебуден жастар арасында, аудан әкімінің сыйлығына, спорттық сайыс өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты Елбасының денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта ең басты дені сау жас ұрпақты тәрбиелеуде салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт түрлерін дамыту қажет екендігі туралы айтылған сөзі аясындағы өткізілген спорттық шарасы болып табылады.

Сайысқа Әуезов ауданының аумағында орналасқан 6 жоғары және 18 арнайы орта оқу орындарының студенттерінен жасақталған 15 шақты команда қатысты.

Сайысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы М.Нысанәлиев құттықтап, сәттілік тіледі.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы үздіксіз білім беру университеті иеленсе, екінші орынды Алматы қаласы энергетика және электронды технологиялар колледжінің командасы иеленді. Ал үшінші орынды №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқушылары жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары аудан әкімінің мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

2011 жылдың 10 ақпаны күні Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет активі талқылады.

Іс-шараға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары С.Сайфеденов, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері және белсенді студенттері қатысты.

Актив жиналысын ашқан университет ректоры Ә.Әбішев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің шежіресі болып табылатынын атап айтты. «Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы 1997 жылдан бері келе жатқан дәстүр бойынша, он бесінші Жолдау екен. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларындағы стратегиялық жоспарлар арқасында, Қазақстан өркендеп, өмірдің барлық саласы жаңартылды. Биылғы Жолдау біздің қоғамымыздың ең басты мәселелерін жүзеге асыруға бағытталған», - деді университет ректоры.

Университет проректоры, политология ғылымдарының докторы А.Жүнісов жиылған қауым назарын университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер ұжымына аударды. Ол Елбасы білім саласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап айтты.

Талқылауды қорытындылай келе, Ә.Әбішев жыл сайынғы Жолдаулар арқылы идеология қалыптасады деп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997-2011 жылдар аралығындағы негізгі идеологемаларға назар аударды.

2011 жылдың 8 ақпанында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеттің «Экономика» факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Іс-шараға факультеттің деканы, профессорлық-оқытушылық құрамы, «Экономика» кафедрасының магистранттары мен 3 курс студенттері қатысты.

Жиналысты «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Сейдахметов ашты. Содан кейін экономикалық ғылымдарының докторы, профессор Қ.Оқаев сөз алды. Ол Елбасының биылғы Жолдауы ерекше орын алатынын атап айтты. «Бұл аса маңызды саяси құжатқа тек қазақстандықтар ғана емес, сол сияқты шет мемлекеттер де зор ықыласпен қызығушылық танытып отырғандығын алға тартты.

2011 жылдың 4 ақпанында №176 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау бойынша Алматы қаласы Әуезов ауданы активінің жиналысы болып өтті.

Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың төрағалығымен өткен актив жиналысына қалалық Мәслихат депутаттары, әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық қызметтердің, денсаулық сақтау, білім беру орындарының басшылары, кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Актив жиналысын ашқан Бекқали Торғаев Елбасымыз биылғы Жолдауында атап өткендей «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген еді деп атап кетті. «Киелі сөздердің мағынасы мол, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел ішінде өркендеуге, дамуға барлық негіз бар. Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр», - деді ол.

Жиналыс барысында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары С.Сайфеденов, аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.Тұрысбеков, №10 қалалық емханасының бас дәрігері, қалалық Мәслихат депутаты А.Мұсабаева, Қазақ қатынас жолдары университетінің ректоры А.Омаров, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ибраева, «Ерке Нұр» ЖШС-ң президенті Ф.Мерхамитқызы және Әуезов аудандық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы міндетін атқарушы Ж.Жомартов сөз сөйлейді.

Елбасының дәстүрлі халыққа Жолдауы ел үшін елеулі оқиғаға айналып отыр, өйткені ол еліміздің таяу уақыттағы ішкі және сыртқы саясатын анықтап, баршамыз үшін бағыт бағдар беретін мәні зор құжат. Сонымен бірге, Бекқали Торғаев биылғы Жолдау бұған дейінгі Жолдаулардың жалғасы ретінде бір-бірімен ұштасып келе жатқандығын еске сала отырып, аудандық қызметтің басшыларына Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды. Аудан активінде сөз алғандар биылғы Жолдауда айтылған басымдықтар жөнінде әңгіме өрбітіп, оның мемлекетіміздің дамуына серпін беретіндігін атап өтті.

2011 жылдың 28 қаңтарында Әуезов ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын тыңдау шарасы өткізілді. Аталмыш шараға әкім аппаратының, құрылымдық бөлімдері мен аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері қатысты.


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы