КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
06:11:45 сарсенбi, 2017 жылғы 26 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2011 жылғы ақпарат

2011 жылдың 26 желтоқсанында №149 орта мектебінде әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, үздік оқитын 1-7 сыныптар аралығындағы оқушыларға арналған жыл сайынғы Алатау ауданы әкімінің шыршасы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары М.Балбаева бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, оқуда табыстар тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімдігі атынан балаларға сыйлықтар мен қысқы жылы киімдер табыстады.

2011 жылдың 14 желтоқсанында Алатау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Б. Мәнізоровтың қатысуымен Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақ елі - жүрегім» атты іс-шара өтті.

Аудан әкімі Б.Мәнізоров бірқатар азаматтарға, әкімшілік қызметкерлеріне алғыс мадақтамаларын табыстады. Тәуелсіздік құрдастарына да аудан әкімінің атынан ноутбуктар сыйланды. Кештің қадірлі қонағы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Б.Сәмединова аудан тұрғындарына өз жыр шашуын тарту етті.

2011 жылдың 12 желтоқсанында «Дархан» ықшамауданында аудандық Ішкі істер басқармасының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті.

Оған Алматы қаласының әкімі А.Есімов, қалалық ІІД бастығы Е.Тұрғұмбаев, Алатау ауданының әкімі Б.Мәнізоров, АІІД бастығы Қ.Әшіров, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. қатысты.

Жаңа ғимаратта қала әкімі А.Есімов қалалық ІІД өкілдерімен жиын өткізді.

2011 жылдың 30 қарашасында Алатау ауданының әкімі Б.Мәнізоровтың қатысуымен аудандық Жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі тұрғындар мен қала қонақтарын келе жатқан Тәуелсіздіктің 20-жылдығы мен Жаңа жыл мерекелерімен құттықтады.

Шыршаны салтанатты түрде аудан әкімі жақты. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткен театрландырылған қойылым баршаға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

2011 жылдың 29 қарашасында Алатау ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойының аясында аудандық білім беру қызметкерлері арасында көркемөнерпаздар байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты білім саласы қызметкерлері арасында көркемөнерді кеңінен насихаттау, дамыту, ұлттық өнерді дәріптеу және талабымен ерекше танылған мамандарды жан-жақты қолдау болды.

Байқауға қатысушылар тәуелсіздік туралы театрланған көрініс, ән, ұлттық аспаптар оркестрінің орындауында күй, би, көркемсөз бойынша өнер көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2011 жылдың 5 қарашасында №114 мектепте ауданның жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» патриоттық акциясы өтті. Аталмыш шара барысында, оқушылардың орындауында Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған театрландырылған көріністер қойылды, сондай-ақ өлеңдер оқылып, әндер айтылды.

2011 жылдың 29 қазанында сағат 11.00-де Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ауданның мемлекеттік мекемелері арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. 2011 жылдың 26 қазанында сағат 10.00-де №165 балабақшаның акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің бақытты ұландары» атты бүлдіршіндердің қатысуымен таңертеңгілік өтті.

2011 жылдың 26 қазанында сағат 11.00-де Гончаров атындағы ҚазАЖИ-дің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Қазақстан-2030» даму стратегиясының қабылдануына 14 жыл толуына орай, «Қазақстан-2030»: Тәуелсіздікті нығайтудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2011 жылдың 22 қазанында сағат 11.00-де №149 жалпы білім беретін мектепте «Тарих тағылымы» атты Тәуелсіз Қазақстан тарихы залының ашылуы өтті.

2011 жылдың 21 қазанында сағат 11.00-де, «Арагви» мейрамханасында (Райымбек даңғылы, 309) Халықаралық қарттар айлығы аясында Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауданның жалғызілікті және мүмкіндігі шектеулі 80 қартына арналып қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды.

2011 жылдың 15 қазанында сағат 10-00-де «Халық» спорт, ойын-сауық - саябақ кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Алматы қалалық және аудандық прокуратура органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

2011 жылдың 15 қазанында сағат 12.00-де Алатау ауданы әкімі аппараты мен аудандық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының арасында «Алтын күз – Алатауда» атты күзгі бал сайысы ұйымдастырылды.

2011 жылдың 14 қазанында сағат 15-00-де «Домиллион» сауда орталығының «Әл-Араби» мейрамханасында аудандағы мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналып қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

2011 жылдың 8 қазанында сағат 10.00-де №156 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақтың астында» атты ұлттар мен ұлыстардың фестивальі болып өтті.

2011 жылдың 5 қазанында сағат 12.00-де «Варна» мейрамханасында Халықаралық қарттар күніне орай, салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шарада, Алатау ауданында тұратын 150 қартқа арналып ақ дастархан жайылып, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады. Сонымен қатар, аудан әкімі атынан азық-түлік себеттері таратылды.

2011 жылдың 5 - 8 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Республикалық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін бокстан жасөспірімдер арасында турнир өтті. 4 күнге созылған жарыстың жеңімпаздары Алматы қаласы әкімінің арнайы жүлделерімен марапатталды.

2011 жылдың 1 қазанында сағат 10.00-де Алматы қаласы «Трудовик» ықшам ауданында Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовтің қатысуымен «Халық» спорт, ойын-сауық - саябақ кешенінің ашылу салтанаты өтті. Кешеннің ашылу салтанатына орай футболдан, волейболдан, баскетболдан қала әкімі кубогы жолында турнир өтіп, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2011 жылдың 29 сәуірінде сағат 15.00-де «№152 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған аудандық салтанатты жиын өтті.

Салтанатты іс-шарада Алатау ауданының әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауданның қоғамдық-саяси дамуына үлесін қосқан азаматтарға алғыс хаттарын табыстады.

2011 жылдың 21 сәуірінде сағат 12.00-де «Экзотика» мейрамханасында Чернобыль атом электро станциясындағы апаттың 25 жылдығына орай Алатау ауданындағы Чернобыль ардагерлеріне арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

2011 жылдың 6 сәуірінде сағат 18.00-де Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда Елбасын қолдаушылардың форумы өтті.

2011 жылдың 20 наурызында сағат 11.00-де Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда («Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі,26) қала әкімі А.С.Есімовтың қатысуымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

2011 жылдың 28 ақпанында сағат 11.00-де Алматы қаласы Алатау ауданы («Ұлжан-1» ық.ауданы) №152 орта мектептің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтарда «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б.Нүсіпованың аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.

2011 жылдың 15 ақпанында сағат 17.00-де Алатау ауданы әкімі аппаратының Үлкен мәжіліс залында («Шаңырақ-2» ық.ауданы, Жанқожа Батыр көшесі,26) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында Алатау ауданының активі өтті. Жиынға Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан тұрғындары, аудандық қызмет орындарының басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, ПИК төрағалары, білім және медицина саласының қызметкерлері қатысты.

2011 жылдың 15 ақпанында сағат 15.00-де Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында («Шаңырақ-2» ық,ауданы, Жанқожа Батыр көшесі, 26) Кеңестер Одағы әскерінің Ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистерді аудан әкімінің салтанатты қабылдауы өтті.

2011 жылдың 31 қаңтарында №26 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында Алатау ауданы бойынша «Қазақ тілінің ең үздік мұғалімі - 2011» байқауы өтті. Жеңімпаз мұғалімдерге Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрайымы Д. Баталова мақтау қағаздары мен сыйлықтарын табыс етті.

2011 жылдың 17 қаңтарында Алматы қаласы Алатау ауданының №169 ЖББМ мәжіліс залында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының кезекті ІІ партия конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Бейдали, «Нұр Отан» ХДП Алатау аудандық филиалының Төрағасы, аудан әкімі – Б.Мәнізоров қатысып сөз сөйледі.

2011 жылдың 3 қаңтарында сағат 10.00-де «Domillion» сауда ойын-сауық орталығында «Нұр Отан» ХДП Алатау аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қош келдің, жаңа жыл!» атты қайырымдылық кеш өткізілді. Іс-шара барысында Алатау ауданының мүмкіндігі шектеулі, отбасылық жағдайы төмен 100 балаға мерекелік концерт ұйымдастырылып, демеушілер көмегімен сыйлықтар үлестірілді.


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы