КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
10:22:49 дүйсенбі, 2014 жылғы 20 қазан

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
1-қазан - Қарттар күніне және 22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай іс-шара

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА -155/18 мекемесінде 1-қазан - Қарттар күніне және 22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Түрксіб аудандық әкімдік пен ЛА -155/18 мекемесі бірлесіп өткізген шараға Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі, Парасат және Достық орденінің иегері Асылы Осман Әлиқызы, Алматы қаласы және Алматы облысы Қаржы Департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Пчелкин,Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы К.Құрымбаева,Алматы қаласы мәжіліс депутаты Б.Оспанов қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 41-сессиясының ұсынымы бойынша Халықаралық қарттар күнін дәстүрлі түрде жыл сайын 1-қазанда атап өтіп келеді. Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – егде кісілеріміздің мәселелеріне, олардың жеке және әлеуметтік мұқтаждықтарына жұртшылықтың назарын аудару,олардың ішкі әлеуметін іске асыру,олардың мәртебелерін көтеру болып табылады.

Шара барысында мерекеге орай шықырылған қонақтар өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіріп,ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Шараның соңы «Локомотив» Алматы эксплуатациялық локомотивтік депосы ұжымының мерекеге орай дайындаған концертіне ұласты.

212121331

Ұстаздар күні

Ағымдағы жылдың 4 қазанында аудандағы «Керуен сарайы» мейрамханасында ұстаздар қауымы өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Салтанатты жиынға Түрксіб ауданы оқу бөлімінің бастығы М.Бұзаубеков және аудан әкімі В.Устюгов ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі. Құттықтау сөзден кейін аудан әкімі осы саланың еңбек ардагерлерін, сонымен қатар ерен еңбектері үшін бірқатар мұғалімдерді грамотамен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады. Мерекенің соңы концертке ұласты.

212121331

Қала күніне және Алматыдағы Мәдениет жылына арналған дәстүрлі жыл сайынғы «Баспалдақ-2012» фестивалі

2012 жылдың 30 қыркүйегінде «Медеу» шатқалында Райымбек батырға, Қала күніне және Алматыдағы Мәдениет жылына арналған дәстүрлі жыл сайынғы «Баспалдақ-2012» фестивалі өтті. Бұл фестивалға Түрксіб ауданының салауатты өмір салтын ұстанушылары қатысты.

Жарысқа Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Барлығы 100 адам, соның ішінде дене тәрбиесінің ұстазы Сембаев Серік Мұхтарұлы армрестлинг жарысынан бірінші орынды иемденіп, бағалы сыйлықпен марапатталды.

212121331

«Әділет кеңес береді» атты ұйымдастырылған Республикалық акция

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Түрксіб ауданының мәжіліс залында ҚР Әділет саласына 20 жыл толуына орай азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру,жергілікті тұрғындарға құқықтық тегін заңдық кеңестер көрсетуде «Әділет кеңес береді» атты ұйымдастырылған Республикалық акцияда «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы филиалымен және барлық аудан әкімдіктерімен бірлесіп аталмыш аумақтардың қарапайым халқымен және студент жастарымен кездесіп,көкейкесті сауалдарына әділет саласының барлық қызметі бойынша құқықтық кеңес берілді. Жиын барысында негізінен жылжымалы нысандарды тіркеу, жаңа қабылданған Кодекс,нотариалды палата, АХАТ қатысты мәселелер төңерегінде әңгіме қозғалды.

Жиында Әділет департаменті бастығының орынбасары З.Сатхожина,Әділет департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі С.Якупбаева,Зиаткерлік меншікке құқықтарын тіркеу бөлімінің бастығы А.Махамбетов,АХАТ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Г.Сәретбаева, Түрксіб ауданы Әділет басқармасының міндетін атқарушы Ж.Дүйсенбаева,Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың бөлім бастығы С.Шантиев, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары А.Ахметовалар акцияға қатысқан азаматтарға,заңды тұлғаларға құқытық заңнама нормаларынан түсініктемелер беріп, аталмыш іс-шараның төңерегінде өтініш білдірген барлық санаттағы азаматтар тегін кеңестер алды.

11231231

«Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ‑ ҚазТест» атты семинар

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде аудан әкімдігі «НұрОтан» ХДП Түрксіб аудандық филиалының ғимаратында «Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ‑ ҚазТест» атты аудандағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен тілге жауапты мамандар арасында семинар ұйымдастырды. «Тілдер мерекесіне» орай өткізілген семинарда «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сай мемлекеттік тілдің оқыту стандарттарын жетілдіру, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі, қазақ тілін меңгерудің деңгейлік талаптарын жүйелеудегі Қазтестің ерекшеліктері төңірегінде әңгіме қозғалды.

Семинарға Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құрымбаева К., төрайымның орынбасары, Әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ-дің мемлекеттік тіл кафедрасының доценті С.М. Иманқұлова, «НұрОтан» ХДП Түрксіб аудандық филиалының кеңесшісі Ж.Е. Батырбеков, және Халыққа қызмет көрсету орталығының, «Эйр Астана» АҚ тілге жауапты мамандары, №13 қалалық емхананың бас дәрігері Қ.М. Темірова т.б. қызметкерлер қатысты.

Келген қонақтар мен тіл мамандары азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚазТестің атқарып жатқан іс‑шараларымен және даму тұжырымдамасымен, ҚазТест жүйесі басшылығымен шығып жатқан оқу‑әдістемелік құралдармен танысты. Семинарға қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, беделін арттыру жолында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын айтып, ризашылықпен тарқасты.

12121212

«Тіл – ұрпақ тағдыры» атты әдеби-музыкалық кездесу кеш

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Түрксіб ауданының №7 Оқушылар үйінде «Тілұрпақ тағдыры» атты әдеби-музыкалық кездесу кеші өтті. Осы шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы азаматтардың кезең-кезеңмен үш тілді меңеру бағдарламасы ерекше аталып өтті. Мемлекеттік тілдің меңеру жүйесін және орыс тілінің функциясын сақтай отырып, шетел тілдерін оқып үйренуге қолайлы жағдай жасауға талап қойылды. Осы міндетерді жүзеге асыру жолымен келешекте Қазақстанды азаматтары үш тілді меңгерген дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттердің қатарында көретініміз анық. Осы кездесу кешін жүргізушілер үш тілде жүргізіп отырды. Кештің құрметті қонақтары: «Президент және Халық» газетінің бас редакторы М.Тоқашбаев, «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ә. Әуелбек, М.Әуезов атындағы мемлекеттік театрының актрисасы К. Тұрғынбекқызы, «Жау журек мың бала» атты фильмде басты рөлді ойнаған А.Төлепов, «Қазақстан патриоты» журналының бас редакторы Р.Қаршалова сөз сөйлеп, қатысушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Концерттік бағдарламада «Шабыт» би тобы, халықаралық байқаулардың жүлдегері «Күшуақ» тобының әншілері А. Дауылбаева мен Ж.Қуанышбай «Ана тілім - тұғырым», «Қазақ елі» әндерін орындады. Фестивалға қатысқандар құрметті қонақтармен естелікке сүретке түсіп, қолтаңбаларын алды.

12121212

«Қазақ тілі –менің тілім» атты тілдер фестивалі

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде №142 жалпы білім беретін мектепте Тілдер мерекесіне орай «Қазақ тілі –менің тілім» атты тілдер фестивалі өтті. Іс-шара қасысушылрдың Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Мектеп директоры Қуатова М. құттықтап, сөз сөйледі. Ауданның мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары осы шараға белсенді қатысты. Әрбір мектеп осы мерекелік кеште Қазақстан халқының сал-дәстүрін, өнерлерін көрсетті. Түрлі тілдерде өлеңдер шырқалып, билер орындалды. Бұл фестивальдың ерекшелігі – іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Құрметті азамат», «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Әлиқызы Османмен болды.

Мұнда оның шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды, қабырға газеті шығарылып, интерактивті тақта арқылы слайдтар көрсетілді. Фестиваль барысында құрметті қонақ мемлекет тілінің мәртебесін көтеру туралы пікірлерімен бөлісті және сұрақтарға жауап берді. Қазақстан халқы тілдерін дамытуға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге зор үлес қосып жүрген бір қатар мұғалімдер аудан әкімінің грамотасымен марапатталды. Осы фестиваль халықтар арасындағы достастығын нығайтуға, өсеклең ұрпаққа елімізде мекендейтін халықтардың салт-дәстүрімен, өнерімен таныстыруға, мемлекеттік тіл мен халықтар тілдерін құрметтеуге бағытталды.

12121212

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Менің елім -Атамекенім» атты мерекелік іс-шара

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде аудандағы №74 ЖБМ мәжіліс залында аудандық әкімдіктің және 3650 әскери бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Менің елім -Атамекенім» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Халықтық мереке ретінде барлық ұлт өкілдерін бірлік пен достыққа шақыратын, өскелең жас ұрпақты Қазақстандық патриотизмге, сонымен қатар адамзаттық ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шара сайыс түрінде өткізілді. Аталған шара барысында ұйғыр, қырғыз, күрд халықтарының әндері айтылып,өлеңдері оқылып, салт-дәстүрлері,ұлттық киім үлгілері көрсетілді. 5 айналымнан тұратын (таныстыру,ұлттық дәстүр көрсету,өлең айту) сайыста жеңімпаздар анықталып, оларға естелік сыйлықтары тапсырылды.

1989 жылы 22-қыркүйекте Қазақстанда «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі,ал орыс тілі-ұлтаралық тіл деп бекітілді. Жыл сайын бұл мемлекеттік тіл мерекесін қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар да тойлап келеді. Тағы бір айта кететіні Қазақстанда 130-дан астам ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы да жұмыс істейді.

1212 1211 121212

Түрксібтіктер қала күнін атап өтті

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде түрксібтіктер қала күнін атап өтті. «Авиатор» стадионында өткен мерекелік шараны «Хостес» тобы және үрмелі оркестрлер, музыканың сүемелдеуімен мектеп оқушыларының көрсетілімдері және жастардың ФЛЭШМОБ (әртүрлі билер), «Мәдениет жылы-2012» аясында өткен аудандық әртүрлі өнер байқауларының және жазғы спорт ойындарының жеңімпаздары салтанатты шерумен бастады.

Шеруден кейін сахна төрінде аудан әкімі В.Устюгов тұрғындарды және қала қонақтарын құттықтап сөз сөйлеп, бір қатар азаматтарды ерен еңбектері үшін мынадай номинация бойынша салтанатты түрде марапаттады. МБМ әдіскері,денешынықтыру пәнінің ең үздік оқытушысы, ауданның ең үздік спорт мектебі, ауданның ең жақсы шығармашылық мектебі,ауданның ең үздік учаскелік полиция инспекторы, ауданның ең үздік медицина қызметкері, ауданның ең үздік коммуналдық қызметкері,ауданның ең үздік ПИК.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен болған мереке барысында қонақтарға арнап қайырымдылық акция ретінде тегін алма, мерекелік бәліштер таратылды. Меркелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мың жарым жылдық тарихы бар әсем қала Алматының туған күні қала бойынша аталып өтті.

1212 1211 121212

«Қала күніне» арналған «Болашақ» атты спорттық мереке

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат 11.00-де «Авиатор» стадионында (Майлина, 142 мекенжайы, Халықаралық әуежай маңында) «Қала күніне» арналған «Болашақ» атты спорттық мереке өтеді.

Аудан әкімдігі Ел Басы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолауындағы маңызы зор басымдықтардың бірі - халықты дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдануға тарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Халықтың аудандағы бар спорт инфрақұрылымына қол жеткізуін кеңейту мәселелері шешілуде.

«Қала күні» аудан бойынша осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылады.

Осы күні «Болашак» атты спорттық мерекенің салтанатты ашылуы, «Болашактың» Туы көтеріледі.

Іс-шара барысында ауданда өткен түрлі спорт ойындарының жеңімпаздары - аудан әкімінің тағы басқа жүлделердің иегерлері спортмендер парады – жарқын безендірілген автокөлікпен және колоннамен өтеді, «Менің сүйікті қалам» атты флеш-моб, жазғы спорттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау мен қошеметтеу, Мерекеде қонақтарға Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерті, «Туған күніңмен, Алматы!» атты тәтті нан ыстық шай мен алма ұсынылады.

Іс-шараға аудан әкімі, қоғамдық ұйымдар, аудан бесленділері, Балалар үйлеріні шығармашылық топтары, оқу орындары және мектепке дейінгі мекемелер ұжымдары, аудан тұрғындары қатысады.

114

114

ҚР Конституциясының 17 жылдығын атап өтті

Ағымдағы жылдың 31 тамызында Түрксіб ауданының тұрғындары ҚР Конституциясының 17 жылдығын атап өтті. С.Сейфуллин атындағы саябақта әкімдіктің ұйымдастыруымен болған салтанатты мереке ҚР гимнімен басталды. Гимн орындалғаннан кейін аудан әкімі В.Устюгов мерекеге жиналған қонақтар мен аудан тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтап, береке-бірлік және егеменді еліміздің әрі қарай гүлдене беруін тіледі. Одан кейін аудан әкімі В.Устюгов 16-жасқа толған азаматтарға жеке куәліктерін және аудан белсенділеріне грамота, алғыс хаттар тапсырды. Мерекенің ерекше айтулы оқиғасы  отасқандарына 60 жыл толған.

Пинчуковтар мен Шибалиндердің гауһар тойларымен құттықтау болды. АХАЖ бөлімінің қызметкерлері мерейтой иелерін тіркеуге қайта отырғызып, неке куәліктері мен сақиналарын табыс етсе,аудан әкімі естелік сыйлықтер мен гүл шоқтарын сыйлады.

Сондай-ақ мереке барысында тұрмысы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 250 баласына мектепке қежетті  құрал-жабдығы салынған мектеп сөмкелері таратылды. Оларға демеушілік көрсеткен Мүгедектер қоғамы, Көп балалы отбасылар Одағы, аудандық «Қазақ тілі» қоғамы, қайырымдылық қоры, «Тұран» КЖП қауымдастығы.

Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласып, отшашумен аяқталды. 

Аудан әкімі бір қатар қызметкерлерді Тәуелсіздіктің 20 –жылдығына арналған медальдармен марапаттады

Ағымдағы жылдың 29 тамызында аудан әкімінің апта сайын болатын жоспарлы кеңесінде аудан әкімі В.Устюгов апта ішінде жасалған жұмыстарды қорытындылаған соң,  бір қатар қызметкерлерді Тәуелсіздіктің 20 –жылдығына арналған медальдармен марапаттады.

Салтанатты жиында ресми түрде ант қабылдаған Ж.Кенжалиев пен А.Тілеуқабылға мемлекеттік қызметкердің куәліктерін тапсырды.

 


Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық байқауы

 Ағымдағы жылдың 23 тамызында Алатау ауданының әкімшілік аппаратында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық байқауы болып өтті. Бұл байқауға Түрксіб ауданы мемлекеттік мекемелерден құралған  «Серпін» атты команда (жетекшісі: Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамы төрайымының орынбасары С.М. Иманқұлова), мемлекеттік тілден бақ сынап қайтты. Команда капитаны Шашаев Ерғали Қадыржанұлы – Алматы‑1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкері, команда мүшелері: Башкеева Ләззат Батырбекқызы – Түрксіб аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, Бағдат Мөлдір Бағдатқызы – Түрксіб аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, Далабаева Айнұр Құлманқызы ‑ № 9 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі, Сатова Ләззат Жақанбайқызы – Түрксіб аудандық ІІБ‑ның кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскесінің инспекторы.

Мемлекеттік қызметкерлер «Көкейкесті», «Ой‑көкпар», «Қайнайды қаның...» атты сайыста мемлекеттік тілге қатысты түйткілді мәселерге өз көзқарастарын айтып, тілдің тұғырын мықтап, беделін көтеру үшін мемлекеттік қызметкер өзі үлгі болу керек деген шешімге келді. 



«Жан шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы

Ағымдағы жылдың 20 тамызында қасиетті Рамазан айының аясында Алматы қаласы білім Басқармасы «№7 Оқушылар үйі» МКҚК  ұйымдастыруымен «Жан шуағы» атты Түрксіб аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Бұл іс-шараға Оқушылар үйін шефтік қамқорлыққа алып   үнемі тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан ҚР ҰҚК ШҚ 2458 әскери бөлімінің қызметкелері де  атсалысты. Күллі мұсылман үшін ең қасиетті айдың соңғы күні 17 тамыз жұма күні таңда арайлап атып, күн көкпен таласа шықты. Шуақты күннің қызуы көтеріле әсем безендіріліп, әуезді ән мен күй төгілген Оқушылар үйі ауласы бүлдіршіндердің шат күлкісіне бөленді. «Қуантсаң баланы қуант...»- демекші таңғы таза ауада тігілген көгілдір шатырлар астында балалар  шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ, ағаш аяқ, лего-құрастыру, үстел теннисі, т.б ойындар ойнаса, бір топ бүлдіршіндер «Бақытты ғаламшардағы бақытты балалар » атты сурет салу байқауына қатысса, бір тобы түрлі түсті борлармен асфальтқа «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында сурет салды.

Акцияның екінші бөлімінде өздерін қоғамдағы өзге сау балалардай сезінген жас бүлдіршіндер  мереке қонақтарына арнап шағын концерт дайындап келіпті. «Бала тілегі», «Ертегілер елінде» атты әндерді нақышына келтіре орындаған Сламова Жайнаға Оқушылар үйі директоры А.М.Даулбаева жаңа оқу жылынан бастап үйден сабақ беретін вокалист мұғалім тағайындайтынын қуанышпен жеткізді. Марсель атты жас бүлдіршін тебіреніп тұрып «Менің Қазақстаным»  атты өлең жолдарын мәнеріне келтіре оқығанда көзіне жас алмаған көрермен болған жоқ.

Қайырымды іске мұрындық болған 2458 әскери бөлімі командирінің орынбасары Мамырқанов Даулет Советқалиұлы сөз алғанда: «ҚР Шекарашыларының құрылғанына 20 жыл толуына орай» осындай игі істерге ұйтқы болып қана қоймай, әскер қатарына кеше ғана шақырылған 30 шақты шекарашы сарбаздарды да ерте келгенін айтты. Өйткені  әрбір сәбидің тыныштығы мен тәтті ұйқысы, бақытты күлкісі үшін ел шебін берік күзетуші шекарашылар өз борыштарының қандай қасиетті екендігіне бүгін  тағы да көздерін жеткізді»- деді.

Іс-шараның үшінші бөлімінде баларға арналып жайылған мол тәтті дастархан ұйымдастырған «№7 Оқушылыр үйі » ұжымы демеушілерге және іс-шараға қатысушы бүлдішіндермен олардың ата-аналарына алғыс білдіріп, мұндай іс-шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып өтті, ал әскерилер болса, мүмкіндігі шетеулі балаларға арнап дайындап келген сыйлықтарын  және тәтті балмұздақтарын ұсынды.


«Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық азаматтар мемлекеттік тілді еркін тегін меңгеруге құқылы» атты брифинг

Агымдағы жылдың 16 тамызында Түрксіб аудандық Әділет Басқармасының мәжіліс залында 30-тамыз Конституция күніне орай Мемлекеттік тілдің қолданыстағы аясын кеңейту мен дамыту туралы Жоспары бойынша Түрксіб аудандық Әділет басқармасы «Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық азаматтар мемлекеттік тілді еркін тегін меңгеруге құқылы» атты брифинг өткізді. Аталған шараға аудандық Әделет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ж.Дүйсембаева,АХАТ бөлімінің жетекші маманы Д.Мұсанова және аудандық ХҚКО-ның инспекторлары қатысты.

Мемлекеттік тілдің жұмыс барысындағы қолданысын қадағалау, құжаттардың мемлекеттік тілде рәсімделуі бойынша сөз қозғау, аудан бойынша азаматтарды қабылдау және құжаттандыру кезіндегі тілдің қолданысын кеңейту және дәйекті етіп жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада АХАТ (азаматтық хал-актілерін тіркеу) бөлімінің жетекші маманы Мұсанова Динара Қалақбайқызы тақырыпқа орай тіл мәселесі, қазіргі кездегі тілдің жағдайы, қолданылу аясы жайында баяндамасын оқыды. Одан кейін баяндамашы тақырып төңерегінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

Сөз соңында Түрксіб ауданы бойынша Әділет Басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ж.Дүйсембаева өз тарапынан  ХҚКО- ының инспекторларына іс қағаздарының тілдік талаптарға сай болуына назар аударып, әрі қарай бірлесіп жұмыс істеу керектігі жөнінде кеңес берді.
«Аудан әкімінің Кубогына» үстел теннисі бойынша финалдық турнир

Ағымдағы жылдың 3 тамызында №44 ЖБМ спорт залында «Мәдениет жылы 2012» орай Түрскіб ауданындағы оқушылар арасында «Аудан әкімінің Кубогына» үстел теннисі бойынша финалдық турнир өткізілді.   Мұндай турнирлер ауданда жыл сайын өтіп тұрады. Жарыстың негізгі мақсаты балалардың үстел теннисіне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру. 

Спорттық шараның нәтижесінде 1-орын №44 мектеп-гимназиясына,2-орын №32 ЖБМ,3-орын №83 мектеп гимназиясына бұйырды. Ал турнирдің үздік ойыншысы  болып Шәмшиев Мұхамед анықталды. Жеңімпаздар және жүлдегерлер аудан әкімінің кубогымен,жүлделі медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Ақ ниетпен» атты мерекелік шара
Ағымдағы жылдың 31 шілесінде «Ашот» кафесінде ауданда тұратын ардагерлер үшін ай сайын ұйымдастырылатын «Ақ ниетпен» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға арнайы шақырылған ардагерлерді,оның ішінде мерейтой және туған күн иелерін аудан әкімі В.Устюгов құттықтап,өзінің лебізін білдірді. 

Дастархан басында бір-бірімен шүйіркелесіп, ән шырқап көңілдері көтерілген қарттар аудан әкіміне және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып жатты. Жастығы мен өмірін Отанын қорғауға және  ұрпақ тәрбиесіне арнаған қарияларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 
Аудан әкімі В.Устюгов жүз жасқа келген соғыс ардагері мерейтойымен құттықтады

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде  аудан әкімі В.Устюгов «Жұлдыз» ықшам ауданының тұрғыны жүз жасқа келген соғыс ардагері Серебренников Павел Ивановичті мерейтойымен құттықтады. Ардагерге зор денсаулық және отбасының амандығын тілеп, Отан қорғаудағы жасаған ерліктері кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге екендігін айтып өтті.    

    Серебренников Павел Иванович Свердлов облысы Мочаншы ауылындағы қарапайым отбасында дүниеге келген.

1942 жылы майданға шақырылған. 3-ші Украиндік және Оңтүстік-Батыс майданында 519 полктың ефрейтор шенінде минометшісі болып соғысқан.

Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, ерлік, Германия түбіндегі Жеңіс үшін, Берлинді алғаны үшін, Будапештті,Венаны алғаны үшін, Жуков медалі, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі жылдары Кавказға, одан кейін Фурензеге кеткен. 1951 жылдан бері Алматыда тұрады, Волховский геологбарлаушылық экпедицияның жұмысшысы болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта бір қызынан немере, шөбере сүйіп отырған бақытты қария. 2010 жылдан бері Түрксіб ауданына көшіп келіп Жеңістің 65-жылдығына орай алған пәтеріне аудан әкімінің көмегімен 34 мың теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Аудандық мектеп оқушыларының арасында оқ ату бойынша Біріншілі

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде «Отан» СТКО (спорттық-техникалық клуб орталығы) «Мәдениет жылы-2012» орай Түрксіб ауданы әкімінің жүлдесіне аудандық мектеп оқушыларының арасында оқ ату бойынша Біріншілік өтті. 

Салауатты өмір салтын сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында оқ ату жарысын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі В.Устюгов  қатысып оқушылардың жарыстарына сәттілік тіледі. Салтанатты ашылудан кейін оқушылар топқа бөлініп нысанаға көздеп атудан жарысқа түсті. Бірінші рет өткізіліп отырған жарыстың нәтижесінде 1-орынды №106 жалпы білім беретін мектеп командасы иеленсе, 2-орынды №50 жалпы білім беретін мектеп командасы иеленді, 3-орынды №170 жалпы білім беретін мектептің командасына берілді. Ал ер балалар арасындағы сайыста 1-орынды №85 ЖБМ-тің оқушысы Макаров Роман,2-орынды №50 ЖБМ-тің оқушысы Шилов Дмитрий,3-орынды Малиновский Александрға берді.

Қыздар арасында 1-орын №32 ЖБМ оқушысы Калинина Дарьяға берілсе, 2-орын №106 ЖБМ-тің оқушысы Муширова Раина, 3-орын №71 ТЛ-дің оқушысы Асади Александраға бұйырды.

Жеңімпаздардың барлығы естелік сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.


Сейсмикалық жаттығу

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Түрксіб ауданы әкімі аппаратының барлық қызметкерлері Алматы қаласы бойынша өткізілген сейсмикалық жаттығуға қатысты. «Дүлей зілзалалардың алдын алуда басқару органдарының, төтенше жағдайлар саласындағы бақылау мен қадағалау жөніндегі комиссиялардың, тұрғындардың  іс- әрекеті» деген тақырыпта өткен бұл шараның басты мақсаты  қала тұрғындарын жер сілкінісі болған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретіп, өзара жылдам көмек көрсетуге пысықтау болып табылады. 


Көлік және байланыс күніне орай шағын футболдан жарыс өткізілді

2012 жылдың 21 шілдесінде «Авиатор» стадионында «Жолдың алматылық бөлімшесі» ҚТЖ ҰК жұмыскерлерінің арасында Көлік және байланыс күніне орай шағын футболдан жарыс өткізілді. Аталған іс-шара ұйымдастырушысы Түркісіб ауданы әкімінің аппараты болып табылады.

Шағын футбол жарысына қалалық теміржол және авиация ұйымдары жұмыскерлерінің командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Алматы қаласының Халықаралық әуежайы иемденді, 2 орынға «Эйр Астана» АҚ командасы ие болды, 3 орын 33 ШЧ теміржолының командасына бұйырды.

Жеңімпаздар 2012 жылдың 4 тамызында Көлік және байланыс Күнін мерекелеу күні С.Сейфуллин саябағында Түркісіб ауданы әкімінің грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.



Оқушылары арасында баскетбол жарысынан «Әкім жүлдесіне» алдын ала ойындар өткізілді

2012 жылдың 09 -12 шілде аралығында Түркісіб ауданының оқушылары арасында баскетбол жарысынан «Әкім жүлдесіне» алдын ала ойындар өткізілді

Бұл іс-шара ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында және балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Түркісіб ауданы әкімінің аппараты аталған жарыс ұйымдастырушысы болып табылады. Жарысқа ауданның жалпы білім беру мектептерінің құрама командалары қатысты.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде спорттық шараның салтанатты ашылуында аудан әкімі В.Н.Устюгов жарысқа қатысушы балаларды құттықтап,балаларға сәттілік тіледі.  

Финалдық турнирде №№142, 84, 89 жалпы білім беретін мектепртер және «Алматы» телеарнасы мен «Алматы ақшамы» газетінің командалары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды №142 ЖБМ командасы, 2-орынды №84 жалпы білім беретін мектептің командасы, 3-орынды №89 мектептің командасы иеленді.      

Іс –шара барысында ең үздік ойын көрсеткен баскетболшылар 3 аталым бойынша марапатталды. Олар : Турнирдің ең үздк ойыншысы– № 142мектеп оқушысы Айтмұхамбетов Ернар, Ең үздік шабуылшы – №84 мектеп оқушысы Нагуманов Константин, Ең үздік орталық ойыншы- №89 мектеп оқушысы марапатталды.

Жеңізпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктар және құрмет грамоталарымен, сондай-ақ  «Алматы» телеарнасы мен «Алматы ақшамы» газетінің командалары алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Астана Күнін атап өтуге арналған мерекелік іс-шара

Ағымдағы жылдың 6 шілде күні С.Сейфуллин саябағында Астана Күнін атап өтуге арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараға Түркісіб ауданының әкімі В.Н.Устюгов қатысып, тұрғындарды Астана күнімен құттықтады, сондай-ақ, мерекеге РҚ Парламеті Жоғарғы Палатасының Сенаторы Төрегелдинов Ж.С., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Есімбаева Г.Е. қатысты.

Қонақтардың құттықтау сөзінен кейін мерекелік іс-шара білім беру, денсаулық  сақтау, №6,7 Оқушылар үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концертпен, жастар үшін ұйымдастырылған спорттық жарыстармен жалғасты.  

Сонымен қатар, мұнда мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды. Кешке жақын жастар үшін «Астана болашақтың қаласы» атты концерттік бағдарлама жүргізілді.

Астана Күнін атап өту салтанаты салютпен аяқталды. Ол 14 рет атылды. Себебі, биылғы жылы біздің жас Астана осыншама жасқа толып отыр.


Түрксіб ауданында «Участок» атты шұғыл- алдын алу іс-шаралары өткізу

Түрксіб ауданында аудан әкімінің жанындағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша құқық қорғау органдарына «Участок» атты шұғыл- алдын алу кешенді іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға көмек көрсету үшін салық, МСЭҚ басқармалары, ТЖ бөлімі, ӨӨБК өкілдерінен жұсысшы топ құралды.

Жұмысшы топ ағымдағы жылғы қыркүйектің 5-14 аралығында күнделікті сағат 18.00-ден аудандағы мейманхана қорын белгіленген стандартар мен санитарлық нормаларға сәйкестігін тексереді.

Іс-шаралардың мақсаты құқыққорғау органдарына қоғамдағы тәртіпті сақтауға және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу болып табылады.

31 июля т.г. в кафе «Ашот» состоялось праздничное мероприятие «От всей души», которое каждый месяц организовывается для ветеранов района. Аким района В.Устюгов поздравил приглашенных именинников с днем рождения и юбилеем. Ветераны, собравшиеся за праздничным столом выражали свою благодарность акиму и всем оранизаторам данного мероприятия. Мероприятие, организованное в целях оказания дани уважения ветеранам, которые отдали свои жизни за защиту Родины, воспитание будущего поколения завершилось концертной программой.

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде «Ашот» кафесінде ауданда тұратын ардагерлер үшін ай сайын ұйымдастырылатын «Ақ ниетпен»атты мерекелік шара өткізілді.

«Ашот» кафесінде ауданда тұратын ардагерлер үшін ай сайын ұйымдастырылатын «Ақ ниетпен» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға арнайы шақырылған ардагерлерді,оның ішінде мерейтой және туған күн иелерін аудан әкімі В.Устюгов құттықтап,өзінің лебізін білдірді. Дастархан басында бір-бірімен шүйіркелесіп, ән шырқап көңілдері көтерілген қарттар аудан әкіміне және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып жатты. Жастығы мен өмірін Отанын қорғауға және ұрпақ тәрбиесіне арнаған қарияларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында №9 қалалық емханада медицина қызметкерлері арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде » атты мемлекеттік тіл байқауы болып өтті. Байқауды №9 қалалық емхана әкімшілігі мен Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» медицина қызметкерлерінің қосқан үлесін анықтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін асқақтату.

№9 қалалық емхананың хирургия, арнаулы медициналық көмек көрсету, терепия,т.б бөлімдерінен құралған ақ халатты абзал жандар бес командаға бес командаға бөлініп, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтатын болсақ «Парасат», «Қызыл жебе», «LFR», «Жас қазақ», «Жалынды жастар».

Байқауға қатысушылар төмендегідей 4 номинация бойынша бақ сынасты:

1.Таныстыру, 2.тілмаш, 3. Алғыр, 4.іскер

Нәтижесінде бірінші орынды барлық атаулар бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, белсенді, жас қыздардан құралған «Жалынды жастар» тобы жеңіп алды. Жүлделі орындарға ие болған командаларға Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамы мен емхана әкімшілігі кадр бөлімінің тағайындаған бағалы сыйлықтары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында №44 ЖБМ спорт залында «Мәдениет жылы 2012» орай Түрскіб ауданындағы оқушылар арасында «Аудан әкімінің Кубогына» үстел теннисі бойынша финалдық турнир өткізілді. №44 ЖБМ спорт залында «Мәдениет жылы 2012» орай Түрскіб ауданындағы оқушылар арасында «Аудан әкімінің Кубогына» үстел теннисі бойынша финалдық турнир өткізілді. Мұндай турнирлер ауданда жыл сайын өтіп тұрады. Жарыстың негізгі мақсаты балалардың үстел теннисіне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру. Спорттық шараның нәтижесінде 1-орын №44 мектеп-гимназиясына,2-орын №32 ЖБМ,3-орын №83 мектеп гимназиясына бұйырды. Ал турнирдің үздік ойыншысы болып Шәмшиев Мұхамед анықталды. Жеңімпаздар және жүлдегерлер аудан әкімінің кубогымен,жүлделі медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 8 тамызында ауданда №145 бөбекжай балабақшасының ашылу салтанаты болды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі В.Устюгов, аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудандық білім бөлімінің бастығы М.Бұзаубеков қатысты. Құттықтауға арнайы келген аудан әкімі В.Устюгов бала-бақша ұжымын ашылу салтанатымен құттықтап, балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріне табыс тіледі.

№145 санаториялық балабақша бөбекжайға келген балалар аптаның бес күнінде тәулік бойы сабақ оқып демалатын болады. Бұл бақшаға келетін балалар фтизиатр маманының жолдамасымен келеді. Әрбір 3-6 айда балалар туберкулез диспансерінде диспансерлік тексеруден өтіп тұрады. Санаториялық балабақша ұжымының негізгі тапсырмасы жүйелі түрде таңғы жаттығулар, дене шынықтыру сабақтарын,спорттық ойындар және балалардың денелерін шынықтырып, көңілдерін сергітетін түрлі шаралар өткізу. Бұнда келген балалардың барлығы дәрігердің кеңесімен өзгеше ем және жалпы профилактикалық емдік шараларын алуға мүмкіндіктері болады, сонымен қатар бес уақыт құнарлы және дәруменді тағамдармен тамақтандырылады.

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде биыл зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың құрылғанына 15 жыл толып отыр. Аталмыш орталықтың аудандағы филиалы атаулы мерейтойды аудандағы армян мәдени орталықтың ғимаратында салтанатты түрде атап өтті. Аталған шараға аудандық әкімдіктің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Н.Смағұлова зейнетақы төлеу орталығын құттықтап, бір қатар қызметкерлерді аудан әкімінің атынан алғыс хаттар тапсырды. Мерейтой иелерін құттықтай келген қонақтар жылы лебіздерін білдіргеннен кейін салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде С.Сейфуллин саябағында Астана Күнін атап өтуге арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараға Түркісіб ауданының әкімі В.Н.Устюгов қатысып, тұрғындарды Астана күнімен құттықтады, сондай-ақ, мерекеге РҚ Парламеті Жоғарғы Палатасының Сенаторы Төрегелдинов Ж.С., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Есімбаева Г.Е. қатысты.

Қонақтардың құттықтау сөзінен кейін мерекелік іс-шара білім беру, денсаулық сақтау, №6,7 Оқушылар үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концертпен, жастар үшін ұйымдастырылған спорттық жарыстармен жалғасты.

Сонымен қатар, мұнда мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды. Кешке жақын жастар үшін «Астана болашақтың қаласы» атты концерттік бағдарлама жүргізілді. Астана Күнін атап өту салтанаты салютпен аяқталды. Ол 14 рет атылды. Себебі, биылғы жылы біздің жас Астана осыншама жасқа толып отыр.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесі мен 12 шілдесі аралығында Түркісіб ауданының оқушылары арасында баскетбол жарысынан «Әкім жүлдесіне» алдын ала ойындар өткізіледі Бұл іс-шара ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында және балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Түркісіб ауданы әкімінің аппараты аталған жарыс ұйымдастырушысы болып табылады. Жарысқа ауданның жалпы білім беру мектептерінің құрама командалары қатысады. Баскетболдан финалдық ойындар 2012 жылдың 13 шілдесінде өткізілетін болады.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Спорттық шараның салтанатты ашылунда аудан әкімі В.Н.Устюгов жарысқа қатысушы балаларды құттықтап,балаларға сәттілік тіледі. Финалдық турнирде №№142, 84, 89 жалпы білім беретін мектепртер және «Алматы» телеарнасы мен «Алматы ақшамы» газетінің командалары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды №142 ЖБМ командасы, 2-орынды №84 жалпы білім беретін мектептің командасы, 3-орынды №89 мектептің командасы иеленді. Іс –шара барысында ең үздік ойын көрсеткен баскетболшылар 3 аталым бойынша марапатталды. Олар : Турнирдің ең үздк ойыншысы– № 142мектеп оқушысы Айтмұхамбетов Ернар, Ең үздік шабуылшы – №84 мектеп оқушысы Нагуманов Константин, Ең үздік орталық ойыншы- №89 мектеп оқушысы марапатталды. Жеңізпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктар және құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Алматы» телеарнасы мен «Алматы ақшамы» газетінің командалары алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде «Авиатор» стадионында «Жолдың алматылық бөлімшесі» ҚТЖ ҰК жұмыскерлерінің арасында Көлік және байланыс күніне орай шағын футболдан жарыс өткізілді. Аталған іс-шара ұйымдастырушысы Түркісіб ауданы әкімінің аппараты болып табылады. Шағын футбол жарысына қалалық теміржол және авиация ұйымдары жұмыскерлерінің командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Алматы қаласының Халықаралық әуежайы иемденді, 2 орынға «Эйр Астана» АҚ командасы ие болды, 3 орын 33 ШЧ теміржолының командасына бұйырды. Жеңімпаздар 2012 жылдың 4 тамызында Көлік және байланыс Күнін мерекелеу күні С.Сейфуллин саябағында Түркісіб ауданы әкімінің грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде сағат 10.00-де Түрксіб ауданы әкімі аппаратының барлық қызметкерлері Алматы қаласы бойынша өткізілген сейсмикалық жаттығуға қатысты. «Дүлей зілзалалардың алдын алуда басқару органдарының, төтенше жағдайлар саласындағы бақылау мен қадағалау жөніндегі комиссиялардың, тұрғындардың іс- әрекеті» деген тақырыпта өткен бұл шараның басты мақсаты қала тұрғындарын жер сілкінісі болған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретіп, өзара жылдам көмек көрсетуге пысықтау болып табылады.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде «Отан» СТКО (спорттық-техникалық клуб орталығы) «Мәдениет жылы-2012» орай Түрксіб ауданы әкімінің жүлдесіне аудандық мектеп оқушыларының арасында оқ ату бойынша Біріншілік өтті.

Салауатты өмір салтын сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында оқ ату жарысын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі В.Устюгов қатысып оқушылардың жарыстарына сәттілік тіледі. Салтанатты ашылудан кейін оқушылар топқа бөлініп нысанаға көздеп атудан жарысқа түсті. Бірінші рет өткізіліп отырған жарыстың нәтижесінде 1-орынды №106 жалпы білім беретін мектеп командасы иеленсе, 2-орынды №50 жалпы білім беретін мектеп командасы иеленді, 3-орынды №170 жалпы білім беретін мектептің командасына берілді. Ал ер балалар арасындағы сайыста 1-орынды №85 ЖБМ-тің оқушысы Макаров Роман,2-орынды №50 ЖБМ-тің оқушысы Шилов Дмитрий,3-орынды Малиновский Александрға берді. Қыздар арасында 1-орын №32 ЖБМ оқушысы Калинина Дарьяға берілсе, 2-орын №106 ЖБМ-тің оқушысы Муширова Раина, 3-орын №71 ТЛ-дің оқушысы Асади Александраға бұйырды. Жеңімпаздардың барлығы естелік сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде аудан әкімі В.Устюгов «Жұлдыз» ықшам ауданының тұрғыны жүз жасқа келген соғыс ардагері Серебренников Павел Ивановичті мерейтойымен құттықтады.

Жексенбі күні аудан әкімі В.Устюгов «Жұлдыз» ықшам ауданының тұрғыны жүз жасқа келген соғыс ардагері Серебренников Павел Ивановичті мерейтойымен құттықтады. Ардагерге зор денсаулық және отбасының амандығын тілеп, Отан қорғаудағы жасаған ерліктері кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге екендігін айтып өтті. Серебренников Павел Иванович Свердлов облысы Мочаншы ауылындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. 1942 жылы майданға шақырылған. 3-ші Украиндік және Оңтүстік-Батыс майданында 519 полктың ефрейтор шенінде минометшісі болып соғысқан. Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, ерлік, Германия түбіндегі Жеңіс үшін, Берлинді алғаны үшін, Будапештті,Венаны алғаны үшін, Жуков медалі, мерейтойлық медальдармен марапатталған.Соғыстан кейінгі жылдары Кавказға, одан кейін Фурензеге кеткен. 1951 жылдан бері Алматыда тұрады, Волховский геологбарлаушылық экпедицияның жұмысшысы болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта бір қызынан немере, шөбере сүйіп отырған бақытты қария. 2010 жылдан бері Түрксіб ауданына көшіп келіп Жеңістің 65-жылдығына орай алған пәтеріне аудан әкімінің көмегімен 34 мың теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 29 маусымында «Ашот» кафесінде ай сайын өткізілетін «Ақ ниетпен» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 90-ға жуық шақырылған ардагерлерді аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.Маринка дастархан басында туған күн және мерейтойларымен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Тек ардагерлер үшін жасалатын бұл шараның негізгі мақсаты оларды өз дәрежесінде дәріптеп, құрметке бөлеу.

Шараның соңы №7 Оқушылар үйі көркемөнерпаздар үйірмесінің ардагерлерге арнайы дайындаған концертімен аяқталды.

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Түрксіб ауданында «26 маусым - Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай №7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Түрксіб Бесжылдығы» аймағындағы балалар мен жасөспірімдер арасында «БІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ!» атты аудандық акция өткізілді. Бұл акцияны өткізудің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерді өмірдегі, тұрмыстағы келеңсіз жағдайлар- нашақорлықпен айналысып, өзін - өзі айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге шақыру болып табылды. Сондай-ақ нашақорлық- СПИД ауруын жұқтырудың бірден-бір жолы екенін түсіндіріп, ондай кеселдерден, дерттен аулақ болуға, салауатты, саламатты өмір салтын құруға баулу.

Іс-шараға аудандық мемлекеттік құқық бөлімінің маманы, Алматы қалалық наркологиялық орталықтың дәрігер-наркологы Әлімбаева Динара Жұмағұлқызы, осы іс-шараға демеушілік көрсеткен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі 2458 әскери бөлімінің командирінің орынбасары Мамырқанов Даулет Советқалиұлы және бірнеше әскери бөлім қызметкерлері қатысты. Таң сәріден басталған «Бақытты ғаламшарда – бақытты балалар!» атты асфальтта сурет салудан ұйымдастырылған және «Армандар орындалатын мекен» атты мольбертте сурет салу байқауына, сондай-ақ алдын ала берілген тапсырма бойынша «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты қабырға газетін шығару байқауына және таза ауада ұйымдастырлған үстел теннисі, шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ, дартс, ағаш аяқ т.б ойындарға 8-18 жасар аралығындағы 200-дей жасөспірімдер қатысып, бүгінгі таңдағы өзекті мәселеге айналған қоғам дерті - нашақорлыққа қарсы күресуге өз үндерін қосты. Іс-шараның екінші бөлімінде «Брейк-данс» би үйірмесінің бишілері өнерін көрсетсе, үгітбригадалар тақырыптық ұрандарын айтып, сахналық қойылымдары арқылы қонақтар мен балаларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Акция соңын балалар ақ матаға түрлі-түсті бояулармен «Біз өмірді таңдаймыз!» деп алақан іздерін басып жыл сайынғы дәстүрлі флеш-мобпен аяқтады. Бұл пайдалы істеріне марқайған жасөспірімдерге демеушілер тәтті балмұздақтар мен салқын сусындар ұсынды.

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Алматы әкімі Ахметжан Есімов индустриализациялау картасына қатысушы бірқатар өндірістік объектілерде болды. Бұл тізімде бірінші болып ауданның «Viva Pharm» компаниясы тұр. Кәсіпорын 120 адамды жұмыспен қамтыған. Компания жыл ішінде вирусқа және аллергияға қарсы көлемі 15 млн. таблетка мен 5 млн. капсуладағы дәрі шығарады. Цехтың салықтық төлемі - 1 млн. теңге.

Алматы қаласында индустриализация картасы бойынша «ПВХ+Драйбленд» ЖШС мемлекеттік қолдауға ие болды. Кәсіпкерлер қала басшысына қапталған трубалар мен фасонды бұйымдарды көрсетті. Жыл сайын мұнда 100 мың қума метр труба мен 8,5 мың дана бұйым шығарылады. Биылғы жылдың басынан бері кәсіпорынның төлеген салығы - 6 млн. 365 мың теңге.

Ахметжан Есімов көпір, автомобиль және темір жолдар құрылысына аса қажет темір-бетон өнімдерін шығаратын тағы бір кәсіпорында болды. «Алматының көпір конструкциялары заводы» ЖШС-і «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы. Әкіммен кездесу кезінде жұмысшылар электрдің, газдың, жылудың үздіксіз берілуі арқасында өнім көлемін ұлағйтуға қол жеткенін айтты. Соңғы жарты жыл ішінде компанияның төлеген салығы - 420 млн. теңгені құрайды. Инфрақұрылымы дамыған кәсіпорында 510 адам жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Аяжан» колледжінің негізінде зейнет жасындағылардың компьютерлік сауаттылықтарын ашқан 10-нан астам зейнеткер алғашқы 2 айлық курсты тәмамдап, сертификаттар алды.

Бұл компьютерлік курстар жас ерекшелігінің психологиясына лайықты әзірленген. Аталған курстың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен қатар, әлеуметтік дағдылану, шығармашылық мүмкіндіктерді жүзеге асыру және жаңа қызықты жұмыс іздеу болып табылады. әр тыңдаушыға қажетті назар аудару үшін кішкене топтар құрылады. Бірінші сабақта үйренушілердің дайындық деңгейі мен қабілеттерін анықтау үшін сұрақ-жауап жүргізіледі.

Аталған компьютерлік курсты аяқтаған зейнеткерлер өздерін әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелеріне, электрондық почтаға, мәтіндік және графикалық редакторларға, музыкаға, фото және видеоға басым назар аударып отырған өскелең ұрпақпен «қатар» сезінетін болады.

Бүгінгі таңда көптеген компьютерлік дайындау орталықтары білім беру бағдарламаларына осындай курстарды қосып отыр. Бұл ересек адамдардың қазіргі заман талаптарына сай жүруіне, техникалық прогресстің жетістіктерін пайдала отырып мүмкіндіктерін дамытуға, күнделікті өмірін мәнді де қызықты етуге және байытуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Баум тоғайында мектеп оқушылары арасында нашақорлық және есірткі бизнесімен күресу, оқушылар арасында велоспортты насихаттау мақсатында велосипед жарысы болды. Бұл жарысқа арнайы келген аудан әкімі В.Устюгов қатысушыларды құттықтады.

Бұл 6 километрлік қашықтықтағы жарысқа 3 санаттық 10 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Нәтижесінде 10 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерден 1-орыныды №44 ЖБМ оқушысы Попугаев Максим, 2-орынды №11 ЖБМ оқушысы Нефедов Михаил, 3- орынды № 20 ЖБМ оқушысы Дудников Дмитрий. 15 жастан 18 жасқа дейнгі жасөспірімдерден 1-орыныды №76 ЖБМ оқушысы Асадуллин Ренат, 2- орынды №50 ЖБМ оқушысы Рябов Виталий, 3- орынды №170 ЖБМ оқушысы Дудка Роман иеленді.

10 жастан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында 1-орын №44 ЖБМ оқушысы Маслов Кристина, 2-орын ЖБМ оқушысы Мантурова Алена, 3 орын №61 ЖБМ оқушысы Репетунова Наташаға бұйырды.

Ағымдағы жылдың 18 маусымында аудандық қорғаныс істер жөніндегі Басқарманың мәжіліс залында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамасын сақтауы туралы үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Бұл шараға «Нұр Отан» ХДП-ның Түрксіб аудандық филиалының жанындағы сыбайлас-жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Даденов Бақыт Молдаханұлы, әскери прокуратураның прокуроры Темірханов Болат, аудандық прокуратураның бөлім бастығы Исаев Әбдіхалық Бариұлы, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Бергенов Қадыр Оразбекұлы және әкімнің орынбасарлары, әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық қызметтердің және құрылымдардың басшылары қатысты.

Мәжілісті ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев бұл шараны өткізудің мәні мен мақсаты туралы қысқаша таныстырып өтіп, әрі қарай жоспар бойынша ретімен жүргізіп отырды.

Мәжілістің күн тәртібіндегі тыңдалған мәселелерге байланысты көптеген сұрақтар қойылып, болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әрі қарай жақсарта беру мақсатында қорғаныс істер жөніндегі Басқарманың жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық құқығын бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеу мақсатында жеке-тәрбие жұмыстарын жүргізу, осы мақсатта ұжымдағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жеке жоспар құру, «сенім телефоны» қызметін кеңейту, сыбайлас жемқорлық жолын алдын алу бойынша жұмыстарды және аталған мәселемен айналысатын мамандар, арнайы мекемелердің өкілдерінің қатысуымен лекция,семинарлар өткізуді жалғастыру; сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның Түрксіб аудандық филиалымен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Түрксіб аудандық қорғаныс істер жөніндегі Басқарманың мәжіліс залында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамасын сақтауы туралы үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Бұл шараға «Нұр Отан» ХДП-ның Түрксіб аудандық филиалының жанындағы сыбайлас-жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Даденов Бақыт Молдаханұлы, әскери прокуратураның прокуроры Темірханов Болат, аудандық прокуратураның бөлім бастығы Исаев Әбдіхалық Бариұлы, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Бергенов Қадыр Оразбекұлы және әкімнің орынбасарлары, әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық қызметтердің және құрылымдардың басшылары қатысты.

Мәжілісті ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев бұл шараны өткізудің мәні мен мақсаты туралы қысқаша таныстырып өтіп, әрі қарай жоспар бойынша ретімен жүргізіп отырды.

Аталған тақырып төңерегінде Түрксіб аудандық қорғаныс істер жөніндегі Басқарма бастығы Е.Е.Аспамбетовтың қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын орындау туралы баяндамасы және «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Бергенов Қадыр Оразбекұлының,аудан әкімінің кеңесшісі С.Н.Шарифкановтың баяндамалары тыңдалды.

Мәжілісте күн тәртібіндегі тыңдалған мәселелерге байланысты көптеген сұрақтар қойылып, болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әрі қарай жақсарта беру жайында бірқатар тапсырмалар беріліп, мынадай ұсыныстар енгізілді: қорғаныс істер жөніндегі Басқарманың жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық құқығын бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеу мақсатында жеке-тәрбие жұмыстарын жүргізу, Осы мақсатта ұжымда осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жеке жоспар құру, «сенім телефоны» қызметін кеңейту, сыбайлас жемқорлық жолын алдын алу бойынша жұмыстарды және аталған мәселемен айналысатын мамандар,арнайы мекемелердің өкілдерінің қатысуымен лекция,семинарлар өткізуді жалғастыру; сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның Түрксіб аудандық филиалымен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында аудан әкімі В.Устюгов «Медицина қызметкерлері күніне» орай аудандағы бірқатар медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Әкім өзінің құттықтау сөзінде ақ халатты абзал жандарға адам денсаулығын емдеудегі еңбектеріне табыс және дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар медицина саласына көп жылдан бері еңбек сіңірген қызметкерлерге бағалы сыйлықтар тапсырды.Атап айтатын болсақ Түрксіб ауданының қалалық туберкулезге қарсы емдеу диспансерінің 29 жылдан бері еңбек етіп келген шаруашылық меңгерушісі Бидамбекова Алла Әнуарбекқызын, «№19 Қалалық емхана» МКҚК терапевт бөлімінің 32 жылдан бері еңбек еткен Паптелева Ольга Равильевна, №4 Қалалық перзентхананың аға мейірбикесі Тұматова Мәрия Көбесқызы, №13 Қалалық емхананың аға акушеркасы Сарыбаева Мира Сатуқызы, №4 Қалалық балалар емханасының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімшесінің меңгерушісі Рахымбаева Сырғаш Рахымбайқызы және т.б ерен еңбектері үшін марапатталды.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Каникул» шұғыл-алдын алу іс-шарасын жүргізу аясында Түрксіб ауданы бойынша қалалық әкімдіктің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ведмоствоаралық комиссия мүшелері Түрксіб ауданының ІІБ КІБ (кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын бөлім) инспекторларымен бірлесіп №32 ЖБМ тексеріп қайтты. Бұл мектепте 1-маусымнан бастап «Күнгей»мектеп жанынан сауықтыру лагері ұйымдастырылған. Онда 160 бала демалуда. Оның ішінде көп балалы отбасынан 82, тұрмысы аз қамтылған отбасынан -74, «тұрмысы төмен отбасынан»-1, «мектептің ішікі есебінен»-2 оқушы. Лагердің мұғалімдер ұжымы және мектеп ұжымы оқушылардың лагердегі бос уақытты ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Мысалға айтатын болсақ бассейн, Алматы қаласындағы мұражайларға экскурсия жасау, саябақта,табиғатта демалу. Сондай-ақ мектеп ұжымы және ПЖК (полцияның жас көмекшісі) есепте тұрған оқушыларды бақылайды, апта сайын рейд жүргізіп, алдын ала кеңесу жұмыстарын жүргізіп отырады.

Ағымдағы жылдың 11 маусымында ауданда орналасқан «Цесна» Футбол клубында аудан әкімінің жүлдесіне оқушылар арасында «Түрксіб ауданы әкімінің Кубогына», «Былғары доп-2012» атты футболдан финалдық турнирлер өтті. Спорттық шараның салтанатты ашылуынан кейін аудан әкімі В.Н.Устюгов жарысқа қатысушы балаларды құттықтап, балаларға сәттілік тіледі.

Финалдық турнирде жалпы білім беретін мектептерден №№44, 59, 142, №71 лицей қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды №71 лицейдің командасы, 2-орынды №142 жалпы білім беретін мектептің командасы, 3-орынды №44 мектеп гимназияның командасы иеленді.

Іс-шара барысында ең үздік ойын көрсеткен футболшылар 3 аталым бойынша марапатталды. Олар : «Ең үздк қақпашы» – №71 техникалық лицейдің оқушысы Янтижанов Әли, «Ең үздік қорғаушы» – №44 мектеп гимназиясының оқушысы Парагульников Гапур, «Ең үздік шабуылшы»- №159 ЖБМ-тің оқушысы марапатталды.

Жалпы ұйымдастырылып отырған іс-шара оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз етуге себеп болды. Жеңізпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктар және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 7 маусымында Түрксіб ауданында Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтті. Бұл ақ халатты абзал жандардың мерекесі, адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын салатын және адам тағдырын арашалаушы жандардың мерекесі.

№4 қалалық клиникалық аурухананың мәжіліс залында аудандық медицина қызметкерлерінің арасында осы күнге арналған «Әсем әуен» байқауы өтті. Аудандық байқауда медицина қызметкерлері сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті. Біреулері домбырамен ән салса, енді біреулері мың бұралып әр ұлттың билерін биледі. Науқастарға ем көрсетуден басқа өнерден де құралақан еместігін көрсеткен медицина қызметкерлеріне залдағы көрермендер және қазылар алқасы ризашылықтарын білдірді.

Аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Ілиясұлы: «Сахнаға шығып ән айтып, би билеген медицина мамандарына қарап, мен қатты таң қалдым. Осындай байқауларды дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізіп отырсақ нағыз таланттар шығатыны сөзсіз. Көрсеткен өнерлері өте тамаша. Сондықтан да байқау деп жарыстырмай бұл шараны мерекелік көңіл көтеру, көңіл сергітіп дем алу деп қабылдайық. Мерекелеріңіз құтты болсын.Еңбектеріңізге тек қана табыс және сәттілік тілеймін» -деді. Шара соңында байқауға қатысқандардың бәріне мақтау грамоталары және естелік сыйлықтармен бірге гүл шоқтары тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 4 маусымында зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың құрылғанына 15 жыл толып отыр. Аталмыш орталықтың аудандағы филиалы атаулы мерейтойды аудандағы армян мәдени орталықтың ғимаратында салтанатты түрде атап өтті. Шараға аудандық әкімдіктің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Н.Смағұлова зейнетақы төлеу орталығын құттықтап, бір қатар қызметкерлерді аудан әкімінің атынан алғыс хаттар тапсырды.

Мерейтой иелерін құттықтай келген қонақтар жылы лебіздерін білдіргеннен кейін салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Ағымдағы жылдың маусым айынанан бастап қыркүйек айына дейін ауданда бекітілген кестеге сәйкес балаларға арналған түрлі спорт ойындарынан спорттық шаралар ұйымдастырылады:

п/п №

Іс-шаралардың атауы

Атауы

өткізілетін орыны

1.

«Былғары доп» аудан әкімінің кубогына футболдан жыл сайынғы турнир

08.06.12ж.

«Кайрат» ФК

Магнитный көшесі, 13а

2.

Аудандық көпшілік веложарысы

16.06.12ж.

Баум тоғайы ҮАК

3.

Волейболдан турнир өткізу

30.06.12ж.

№59 ЖБМ-тің спорт залы

Сауранбаев көшесі, 12

4.

Баскетболдан турнир

14.07.12ж.

№84 ЖБМ-тің спорт залы

Тельман көшесі,56

5.

Оқ атудан жарыс

28.07.12ж.

«Отан» АК

Сейфуллиндаңғылы, 174

6.

Үстел үсті теннис

04.08.12ж.

№44 МГ-тің спорт залы

Огарев көшесі,6

7.

Авиамоделдік спорттан жарыс

19.08.12ж.

«Авиатор» стадионы

Майлин көшесі, 42

8.

Кросс – эстафета

26.08.12ж.

«Авиатор» стадионы

Майлин көшесі, 42

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Түрксіб аудандық әкімдіктің бастамасымен тұрмысы аз қамтылған отбасылардың,көп балалы отбасылар,оның ішінде оралмандардың,мүмкіндігі шектеулі балалар,КЖТІБ-нің (кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын бөлім) есебінде тұрған балалар, №10 мектеп-интернатының балалары және тағы басқалардан 220 баланы жазғы демалыстарын өткізу үшін қала маңындағы «Юный домостроитель» сауықтыру лагеріне шығарып салды. Әкімдіктің ұйымдастырған бұл шарасына аудандағы бір қатар кәсіпорындар демеушілік жасады. Атап айтатын болсақ АРЗ 405, «Магнетик»ЖШС, «МО-1» ЖШС, «АЗМК» ЖШС, «КВОиТ» ЖШС, «Пивзавод №1» ЖШС және басқалары.

Білім беру Басқармасы бойынша жергілікті бюджеттен 470 бала қала сыртындағы «Огонек» лагеріне демалатын болады. Ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап оқушылардың жазғы демалыстарында аудандағы 23 мектепте 3800 оқушыны қамтитын мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылатын болады, олардың ішінде 19 мектеп-тамақтандырады, ал 4 мектепте тамақтандыру болмайды.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында ауданның барлық жалпы білім беретін мектептерінде 2011-2012 оқу жылының аяқталуына байланысты «Соңғы қоңырау» салтанаты өткізілді. Биыл 2011-2012 оқу жылын аудан бойынша 719 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде «Алтын белгіге» -6 үміткер, «Үздік аттестатқа» -11 үміткер бар. Түрксіб аудандық әкімдіктің қызметкерлері мектептердегі соңғы қоңырау салтанатына қатысып, мектеп бітіруші түлектерді құттықтап қайтты.

Сондай-ақ осы күні аудандағы С.Сейфуллин атындағы саябақта «Табиғат» субұрқағының ашылу салтанаты болды. Барлық тұрғындарды және қонақтарды осы мерекені тамашалады.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында №6 Оқушылар үйінің алдында Түрксіб ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мәдениет жылы» аясында мектептер арасында сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған көз тартарлық заттар балалардың өз қиялынан туындаған. Сондай-ақ көрмеге кесте, ұсақ-мошақпен тігілген жұмыстар,кестелі суреттер қойылған.

Байқаудың соңы оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында №6 Оқушылар үйінің алдында Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, Түрксіб аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Түрксіб аудандық әкімдікпен бірлесіп Қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізді. Аталған шараға Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының бастығы Ә.Құлмаханов, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары І.Қабдолұлы қатысып сөз сөйледі.

- «Бүгінгі бос жұмыс орындар жәрмеңке бірінші кезекте еңбек нарқындағы жалпы жағдайды тұрақтандыру, жұмыс іздеуші азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына көмек көрсетуге бағытталады.Сондай-ақ осы жерден халықтың әлеуметтік қорғау мәселесі және жаңа еңбек кодексі бойынша білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндіктер болады. Ұйымдастырылып отырған жәрмеңке жұмыс іздеушілер үшін тиімді болатынына сенімдіміз» -деді аудан әкімінің орынбасары Ілияс Қабдолұлы. Ағымдағы жылдың 24-мамырындағы көрсеткішке қарағанда Түрксіб аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі және кәсіби оқыту курсына жолдамамен 1200 адам хабарласқан. Олардың ішінде жұмыссыз есебінде 670 адам есепке қойылса, 230 адам жұмысқа орналасқан, қоғамдық жұмысқа 200 адам, әлеуметтік жұмыс орынға 52 адам және мамандыққа даярлау курстарына 100 адам жіберілген.

Жәрмеңкенің басты мақсаты жұмыс іздеуші азаматтарға жұмыс беруші мен іздеушілер арасында тікелей байланыс жасап жұмысқа орналасуына көмек көрсету. Бұл жәрмеңкеге 300-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынған 35 жұмыс беруші қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеде Басқарманың аудандық бөлімдері, аудандық Жұмыспен қамту орталығының бөлімдері еңбек заңдылығына қатысты, тұрғын үй көмегін алу, мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылардың алатын көмекті тағайындау мәселелеріне кеңес алу мүмкіндіктері болды.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында Алматы қаласы «Самал-2» ықшам ауданындағы «СӘТТI» бизнес-орталығында 2012 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілетін «MART»СОО-ның тұсау кесері өтті. Бұл жоба Алматы-1 ауданындағы Рихард Зорге көшесімен Шолохов көшесінің қиылысында орналасқан. Аталған жоба орташа жалақы деңгейіндегі сатып алушыларға есептелген. Сауда орталығы кәсіби жинақтағы жалға алушылармен Алматы-1 ауданындағы тұрғындарды қызықтыра алады. СОО (сауда ойын-сауық орталығы) аудан және қала тұрғындарының ортылығы және барлық отбасының демалатын орны болады.

СОО-ның жалпы алаңы 27 000 шаршы метр, 500 машинаға арналған автомобилдік тұрақта қарастырылған. Сауда галереясында халықаралық және ресей ритейлердің танымал 130-ға жуық дүкендері ұсынылатын болады. Бұдан басқа сауда орталығына келушілер үшін ойын-сауық аумағы,алты залдық «3D Арман» кинотеатры, балалар алаңы, фаст-фудтың 8 түрлі концепциясы,сондай-ақ кафе және кофейня қарастырылған.

Якорлық жалға алушылар сапасында азық-түлік супермаркеттері, тұрмыстық техника операторлары және «Технодом» элоктроникасы, алты залдық «3D Арман» кинотеатры жоспарланған. СОО вертикалды коммуникациясында сатып алушылар бөліктерін бөлу мүмкіндіктері бар. Олар 10 эскалатармен, 2 травелтормен және Mitsubishi 4 лифтсімен ұсынылған. «MART» сауда-ойын сауық орталығы келешекте Алматы-1 аумағындағы тығыз орналасқан халықтың заманауи сауда-ойынсауық орталығы болады.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында Алматы қаласы «Самал-2» ықшам ауданындағы «СӘТТI» бизнес-орталығында 2012 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілетін «MART»СОО-ның тұсау кесері өтті. Бұл жоба Алматы-1 ауданындағы Рихард Зорге көшесімен Шолохов көшесінің қиылысында орналасқан. Аталған жоба орташа жалақы деңгейіндегі сатып алушыларға есептелген. Сауда орталығы кәсіби жинақтағы жалға алушылармен Алматы-1 ауданындағы тұрғындарды қызықтыра алады. СОО (сауда ойын-сауық орталығы) аудан және қала тұрғындарының ортылығы және барлық отбасының демалатын орны болады.

СОО-ның жалпы алаңы 27 000 шаршы метр, 500 машинаға арналған автомобилдік тұрақта қарастырылған. Сауда галереясында халықаралық және ресей ритейлердің танымал 130-ға жуық дүкендері ұсынылатын болады. Бұдан басқа сауда орталығына келушілер үшін ойын-сауық аумағы,алты залдық «3D Арман» кинотеатры, балалар алаңы, фаст-фудтың 8 түрлі концепциясы,сондай-ақ кафе және кофейня қарастырылған.

Якорлық жалға алушылар сапасында азық-түлік супермаркеттері, тұрмыстық техника операторлары және «Технодом» элоктроникасы, алты залдық «3D Арман» кинотеатры жоспарланған. СОО вертикалды коммуникациясында сатып алушылар бөліктерін бөлу мүмкіндіктері бар. Олар 10 эскалатармен, 2 травелтормен және Mitsubishi 4 лифтсімен ұсынылған. «MART» сауда-ойын сауық орталығы келешекте Алматы-1 аумағындағы тығыз орналасқан халықтың заманауи сауда-ойынсауық орталығы болады.

Ағымдағы жылдың 18 мамырында аудандық Ардегерлер кеңесі аудандағы Ұлы отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне қайырымдылық көмек көрсетті. Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесі және «Алматы қаласы ҰОС-ның ардагерлері» ҚҚ бірлесіп өткізген қайырымдылық шараның негізгі мақсаты соғыс ардагерлеріне және соғыстан қайтпай қалған жауынгерлердің жесірлеріне құрмет көрсету болып табылады.

«Соғыс ардагерлерінің жесірлеріне материалдық көмек көрсету және еске алу» қайырымдылық акциясына орай аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.Маринка және Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.Моисеева арнайы шақырылған қонақтар Е.Ибатулина, В.Лысенко, В.Плетнева,Л.Терёхина, Н.Чернышеваларға ерлерінің Отан қорғаудағы ұрпаққа үлгі боларлық ерліктері үшін алғыс білдіріп, 15 мың теңге көлемінде ақшалай көмек берді.

Ағымдағы жылдың 17 мамырында жыл сайын салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жазғы демалыс кездерінде әртүрлі іс-шаралар спорттың футбол, веложарыс, волейбол, баскетбол, оқ ату, үстел үстіндегі теннис, авиамоделдік спорт, кросс – эстафета сияқты түрлерінен өткізіліп отырады.

Бір аптадан кейін балалардың асыға күткен жазғы демалыстары да басталады. Осыған байланысты Түрксіб ауданының әкімдігі жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың арасында жазғы демалыс кезінде демалыс орталықтарында және стадионда спорттық іс-шаралар ұйымдастырмақшы.

Ауданда 8 демалыс орталығы және 12 000 мыңға жуық адам баратын әртүрлі саладағы 7 спорттық нысан жұмыс істейді ( №11 БЖСМ, "Абылай хан", "Футбол лэнд" спорттық кешен, "Отан"атқыштар клубы, стадионы "Алаш", "Авиатор",«Цесна»ФК). Багратион көшесінде және «Жұлдыз» ықшам ауданында екі спорттық алаң ашылған.

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Түрксіб ауданына қарасты №84 ЖББМ-тің мәжіліс залында Алматы қаласы әкелер кеңсінің Слёті өткізілді. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев, мектеп директоры Ж.Сатаева және мектеп ұжымы қатысты.Әкелер слётінің негізгі мақсаты ер азаматтың отбасы тәрбиесіндегі қоғамдық мәртебесіне көңіл бөлуі.Отбасылық дәстүрді жеткізудегі жауапты басшы ретінде ер азаматтың қоғамдық жағымды қасиеттерін қалыптастыру.

15-мамыр Халықаралық отбасы күні аясында өткізілген шарада көтерілген мәселелер бойынша Түрксіб аудандық әкелер кеңесінің өкілдері Ғ.Садырқұл, В.Асановтың тақырыптық баяндамалары тыңдалды, ортақ проблеманы шешу жолдары талқыланды.

Ағымдағы жылдың 15 мамырында аудандық Аардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Р.Зорге көшесінде Кеңес Одағының батыры Рихард Зоргенің құрметіне соғыс ардагерлері Н.Ф.Мостовая, В.Т.Шаруденко,А.М.Поповтың қатысуымен мерекелік шара өткізілді. Аталған шарада аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.Маринка батырдың өмірбаяны және ерліктері туралы қысқаша айтып өтті. Батырдың аты ұзындығы 670 м болатын бұл көшеге 1964 жылы қараша айында берілген. Бұрынғы атауы Качалинский болған. Рихард Зорге [22.9(4.10).1895, Баку, - 7.11.1944, Токио], кеңес барлаушысы, журналист, Кеңес Одағының Батыры (5.11.1964, посмертно). 1925 жылдан бастап КОКП мүшесі. 1914 жылы неміс армиясына шақырылып, 1914-18 жылдардағы 1-ші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1917-19 жылдары Тәуелсіз социал-демократиялық партия мүшесі, 1919 жылдан бастап Германия Коммунистік Партиясының мүшесі. 1924 жылы КСРО-ға келіп, кеңестік мекемелерде қызмет атқарды. 30-40 жылдары Германия, Жапония және т.б. мемлекттерде болып, жеке қасиеттері мен қажымас еңбегінің арқасында ұзақ уақыт бойы КСРО-ға қажетті құнды ақпарат жинап отырды. 1941 жылдың жазында КСРО шекарасында орналасқан неміс дивизияларының саны туралы, жау шапқыншылығының уақыты мен неміс-фашистік әскердің әскери қимылы жоспарының жалпы нұсқасы туралы нақты мәліметтер бергендердің бірі болды. 1941 жылдың қазан айында жапон полициясымен тұтқындалып, 1943 жылдың қыркүйек айында өлім жазасына кесілді. Ал бір жылдан соң дарға асылды. Токио қаласында жерленген. Мерекелік шараның соңы №83 МГ оқушыларының дайындаған концертке ұласты.

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Түрксіб аудандық әскери полиция ғимаратының алдында ауданның жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сыныптарындағы ер балаларды Қараой кентінде өтетін далалық оқу-жаттығуға шығарып салды. 14-18 мамыр аралығында өтетін іс-шарада оқушылар ҚР ҚК (қарулы күштер) Аэроұтқыр әскерінің 61993 әскери бөлімшесінің далалық оқу жаттығу жиынтығының түрлі әдістерімен тансатын болады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған шараның мақсаты мектеп бітіруші ер балаларды әскерге дайындау, оқушылардың физикалық дайындықтарын дамыту, патриоттық сезімдерін жоғарлату болып табылады.

Далалық жаттығу салтанатпен ашылып, практикалық сабақтардың сәтті өтуіне оң сапар тіленді. Әскердегі сарбаздарша сап түзеп, жауынгерлердің формаларын киген оқушылардың алдында аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Бұзаубеков, Түрксіб аудандық ҚІБ-ның басшысы подполковник Е.Аспамбетов құттықтау сөз сөйледі.

25 мектептен жиналған 235-ке жуық оқушы ер балалар бес күндік жаттығуда сарбаздар сияқты ұрандатып жүріп, әр-түрлі жарыстардың додасына түсетін болады. Қару-жарақтарды құрастыру, жүгіру, шабуылдарға шығу, спорттық сайыстардың бәрі де белгіленген ережеге сай жүргізіледі.Отан алдындағы азаматтық борышты өтейтін болашақ сарбаздар шымырлыққа шыңдайтын алғашқы әскери даярлық пән мұғалімдерінің жыл бойы жауынгерлік сабақты қалай оқытқанын осы жаттығу барысында көрсететін болады. 5 күн бойы болатын әскери далалық жаттығуда еркше көзге түскен оқушыларды аудан әкімі В.Устюговтың алғыс хаты және естелік сыйлықтармен марапаттайтын болады.

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде ауданда қала бойынша жарияланған қалалық сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді. Сенбілікке 23 719 адам қатысты. ЖОО, АОО-ның 1110 студенті өз аумақтары мен бекітілген аумақтарды тазалауға шықты. Барлық қатысқандар саны 6985 адам. ПИК қызметкерлері мен көпқабатты сектор тұрғындары – 2512 адам аула аумақтары мен үй алдындғы кішкене бау-бақшаларды тазартумен айналысты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік жұмыскерлерімен Толстой көшесі қоқыстан тазартылды. 9250 адам жекеменшік қоқыс шығару ұйымдарының жұмыскерлері мен жекеменшік үйлер тұрғындары үйлердің, жыр-сайлардың және өзен аңғарларының аумақтарын тазартты.

ҚСҚ -3 ОӨА, «Эталон» ЖШС, «Алматы тазалық» КМК, «Тәртіп» АҚ-ның коммуналдық қызметтер жұмыскерлері саябақтар, арық желілері, жолдар тазалығы және ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы 30 000 п.м. арық желілері тазартылып, 3787 ағаш әктелді. «Агрозапчасть» ЖШС Мостоотряд-1, әскери полиция қызметкерлерімен 3500 п.м. қоршау әктелді, жалпы әктеліп, боялған қоршаулар саны 7650 шаршы метр және бағаналар саны 450. Сенбілікке 167 техника тартылды, оның ішінде 75 аудан кәсіпорындарынан әкелінді, ал 92 коммуналдық қызмет техникасы.

Сенбілікте барлығы 1336 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Түрксіб ауданында наурыз айында туылғандар мен Қазақстанның ардагерлер ұйымына 25 жыл толуына орай «Ақниетпен» атты ардагерлердің кезекті кездесуі өтті. Кездесуде ардагерлерді түған күнімен құттықтап, осы іс-шараның ұйымдастырушыларына, соғыс ардагерлері Нина Федоровна Мостоваяға, Дмитрий Акимович Пятилетовқа және басқаларына сый-құрмет көрсетілді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Семеновна Маринка, белсенділер Нина Ильинична Ермакова және Альбина Александровна Колесникова патриоттық мәдени-бұқаралық жұмыс пен ардагерлерге жылдар бойы көрсетілген әлеуметтік қолдау жайында айтып өтті. Кездесу ардагерлер хорының концертімен аяқталды.

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде ауданда білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 120 орынға арналған жаңа № 149 бала-бақша ашылды. Бала-бақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Түркісіб ауданының әкімі В.Устюгов, қалалық Мәслихат депутаттары және аудан белсенділері қатысты. Аудан басшысы тәрбиешілерді, балалар мен ата-аналарды мектепке дейінгі жаңа мекеменің ашылу мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде бүлдіршіндер келген қонақтар үшін даярлаған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде №50 ЖБМ-де Түрксіб ауданы мектептерінің арасында «Ата-анам және мен - спорт жанұясы» атты «Веселые старты» финалдық ойындары өтті. Бұл спорттық ойындарға 2012 жылдың 30 наурызында өткен алдын-ала іріктеу ойындарының жеңімпаздары қатысты.

Түркісіб ауданы аппаратының ұйымдастыруымен өткен бұл спорттық шараның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра, оған оқушылардың ата-аналарын белсенді қатыстыру болып табылды.

Жарыс 6 кезеңнен тұрды: допты домалата жүгіру, жүгіре шеңберге кіру, секіргішпен секіре жүгіру, доппен секіре жүгіру, аударыла отырып допты лақтыру, үрленетін доптармен секіру. Жарыс қорытындысы бойынша №44 МГ - 1-ші орынды, №74 ЖБМ- 2-ші орынды, №84 ЖБМ - 3-ші орынды, №59 ЖБМ - 4-ші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында №50 жалпы білім беретін мектеп директорының ұйымдастыруымен «Экстремизм- бұл саясат, дін немесе жанкештілік пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға мектеп мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары және ауданның дін өкілдері ,ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Айымбетов қатысты. Бүгінгі күні Қазақстандағы жалған діни ұйымдар балалар мен жастарды өз қатарларына түрлі жолдармен: шетел тілін үйрету курстарына, «экологиялық форумдарға», «қарым-қатынас мектептеріне», «психологиялық семинарларға,қайырымдылық және сауықтыру курстарына, жастар конференциялары мен демалыс лагерьлеріне шақыру және т.б.қосып алуда.

Балаларға қатысы бар бұл ұйымдардың басты мақсаты – балаларымыздың санасы мен дамуын билеп алу, яғни, қазақстан қоғамының жаңа ұрпағын, соған сай біздің қоғамымызды, біздің елімізді, біздің болашағымызды өз билігіне бағындыру. Осы тақырыпқа орай аталған мектептің директоры И.Редько қоғамда болып жатқан дінге қатысты келеңсіздіктерді алдын алу және одан сақ болу туралы жасөспірімдерге кеңінен түсіндіріп өтті. Одан кейін жоғарғы сыныптың оқушылары тақырыпқа орай баяндама жасады. Шара барысында дін өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, балаларға қазіргі қоғамдағы терроризм және экстремизм мәселелері туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың 26 наурызында Түрксіб ауданы бойынша қалалық әкімдіктің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведмоствалық комиссия №78 мектеп мұғалімдерімен бірлесіп оқушылар арасында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында аудандық шығармашылық плакаттар байқауын өткізді.

Аталған шараға аудандық мектептердің 5-11 сыныптың оқушылары, мектептің ішкі есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар, мектептің мұғалімдері, комиссия мүшелері қатысты. Байқауда оқушылар плакаттарын ұсынып, сол еңбектерін қорғап шықты. Оқушылар арасында шығармашылық байланысты орнату, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада кәмелеттік жасқа толмағандармен әңгімелесу жүргізіліп және бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар №78 МГ тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі К.М.Бақбергенова, педагог-психолог А.О.Байғараева да сөз сөйлеп, ақыл кеңестерін айтып өтті.

Сөз соңында байқауда еңбектерімен ерекше көзге түскен бір қатар оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 21 наурызында С.Сейфуллин атындағы саябақта Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз мерекесі» өткізілді.

Мерекелік бағдарламада «қазақ ауылы» ақ шатырлы киіз үйлер тігіліп, ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі, көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысуымен концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, ұлттық салт дәстүрдің көріністері ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында №142 ЖБМ-тің мәжіліс залында оқушылар арасында спорттық жарыс өтті. Түрксіб аудандық әкімдіктің черлидинг бойынша ұйымдастырған спорттық шараға Қазақстан Черлединг Федерациясы қолдау көрсетті. Оқушылар арасындағы черлидинг бойынша жарыс үш номинация бойынша өткізілді: cheer (пирамида құру,акробатика, помпондар), cheer dance (би тізбегі,секіру,помпондар), Cheer Aerobics (би,акробатика)

Черлидинг – бұл cheer и dance бағытындағы спорттың кәсіби түрі. 100 жыл бұрын Америкада дамыған. Ағылшын тілінен аударғанда «қол шапалақтау», «айқайлап жігер беру» деген мағынаны береді. Черлидинг спорттың гимнастика, акробатика және хореграфия сияқты түрлерін байланыстырады, басты мақсаты – көрерменді рухтандыру, өзінің сүйікті командасына жанкүйер болу болып табылады. Бүгіндері Қазақстанда черлидинг ірі қалаларда сондай-ақ аудандарда ерекше дамуда. Алматының өзінде 64-ке жуық команда, ал аудандарда 20-ға жуық команда бар.2007 жылы 4-сәуірде «Қазақстан Черлидинг Федерациясына» тіркелген.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру құралдарын кеңінен пайдалану мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарыстың cheer номинациясы бойынша 1-орынды №85 ЖБМ,2-орынды №50 ЖБМ,3-орынды №115 және №78 ЖБМ оқушылары жеңіп алды. Сheer dance номинациясы бойынша 1-орынды №142 ЖБМ, 2-орынды 44ЖБМ, 3-орынды 32 ЖБМ иеленді. Cheer Aerobics номинациясы бойынша 1-орынды №142 ЖБМ, 2-орын 78 ЖБМ, 3-орын №17 ЖБМ бұйырды.

Жарыстың барлық жеңімпаздары грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Түрксіб ауданында орналасқан №9 Кәсіпттік лицейдің жоғарғы сынып оқушылары арасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және осындай әрекеттерді жасауға бейім тұлғалармен жеке алдын алу жұмыстарын іске асыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз үй» атты акция өткізілді. Аталған іс-шараға Алматы қаласы ІІД зорлық-зомбылықтан әйелдерді қорғау жөніндегі аға инспекторы, подполковник М.Тоқсанова, Алматы қаласы Түрксіб аудандық ІІБ ӘЗЗҚТ инспекторы Б.Байтұғұлова, Түрксіб ауданы бойынша әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы А.Бөкенбаева және лицейдің ұстаздары, оқушылары қатысты.

«Подруги» орталығы өкілдерінің айтуынша Қазақстанда жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылықтан 570-590 әйелдер мен қыздар көз жұмады екен. 2011 жылдың 1 жарты жылдығында Алматы полициясына тұрмыстық озбырлықтан 754 әйел хабарласқан. Жоғарғы сыныптың оқушылар тақырыпқа орай бір-біріне сұрақтар қойып, пікірсайыс өткізді. Шара барысында «Подруги» дағдарыс орталығының өкілдері көтеріліп отырған мәселе төңерегінде сөз қозғап, бұндай әрекеттердің болған жағдайда қалай алдын алу керектігін, болашақта осыған жол бермеу және қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда қол үшін беретіндіктерін кеңінен түсіндіріп өтті. Және де зорлық-зомбылыққа тап болған жандар үшін сенім телефоны әрдайым жұмыс істейтіндігін айтып өтті. Алматы қаласына қарасты «Подруги» дағдарыс орталығының сенім телефоны 298-45-85.

Ағымдағы жылдың 6 наурызында Түрксіб ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Өнеркәсіп кәсіпорындары директорларының кеңесінің» кезекті отырысы болып өтті. Бұл жиынға аудан әкімі В.Устюгов, V шақырылымындағы Алматы қаласы Мәслихаттың депутаттары, Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, аудандық мемлекеттік органдардың өкілдері,ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, «Нұр Отан» ХДП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шара барысында «АЗМК» ЖШС бас директор,V шақырылымындағы Алматы қаласы Мәслихаттың депутаты А.Шардинов «Алматы қаласы және Түрксіб ауданы бойынша 2012 жылдың бекітілген бюджеті», Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ш.Бижанованың «Бизнестің жол картасы-2020»бағдарламасы бойынша «Индустрализацияның картасы»тақырыбында, Түрксіб ауданы бойынша жұмыспен қамту орталығы бөлімінің басшысы А.Жүкенова баяндама жасап, қордаланған мәселелерді талқылады. Кеңестің төрағасы қатысушылардың барлық пікірлерін тыңдап мынадай шешім қабылдады: аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөліміне «Өнеркәсіп кәсіпорын директорлар кеңесі» отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін және аудандық өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларын таныстыру жұмыстарын, күрделі мәселелерді талқылау, жаңа технологияларды енгізу, өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жаңа талқылау, заңнамадағы өзгертулер, қала және аудандық мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша аудандық өнеркәсіп басшыларына мәлімет беру. Кәсіпорын және өнеркәсіпті дамыту бөліміне мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп көктемгі-жазғы мезгілде аудандық өнеркәсіптің еңбек ұжымдары арасында спартакиада ұйымдастыру мәселесін қарастыру ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Балалар шығармашылық үйінде ардақты аналар мен ақжаулықты әжелер, бүгінгі таңда ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әйелдер, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынға келген аналар мен аруларды Құрылықтық жауынгерлердің әскери институтының жас курсанттары гүл шоқтарымен қарсы алып, олардың көңіліне ерекше мерекелік сән берді. Жиында әйелдер қауымын құттықтаған аудан әкімі В.Устюгов:
- Мерекелердің ішінде аталып өтетін 8 наурыз мерекесінің ерекше маңызы бар. Біздің тәуелсіздік жылдарымызда әйелдердің азаматтық белсенділігі, олардың қоғам өміріндегі әлеуметтік орыны артып келеді.
Бүгін Қазақстан әйелдері тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар оң өзгерістердің белсенді мүшелері болып табылады. Қоғамда татулық пен келісімді нығайтуға, жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде әйелдердің атқарып отырған қызметі аса мәртебелі. Сонымен қатар бірлік пен татулықты сақтап, ата дәстүрімізді жалғастыруда әйелдердің атқаратын орны ерекше. Көктеммен бірге келетін бұл мереке бізге жыл сайын жаңғыру мен жаңару қуанышын сыйлап, болашаққа деген сезім мен үміт отын ұялатып күш – қуат береді.

Бүгінгі күні де, аналарымыз бен апаларымыз, замандастарымыз бен қарындастарымыз әр түрлі мамандық салаларында егеменді еліміздің көркеюіне сүбелі үлесін қосып, ауданымызда адал және қажырлы еңбек етіп жатқандарыңызға ерекше ризашылығымды білдіремін»-, дей келе бірқатар әйелдер қауымын ерен еңбектері үшін президенттің алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Аталған мерекемен құттықтау үшін арнайы келген өнер жұлдыздары Б.Исаев, Лаки Кесоглу, жаңадан танылып келе жатқан «Ламия» тобы ән шырқады. Сонымен қатар аудандық және қалалық байқауларда ән айтып, би билеуден жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары да өз өнерлерін сыйға тартты.

Ағымдағы жылдың 1 наурызында “Жетісу” демалыс орталығының би залында аудан демалыс орталықтарының арасында «Мен өмірге ынтықпын» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Дружные ребята» Республикалық балалар газетінің редакторы Гумирова О.Н. және №107 лицейдің денешынықтыру мұғалімі Теличко Н.В. қатысты.

Іс шара «Я люблю тебя Жизнь» атты өлеңмен ашылды. Байқауға Түркісіб ауданының демалыс орталықтарының жас ақындары қатысты. Мұнда әр қатысушы «Мен өмірге ынтықпын» тақырыбында шығарған өлең жолдарын оқыды. Сонымен қатар ұйымдастырылған іс-шарада панасыз балалар туралы фильм көрсетіліп, Ардагерлер кеңесінен келген қонақтар өлеңдерін оқыды. Жас ақындар «8 наурыз» тақырыбында 5 минут ішінде өлең шығару байқауына да қатысты. Байқау нәтижелерін қорытындылау кезінде «Жетісу» демалыс орталығымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада әлем халықтарының биі көрсетілді, «Батыр» демалыс орталығының домбырашылары өнер көрсетіп, «Цвети моя Земля» әні орындалды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасымен жеңімпаздар анықталып, олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ тілінде өлең шығару байқауында жеңімпаз атанғандар:

1 орын - Қубаев Темірлан «Мечтатель» Демалыс Орталығынан;

2 орын - Күзембаева Ажар «Жалын» ДО;

3 орын Нұрқасымов Дәурен «Қарлығаш» ДО;

Орыс тілінде өлең шығару байқауында жеңімпаз атанғандар:

1 орын - Портнягина Евгения «Мечтатель» ДО;

2 орын - Гатаулин Азат «Жетісу» ДО;

3 орын - Абуева Шұғыла «Қарлығаш» ДО;

8 наурыз тақырыбында 5 минут ішінде өлең шығару байқауында жеңімпаз атанғандар:

1 орын -Сейтжанова Адиля «Жетісу» ДО;

2 орын - Далкун «Ұшқындар» ДО.

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында Түрксіб ауданындағы Әуежай мәдениет үйінде аудандық мектеп оқушылары арасында вокалдан байқау өткізілді. Байқау барысында балалар жанды дауыста өлең айтты. Аудандағы жас дарындарды анықтап, таланттыларын шыңдап, үлкен өнер байқауларына қатыстыру мақсатында ұйымдастырған сайысқа 7-ден 10 жас аралығы мен 11-ден 16-ға дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Жалпы айтқанда сайыста қатысушылардың барлығына да еркін тақырыпқа қарай ән шырқауына рұқсат етілді. Сахнада өнер көрсеткен жас әншілер өз өнерлерін көрсеткеннен кейін қазылар алқасы өз бағасын беріп, байқауды қорытындылады. Алғашқылардың бірі болып өнер көрсеткен кішкентай әншілер арасынан 1-орынды №83 МГ оқушысы Болуженова Виолетта, 2-орынды №44 ЖБМ оқушысы Бауыржанқызы Дильназ,3-орынды №59ЖБМ-тің оқушысы Аманғали Шерхан жеңіп алды. 6-11 сынып аралығындағы үлкендер арасынан 1-орын №84 МГ-ның оқушысы Базарбай Рауан,2-орын №106 ЖБМ-тің оқушысы Маратов Фарух, №49 ЖБМ-тің оқушысы Ержанова Ақботаға бұйырды. Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында №32 бала-бақшаның ойын алаңында 13 топтың қатысуымен «Қысқы ертегілер» атты мұзды қалашық жасаудан байқау өткізді. Тәрбиешілер және ата-аналар өздерінің бүлдіршіндері үшін мұздан ертегілер әлемін жасады. Таңғалдыратын мүсіндерге тек балалар ғана емес үлкендер де тамсанды. Балалар ойын алаңына серуендеп шыққанда үйде аналары кітаптан оқып берген ертегі кейіпкерлерін көзбен көріп қызықтады. Олар бұл жерден тіпті тасбақа Тортиланы, жолбарыс, қызыл қоңыз, түйе, көбелек, үйрек, гүлдер, күнді, қолтрауын, Патрикпен Спандж Бобты да кездестіре алды.

Балалар ертегі кейіпкерлерін қызықтап, сырғанақ теуіп және мұздың үстінде хоккей де ойнады. Қуанышқа бөленген балалар өздеріне осындай мереке сыйлаған ата-аналарға және тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.

Байқаудың нәтижесі бойынша 1-орынды «Күншуақ» және «Ақ бұлақ» топтары иеленді, 2-орын «Жұлдыз» тобы және «Таңшолпан» тобына бұйырса, 3-орын «Нұршашу» тобы алды.

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Авиатор» стадионында аудандағы мектеп, ЖОО және АОБМ-нің оқытушылары арасында «Биатлон» бойынша жарыс өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық іс-шараның нәтижесінде әйелдер арасында 1-орынды №44 ЖБМ-тің оқытушысы О.Хуманкина, 2-орынды №20 ЖБМ-тің оқытушысы Р.Мүсірбаева, 3-орынды №84 ЖБМ-тің оқытушысы И.Бодрых иеленді. Ал ерлер арасындағы жарыста 1-орынды №107 ЖБМ оқытушысы Т.Жаров, 2-орын Ф.Ризоев,3-орын №78 МГ-ның оқытушысы А.Қожахметоваға бұйырды. Жеңімпаздардың барлығы грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында №84 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Қазақстан халқы билерінен аудандық байқауы өтті. Әр сыныптың оқушылары Қазақстанда тұратын ұлттардың билерімен таныстырды. Ұлттық киімдерімен орындалған билер көрермендердің көзайымына айналды. Алматы қаласында жарияланған 2012 жыл – Мәдени жылдың аясында ұйымдастырылған мереке әдемі де жарқын болып өтті. 200-ге жуық оқушы қатысқан байқаудың нәтижесінде 1-7 сынып топтарынан 1-орынды №84 ЖБМ, 2-орынды №83 МГ, 3-орынды №76 ЖБМ иеленді, үлкен топтар арасынан 1-орын №83 МГ, 2-орын №106 ЖБМ, 3-орын 115 ЖБМ-ке бұйырды. Оларға грамоталар және естелік сыйлықтары тапсырылды. Байқауға белсенділікпен қатысқан №32 ЖБМ,№71 КЛ,№162 МГ, №7 ОҮ (оқушылар үйі) ұжымдарына ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Түрксіб ауданының №11 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары арасында «Қазақстан Табиғаты» атты тақырыпта ғылыми жобаларды қорғау бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Табиғатты қорғау және Қазақстан аумағында қандай өсімдіктер өсетіндіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада бастауыш сынып оқушыларының аталған тақырып бойынша жасалған жобалары тыңдалды.

Мысалға 4 «А» сынып оқушысы Бухтиярова Дарья «Қазақстан аумағындағы сұлы өнімдері» тақырыбында өнімнің адамға және жануарға қаншалықты пайдасы бар екендігіне жүргізген зерттеу жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Ал аталмыш мектептің 2 «А» сынып оқушысы Кравченко Глеб Қазақстан табиғатын жалпылама түрде зерттеген. 4 «А» сынып оқушысы Бегалиева Эльвира және 2 «Б» сынып оқушысы Квочкина Анастасия, 3 «А» сынып оқушысы Яковлева Алена Қазақстанның өсімдіктері бойынша ғылыми жұмыстар жүргізген. Олар қызғалдақтар, раушан гүлдері және дала өсімдіктері жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Іс-шара барысында қазылар алқасы кейбір аяқталмаған жобаларға ұсыныстар беріп, ең үздік жұмыстарды анықтады.

Байқау нәтижесінде үздік шыққан жобаларға, 1,2,3 жүлделі орындарға және шығармашылық жұмыстарына қарай әртүрлі номинация бойынша грамоталар тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында ауданға қарасты №11 ЖБМ-тың бастауыш сыныптары арасында «Қазақстан Табиғаты» Ғылыми жобаларды қорғау» бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Табиғатты қорғау және Қазақстан аумағында қандай өсімдіктер өсетіндіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада бастауыш сынып оқушыларының аталған тақырып бойынша жасалған жобалары тыңдалды.

Мысалға айтатын болсақ 4 «а» сынып оқушысы Бухтиярова Дарья «Қазақстан аумағындағы сұлы өнімдері» тақырыбында өнімнің адамға және жануарға қаншалықты пайдасы бар екендігіне жүргізген зерттеу жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Ал аталмыш мектептің 2 «А» сынып оқушысы Кравченко Глеб Қазақстан табиғатын жалпылама түрде зерттеген. 4 «А» сынып оқушысы Бегалиева Эльвира және 2 «Б» сынып оқушысы Квочкина Анастасия, 3 «А» сынып оқушысы Яковлева Алена Қазақстанның өсімдіктері бойынша ғылыми жұмыстар жүргізген. Олар қызғалдақтар, раушан гүлдері және дала өсімдіктері жайлы кеңінен айтып берді.

Іс-шара барысында қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды анықтап және кейбір аяқталмаған жобаларға ұсыныстар берді. Байқау нәтижесінде үздік шыққан жобаларға, 1,2,3 жүлделі орындарға және шығармашылық жұмыстарына қарай әртүрлі номинация бойынша грамоталар берілді.

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Түрксіб ауданының ардагерлері Корей театрына барып, әртістердің өнерлерін тамашалады. Театр ұжымы шығыс жылнамасы бойынша кірген Жаңа жылға арналған концерттік бағдарламаға 50 астам аудан ардагерлерін шақырды. Қонақтарға өнер шеберлері корей, қазақ және моңғол билерін орындады. Мұнда жат жұрттыққа тән даңғыра ырғағының дыбысы мен корей, орыс тілдерінде әндер орындалды. Ардагерлерге арналған өзіндік ерекше қойылымның бағдарламасын режиссер Дмитрий Скирта мен балетмейстер Лариса Ким дайындады.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында №49 ЖБМ-тің мәжіліс залында аудан әкімі В.Устюгов жыл бойы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді. Іс-шараға Алматы қалалық мәслихаттың депутаты А.Шардинов, аудандық қызметтің,аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің және басқа да құрылымдардың басшылары,өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері жыл сайын дәстүр бойынша өткізіліп келеді. Бұндай іс-шаралар үкіметтің беделін арттырып және қарапайым адамдар өздерінің көкейлерінде жүрген мәселелерін тікелей айтып, нақты шешімін табудың бір жолы болып табылады. №33 округ бойынша есеп берген аудан әкімі жыл бойы жасаған жұмыстарын арнайы жасаған слайд арқылы баяндама оқыды. Одан кейін атқарылған жұмыстарын қорытындылап биылғы жылдың жаңа жоспарымен де таныстырып өтті. Баяндама жасап болған соң аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жиынды қорытындылаған В.Устюгов бүгінгі күні айтылған әр мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Түрксіб ауданында орналасқан ҮАК (Үлкен Алматы каналы) мектеп оқушылары арасында қысқы спорт түрлері – шаңғы, шана және конькиден жарыстар өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі В.Устюгов құттықтау сөз сөйлеп, жастарды әрдайым салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шағын мұз айдыныда ұйымдастырылған спорттық іс- шарада оқушылар командаларға бөлініп жарысты.

Коньки спорт түрінен ұлдар арасында 1-орынды №17ЖБМ-тің Астафьев Николай,2-орынды №106 ЖБМ –тің оқушысы Мамирзаев Равшан, 3-орынды №78 МГ-ның оқушысы Бескончин Алексей иеленді. Ал қыздар арасындағы коньки жарысынан 1-орынды №31 ЖБМ-тің оқушысы Астафьева Катя,2-орынды №44 МГ-ның оқушысы Карева Кристина, 3-орынды №17 ЖБМ оқушысы Киселева Настя алды.

Ер балалар арасындағы шаңғы жарысынан 1-орынды №71 ТЛ-дің оқушысы Шмыков Артем,2-орынды №89 ЖБМ оқушысы Тохтахунов Рабхат, 3-орынды №115 ЖБМ –тің оқушысы Қасымбеков Ерасыл ие болса, қыздар арасындағы жарыстан 1-орынды №59 ЖБМ-тің оқушысы Достанбекова Неля, №106 ЖБМ-тің оқушысы Амрина Махаббат,3-орынды №20 ЖБМ-тің оқушысы Мұсаева Диана иеленді. Командалық шана жарысынан 1-орынды №106 ЖБМ,2-орынды №76 ЖБМ,3-орынды №44 МГ бұйырды. Барлық жарысқа қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында ҮАК (Үлкен Алматы каналында) мектеп оқушылар арасында спорттың шаңғы, шана және коньки сияқты қысқы түрлерлерінен жарыс өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі В.Устюгов құттықтау сөз сөйлеп, жастарды әрдайым салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шағын мұз айдынында ұйымдастырылған спорттық іс-шарада оқушылар командаға бөлініп жарысты.

Шаңғы спорт түрінен ұлдар арасында конькиден 1-орынды №17ЖБМ-тің Астафьев Николай,2-орынды №106 ЖБМ –тің оқушысы Мамирзаев Равшан, 3-орынды №78 МГ-ның оқушысы Бескончин Алексей иеленді. Ал қыздар арасындағы коньки жарысынан 1-орынды №31 ЖБМ-тің оқушысы Астафьева Катя,2-орынды №44 МГ-ның оқушысы Карева Кристина, 3-орынды №17 ЖБМ оқушысы Киселева Настя алды.

Ер балалар арасындағы шаңғы жарысынан 1-орынды №71 ТЛ-дің оқушысы Шмыков Артем,2-орынды №89 ЖБМ оқушысы Тохтахунов Рабхат, 3-орынды №115 ЖБМ –тің оқушысы Қасымбеков Ерасыл ие болса, қыздар арасындағы жарыстан 1-орынды №59 ЖБМ-тің оқушысы Достанбекова Неля, №106 ЖБМ-тің оқушысы Амрина Махаббат,3-орынды №20 ЖБМ-тің оқушысы Мұсаева Диана иеленді.

Командалық шаңғы жарысынан 1-орынды №106 ЖБМ,2-орынды №76 ЖБМ,3-орынды №44 МГ бұйырды.

Барлық жарысқа қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Түрксіб ауданына қарасты №84 ЖБМ Түрксіб ауданы әкімі В.Н.Устюговтың жүлдесіне мектеп оқушылар арасында гитарашылардың аудандық байқауы болды. Осы байқаудың әділ бағасын беріп төрелік етуге «Джаз фестиваль» халықаралық байқаудың лауреаты, Алматы қаласы гитарашылар ассоциасының президенті Ким Геннадий Сергеевич, қалалық жас музыканттар байқауының лауреаты, Бардовский әнінің дипломанты- Стыллер Луиза Эриковна, 2003 жылдың халықаралық гитарашылар байқауының дипломанты,композитор, №6 Оқушылар үйіндегі «Дружные ребята» оркестрінің жетекшісі Ашлаков Сергей Константинович, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Дәлел Уаш қатысты. Жастардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараны аудандағы барлық мектептің қатысушылары ашты. Байқаудың бірінші айналымында оқушылар алты ішекті аспата ойнау шеберліктерін көрсетіп, екінші айналымда осы аспатың сүйемелдеуімен ән салды. Қазылардың әділ шешімі бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталып, олар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ 1-7-сыныптағы топтардың арасында 1-орынды -№83 МГ оқушысы Крашенникова Дарья,осы мектептің оқушысы 2-орынды Балагөзова Карина, 3-орынды №71 ЖБМ –тің оқушысы Макарова Алексей иеленді. «Ән орындау» шеберлігінен 1-орынды №76 ЖБМ-тің оқушысы Журавлев Валерий, 2-орынды №61 ЖБМ-тің оқушысы Тимченко Владислав, 3-орынды №49 ЖБМ-тің оқушысы Абуғали Махамбетке бұйырды. 8-11-сынып оқушыларының топтарынан 1-орынды №89 ЖБМ-тің оқушысы Реймер Анна, 2-орынды №142 ЖБМ-тің оқушысы Журавлев Владислав, 3-орынды №31 ЖБМ-тің оқушысы Киримов Иван алды. Байқаудың соңында жүлделі орынға ие болғандар мақтау граммоталарымен марапатталды және қатысушылардың белсенділігін арттыру үшін бір қатар оқушыларға естелік сыйлықтар берілді.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының кіріспе сөзі

Оқиғалар күнтізбесі
 қазан 2014 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 8 (727) 271-66-47

E-mail: uvp-almaty.kz@mail.ru

 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы