КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
15:43:38 сенбі, 2017 жылғы 25 наурыз

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2012 жылғы ақпарат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға арналған ауданның идеологиялық активінің жиналасы өткізілді.

2012 жылдың 26 желтоқсаны күні сағат 10.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға арналған ауданның идеологиялық активінің жиналасы өткізілді.

Жиналысқа қалалық мәслихаттың депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық құрылымдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жоғары және арнайы орта оқу орындарының проректорлары мен директорларының орынбасарлары, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларының қызметкерлері, бизнес саласының, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының өкілдері және ғалым-сарапшылар жалпы саны 150-ге жуық адам қатысты.

Активтің жұмысын Алмалы ауданының әкімі М.Ү.Прінбеков ашып, Елбасы Жолдауының маңыздылығы мен негізгі басымдықтарына жан-жақты тоқталып өтті.

Идеологиялық жиын барысында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М.Әбжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Османқызы, Алматы Технологиялық университетінің 2-ші курс студенті В.Сеселкин бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын кеңінен сараптап, баяндама жасады.

.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Алмалы ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өткізілді.

2012 жылдың 25 желтоқсанында сағат 15.30-да М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Алмалы ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өткізілді.Іс-шараға 350-ден астам аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балалары, мүгедек балалар қатысты. Бағдарлама аясында «Сезам театрының» «Белоснежка и семь гномов» атты мюзиклі қойылды. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан әр балаға сыйлықтар табысталды және осымен қатар шығармашылығымен көзге түскен балалар Аяз Атадан сыйлықтар алды.

.

Алмалы ауданындағы Алматы құқық, экономика және нанотехнологиялар колледжінде кездесу өтті.

2012 жылдың 13 желтоқсанында Алмалы ауданындағы Алматы құқық, экономика және нанотехнологиялар колледжінде жастар арасында теріс діни ағымдардың, экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алуға арналған кездесу өтті.

Басқосуға теолог-ғалымдар, осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Тастақ» мешітінің өкілдері және осу оқу орнының 70-тен астам оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар жастарға ел аумағындағы кері тартпа діни ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі жөнінде баяндамалар жасады. Осымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV ҚР заңының негізгі қағидаларын түсіндірді. Сондай – ақ студент жастардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Бұған қоса жиын барысында студенттерге кері діни секталардан сақтану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі буклеттер таратылып, экстремистік және террористік діни ұйымдар жайлы бейне-ролик көрсетілді.

«Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акциясы

2012 жылдың 3 қарашасында Жамбыл мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы саябақта Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акциясы шеңберінде аудан жастарының ағаш отырғызу бойынша іс-шарасы өткізілді. Экологиялық акцияға ауданның 100-ден астам студент жастары қатысты.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттер театрында «Жастар арасында кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу» деген тақырыпта конференция өтті

Алмалы ауданында а.ж. 23 қазанында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттер театрында «Жастар арасында кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу» деген тақырыпта конференция өтті.

Ғылыми жиынның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институтының Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Б.Сатершинов, Алматы қ. Дін істері Департаментінің директорының м.а. Н.Жапарқұл, Философия және саясаттану институтының Дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Сиқымбаева, «Тастақ» мешітінің наиб имамы Б.Көптілеуов, «Перспектива» ақпаратты-кеңестік топ» ҚҚ психолог кеңесшісі Р.Мансурова және аталмыш университеттің 1-2 курсының 950-ден астам студенті қатысты. Конференцияның модераторы: Ішкі саясат басқармасының Алмалы аудандық аумақтық бөлімінің бастығы Ә.Керімбеков болды.

Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар жастарға ел аумағындағы кері тартпа діни ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі жөнінде баяндамалар жасады. Осымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV ҚР заңының негізгі қағидаларын түсіндірді. Сондай – ақ студент жастардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Бұған қоса жиын барысында студенттерге кері діни секталардан сақтану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі буклеттер таратылып, экстремистік және террористік діни ұйымдар жайлы бейне-ролик көрсетілді.

123456

Алмалы ауданының әкімі М.Ү. Прінбековтің Халықаралық қарттар айлығына орай ардагерлерге арналған салтанатты қабылдау шарасы өтеді

2012 жылдың қазан айының 24 жұлдызында сағат 12.00-де Алматы Технологиялық университетінің «ЖанЕр» мереке залында (Төле би мен Байтұрсынов көшесінің киылысы) Алмалы ауданының әкімі М.Ү. Прінбековтің Халықаралық қарттар айлығына орай ардагерлерге арналған салтанатты қабылдау шарасы өтеді.

Мерекелік іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, көпбалалы аналар және өзге де азаматтар қатысады. Іс-шара барысында жиналған аудан тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

12133

Алмалы аудандық «Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес» жөніндегі комиссиясы «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акция аясында кездесу өткізді

2012 жылғы 11 қазан күні Алмалы аудандық «Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес» жөніндегі комиссиясы «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акция аясында Қазақстан-Британ техникалық университетінде Алмалы ауданы көлеміндегі 18 жоғары оқу орындарының 1 курс студенттерінің қатысуымен нашарқорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Ж.С. Оңалбаев жүргізіп отырды.

Басқосуға нарколог-дәрігерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және 1000-ға жуық студент жастар қатысты. Іс-шара барысында студент жастарға нашақорлықтың зардаптары жайлы арнайы бейне-ролик көрсетілді.

4545646545

Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм мен терроризмнің қабылданбауын қалыптастыруға арналған студенттермен кездесу өтті

2012 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 11.00-де Қазақстан-Ресей медицина университетінде Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм мен терроризмнің қабылданбауын қалыптастыруға арналған студенттермен кездесу өтті. Жалпы іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.

Басқосуға теолог ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, «Тастақ» мешітінің имамы, осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Ғалымдар мен сарапшылар жастарға ел аумағындағы кері тартпа діни ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі жөнінде баяндамалар жасады. Осымен қатар Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV заңының негізгі қағидаларын түсіндірді. Сондай – ақ студент жастар өздерін мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Іс-шара барысында студенттерге кері діни секталардан сақтану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі буклеттер таратылып, терроризм мен экстремизм жайлы бейне-ролик көрсетілді.

12121212

«Балалық шақ әлемі» атты мерекелік іс-шара

2012 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 13.30-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Арбат» алаңында (Жібек-жолы көшесі, Фурманов пен Абылай хан көшелерінің арасында) «Балаға мейірімді қала» жобасы аясында «Балалық шақ әлемі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында «Benetton» маркасының мектеп оқушыларына арналған киімінің көрсетілімі, «Tansari» мюзик – шоу театрының жаңа студиясының тұсау кесері өткізілмек. Осымен қатар келген балаларға арналған түрлі байқаулар және «Тансари» студиясында тегін оқу мүмкіндігін беретін лоторея ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламаға «Фабрика звезд» әртістері, «Тансари» мюзик-шоу театры, Алмалы ауданының шығармашылық мекемелерінің әртістері мен ұжымдары қатысты.

12121212

Басты мақсат – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизмнің алдын алу

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында Алмалы ауданының әкімі М.Ү.Прінбеков жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. Күн тәртібінде жастар ортасында қауіпсіздікті нығайтып, діни экстремизмнің таралуына жол бермеу мәселелері қарастырылды.

Жиынға аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен 17 жоғары оқу орындарының ректорлары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, теріс діни ағымдар идеяларының таралуының алдын алу, полиция көмекшілері студенттік отрядтарын құру, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау мәселелері қарастырылды. Басқосуға қатысушылар осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге ниет білдірді және аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін шұғыл ақпарат алмасудың қажеттігін атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша қатысушы азаматтар осындай кездесулерді тоқсанына бір рет тұрақты түрде өткізу жөнінде шешім қабылдады.

123521

Асанбай Асқаровтың 90 жылдығына арналған «Тұлғаға тағзым» атты еске алу салтанатты кеші

2012 жылдың 15 қыркүйегі күні сағат 10.30-да «Ғалымдар үйінде» (Құрманғазы көшесі 28, Қонаев көшесінің қиылысы) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым Асанбай Асқаровтың 90 жылдығына арналған «Тұлғаға тағзым» атты еске алу салтанатты кеші өткізіледі.

Іс-шараға А.Асқаровтың туыстары, қызметтес болған әріптестері, белгілі ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен студент жастар қатысады.

1111

Асанбай Асқаровтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция

2012 жылдың 14 қыркүйегі күні сағат 10.00-де Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жамбыл көшесі 25 (Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысы) мекен жайында орналасқан ғимаратында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым Асанбай Асқаровтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференц-зал ғимараттың 2-ші қабатында орналасқан.

Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, бірқатар қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен студент жастар қатысады.

1111

Үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде сағат 11.00-де Алмалы ауданының әкімі М.Ү.Прінбековтің үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Алмалы ауданы үкіметтік емес ұйымдарының Кеңесінің мүшелері: аудандық Кеңестің төрағасы, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры А.Көбеева, «Молодежный медиасоюз Казахстана» ЖК директоры С.Галиева, «Информационная Инициатива» қорының атқарушы директоры М.Тюнин, «Детство без границ» ҚБ директоры Р.Балыкова, «Бай-Бол» жетім балаларды дамыту және бейімдеу орталығының директоры Ш.Қалиева және Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет атқаратын: «Центр защиты детей и поддержки семьи» ҚБ директоры Е.Поращенко, «Забота» дағдарыс орталығының директоры Ұ.Лұқпанова, «Инициатива» жастар орталығы» ҚБ төрағасы С.Алпысова, «Ардагер» ҚБ төрағасы С.Баймолдинов, «AGRIS» дамытуды қолдау қоры» ЖҚ директоры С.Ходжаев, «Парасат-Инфо» ҚБ директоры Ғ.Үсенов, «Журналистика проблемаларын зерттеу ұлттық қоры» ҚҚ директоры Д.Смайыл, «Перспектива» ақпараттық-кеңестік тобы» ҚБ директоры Е.Бурова қатысты.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесіп қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, теріс діни ағымдардың таралуының алдын алу, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау, жемқорлықпен күрес, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, аудан тұрғындарының көңіл-күйін зерттеу үшін әлеуметтік сауалнамалар жүргізу салаларында бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

1111

1111

Осымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың аудан қызметтерімен және бөлімдерімен бірлесіп тақырыптық кездесулер, ақпараттық кеңестер ұсыну, семинар-дәрістер өткізу бойынша нақты бағыттар анықталды. Жалпы кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта өзара бірлесіп салалық бағыттар арнасында жұмыс істеу қажеттігін қолдап, іс-қимыл жоспарын қабылдады.

1111

Алмалы ауданының әкімі Прінбеков Марат Үсенұлының көшпелі жеке қабылдауы

2012 жылдың 7 қыркүйегі күні №96 мектепте Алмалы ауданының әкімі Прінбеков Марат Үсенұлының көшпелі жеке қабылдауы өткізілді.

Жеке қабылдауға келген аудан тұрғындарын толғандырған маңызды мәселелер: жаңадан мектеп және балабақша салу, музыка үйірмесін ұйымдастыру, №96 мектепте қосымша ғимаратын салу, сондай-ақ көшелер мен аулалардың санитарлық-техникалық жағдайы. Алмалы ауданының әкімі М.Ү.Прінбеков тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, тиісті басшыларға тапсырмалар берді.

11111

«Целинный» скверінде Алматы қаласы Күніне арналған сенбілік

2012 жылдың 8 қыркүйегі күні сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Ди Эич Эл Интернэшнл Қазақстан» ЖШС-мен бірлесіп «Целинный» скверінде (Жамбыл мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы) Алматы қаласы Күніне арналған сенбілік өткізеді. Сенбілік барысында 132 орындықты бояу, арық жүйесі, газон мен жаяу жүргіншілер жолын тазалау қарастырылған. Экологиялық акцияға 150-ден астам адам қатысады.

Осыдан кейін сағат 11.30-да Сейфуллин көшесі №№ 495,497 үлердің (Мақатаев көшесінің қиылысы) тұрғындары ауласын тазалау, кіші архитектура формаларын бояу мақсатында экологиялық іс-шара өткізеді.

«Ди Эич Эл Интернэшнл Қазақстан» ЖШС сияқты барлық компаниялар мен мекемелердің экологиялық мәселеге көңіл бөлуі зор маңызға ие.

111111

Спорт Күніне арналған кең көлемді іс-шара

Алмалы ауданы әкімінің аппараты Шевченко мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Динамо» стадионында 2012 жылдың 19 тамызында Спорт Күніне арналған кең көлемді іс-шара өткізді.

Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның қол жеткізген жарқын жетістіктерін дәріптеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында, Алмалы ауданы әкімінің аппараты Шевченко мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Динамо» стадионында 2012 жылдың 19 тамызында Спорт Күніне арналған кең көлемді іс-шара өткізді. Іс-шара барысында әскери гарнизонның салтанатты көрсетілімдері мен түрлі спорт сайыстары (дзюдо, бокс, көркем.гимнастика, веложарыс, футбол, батутта секіру, шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы, гір көтеру, арқан тарту, арм-рестлинг, фехтование және т.б.) бойынша жарыстар және мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертте: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Шәміл Әбілтай, Жүргенев атындағы ұлттық өнер академиясының түлегі Jambo – Жамиля әнші, Дина Смаилова басқарған «Тансари»– балалар мьюзик –шоу театры өнер көрсетті. Іс-шараның құрметті қонақтары 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина, Лондон Олимпиадасының қола медаль иегері Гюзель Манюровалар болды. Іс-шараға Алматы қаласының барлық спорт мектептерінің оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құрмет грамоталары табысталды.


 

«Арбат» алаңында «1 қыркүйек – білім күніне» арналған балалардың мерекелік концерті

2012 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Арбат» алаңында (Жібек-жолы көшесі, Фурманов пен Абылай хан көшелерінің арасында)                             «1 қыркүйек – білім күніне» арналған балалардың мерекелік концерті  өткізіледі.

Іс-шара аясында бүлдіршіндер мен жиналған адамдар үшін ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен жанұялық эстафеталар ұйымдастырылып, түрлі байқаулар өткізіледі. Осымен қатар балалар үшін сусындар мен тәтті тағамдар таратылып, тегін аттракциондар орнатылады. 

Өткелі отырған іс-шараға БАҚ өкілдерін белсенді түрде қатысуға шақырамыз.


2012 жылдың 30 тамызында сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Арбат» алаңында  Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Концерттік бағдарламаға «Тансари» мюзик-шоу театры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Ш.Әбілтай, New Classics тобы, Алмалы ауданының шығармашылық мекемелерінің әртістері мен ұжымдары қатысты.

Осымен қатар 16 жасқа толған жас азаматтарға жеке куәліктер тапсыру рәсімі өткізілді. 

Конституциясы Күніне арналған мерекелік іс-шара

2012 жылдың 30 тамызында сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Арбат» алаңында (Жібек-жолы көшесі, Фурманов пен Абылай хан көшелерінің арасында) Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған мерекелік іс-шара өткізіледі.

Концерттік бағдарламаға «Тансари» мюзик-шоу театры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Ш.Әбілтай, New Classics тобы, Алмалы ауданының шығармашылық мекемелерінің әртістері мен ұжымдары қатысады.

Осымен қатар 16 жасқа толған жас азаматтарға жеке куәліктер тапсыру рәсімі өткізіледі.




«Еңселі Астана – Елбасы салған нұрлы жолдың жарқын келбеті» атты «дөңгелек үстел»

2012 жылдың 5 шілдесінде сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Мемлекеттік кітапханада (Фурманов көшесі, 43, Райымбек даңғылының қиылысы) «Астана күні» мерекесіне орай «Еңселі Астана – Елбасы салған нұрлы жолдың жарқын келбеті» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және аудан тұрғындары қатысты.

Елорда жайлы өз ойларымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, күйші Шәміл Әбілтай, композитор Өтеміс-Жаныс Өрікгүл, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, мәдениет қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев, Қазақстанның мәдениет қайраткері Төреғали Ташенов бөлісті. 


Алмалы ауданы әкімінің аппараты Шевченко мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Динамо» стадионында 2012 жылдың 19 тамызында Спорт Күніне арналған кең көлемді іс-шара өткізді

Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның қол жеткізген жарқын жетістіктерін дәріптеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында, Алмалы ауданы әкімінің аппараты Шевченко мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Динамо» стадионында 2012 жылдың 19 тамызында Спорт Күніне арналған кең көлемді іс-шара өткізді. Іс-шара барысында әскери гарнизонның салтанатты көрсетілімдері мен түрлі спорт сайыстары (дзюдо, бокс, көркем.гимнастика, веложарыс, футбол, батутта секіру, шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы, гір көтеру, арқан тарту, арм-рестлинг, фехтование және т.б.) бойынша жарыстар және мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертте: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Шәміл Әбілтай, Жүргенев атындағы ұлттық өнер академиясының түлегі Jambo – Жамиля әнші, Дина Смаилова басқарған «Тансари»– балалар мьюзик –шоу театры өнер көрсетті. Іс-шараның құрметті қонақтары 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина, Лондон Олимпиадасының қола медаль иегері Гюзель Манюровалар болды. Іс-шараға Алматы қаласының барлық спорт мектептерінің оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құрмет грамоталары табысталды.  

 


Ағымдағы жылдың 8 тамызында Алмалы ауданы әкімі аппаратында Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының жеке құрамымен жиналыс өтті. Күн тәртібінде: «Алмалы ауданындағы шұғыл жағдай мен қауіпсіздік мәселелері туралы» сұрақ қарастырылды. Жиналыс жұмысына аудандық ІІБ, прокуратура, Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚКД білімінің басшылығы мен 100-ге жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Жиналыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен алдын алу шараларын күшейту жөніндегі нақты тапсырмалар берілді.

2012 жылдың 20 шілдесінде сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Қоғамның терроризмге қарсы санасын қалыптастыру» атты семинар өткізілді.

Басқосуға Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Алмалы ауданы құқық қорғау органдарының өкілдері, «Генералдар кеңесі» РҚБ Президиумының мүшелері, жоғарғы оқу орындарының проректорлары, денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілері, ірі өндіріс кәсіпорындарының басшылары, ПИК төрағалары және басқа да сала өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Алмалы ауданы әкімі аппаратының жетекшісі В.Вавилин, «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Президиумы төрағасының орынбасары, генерал-майор М.Телеғұсов, «Генералдар кеңесі» Президиумының мүшесі, генерал-лейтенант Б.Баекенов, лектор Р.Иржанов өз ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында тақырып бойынша арнайы бейнефильм көрсетілді.

Семинарға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте құқық қорғау органдары арасындағы өзара тығыз әріптестікті одан ары арттыру қажеттігін атап өтті. Осымен қатар пікір алмасу барысында бұл маңызды істе қоғамның өзге де мүшелері үлестерін қосып, жауапкершілік таныту қажеттігін мәлімдеді. Алдағы уақытта Алмалы ауданы әкімі аппараты негізінде арнайы телефон желісі құрылатын болды. Аудан тұрғындары осы мәселелер бойынша тікелей әкімдікке хабарласу мүмкіндігіне ие болмақ.

2012 жылдың 13 шілдесінде сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен №62 гимназияның спорт алаңында (Түркебаев көшесі, 4) кәмелетке толмаған істер жөніндегі бөлімде есепке тіркелген балалар арасында футболдан жарыс өткізілді.

Жарысқа кәмелетке толмаған істер жөніндегі бөлімде есепке тіркелген 34 жеткіншек және «Алмалы сарбаздары» аула клубының балалары қатысты. Іс-шараның мақсаты нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күреске қоғам назарын аудартып, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

2012 жылдың 6 шілдесінде сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Арбат» алаңында Астана күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Концерттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, композитор-күйші Шәміл Әбілтай «Арнау» атты шығармасымен ашты.

Осыдан кейін жиналған қауымға «Тансари» мюзик-шоу театры, аудан көлеміндегі балалар шығармашылық орталықтарының тәрбиеленушілері, № 2 Оқушылар үйнің жас дарындары мен өзге де шығармашылық мекемелердің әртістері мен ұжымдары өз өнерлерін ұсынды.

2012 жылдың 4 шілдесінде Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Абылай хан даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы спорт алаңдарында аудан мектептерінің оқушылары мен шығармашылық орталықтарының жасөспірімдерінің қатысуымен Астана күні мерекесіне арналған «Менің Астанам» атты спартакиада өтті.

Аудандық спартакиадаға Алмалы ауданының № 8, 15, 16, 39, 54, 62, 90, 95, 124, 144 мектептерінің оқушылары және «Жұлдыз», «Арман», «Алмалы Сарбаздары», «Динамо клубы» аула клубтарының жасөспірімдері, жалпы саны 60-тан астан адам қатысты.

Ауданның жас тұрғындары келесі спорт түрлері бойынша сайысқа түсті: футбол, үстел теннисі және стритбол. Спартакиада жеңімпаздарына түрлі сыйлықтар табыс етілді.


Оқиғалар күнтізбесі
 наурыз 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы