КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
01:51:24 сенбі, 2017 жылғы 29 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2011 жылғы ақпарат

2011 жылдың 30 тамызында «Арбат» алаңында Алмалы ауданының Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Осы күні «Арбат» алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 - жылдығы мен Алмалы ауданының 75 - жылдығына арналған Көше кинотеатрында «Небо моего детства» атты кинотуынды көрсетілді.

2011 жылдың 29 тамызында «Арбат» алаңында «Казахстан глазами друзей» атты шетел фототілшілерінің 2011 жылдың 25 қыркүйегіне дейін өтетін фото көрмесі ашылды.

2011 жылдың 28 тамызында «Арбат» алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 - жылдығы мен Алмалы ауданының 75 – жылдығына арналған Көше кинотеатрының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

2011 жылдың 27 тамызында Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында Алматы қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған фото көрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылып, 16 жасқа жаңа толған азаматтарға жеке куәліктер тапсырылды.

2011 жылдың 26 тамызында Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстелге аудандық аудан басшылығымен ақпараттық насихаттау тобының мүшелері қатысты.

2011 жылдың 25 тамызында Қазақ-Британ техникалық университетінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне» арналған «Нұр Отан» ХДП Жастар форумы өтті.

Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Самақова, Түрік этно мәдени орталығының төрағасы К.Қасымов, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.

2011 жылдың 24 тамызында «Тастақ» мешітінде қасиетті «Рамазан» айына орай аудан тұрғындарына «Ауызашар» ұйымдастырылды.

2011 жылдың 11 тамызында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты мандатына үміткер А.Бижановпен кездесу өтті.

2011 жылдың 8 тамызында «Esperanza» мейрамханасында Түркия елінің Бағжылар ауданының әкімшілігі және Алмалы ауданы бірлесіп ауызашар ұйымдастырды.

2011 жылдың 2 тамызында Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен мемлекеттік органдар, ЖОО-ң, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері басшылары, ПИК төрағалары, базар және сауда орталықтары өкілдерінің қатысуымен қоғамда діни экстремистік идеясын қалыптастырудың алдын алу жөнінде жиналыс ұйымдастырылды.

2011 жылдың 29 шілдесінде Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Қоғамда діни экстремизмнің таралуына жол бермеу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге аудан әкімі М.Прінбеков, әкімнің орынбасары Н.Яковлева, ҚР ҰҚК Алматы қаласы департаментінің Алмалы ауданы бойынша бөлімінің бастығы М.Оспанов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Е.Рахымбаев, аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Т.Сейілханов, аудандық Әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы А.Усина және дәстүрлі діндер өкілдері қатысты.

2011 жылдың 16 шілдесінде «Медеу» шатқалы мен «Іле Алатауы» Ұлттық паркіндегі дауыл салдарынан құлаған орман ағаштарын тазартуға арналған іс-шараға Алмалы ауданының ЖОО-ы мен ОАОО-ы қызметкерлері, аудан тұрғындары мен мекемелері қатысты.

2011 жылдың 8 шілдесінде Алмалы ауданының 75 - жылдығына орай, Шагабутдинов к-сі, 58 үй, Қазыбек би к-ң қиылысындағы тұрғын үй ауласында «Аула мерекесі» атты іс-шара ұйымдастырылды.

2011 жылдың 6 шілдесінде қала тұрғындары мен қонақтарына эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астана» алаңында «Астана күніне» арналған мерекелік концерт өтті.

2011 жылдың 5 шілдесінде Алмалы ауданының 75-жылдық мерейтойына орай Абылайхан даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы саябақта «Астана» күніне орай, БАҚ өкілдерінің қатысуымен мини футболдан Алмалы ауданы әкімінің кубогі үшін жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа БАҚ өкілдері мен аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

2011 жылдың 26 маусымында Арбат алаңында қалалық СПИД орталығымен бірлескен флеш-моб акциясы өтті.

2011 жылдың 26 маусымында Астана алаңында Халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған акцияға қала жастарының қатысуы қамтамасыз етілді.

2011 жыл 24 маусымында құқық қорғау органдары мен бірлесе отырып аудан аумағында заңсыз діни әдебиеттерді сатудың алдын алу мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді.

2011 жыл 22 маусымында Алмалы ауданының ардагерлері ҰОС-ң басталған күніне орай, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

2011 жылы 17 маусым күні «Алматы» қонақ үйінің конференц- залында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: патриотизм мен азаматтылық, Қазақстан дамуының және нығаюының негіздері» атты тақырыпта конференция өтті. Осы күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Алмалы ауданының 75 жылдығына орай, «Динамо» стадионында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында жеңіл атлетикадан Алмалы ауданының біріншілігі өтті.

2011жылы 16 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Алмалы ауданының 75 жылдығына орай, Алмалы ауданы «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтті.

2011 жылы 15 маусым күні Алмалы ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен, журналистерді «Нұр Отан» ХДП мен Ақпараттандыру және байланыс министрінің мақтау қағаздары, алғыс хаттары және дипломдарымен марапаттады.

2011 жылы 14 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің жетістіктері және болашаққа көзқарас» атты тақырыпта 9-шы Алматылық конференция жұмысына бөлім қызметкерлері қатысты.

2011 жылы 11 маусым күні Алатау ауданының 3-жылдығына арналған мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары қатысты. Осы күні аудан өнеркәсіптері жыл сайынғы «Безупречно» сапа саласы бойынша марапаттау салтанатына қатысты.

2011 жылы 10 маусым күні сағ.11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданы тұрғындары арасындағы әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу туралы жиналыс өтті.

2011 жылы 7 маусым күні Алматы қаласы мұрағатында «История. Память. Люди» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Аталған кітап Қазақстан Республикасындағы еврей ұлты ұйымдары Ассоциациясы және Орталық мемлекеттік мұрағаттың ұйымдастыруымен өткен 5-ші халықаралық конференциясы материалдары негізінде жазылған.

2011 жылы 3-5 маусым күні «Достық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен Алмалы ауданының 75-жылдығына арналған «Kazakhstan Open» каратэ до 1-Халықаралық турнирі ұйымдастырылды.

2011 жылы 4 маусым күні «Баум» атындағы тоғайда «Қоршаған ортаны қорғауға» арналған қалалық сенбілікке аудан тұрғындарының қатысуы қамтамасыз етілді.

2011 жылы 4 маусым күні «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер» күніне арналған қалалық акцияға аудан жастары мен тұрғындары белсенді түрде қатысты.

2011 жылы 3 маусым күні сағ.11.00-де «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер» күніне орай №4 орталықтандырылған кітапханада «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік тұмары!» атты салтанатты жиын өтті.

2011 жылы 1 маусым күні «Парадис» кафесінде «Единство добра» акциясының шеңберінде жетім балаларға арналған қайырымдылық ас берілді.

2011 жылы 1 маусым күні сағ.15.00-де Қожамияров атындағы Ұйғыр театрында көпбалалы отбасы балалары мен мүгедек балаларға арналған «Сезам» театрының қайырымдылық спектаклін қойылды.

2011 жылы 1 маусым күні Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының алдындағы алаңда «Балаларды қорғау күніне» арналған концерттік бағдарлама өтті.

2011 жылы 31 мамыр күні Алматы технологиялық университетінің профессорлық-мұғалімдер құрамы мен студенттері «Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен 1933-1937 жылдардағы аштықтың құрбандары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сонымен қатар Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде, Алматы мемлекеттік медицина колледжінде, Алматы қаржы-құқық және технология колледжінде, №5 Кәсіптік лицейде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

2011 жылы 31 мамыр күні Алматы мемлекеттік көлік және комуникация колледжінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының» ұрпақтары шақырылып, «Біз оны ешқашан ұмытпаймыз!» атты кездесу ұйымдастырылды.

2011 жылы 31 мамыр күні Алматы мемлекеттік экономика колледжінде 31- мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-тарих беттерінде», «Саяси қуғын-құрбандары» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, студент жастардың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының» ұрпақтары мен кездесуі ұйымдастырылды.

2011 жылы 30 мамыр күні «Қазақконцерт» залында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі ұжымының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және Алмалы ауданының 75-жылдығына арналған есептік концерті өтті.

2011 жылы 29 мамыр күні Астана алаңында «MB Force» Mersedes-Benz автолігінің әуесқойлары клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған автошеру ұйымдастырылды.

2011 жылы 28 мамыр күні Астана алаңында «Tele 2» жаңа ұялы байланыс операторының ашылуы өтті.

2011 жылы 27 мамыр күні сағ.15.00-де Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алуға арналған іс-шара өтті.

2011 жылы 25 мамыр күні сағ.19.00-де «Арбат» алаңында «Субұрқақтар» күніне арналған жылсайынғы дәстүрлі іс-шара ұйымдастырылды.

2011 жылы 22 мамыр күні Астана алаңында «Ретро ҒМ» радиосының концерттік бағдарламасы өтті.

2011 жылы 21 мамыр күні сағ.17.00-де Астана алаңында Халықаралық мәдени даму күніне арналған хип-хоп фестиваль өтті.

2011 жылы 21 мамыр күні сағ.10.00-де Астана алаңында Олимпиада күніне арналған жеңіл атлетикадан спорттық іс-шара өтті.

2011 жылы 19 мамыр күні сағ.11.00-де №4 қалалық кітапханада «Тәуелсіздік құрдастары-Қазақстанның болашағы» атты кездесу өтті.

2011 жылы 11 мамыр күні сағ.10.00-де «Қазжол» қонақүйінің «Байқоңыр» конференц-залында «Рух» жастар одағының мүмкіндігі шектеулі жастардың қоғамдық және мәдени өмірге белсене араласуы тақырыбындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша баспасөз-мәслихаты өтті.

2011 жылы 10 мамыр күні «Достық» үйінде Семиречье казактары және Украин мәдени орталығы ұйымдастырған 9-мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

2011 жылы 9 мамыр күні сағ.11.00-де Арбат алаңында 9-мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудан әкімі М.Ү.Прінбеков ардагерлерді құттықтап, жиналғандарға түскі ас, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттерінің концерттік бағдарламасы мен Алмалы ауданы мектептерінің «Ұлан» жас әскери отрядының шеруі ұсынылды.

2011 жылы 7 мамыр күні сағ.10.30-да Алмалы ауданының әкімі М.Ү.Прінбековтың аудан аумағындағы жалпы білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерін Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне орай құттықтау іс-шарасы өтті.

2011 жылы 5 мамыр күні сағ.15.00-де Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің, «Тастақ» мешіті имамдарының, ҰҚК, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен еліміздегі діни ахуал тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.

2011 жылы 4 мамыр күні сағ.12.00-де Қазақ-Британ техникалық университетінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған концерст ұйымдастырылып, дастархан жайылды.

2011 жылы 4 мамыр күні сағ.10.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған концерт ұйымдастырылды.

2011 жылы 4 мамыр күні сағ.15.00-де аудан әкімінің орынбасары Н.Яковлеваның ұйымдастыруымен ЖОО-ы мен ОАОО-ы өкілдерінің қатысуымен «9 мамыр - Жеңіс күнін» мерекелеуді ұйымдастыру жөнінде жиналыс өтті.

2011 жылы 3-5 мамыр аралығында Алматы мемлекеттік бизнес-колледжінде «Біз барлығының қалай болғанын ұмытпаймыз» және «Біз Ұлы Жеңістің ұрпақтарымыз» атты тақырыптарда дөңгелек үстел өткізілді.

2011 жылы 29 сәуір күні сағ.18.30 «Қазақконцерт» залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен Алмалы ауданының 75-жылдығына орай А.Жұбанов атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты ұжымы ұйымдастырған концертті ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.

2011 жылы 25 сәуір күні сағ.14.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.Бижановпен Елбасының Үкімет мүшелері, әкімдер, Орталық мемелекеттік органдар басшылары, «Нұр Отан» ХДП және «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ басшыларының қатысуы мен өткен кеңейтілген отырысындағы негізгі тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру жөнінде аудан активінің кездесуі ұйымдастырылды.

2011 жылы 24 сәуір күні Арбат алаңында Республикалық «Жас дарын» атты гала концерті өтті.

2011 жыл 20 сәуір күні сағ.12.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Бахаргүл Төлегенқызы ұйымдастырған «Әдемі-Ай» өнер үйінің ашылу салтанаты өтті.

2011 жылы 20 сәуір күні сағ.10.00-де аудан аумағындағы №4 қалалық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұғырындағы 20 жыл» атты тақырыптағы оқырмандар конференция өтті.

2011 жылы 19 сәуір күні сағ.12.00-де №4 Шығармашылық үйінде Алмалы ауданы талантты жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Елім деп тебіренер бала жүрек» атты концерттік іс-шара ұйымдастырылып, ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы 15 сәуір күні сағ.15.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, Чехов атындағы кітапханада «Тәуелсіз биік халқымның, желбіреп туы шалқысын!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2011 жылы 15 сәуір күні сағ.10.00-15.00 аралығында №18 мектеп қабырғасында «Ұлан» әскери-спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.

2011 жылы 13 сәуір күні Банк ісі академиясының студент жастарымен профессорлық-ұстаздар құрамы Алматы қаласы Діни істер департаментінің мамандарымен кездесу ұйымдастырып, еліміздегі діни ахуалды талқылады.

2011 жылы 9 сәуір күні аудан тұрғындары мен студенттер Қалалық сенбілікке белсенді қатысты. Сонымен қатар аудан аумағындағы ЖОО-ы мен ОАОО-да «Наурыз мейрамына!» арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

2011 жылы 7 сәуір күні Алматы хореографиялық училищесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Современная эпоха и эволюция искусства Независимого Казахстана» атты тақырыпта студенттер арасында І Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2011 жылы 6 сәуір күні сағ.15.00-де Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісіне арналған іс-шаралар өтті.

2011 жылы 6 сәуір күні Алмалы аудандық «Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес» комиссиясының отырысы ұйымдастырылып, Қазақ-Британ техникалық университеті мен Алматы экономика колледжінің жұмысы қаралды.

2011 жылы 31 наурыз күні Алмалы ауданы аумағында ЖОО-ы мен ОАОО-ң студенттерінің қатысуымен «Таза бейсенбі» тазалық акциясы өтті.

2011 жылы 18 наурыз күні С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина академиясында «Адам экологиясындағы мәселелер, гигиеналық орта және денсаулыққа деген қауіптілік» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған жиын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналып, Рессейлік медициналық ЖОО-ң профессорлық-мұғалімдер құрамы мен жас мамандар, студенттер қатысты.

2011 жылы 18 наурыз күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алматы қаласы әкімі жанындағы отбасы және әйелдер жөніндегі комиссия мүшелері мен ҮЕҰ-ң өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын талқылады. Аталған шараға мәдениет пен әдебиет қайраткерлері, мұғалімдер мен студент жастар қатысты.

2011 жылы 17-18 наурыз күндері М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация университетінде бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аталған жиынға «Қазақстан Темір жолы» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «КЕГОК» АҚ-ң өкілдері қатысты.

2011 жылы 10 наурыз күні Каспий қоғамдық университетінде Мемлекеттік индустриалды-иновациялық бағдарламасын еліміздің студент жастар арасында үдемелі дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.

2011 жылы 5 наурыз күні сағ.12.00-де Алматы технология университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, «Ай мен Күн» атты байқау өтті.

2011 жылы 4 наурыз күні сағ.19.00-де Медеу спорт кешенінде ұйымдастырылған VII-Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарының салтанатты шеруіне аудан тұрғындары белсенді қатысты.

2011 жылы 4 наурыз күні Алмалы ауданы әкімі М.Пірінбековтың қатысуымен аудандағы көп балалы аналарға салтанатты түрде «Алтын алқа», «Күміс алқа» тапсырылды.

2011 жылы 3 наурыз күні «Каспий» мейрамханасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, аудан әйелдерін құттықтауға арналған «Әйелге деген сүйіспеншілік» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

2011 жылы 28 ақпан мен 1 наурыз күндері аудан аумағындағы мекемелерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды.

2011 жылы 25 ақпан күні Банк ісі академиясының ұжымында профессорлық-оқытушылардың, студент жастардың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын талқылау жиыны болып өтті.

2011 жылы 25 ақпан күні Д.Қонаев атындағы университетте жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.

2011 жылы 25 ақпан күні сағ.11.00-де №4 кітапханада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын Тілдерді дамыту басқармасы, тарих және этнология институты, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институты өкілдері мен студент жастардың қатысуымен талқылау жиыны өтті.

2011 жылы 24-25 ақпан күндері Елбасының Жолдауын талқылауды ұйымдастыру жөнінде ЖОО-ы мен ОАОО-ң басшыларымен жиналыс өткізілді.

2011 жылы 23 ақпан күні сағ.16.00-де М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында Алмалы ауданының 75-жылдығына арналған интелектуалды «Беу қыздар- ай!» атты байқау ұйымдастырылды.

2011 жылы 14 ақпан күні сағ.15.00-де Қазақ-Британ техникалық университетінің мәжіліс залында «Нұр Мүбәрәк» университеті ұстаздарының қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында студент жастарға семинар ұйымдастырылды.

2011 жылы 10 ақпан күні сағ.15.00-де Алматы технология университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау жиыны болып өтті. Аталған жиынға Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қ.С.Баймұханбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, аталған оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен студенттері қатысты.

2011 жылы 9 ақпан күні сағ.12.00-де М.Мақатаев пен Желтоқсан к-нің қиылысында орналасқан М.Мақатаевтың ескерткіші алдында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Д.Қонаев атындағы университеттің оқытушылары және студенттерінің қатысуымен ақынның 80 жылдығына орай, «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты іс-шара ұйымдастырылды.

2011 жылы 9 ақпан күні О.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткізілген қала әкімі А.С.Есімовтің халық алдындағы есеп беру кездесуіне аудан тұрғындарыда белсенді қатысты.

2011 жылы 3 ақпан күні сағат 16.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның құқық қорғау органдары және ЖОО-ы мен ОАОО-ы тәрбие жөніндегі орынбасарларының қатысуымен жиналыс өтті.

2011 жылы 3 ақпан күні сағат 14.00-де Д.Қонаев атындағы университеттің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа кезекті Жолдауын талқылау жиналысы өтті.

2011 жылы 2 - 4 ақпан аралығында сағат 20.00-ден 23.00-ге дейін Астана алаңында 7-ші қысқы Азия ойындарының құрметіне ұйымдастырылған ашық аспан астында қалалық «Almaty Winter Dance» фестивалі өтті.

2011 жылы 2 ақпан күні сағат 11.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында мекемелер мен ұйымдардың басшылары бас қосып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа кезекті Жолдауын талқылады.

2011 жылы 29 қаңтар күні аудандағы ЖОО-ы мен ОАОО-ы қаланың экологиялық тазалығы акциясына қатысты.

2011 жылы 28 қаңтар күні аудан аумағындағы мекемелері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.

2011 жылы 24-27 қаңтар аралығында аудан аумағындағы мекемелерде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен пайдалануын қадағалау мақсатында талдау жасалып, аралау жұмыстары жүзеге асырылды.

2011 жылы 20 қаңтарда Алмалы ауданы аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде 7-ші қысқы Азиада ойындарына арналған іс-шаралар аясында үстел теннисі, «Тоғызқұмалақ», баскетбол, волейболдан жарыс өтті, Азиада тақырыбына арналған шығармалар, эсселер мен аудандық суреттер байқауының қорытындылары жарияланып, көрме ұйымдастырылды.

2011 жылы 12 қаңтар күні аудан тұрғындары және студенттері Фурманов - Қабанбай батыр - Абылай хан даңғылынан Астана алаңына дейін өткен 7-ші қысқы Азия ойындары Эстафетасының факел ұстаушыларын қарсы алды.

2011 жылы 5 қаңтар күні «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ұжымында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін референдум арқылы қолдау бойынша жиналыс өтті.

2011 жылы 5 қаңтар күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту мәселесі бойынша референдум өткізуге қолдау білдіру жөнінде «Корпорация «Ордабасы Групп» ЖШС ұжымында жиналыс өтті.

 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы