КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
12:21:35 сарсенбi, 2014 жылғы 22 қазан

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

2011 жылғы ақпарат
2011 жылғы ақпарат

2011 жылдың 30 қарашасында ауданның жаңажылдық шыршаларының жылдағы дәстүрге айналған салтанатты жағылу рәсімі өтті. Жаңажылдық шыршалар №6 Оқушылар үйінің (Сейфуллин д., 13), Әуежай мәдениет үйінің (Майлин к.,13) аулаларында және Жұлдыз ықшамауданында (Садо кафесінің алдындағы алаң) орнатылған. Іс-шараның бағдарламасында аудан тұрғындары Аяз Ата және Акшақамен кездесулер, «Ақшақар мерекесі», «Аяз Ата мерекесі», «Ертегілер кейіпкерлері» мерекесі», түрлі шоуларды тамашалады.

Бас шыршаларды жағу құрметіне ие болғандар: №6 Оқушылар үйі – ҚР еңбегі сіңген әртіс Сұлушаш Нұрмағамбетова, №71 мектептің 10 «а» сынып оқушысы, 2011 ж. Паралимпа қаласында (Кипр) оқушылар арасында өткен халықаралық физика саласы бойынша ғылыми жобалар байқауының 2-дәрежедегі дипломының иегері Айша Ахмуллаева; Жұлдыз ықшамауданы - ҚР еңбегі сіңген мұғалімі, республикалық бейнелеу өнері бойынша байқауының жеңімпазы, тұрақты халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысушы Қанапиев Жұмахан Қырғыбайұлы, №78 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, интеллектуалдық «Ақ Бота», «Золотое руно», «Британский бульдог», «Русский медвежонок» атты қалалық, республикалық, халықаралық байқауларының бірнеше рет жүлдегері, «Қазақшаңызқалай?» атты аудандық конкурсының жеңімпазы Екатерина Жукова; Аэропорт Мәдениет үйі – РҚ авиациясына еңбегі сіңген қызметкері, Кеңестік Одағына еңбегі сіңген штурман, Азаматтық авиация академиясының кафедра меңгерушісі, профессор Тұрсынбек Нұрмаханұлы Қозбақов, 11 сынып оқушысы, Республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының «Үркер» төс белгісінің иегері Тимур Бехер.

Осы күні білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпорындар мен ұйымдарда да жаңажылдық шыршалар жағылды. Іс-шараларға аудан басшылары, белсенділері, аудандық қызметтердің, ҚҰ, ҮЕҰ өкілдері, қалалық депутаттар, аудан тұрғындары, жоғары, арнайы орта орындарының білім алушылары және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, барлығы 4 мыңға жуық адам қатысты.

Тұжырымдамасы: әлеуметке негізделген этикалық ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда рухани-мәдениеттік, ұйымшылдық жағдайлар мен кепілдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлеуметтік маңыздылығы: аудан тұрғындарының ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттау, ұлтаралық келісім мен төзімділікке тәрбиелеу.

2011 жылдың 29 қарашасында «№9 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесінде «Біздің басты құндылығымыз – біздің Отан – Тәуелсіз Қазақстан» («Наша главная ценность – это наша Родина - Независимый Казахстан») атты тақырыбында шығармалар сайысы жүзеге асырылды. Байқау қорытындысын жариялау бойынша іс-шараға аудан әкімдігінің, аудандық «Қазақ тілі қоғамының» өкілдері, кәсіптік лицейдің ұжымы мен білім алушылары, барлығы 85 адам қатысты.

Іс-шара барысында сайысқа қатысқан білімалушылардың жазған шығармаларының қорытындысы келесідей анықталды:

1 орын 2 курс оқушысы Роза Советбайқызына;

2 орын 2 курс оқушысы Бану Біләловаға;

3 орын 1 курс оқушысы Бақытжан Жетейге берілді.

Жүлдегерлер Мақтау қағазымен марапатталды.

2011 жылдың 27 қарашасында №61993 әскери бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Атамекен» атты салтанатты іс-шара өтті. Жиынды ҚР Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы генерал-майор А.Алдабергенов құттықтау сөзімен ашты. Іс-шараға 61993 әскери бөлімшесінің ұжымы, оның командирі Д.Адырбеков, ҰОС мен әскер ардагерлері, әскери борышын өтеуші М.Түкеновтың анасы, барлығы 900 адам қатысты.

Іс шара барысында салтанатты түрде әскери ант қабылдау, грамоталар және сыйлықтармен марапаттау рәсімдері ұйымдыстырылып, қоян-қолтық соғыстың әдістері көрсетілді. Салтанатты жиында әскери борышын өтеушілер ата-аналарымен кездесті.

2011 жылдың 27 қарашасында №2021 әскери бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды әскери бөлімшесінің командирі подполковник Т.Т.Сүпиев құттықтау сөзімен ашты. Сөз сөйлегендер майор Е.Закарьянов әскери қызметтегі жастарды тәрбиелеу және ҚР шекарасын күзету ісіндегі іс-шараның маңыздылығына, оқыту орталығының бастығы Б.Жәкеев 2011 жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың қорытындыларына, әскери қызметкері К.Далабаева әскери қызметтегі және ҚР шекарасын күзетудегі әйелдердің роліне тоқталып өтті. Мемлекеттік шекара күніне арналған салтанатты жиынға 250 адам қатысты.

Салтанатты жиынның соңында жиынға қатысушыларға әскери бөлімшесінің көркемөнерпаз ұжымының мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылды.

2011 жылдың 27 қарашасында ҚР Құрылықтық жауынгерлердің әскери институты (ҚЖӘИ) курсанттарының арасында спорттық жарыстар өтті. Іс-шара басындағы митингті институт бастығының орынбасары полковник Р. Н. Лукманов құттықтау сөзімен ашты. 1- рота командирі капитан Е.А. Мұсаев пен курсант А.Байбатыров митингте сөз сөйлеп, жарыстарға қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тіледі. Іс-шараға 1500 адам қатысты.

Жарыстардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 1-орынды 10-рота курсанттар командасы (рота командирдің м.у.а. аға лейтенант И.Ярыгин); 2-орынды – 6-рота курсанттар командасы (рота командиры Р.И. Дашаев); 3-орынды – 5-рота курсанттар командасы (рота командирі капитан К.Түребеков) иеленді.

Гир көтеру спорты бойынша 1-орынды кіші сержант А.Байымбетов, 2-орынды курсант К.Қойшыманов, 3-орынды кіші сержант Р.Мукуаонов иеленді.

Армрестлинг бойынша жарыста 1-орынды курсант К.Сегізбаев, 2-орынды курсант А.Петрушенко, 3-орынды кіші сержант М.Қадыров иеленды.

Тұжырымдамасы: этникалық шығу тегіне қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолда тұрған ең бағалы құндылық -егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етуге үлес қосу

Әлеуметтік маңыздылығы: Салауатты ұлтты құру үшін мемлекет өткізетін шаралардан басқа азаматтың өз денсаулығын сақтау және қорғау өзінің күші мен ынтасы қажет екенін жеткізу және тұрғындар арасында кеңінен насихаттау

2011 жылдың 26 қарашасында Алматы мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің» негізінде «Менің елім Қазақстан!» («Моя Родина Казахстан!») атты тақырыбында аудандық рефераттар байқауы өтті. Байқауға Түрксіб ауданындағы 5 техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 62 білім алушылары мен оқытушылары қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды – Кенжебаева Бинур - «Аяжан» колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының І-курс білім алушысы; ІІ орынды – Мырзақасым Дина - № 9 кәсіптік лицей білім алушысы; ІІ орынды- Омарханова Ақмарал - «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ колледжінің білім алушысы; ІІІ орынды – Карипов Нұрсұлтан - Алматы менеджмент және сервис колледжінің ІІІ-курс, 209 тобының білім алушысы; ІІІ орынды - Тәбішбаева Гүлім - «Аяжан» колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының І-курс білім алушысы иеленді.

Алғыс хаттармен марапатталғандар:

1. «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ колледжінің АСП-109 білім алушысы К. Кадырова.

2. Алматы менеджмент және сервис колледжінің ІІ-курс, 210 тобының білім алушысы Ә. Кеңес.

3. № 9 кәсіптік лицей білім алушысы А.Б. Үкібаева.

4. «Аяжан» колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының І-курс білім алушысы Н. Серікқызы.

2011 жылдың 26 қарашасында Азаматтық авиация академиясының конференц залында «Европалық авиация әкімшілігінің талаптарына сәйкес білім беру жүйесінің европалық білім алатын стандарттарға көшу» тақырыбындағы халықаралық симпозиумы өтті. Симпозиумға аудан басшылары, ҚР білім және ғылым министрлігінің, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің, Ұлттық космикалық мекемесінің, шетелдер азаматтық авиацияның жоғары оқу орындары және тағы басқа халықаралық білім және оқу орталықтары мен мекемелерінің өкілдері – барлығы 450 адам қатысты.

Симпозиумның ашылу салтанатында Азаматтық авиация академиясының ректоры Қ.Б. Алдамжаров алғы сөзімен құттықтап, симпозиумның жұмысына сәттілік тіледі.

Халықаралық жиынның «Болашақ авиация мамандарына қатысты бастамаларды жүзеге асыру. Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы» және «Авиациялық мамандарды дайындаудағы JAA рөлі» атты негізгі тақырыптары бойынша бойынша (ICAO) өкілі В.Куренков, JAA директоры Joost Jonker баяндамалар жасады. Шара барысында шетелдік оқу орталықтарының презентациялары болып өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шараның ресми бөлігі Халықаралық Симпозиумға қатысушылардың «Авиациялық мамандарды оқытудың кредиттік технологиясы мен Еуропалық авиациялық ережелер талаптарына сәйкес дайындау» бойынша Меморандумға қол қойюларымен аяқталды.

Қонақтар Алматы қаласымен танысып, «Шымбұлақ» спорттық кешеніне экскурсияға шықты.

2011 жылдың 26 қарашасында №6 Оқушылар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Менің Қазақстаным» атты аудандық салтанатты жиын «Локомотив» АҚ – Алматы эксплуатациялық локомотивтік депосы ұжымының қатысуымен өтті. Жиынға аудан басшылары, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының басшылары, аудан активі, қалалық мәслихаттың депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, ҮЕҰ мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері – барлығы 350 адам қатысты.

Жиын басында фойеде шақырылған қонақтарға ұйымдастырылған локомотив депосының құрылғылары макеттерінің көрмесі, кәсіпорынның жетістіктері туралы слайд-шоу, залда қазақ халқы аспаптары оркестрінің концерті ұсынылды.

Салтанатты жиынды осы кәсіпорынның директоры, қалалық мәжіліс депутаты Б.М. Оспанов ашты. Іс-шара барысында Түрксіб ауданының әкімі В.Устюгов Еліміздің төл мерекесімен жиынға қатысушыларды құттықтап, депоның үздік машинистері Ербол Бақытұлы Найманбаевқа, Алданбек Түзелбекұлы Әлімге және машинистердің көмекшілері Нұрсейіт Бағдатұлы Бармақов пен Мейірбек Кәрімұлы Садықовқа аудан әкімінің сыйақысын тапсырды.

«Локомотив» АҚ – Алматы эксплуатациялық локомотивтік депосының директоры Б.Оспанов кәсіпорын бойынша өткізілген байқаулардың қорытындыларын жариялап, 2011 жылдың «Ең үздік машинист- нұсқаушысы» номинациясы бойынша Артем Валерьевич Биккужинді, «Ең үздік машинист көмекшісі» - Құаныш Құдысович Жасауловты, «Ең үздік тепловоз машинисі» - Виктор Витальевич Казариновты, «2011 жылдың Алматы көлік және коммуникациялар академиясының ең үздік студенті» номинациясы бойынша Дана Абралқызы Оразалиева мен Ерасыл Нұрланұлы Сәлімжановты сыйақымен марапаттады.

Жиын Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артистердің концертімен жалғасты.

2011 жылдың 25 қарашасында аудандағы №74 мектептің мәжіліс залында Түрксіб ауданы бойынша қалалық әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау ведмоствоаралық комиссиясы №74 мектептің ұжымымен бірлесіп «Оқушылардың тәрбиелеу ісін меңгерушілер, психолог және әлеметтік ұстаздары, аудандық ІІБ КТБ полиция инспекторлары бірлесіп девианнтты мінез-құлықты балалармен жүргізіп жатқан алдын алу жұмыстары» атты семинар кеңесін өткізді. Бұл семинар кеңесіне аудандық білім беру бөлімінің бастығы- М.Қ. Бұзаубеков, АҚНММӘОО-ң нарколог жасөспірім-дәрігері А.А Баратова, «Қазақстандағы күйзеліс орталықтарының одағы» психолог консультанты М.М. Уанбаева, аудан мектеп директорларымен оқушылардың тәрбиелеу ісін меңгерушілер, психолог және әлеуметтік ұстаздары, аудандық ІІБ КТБ полиция инспекторлары, комиссия мүшелері қатысты. Шара барысында аудандық ІІБ КТБ бастығы М.М. Чакишеваның, Алматы қ. «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымы» МК-сінің әлеуметтік ұстазы Г.Г. Кошкинаның, №74 мектептің әлеуметтік ұстазы О.Д. Печникованың, №59 мектептің психолог ұстазы А.Е. Жықбаеваның баяндамалары тыңдалды. Семинар қортындысы бойынша аудандық аймақтық органдардың басшыларына мектептегі девиантты мінез-құлықты балалармен тиімді жұмыс жасау үшін тренингтік сабақтар бағдарламасын даярлап, жауапты міндеттемелер жүктеу арқылы оларды қоғамдық қызметке тарту, тәрбиелеудің құқықтық аспектілері бойынша ата-аналардың ақпарлығын арттыру туралы, БАБ, ІІБ КТБ тәрбиелеу колонияларынан, арнайы білім беру мекемелерінен қайтқан кәмелетке толмағандармен алдын-алу жұмыстарын жүргізуді күшейту туралы ұсыныстар берілді.

2011 жылдың 23 қарашасында Түркісіб ауданына қарасты №83 мектеп-гимназияда «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға аудан прокурорының көмекшісі В.Сташков, аудандық ІІБ бастығы Н.Машкалов, аудандық оқу бөлімінің бастығы М.Бұзаубеков, №83 мектеп-гимназияның директоры Л.Солодникова және осы мектеп-гимназияның 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысушылар жемқорлықтың қалай пайда болатынын сөз етті. Бұл географиялық жағынан орналасуына қарамастан бай немесе кедей мемлекеттерде де болатын мәселе екенін, оны ұлттық мінез-құлықтан, мәдени салт-дәстүр ерекшелігінен іздеуге болмайтынын, кейбір зерттеушілердің жемқорлықтың пайда болу себебін индивидтің психологиялық мінез-құлқымен ғана шектейтінін сөз етті.

Түркісіб ауданы прокурорының көмекшісі В.Сташков қатысушыларды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған бірнеше заң актілерімен таныстырды. ТМД елдері арасында заң шығару базасын және жемқорлыққа қарсы жүйені дайындауда Қазақстан жетекшілік орын алуда. Республикамыз «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» деген заңды алғашқылардың бірі болып қабылдады. Және Елбасы Жарлығы бойынша құқық қорғау органдарының басым бағыттары ретінде жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтарды қылмыстық тәуелділіктен босату жұмыс анықталып берілді.

Аудандық оқу бөлімінің бастығы М.Бұзаубеков жемқорлыққа байланысты құқық бұзудың алдын алу бойынша білім беру мекемелеріндегі атқарылған іс-шаралар туралы айтып өтті. Бұл бәрінен бұрын оқушылар мен оқытушылар және ата-аналардың жаппай құқықтық білім алу қажет екенін көрсетеді. Өйткені, құқықтық білімнің жоқтығы – жемқорлық іс-әрекеттерге алып келеді. Білім мекемелерінде заң бұзуға байланысты мәселелерге уақытылы көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, әр мектепте «сенім жәшігі» жұмыс істейтінін, анонимді сигнал түскен уақытта ақпаратпен жұмыс істеу үшін және құқық бұзуға жол бермеу үшін бірден іс-шаралар атқарылатынын тілге тиек етті.

Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, жемқорлық мемлекеттің құқықтық негізін бұзатынын, сау қоғамның дамуына кедергі келтіретінін атап айтты. «Әр азамат мемлекет алдында, заң мен қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, өзінің ар-ұятын саудалағанды қойған уақытта ғана жоғары дамыған демократиялық қоғам қалыптасады» дейді оқушылар.

2011 жылдың 23 қарашасында Түрксіб ауданында орналасқан №9 қалалық ауруханада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай қарттар үшін №9 қалалық аурухана әкімшілігінің және штаттан тыс геронтолог дәрігер Г.Ғ.Ұрмұрзинаның ұйымдастыруымен «Ұзақ жасаудың жолы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тақырыпқа орай жасалған баяндамалар оқылып, слайдтар көрсетілді. Үш күн аралығында өткізілген семинарда қарттар ең жақсы деген мамандармен кеңесіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты сұрақтар қойып әңгімелесті. Семинардың соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға «Денсаулық мектебі», «Ұзақ жасаудың жолы» сертификаттарын тапсырды.

2011 жылдың 21 қарашасында Түрксіб ауданындағы С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Өткеніміз-өнеге, келешек-ғаламат» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

Қазақ елінің тарихы мен Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі қол жеткізген табыстарын ән-жырымен өруі, аспан әлемін, одан орын алған көк туымызды би қимылымен көрсеткен бишілердің өнері риза етіп, қол ұрғызса, слайдтардан көрсетілген Д.Қонаев, Б.Момышұлы, Б.Саттарханов, Қ.Рысқұлбеков, т.б қазақ тарихында орны бар ұлдарымыздың бейнесі мен Елбасының инаугурациясы, Желтоқсан оқиғасы сынды тарихи оқиғалар кеш көрермендерін тебірентіп, ерекше әсер етті. Кеш соңында сөз алған мектеп директоры Г.Қинаятқызы өз сөзін: «Бұл кеш-Қазақстан атты елде туып, оқушылардың қазақ ұлтының азаматы болғанына мақтаныш сезімін тудырды»деп түйіндеді. Кеш соңында шырқалған Б.Тілеухановтың «Менің елім» әнін көрермендер де қосыла шырқады

Ағымдағы жылдың 14 қазанында «Аяжан» медицина колледжінде Түрксіб аудандық әкімдік Түрксіб аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған жұмыссыз жүрген адамдар үшін аудандық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 150 жұмыссыз адам, сондай-ақ студент жастар, қаланың 15 кәсіпорыны мен ұйымдары қатысты. Олар 185 бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың ішінде екі кәсіпорын (металлоконструкция өнімдері)

«КВОиТ зауыты» ЖШС (13 бос жұмыс орынын), «Алматы кескіндерді ию зауыты» ЖШС (20 бос жұмыс орыны), «Уют сервис» клинингтік компаниясы (25 бос жұмыс орыны), сауда және қоғамдық тамақтанудың 4 ұйымы (60 бос жұмыс орыны), үш медициналық мекеме – (13 бос жұмыс орыны) және 54 бос жұмыс орынын ұсынған басқа да ұйымдар қатысты.

Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша жұмыс берушілер жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздармен әңгімелесу жүргізді, жұмыс берушілердің қарауына қарай 45 адам өздерінің түйіндемелерін жұмыс берушілерге ұсынды. Олар жұмыс берушіге қосымша әңгімелесуден өту үшін шақырылатын болады.

Жұмыссыздарды жұмысқа қабылдаудың қорытындысы туралы ақпаратты жұмыс берушілер 21-қазанға қарай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынатын болады. Жәрмеңкеде жұмыссыздардың ішіндегі тұрмысы аз қамтылған отбасыларға 10 азық-түлік жинақтары және мектеп формалары тапсырылған қайырымдылық акциясы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Түрксіб ауданының №7 Оқушылар үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған және Халықаралық қарттар күні бойынша айлық іс-шаралар шеңберінде үлкен қайырымдылық акциясы өткізілді. Мыңға жуық адам яғни соғыс және еңбек ардагерлері, тұрмысы аз қамтылған, көп балалы отбасылар мүмкіндігі шектеулі жандар гигиеналық құралдары бар пакеттер алды. Аталған іс-шараға Проектер энд Гэмбл Компаниясы демеушілік жасаған. Олар бір неше жылдан бері аудан тұрғындарына өздерінің өнімдерін сыйға тартып келеді. Ал есесіне олардың жомарттығына риза болған тұрғындар компания өкілдеріне өз алғыстарын білдіруде.

Ауданда қайырымдылық акциясы әлі де жалғасатын болады, сондай-ақ қарт адамдарға назардан тыс қалтырмай қамқорлық көрсетілуде.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында аудандық ІІБ мәжіліс залында қылмысты істер полициясы күніне орай полиция қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Осы іс-шараға аудан басшылығы қатысып, қызметін адал атқарып, елеулі еңбек етіп жүрген бір топ құқық қорғау қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырды. Олар: аудандық ІІБ ҚПБ бастығы Қаршығанов Берікбол, полиция капитаны Бәкіров Бақытжан Әнуарбекұлы, Мұсаев Дәуренбайұлы, полиция майоры Құс айынов Әлихан Орынбайұлы, полицияның аға лейтенанты Шыналиев Мақсат Ғаппарұлы, Молдашев Берік Мәулетханұлы және тағы басқалары.

Жуырда №7 Оқушылар үйінде ауданда қалыптасқан дәстүр бойынша мүмкіндіктері шектелген балалар арасында «Жұлдызай» көркемөнерпаздар үйірмелері фестивалі аудандық «Нұр Отан» ХДП бөлімшесі мен жеке адамның қолдауымен ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл фестиваль 2008 жылдан бастап өтеді. Биылғы жылғы фестиваль Мүгедектер декадасы мен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып өткізілуде. Бұл іс-шараға отызға жұық үйінде қызмет көрсетілетін, жалпы білім беретін мектептерге және №123 түзету бала бақшасына баратын мүмкіндігі шектелген балалар қатысты.

Мұнда концерттік бағдарламасымен №7 оқушылар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша көркем сөз, вокалдық орындау, хореография, бейнелеу өнері номинациялары бойынша жүлдері орын алғандарға құнды сыйлықтар тапсырылды.

Жуырда ҚР-ның Мәдениет министрлігі Тілдер жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласында 16-30 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Абай оқулары» байқауына «Локомотив депосы» АҚ-ң инженері Елена Викторовна Серохвостова қатысты.

Бұл іс-шара ХІІІ- Қазақстан халқы тілдері фестивалі яасында, ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау арқылы мемлекет тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық патриотизмді насихаттау жұмысына ықпал етеді.

Байқауға қатысқан Серохвостова Е.В. берілген тасырмаларды орындап шығып, Абайдың «Сенбе жұртқа, жатса да, қанша мақтап» атты 20-қара сөзін жатқа оқып, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін орындап, байқаудың дипломанты атанды.

Республикалық жасылдар партиясының бастамасымен 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сенбілік өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған сенбілікке Түрксіб ауданы бойынша 789 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды. Бұл сенбілікке ауданның 8830 тұрғыны қатысты. ЖОО (жоғарғы оқу орындар), АОББМ(арнайы орта білім беру мекемесі) студенттері тиесілі және бекітілген аумақтарын тазалады.

Сенбілікке 98 техника бірлігі жұмылдырылып, көлемі 789 текше метр қоқыс жиналып шығарылды.

Сенбілікке белсенділікпен қатысқандар назардан тыс қалған жоқ, байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды:

– Азаматтық авиациялық академиясы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Шормановтың грамотасы және аудан әкімі В.Н.Устюговтың телевизор сияқты бағалы сыйлығымен марапатталды;

1- орынды №32 жалпы білім беретін мектеп иеленіп, аудан әкімінің грамотасымен және музыкалық орталық бағалы сыйлығымен марапатталды;

2- орынды иеленген КОК ҚСҚ-3 коммуналдық кәсіпорны аудан әкімінің грамотасымен және DVD-мен марапатталды;

– 3-орын - «Аяжан» медициналық колледжіне берілді және осы оқу орны DVD ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Түрксіб ауданының «Renion» мейрамханасында ай сайын өтетін «Ақ ниетпен» атты мерекелік іс-шарада Қарттар күнінің қарсаңында аудан әкімі В. Устюгов ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласқан қарттарды кең жайылған мерекелік дастархан басында қабылдады. Жылы шырайлы жүздесу барысында аудан басшысы ерен еңбек сіңірген абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерді төл мерекелерімен құттықтады. Сөз барысында аудан басшысы алдағы қазан айы толығымен қарттарға қолдау, көмек білдіретін «Қайырымдылық айы» болып жарияланатындығын, аудандағы ешбір қария назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Алдағы уақытта бір ай көлемінде қарттарымызға арнап әртүрлі спорттық іс-шаралар және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 23-26 қыркүйек аралығында Түрксіб ауданында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы барысын насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобы аудан тұрғындарымен кездесуі өтті. Топ құрамында табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР Агенттігінің төрағасы Н.Ш.Алдабергенов, ҚР Сыртқы істер Министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжау Комитеті төрағасының орынбасары С.А. Алыбаев, Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша бәсекелестікті қорғау жөніндегі ҚР Ауданаралық инспекциялық Агенттіктің басшысы А.А.Қамшымбаев, «Возрождение» Қазақстан неміс бірлестігінің қоғамдық Ассоциациясы» ЗТҰ (заңды тұлғалар ұйымы) төрағасы А.Ф.Дедерер, ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М.Қасымбек болды.

Ақпараттық-насихаттау тобының кездесуі еңбек ұжымдарында әскери қызметкерлер және курсанттармен («ТемірбетонАЗМК» ЖШС, «Локомотив»АҚ, «Казаэронавигация» АҚ) кәсіпорындарында, Аэроұтқыр әскерлерінің әскери бөлімшелерінде, Құрлықтық жауынгерлердің әскери институтының әскерлерімен өтті. Кездесу барысында ҚР Президентінің «Болашақты бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тарауларының жүзеге асырылуы барысы бойынша түсінік беріліп, сонымен бірге көпшіліктің басқа да толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берілді.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері мерекесі күніне орай Түрксіб ауданында орналасқан әскери бөлімнің жеке құрамы мемлекеттік тілі бойынша байқауға қатысты. Аталған іс-шара аудан әкімдігі және аудандық «Қазақ тілі» қоғамымен ұйымдастырылды. ҚР Президентінің Жарлығымен 22-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесі күні деп жарияланған болатын. Республикада 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар тұрады, қазақ тілі барлық қазақстандықтар үшін бірыңғай мемлекеттік тіл болып табылады.

Қазіргі уақытта РҚ Қарулы күштер қатарында күнделікті ауызекі ғана емес, сонымен бірге іс-қағаздарында және әскери қызмет атқару кезінде де кеңінен қолданылады.

Аталған байқауда команданың қатысушылары команданы таныстыру (атауы, ұран, эмблема), «Қазақшаңыз қалай?» атты театрландырылған қойылым, өнер сайысы (қазақ халқының ұлттық әндерін, билерін, күйлерін орындау), жиі қолданылатын терминдерді білу, қабырға гезеттерін шығару, мемлекеттік тілдегі іс-қағаздар номинациялары бойынша жарысты.

Түрксіб ауданының «Renion» мейрамханасында ай сайын өтетін «Ақ ниетпен» атты мерекелік іс-шарада Қарттар күнінің қарсаңында аудан әкімі В. Устюгов ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласқан қарттарды кең жайылған мерекелік дастархан басында қабылдады.

Жылы шырайлы жүздесу барысында аудан басшысы ерен еңбек сіңірген абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерді төл мерекелерімен құттықтады.

Сөз барысында аудан басшысы алдағы қазан айы толығымен қарттарға қолдау, көмек білдіретін «Қайырымдылық айы» болып жарияланатындығын, аудандағы ешбір қария назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Алдағы уақытта бір ай көлемінде қарттарымызға арнап әртүрлі спорттық іс-шаралар және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ауылшаруашылық өнімдерін және азық-түлік сату жәрмеңкесі жұмыс істейтін болады (Сүйінбай д., Хмельницкий к. қиылысы). Мұнда тұтынушыларға Қазақстандық азық-түлік және өнеркәсіп тауарөндірушілерінің түрлі өнімдері кеңінен ұсынылады.. Тұрғындарға кәртөп, көкөніс, ұннан пісірілген тоқаш, макарон өнімдері, ұн, жұмыртқа, мал және құс еттері, бал және т.б. өнімдер сатылатын болады. Өнімдерді тұтынушыларға тікелей өндірушілер сататындарына байланысты олардың бағасы базардағы бағадан 15-20 пайызға төмен.

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде «Аяжан» колледжінде (Талас к., 1, Жұмабаев к. қиылысында) бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті. Іс-шара жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмысқа орналасуға көмектесу, жоғары оқу орындарын, колледждерді бітірген түлектерге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша практика ұйымдастыру, сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарға қабылдау мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда жұмыссыздарға кеңестер беріліп, «Қалай жұмыс табуға болады?» атты мастер-класстар жүргізілді.

Осы жәрмеңкенің мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолауындағы масылдықты еңсеру және кедейшілік - басты мәселелерін шешу болып табылды.

Іс-шараға жұмыссыз жүрген аудан тұрғындары шақырылды, оларға бос жұмыс орындарын кәсіпорындар мен жеке агенттіктер ұсынды.

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Алматы қаласының Халықаралық әуежайында қазақстан альпинистерімен кездесу өтті. Қазақстан альпинистері Мақсұт Жұмаев пен Василий Певцов халықаралық экспедиция құрамында осы жылдың 23 тамызында әлемдегі, екінші орын алатын ең биік К 2 шыңына шығып, әлемдегі 14 сегізмыңдық биік шыңдарды бағындырған альпинистердің тізімінде құрметті орын алды. Біздің альпинистеріміздің шыңға жетуі еліміз үшін айрықша мәнді оқиға болып отыр.

Еркін түрде өткен кездесу барысында альпинистер өздерінің жетістіктері туралы, К 2 шыңына шыққаны туралы әңгімелеп берді.

Іс-шара қазіргі заман жастарында патриоттық сезімді және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде ауданда № 185 бала бақша ашылды (Майлин д., 11 «А» үй). Ауданда мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы орын алуда. Осы өткір мәселені шешу үшін алғашқы қадам болып қазіргі кезде өзге мекемелер пайдаланып отырған бұрынғы мектепке дейінгі мекемелер ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Халықаралық әуежайдың қарауында болған бұрынғы бала бақша ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылды. «Балапан» мемлекеттік бағдарлама бойынша мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыркүйек айының басында аяқталды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі В.Устюгов қатысып, сөз сөйледі. Іс-шараға тұрғындар, аудан белсенділері және жұртшылық қатысты. Қазіргі уақытта балабақша меңгерушісі Иәхарова Гүлнәр Халелқызы өзінің міндетіне толық кірісіп кетті.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне орай ауданның барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Соның бірі Түрксіб ауданындағы №170 жалпы білім беретін мектепте де дәстүр бойынша мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды. «1 қыркүйек –Білім күніне» арналған салтанатты жиын басталып, тәуелсіз еліміздің әнұраны орындалды. Салтанатты жиында құттықтау сөзін алған осы мектептің директоры Раушан Көкенқызы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мұғалімдерге және оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп директорының айтуынша биылғы оқу жылында бұл мектепке 28 бала қабылданған, ал жалпы мұнда 300 оқушы білім алады. Оларға 42 тәжірибелі ұстаз дәріс береді екен. Бұған қоса физика, химия-биология кабинеттері заман талабына сай жабдықталғандығын айтып өтті. Сөз соңында ата-аналар мектеп оқушыларының білім мерекесіне арнап дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады. Жалпы аудан бойынша жаңа оқу жылында 2474-ке жуық бала 1-сыныпқа қабылданған.

Ағымдағы жылдың 30 тамызында Сейфуллин атындағы саябақта Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 жылдығына арналған аудандық мерекелі іс-шара өтті. Меркені аудан әкімі В.Устюгов аудан жұршылығын құттықтау сөзімен ашып,. және Конституция күні Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өтіп жатқанына тұрғындардың назарын аударды. Әрі қарай әкім аудан жетістіктеріне тоқталып, оған түрксібтіктер қажырлы еңбектерімен зор үлес қосқандарын ерекше айта кетті.

Осы мерекеде қалыптасқан дәстүр бойынша 16-ға толған жас азаматтарға салтанатты түрде жеке күәліктер тапсырылды, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерінің курсанттары ант қабылдады. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, қонақтарға бауырсақ, палау, ыстық шай ұсынылды.

Салтанатты мерекеге аудан басшылығы, жұртшылық, белсенділер, тұрғындар қатысты.

Ағымдағы жылдың 29 тамызында ауданда аудан әкімі В. Устюговтың және «Нұр Отан» ХДП бөлімшесінің бастамасымен ерекше іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. ЛА-155/18 мекемесінде (Красногор к., 73) сотталғандардың арасында мини футбол және волейболдан Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған спартакиада өтті.

Спорттық жарыстар сотталғандардың арасында тәрбие жұмысын және олардың арасында Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауындағы халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі басымдықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Спартакиаданың ашылуында аудан әкімі В.Устюгов құттықтап, сөз сөйледі.

Іс-шараның қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар және ерекше көзге белсенділігімен түскендер кобокпен, жүлделермен, ққұнды сыйлықтармен марапатталды

Ағымдағы жылдың 25 тамызында «Авиатор» стадионында (Майлина к., 42) Қазақстан Республликасы Конституциясының 16 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аудан әкімінің кубогына кросс эстафета өткізілді. Бұл іс-шараға мектеп оқушыларының және демалыс орталықтарының құрама командалары қатысты. Қатысушылар жүгіруден 200 метр қашықтыққа - қыздар және 400 метр қашықтыққа - ұлдар жарысты. Іс-шара дене шынықтыру және спортпен айналысуды жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыстар қорытындылары бойынша жеңімпаз командалар және ерекше көзге түскен ұл балалар мен қыздар жеке номинациялар бойынша кубокпен, жүлделер және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 24 тамызында «Нұр Отан» ХДП аудандық бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 жылдығына арналған «Конституция – Мемлекеттің негізгі заңы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Диалогқа аудан әкімі В.Устюгов, этномәдени бірлестіктерінің, білім беру, денсаулық сақтау салаларының, өнеркәсіп мекемелерінің, әскери бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Мұнда сөз сөйлегендер республиканың қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуына Негізгі Заң зор мүмкіндік бергенін атап өтті. Сондай-ақ Негізгі Заңда биліктің анық бөлінуі ғана емес, қазақстандықтардың құқығы мен бостандығының деңгейжиегі кеңейгенін ерекше атады. Өз сөзінде «Темірбетон» АКҚЗ-ң бастапқы партия ұйымның хатшысы С. Сергутин аудан тұрғындарының әнеркәсіп және әлеуметтік салаларының дамуына зор үлестерін қосып келетітін әңгімеледі.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктерінің, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп кәсіпорындарының, әскери бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 17 тамызында аудандық әділет басқармасында «Мемлекеттік тіл мәртебесі биік болсын» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шараны басқарма бастығы Б.Төреханов ашып, жүргізіп отырды.

«Дөңгелек үстел» отырысының жұмысын әділет басқармасының бастығы Б.Төреханов қорытындылап, Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы қазақстандық үшін үш тілді білу- әркімнің міндетті шарты екендігі туралы ескертті, және отырыс қатысушыларының барлығын мемлекеттік тілді сыйлап құрметтеуге шақырды. Б.Төрехановтың айтуынша өз басқармасындағы құжат айналымын мемлекеттік тілге толық көшірілуін өзі қатаң қадағалайтындығын айта кетті.

Іс-шараға әділет басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, АХАЖ және аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 17 тамызында С.Сейфуллин атындағы саябақта (Шолохов пен Щербаков көшелерінің қиылысында) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған спорт фестивалі өтті. Спорттық жарыстар спорттың әр түрлерінен мүмкіндіктері шектелген адамдар арасында ұймдастырылды. Фестивалді аудан әкімі В.Устюгов құттықтау сөзімен ашып, аудандағы Елбасы Н.Назарбаевтың жылсайынғы Қазақстан халқына арнаған жолауында қойылған салауатты өмір салтын насихаттау, халықты дене шынықтыруға және спортпен айналысуға тарту сияқты маңызды міндеттердің жүзеге асырылуына тоқтала кетті. Әрі қарай аудан әкімі ауданда спорттық базалардың құрылуына және халықтың оларды толығымен пайдалануына жағдай жасалғанын атап өтті.

Іс-шараға аудан басшылары, жұртшылық, тұрғындар қатысты.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Жұлдыз ықшам ауданы №142 мектебінің спортзалында мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған аудан әкімінің Кубогына волейболдан жарыстар өтті. Іс-шара жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын мағыналы ұйымдастырып, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Алдын ала іріктеу ойындары мектептерде шілденің 13-нен бастап өтті. Жарыстарға отыздан астам командалар қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар Кубокпен, медальдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Түрксіб ауданы әкімінің аппараты «Цесна» спорт клубының спортзалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жыл толуына орай АІІБ, салық комитетінің, медицина мекемесі, ХҚКО, «Алматы» және «Таң» телеарнасының құрама командалары арасында футболдан турнир ұйымдастырды. Командалар 20 минуттан 2 таймдық айналма жүйе бойынша ойнады. Бұл жолы «Алматы» телеарнасының, салық комитеті, аудандық медициналық бірлестіктің футболшылары ерекшеленіп 1-ші, 2-ші,3-ші орындарға ие болды. Түрксіб ауданының әкімі Устюгов В.Н. жеңімпаздарға кубоктар мен бағалы сыйлықтарды тапсырып, аудан әкімдігі аудандағы үлкендер және балалар арасында денешынықтыру мен спортты дамытуға көп көңіл бөлінетіндігін айтып өтті. Сондықтан әкімдік осындай спорттық іс-шараларды әрі қарай дамытып, өткізіп тұруды жақсы дәстүрге айналдырмақшы.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде «Жас шамасы спортқа кедергі жасамайды» атты іс-шараны аудан әкімі аппараты, «Нұр Отан» ХДП Түрксіб аудандық филиалы, Аудандық ардагерлер кеңесі, «Тұран» ПИК Ассоциациясы ұйымдастырды. Спартакиада зейнеткерлер, соғыс және еңбек майданының ардагерлері арасында денешынықтыруды және спортты насихаттау, сонымен қатар ардагерлерді салауатты өмір салтына қатыстыру мақсатында өткізілді. №6 Оқушылар үйінде өткізілген спартакиаданың ашылу барысында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.С.Маринка қатысушыларды спорттық мерекенің басталуымен құттықтап және спорт сүйер қауымның жастары үлкен болса да, әрқайсысы барлық іс-шараларға белсенділікпен қатысатынына сенім білдірді. Спартакиада үш кезеңде өтті: шахматтық турнир; жеңіл атлетика бойынша жарыс (60 метрге жүгіру, бір орында тұрып ұзындыққа секіру, граната лақтыру); насанаға ату.

Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде ауданда Астана күні С.Сейфуллин атындағы саябақта мерекеленді. Орталық аллеяда балалардың салған суреттерінен «Астананың шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды. Демалыс орталығының балалары қимылды ойындарға, спорттың 7 түрі бойынша эстафеталарға қатысты. Бүлдіршіндер үшін әртүрлі аттракциондар, батуттары бар балалар қалашығы ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында №6 Оқушылар үйінің «Возрождение» сән театрының тәрбиеленушілері қазақ ұлттық топтамаларынан қазіргі заманғы киім үлгілерін көрсетті. Аудан тұрғындарын Астана күнімен Түрксіб ауданының әкімі В.Н.Устюгов құттықтады, Астана біздің мемлекетіміздің нышаны, кеңістікке ғана емес, сонымен қатар ғаламдық халықаралық көпшілік алаңға танылған. Астананың жетістігі – әрбір қазақстандық мақтана алатын біздің жалпы жетістігіміз деп аудан тұғындары осылай қабылдайды.

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Алматы қаласы Күніне Түрксіб ауданында көріктендірілген ең үздік жеке тұрғын үйдің қас беті және аумағына байқау жарияланды. Ауданда барлығы 22 527 жер үйі. Жеке үй секторларының тұрғындары өз аулалары мен қарамағындағы аумақты көріктендіріп, санитарлық тазалығын сақтайды, үйдың сыртын ағартып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады, сонымен қатар гүлзарлар мен бақтарды күтіп ұстайды. Кей аулалар өздерінің қымбат сәулет құрылыстары мен өңделуімен емес, үлкен талғаммен жинақы әрі әсем шын көңілмен егіліп бапталған гүлзарлар мен бақтары көз тартады. Бұл жағдайда олар үшін қуанып, сүйсініп және олардың тәжірибелерінен үлгі алуға болады. Осыған байланысты 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 тамызға дейін Түрксіб ауданында жеке сектор иелерінің арасында «Көріктендірілген ең үздік жеке тұрғын үйдің қас беті және аумағына» байқау жарияланды. Аталған байқауға ықыласы бар барлық тұрғындар шықырылады, олардың арқасында Түрксіб ауданы бұрынғыдан бетер әсем және гүлденген болмақ. Байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау 2011 жылдың қыркүйек айында Қала күніне арналған аудандық мерекеде жарияланады.

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Қылмыс және жемқорлықпен күрес жөніндегі Координациялық кеңестің кезекті отырысында денсаулық сақтау қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы заңының орындалуы туралы мәселе қарастырылды. Аудандық медицина бірлестігінің жұмысы 2010 жылдың жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша Координациялық кеңестің қорытынды отырысында қанағаттанарлысыз деп танылған. Сол кезде аудан прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелерінде жемқорлық сипатындағы 3 құқық бұзушылық анықталған болатын. Аудандық медицина бірлестігі бас дәрігерінің баяндамасын талқылау барысында «Нұр Отан» ХДП Түрксіб аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.І.Тәжібаев ауданның денсаулықсақтау мекемелері жемқорлықпен күресте оң тенденция бар екендігін атап өтті. Координациялық кеңес сенім телефонының, хаттар мен өтініштер жәшігінің қызмет көрсету тәжірибесін әрі қарай дамытуды, сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП Түрксіб филиалының партиялық бақылау постының аудандық медицина мекемелерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеуін қамтамасыз етуге кеңес берілді.

2011 жылдың 23 маусымында № 7 Оқушылар үйінде Халықаралық нашақорлыққа және наркобизнеске қарсы күрес күніне арналған акция өтті. Осы іс-шараға Қалалық нашақорлыққы қарсы орталықтың дәрігер-наркологы, әлеметтік педагогтар, кружоктарға қатысатын балалар және мектеп оқушылары қатысты. Акция барысында балалар өздерінің асфальтта және плакаттарда салған тақырыпқа байланысты сүреттерін ұсынды. «Ювента» жасөспірімдер клубының үгіт тобы «Жизнь без наркотиков» атты әдеби-музыкалық композициясын орындады.

2011 жылдың 21 маусымында 772 мектеп бітіруші түлектерінің үшеуі «Алтын белгіге» және сегізі – үздік аттестатка ие болды. Мектеп бітірушілерге арналған кештерге қатысқан аудан әкімдігінің өкілдері ұстаздарды, ата-аналарды және мектеп бітірушілерді осы айрықша мәнді - аттестат алу, үлен өмір жолына аттану күнімен құттықтады. Аудан әкімінің атынан мектепті үзік бітірген сегіз түлекке, сондай-ақ жеті республикалық және халықаралық байқаулар мен жарыстардың жүлдегерлеріне ұялы телефондар табыс етілді. Осы жылы «Алтын белгіні» үш мектеп бітіруші растады. Айрықша күәлікті сегіз мектеп түлектері алды.

Ағымдағы жылдың 17 мp style="text-align: justify;"аусымында Медицина қызметкерлері күніне орай Түрксіб ауданының бірқатар бас дәрігерлері аудан әкімінің грамотасын алды. Олардың ішінде Қожасова Қорлан Мұсақызы – Түрксіб аудандық медбірлестігінің бас дәрігері, медицина ғылымының кандидаты, денсаулық сақтаудың озаты, жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы. 2001 жылы ҚР халықтың денсаулығын сақтау ісіндегі ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісімен және «Өз ісінің жақсы шебері» деген атақпен марапатталған. Ноерманова Қатилә Жүсіпқызы – жоғары категориялы білікті дәрігер, 2005 жылы «Құрмет» орденімен, 2010 жылы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталған. Мәслихаттың үшінші шақырылымындағы депутаты болып табылады. №4 емханада жұмыс жасау мерзімінде заманауй қондырғылармен жабдықталған кеңестік-диагностикалық бөлім ұйымдастырды. Темірова Күлпан Махмұтқызы – №13 қалалық емхананың бас дәрігері, денсаулық сақтаудың үздігі болып табылады, денсаулық сақтау министрінің, қала және аудан әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Аралас түрдегі емхананы басқарады, емдеу және зерттеудің жаңа әдістері енгізілген мамандандырылған бөлімшесі бар. Бүгін олар басқа да денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатарында Жамбыл атындағы Қазмемфилармония залында өткен Медицина қызметкерлерінің күнін мерекелеуге қатысуда.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Осы жылы қала әкімінің оқу гранты Түрксіб ауданының жетім-балалар арасынан №83 мектеп-гимназиясының түлегі Тахирова Әсел, ал мүмкіндігі шектеулі балалар арасынан №20 орта мектебінің түлегі Шарғынова Анар алды. Олардың әрқайсысы ұлттық тестен 99 балдан алды. Біздің аудандастарымыз «Жас түлек» фестивалінің салтанатты рәсімінде қаланың 15 түлегімен қатар қала әкімінің қолынан жоғары оқу орындарында оқуға сертификатын алады Оқу гранты – бұл талантты жастарды мемлекеттің қолдауы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, туылғаннан мүгедек балалар, мүгедек балалардың құқығының бұзылмауын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында аудан әкімдігінің мәжіліс залында әйелдер ісі және жануялық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы жастар мен жасөспірімдер тәрбиесі және ЖОО мен АОО студенттерінің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы туралы мәселелер бойынша өтті.

Ағымдағы жылдың 13 маусымында аудан әкімдігінде «Ұжымдық шарттар жасас» атты жалпы республикалық акцияны өткізу бойынша аудандық штабтың отырысы өтті. Осы отырысқа Алматы қ. халықты қорғау жөніндегі департаментінің еңбек қатынастарды бақылау бөлімінің бастығы Есентаева Ш., Алматы кәсіподақ одағы төрағасының орынбасары Летникова К., өнеркәсіп кәсіпорындары ОЮЛ-ң төрағасы Бреусова В., аудан әкімінің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты. Ауданда ағымдағы жылдың 1 маусымына ұжымдық шарттарды 87 кәсіпорын жасасты, оның 10 - ірі кәсіпорындар, 38 – орта, 39 – шағын бизенстің өкілдері. Білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің 53 еңбек ұжымы шартқа отырды, сондай-ақ еңбек техникасы мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі қоғамдық инспекторлары сайланды. Жиналыс қорытыныдысы бойынша «Ұжымдық шарттар жасас» атты акцияның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін оқыту семинарлар, конференциялар, дөңгеле үстелдер өткізіп тұру ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Цесна» футбол клубының стадионында жыл сайын дәстүр бойынша аудан әкімінің Кубогына өтетін финал ойындарына 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Осы жылы осындай жарыстар 4 рет өткізілуде. Командалар құрамдары жыл сайын ауыстырылып отырса да, кейбір жас футболистер 2 маусым қатар қатысып үлгереді. Финалдық матчқа қатысқан аудан әкімі В.Устюгов жеңімпаз командаға Кубокты тапсыра отырып, жас спортсмендерге осындай жеңіске тек спортта ғана емес, оқуда да жетуге тілек білдірді. Осы маусымда №115 ОМ оқушылары ерекше көзге түті.

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Түрксіб ауданының «Нұр Отан» ХДП-ң бөлімшесінде этно-мәдени бірлестіктері төрағаларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Отырысқа аудан әкімі В.Устюгов қатысты. Іс-шара барысында этно-мәдени бірлестіктер ауқымды аудан көлемінде өткізетін шараларға жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, 8 маусым мен 8 қыркүйек аралығында Түрксіб ауданында өтетін этно-мәдени орталықтары фестивалінің кестесі бекітілді.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында С.Сейфуллин атындағы саябақта субұрқақтар мерекесі өтті. Мерекеге аудан тұрғындары, белсенділер, жұртшылық қатысты, аудан әкімі В.Устюгов іс-шараға келгендерді құттықтады. Сонан соң жіберілген субұрқақ отшашуға ұласты. Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ағымдағы жылдың 16-20 мамыр аралығында ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің полигоныныда әскери-патриоттық тәрбие беру және бастауыш әскери дайындық бойынша білімді жетілдіру мақсатында аудан мектептері 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен жаттығу жиынын өткізді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жиын барысында тактикалық дайындық, жауынгерлік іс-әрекеттер негіздері, қорғаныстағы, жаттығу қаруларын қолданған кездегі іс-әрекеттер, әскери өмірге бейімдеу, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша жаттығулар өткізілді. Жиындар қорытындысы бойынша әскери жаттығуларда ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды.

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында №7 оқушылар үйінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Қазақстандық шығармашыл отбасы» - «Творческая семья Казахстана» атты аудандық байқау өтті. Іс-шараның басты мақсаты балаларды өнеге, ар-ұят, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу және отбасындағы ой-өрісін, шығармашылық және спортқа деген ынтасын арттыру болып табылды. Ауданнан байқауға сегіз отбасы қатысты. Іс-шараның басты шарты – отағасының қатысуы болды. Жарыс төрт кезеңде бөлінді: «Менің отбасым» тұсаукесер, «Әуенді тап», «Шығармашылық жарыс»; «Менің Қазақстаным саған талабым мен шабытымды сыйлаймын» атты номинациялар бойынша өткізілді. Байқауға қатысқандардың барлығына грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды.

Түрксіб ауданында ағымдағы жылдың 12 мамырында №59 орта мектепте «Әке отбасының ұйытқысы» атты аудандық әкелер слеты өтті.

Аудандық отбасылар байқауының тақырыбы балалардың жанұяда тәрбиеленуі және оған әкелердің қатысуы, ал басты мақсаты – отбасы институтының нығаюына, оның дәстүрлерінің дамуына, ұрпақтар сабақтастығының қалыптасуы мен балалар және ата-аналар бос уақыттарында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастыруға, балалардың шығармашылыққа деген қабілетін дамытуболып табылады. Слетке мұғалімдер ұжымы, ата-аналар және әлеуметтік педагогтар қатысты. 2010 -2011 оқу жылындағы мұғалімдер мен оқушылардың қол жеткізген жетістіктері жөнінде көрме ұйымдастырылды. Негізгі тақырып бойынша қатысқан педагогтар мен оқушылардың ата-аналары арасында қызу пікірталас болып өтті. Слет концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Жұлдыз ықшам ауданының №142 мектебінде «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өтті. Грамматикалық мәтін, жазба жұмыс (эссе) және интеллектуалды сұрақ-жауап мен берілген тақырыпта әңгіме құрастыру бойынша екі кезеңде өткен сайысқа мектептердің әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын 7-10 сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздарға грамоталар мен жүлделер тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 9 мамырында ауданда Жеңіс күніне арналған негізгі іс-шаралар Сейфуллин атындағы саябақта өтті. Мұнда мектеп оқушылары «Соғыс шежіресі» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырды. Осы күні таңғы сағат 8-ден бастап №83 мектеп-гимназиясының үрлемелі оркестрі және №6 оқушылар үйі «Хостес» ұйымының ұжымынан құрылған арнайы топ ере жүрген радиомашинамен ардагерлер үйлерінің ауласында белгілі "Прощание славянки" маршына және "День победы" өлеңінің тақырыбына жазылған музыкалық композицияларды орындады.

Аудан әкімі В.Устюгов ҰОС ардагерлерін Ұлы мерекемен құттықтады. Мерекелік концерттік бағдарламада ауданның белгілі ұжымдарынан және жалпы білім беретін мектептердің, №6, №7 оқушылар үйлерінің балалар ансамбілдерінен басқа қазақстан эстрадасының жұлдыздары – А.Мейірбеков пен «Домбыра» тобы өнер көрсетті.

Ардагерлерге арнап «Диана» кафесінде дастархан жайылып, оларға дәстүр бойынша «солдаттық каша» мен палау ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Жеңіс күні қарсаңында Түрксіб әкімшілігінің бастамасы бойынша 100-ге жуық ардагерді үйлеріне барып құттықтады. Бұлардың көпшілігі денсаулықтарына байланысты әртүрлі іс-шараға қатысуға мүмкіндіктері жоқ соғысқа қатысушылар. Сондықтан аудан әкімшілігі жыл сайын өздігінен жүре алмайтын және төсекке таңылған соғыс ардагерлерін жеке құттықтап және азық-түлік салынған пакеттерді тапсыру бойынша іс-шара жоспарларын жүзеге асырып отырады. Осындай Ұлы Отан соғысының ардагері - Усов А. П. Ол 1926 жылы Талдықорған облысы Жалғызағаш ауылында туылған. 1–ші Балтық маңындағы майданда әскери міндетін атқарып, Витебск түбінде жараланған.

Ал Соколова Анастасия Петровна Томск облысы Шаркан ауданының Капрун кентінде туып өскен. Соғыс жылдарында әскери қызметкерлердің отбасыларын мемлекеттік қамтамасыз ету жөніндегі мекемеде аға инспектор болып жұмыс істеген. Жеңіс Күніне орай бірнеше мәрте меретой медальдарымен марапатталған. Соғыс және еңбек майданына қатысушылардың үйлеріне бару бойынша бастамада ауданның көптеген кәсіпорындары мен мекемелері/p қамтылған. Мереке қарсаңында және мереке күндері ардагерлер назардан тыс қалмайтыны және қамқорсыз болмайтыны қолға алынды.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 66-жылдығына арналған іс-шараға Қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы ардагер Г.Г.Кириченко, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті А.А.Бекмұхамбетов, Түрксіб ауданы әкімшілігінің, аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек майданына қатысқандар, №44 мектеп-гимназиясының оқытушылары мен оқушылары қатысты. Іс-шараның қатысушылары бір сәттік үнсіздікпен соғыста қаза тапқандарды еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ басшылығы Ұлы Отан Соғысының және еңбек майданына қатысқан ардагерлерге он мың және бес мың теңге көлемінде ақшалай ынталандыру сыйақысын тапсырды. Одан кейін олар әуежайдың Мәдениет үйінде жайылған мерекелік дастарханға шақырылды.

Түрксіб ауданында ағымдағы жылдың 4 мамырында әкімдіктің жауапты қызметкерлерінің, жылумен қамтамасыз етушілердің өкілдері, аудандағы ЖПИК, «Тұран» бөлме меншік иелерінің қауымдастығының қатысуымен үйлердің ішкі инженерлік жүйесінің жағдайына қатысты (жылуды қосу, ыстық және суық сужабдықтары, канализация), сонымен қатар жылу тұтынушыларының қалған қарыздары бойынша мәселелер талқыланды. Жиналыс барысында аталған мәселеге талдау жүргізу және тұрғын үйлерді келесі күзгі-қысқы кезеңдегі дайындықпен қамтамасыз ету үшін құрамына әкім аппаратының қызметкерлерімен бірге барлық жылу жабдықтаушы кәсіпорындарының өкілдері кірген аудандық штаб құрылды. Жұмыс жоспарына сәйкес аудандық әкімшілікте апта сайын мәселелерді нақты шешу жолдары талқыланатын штабтың жиналысы жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылдың 1 мамырында Түрксіб ауданының тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірліктің бүтіндігі – рухтың бірлігі» атты «Астана» алаңында өткен мерекелік шеруге қатысты. Түрксіб ауданының колоннасын қалалық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі В.Н.Устюговтың басшылығындағы әкімшілік басшылары, сондай-ақ аудандық қызметтердің басшылары бастады. Әрі қарай этно-мәдени бірлесітіктің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, денсаулық сақтау мекемелері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің өкілдері жүріп өтті. Колоннаны ҚР Аэроұтқыр әскері, №83 мектеп гиназиясы, Хостес барабаншылар тобы сүйемелдеп жүрді, колоннаны алматылық байкерлер тұйықтады.

Дегенмен де 1-мамыр күні дәстүр бойынша Сейфуллин атындағы саябақта көпшілікке арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ауданның №162 орта мектебінде аудандық семинар өтті. Семинарға директорлар, мұғалімдер, психологтар, мектептердің инспекторлары қатысты. Іс-шара барысында суицидтің себептері және суицидке бейімделу нышандары талқыланып, мектеп оқушыларының денсаулықтары және өмір қауіпсіздігінің жалпы мәселесі қозғалды. Психологтар суицидтік мінез-құлықтың эмоционалдық белгілерін анықтау, сондай-ақ депрессия, неврозалар, шизофрения сияқты психикалық ауруларды алдын алу үшін мұғалімдерді ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды. Статистикаға сәйкес жасөспірімдерде суицидтік үрдіс алкогольдік және нашақорлықты пайдаланатындар болып табылады. Суицидке баратын жастардың жартысына жуығы өздеріне қол жұмсар алдында ата-аналарына хат қалдырып, дәрі қабылдаған. Мұғалімдерге эмоционалдық бұзушылықтар белгісін бақылау бойынша ұсыныстар берілді.

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Түрксіб әкімшілігінде жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламаны дамыту аясында қолдау шарасын түсіндіру бойынша кеңесу жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Т. Айдарбеков, «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры» АҚ аудандық филиалдың директоры Н.Ақшанов, техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Алматы қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Л.Алексеева, «Даму» Қоры, аудандық қызметтер, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты. «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры» АҚ ақпаратына сәйкес Алматыда ЖИИМБ аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда, ал елімізде 200 жобаны шығару тәртібі жоспарлануда. Өткен жылы шағын және орта бизнестегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны (ШОБ) 6,1% - ға, жұмыс орындары 3,7% - ға, тауар өндірісі және қызметі 4,8%-ға өскен. Қазір ШОБ саласы еңбекке қабілеті бар әрбір үшінші қалалықты жұмыспен қамтамасыз етеді және салық бюджетіне 56,1% түсім беріп отырады. Жиналыс барысында 2011 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» жаңа бағыттармен толықтырылатын болады – кадрларды дайындау, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы құрылатындығы айтылды. 2011 жылы бұл бағдарламадағы жалпы бюджет 3,6 рет өседі және 4,4 млрд.теңгені құрайтын болады.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша ауданда 241 соғыс ардагері (соның ішінде 41 мүгедек), 7-і қаза болған жауынгерлердің жесірлері, 10 қоршауда болған Ленинград тұрғыны, 77 чернобылдықтар. 2010 ж. 13 желтоқсандағы Алматы қаласы Мәслихатының 34 сессиясындағы шешіміне сәйкес және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 66 жылдығына байланысты Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ағымдағы жылдың сәуір мен мамыр айларында өздерінің аудандық бөлімшелері арқылы азаматтардың жеке санаттарына 25 мың теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай жәрдемақы төлейді. Ал олардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 10 мың теңге төленетін болады.

2011 жылы 25 сәуірде ауданда «Тіл – барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің арасында байқау өтті. Аталған байқауға жалпы орта білім беретін және арнайы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқитын 14-20 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды №9 кәсіптік лицейдің оқушысы Аширова Наргиза, 2 орынды № 107 орта мектептің оқушысы Ғабдуәли Баян, 3 орынды Асхатбек Инкар иеленді. Байқауға қатысқан үш қатысушыға жеке номинациялар бойынша ерекше білімдері үшін ынталандыру орындары берілді. Жүлдегерлерге марапаттау қағаздары мен сыйлықтары тапсырылды. Олар енді қалалық орыс тілі білгірлерінің байқауына қатысуға мүмкіндік алды 21 сәуірде Түрксіб ауданының әкімі В.Н. Устюгов «Ұлан» әскери-спорттық ойындарының финалының ашылу салтанатында осындай іс-шаралардың жас түлектерге жауынгердің жаттығу курсынан сәтті өтуінде және салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызы зор екенін атап өтті. Балалар саптық дайындық, оқ ату, автоматтарды бөлшектеу мен қайтадан жинау, граната лақтыру, эстафета ойындары, 100 метрлік қашықтыққа жүгіру, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша өзара жарысқа түсті. Жарыстардың барлық түрлерінен көп ұпай жинаған №17 орта мектептің оқушылары жақсы нәтижелер көрсетіп, командасының ұйымшылдығымен ерекшеленді. №142 және № 162 мектептерінің оқушылары екінші және үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлер жеңімпаз Кубогымен және медалдармен марапатталды. Жеке ойын түрлері бойынша ерекше көзге түскен ұландықтарға марапаттау қағаздарымен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде өткен жиналыста ЖПИК-ң тұрғын үй қорының жылу беру кезеңіне дайындығы, санитарлық тазалау мен көріктендіру бойынша айлық өткізумен қатар ауданда қылмысқа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелерін шешуде кооперативтер белсенділіктерінің жоғары деңгейде болуын атап өтті. 4 сәуірде №3 ықшам ауданында болған оқиғаға байланысты аудан әкімі ЖПИК төрағаларын, ауданның тұрғындарын күмәнді пәтерлер және күдікті тұрғындар жайында ақпараттандыру ісінде учаскелік полиция инспекторларына көмектесулеріне шақырды. Сонымен қатар учаскелік инспекторларға ЖПИК төрағаларымен бірге үй аулаларын күзету бойынша бірлескен жұмыс атқаруды тапсырды. Жиналысқа қатысушыларға сондай-ақ төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс мәселелері жөнінде мәліметтер берілді. Ал көріктендіру және санитарлық тазалық бойынша жұмыстарды ынталандыру үшін ауданда «Ең жақсы аула сыпырушы», «Ең жақсы аула», «Ең жақсы ЖПИК» байқаулары өткізілетін болады.

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде аудан әкімі В.Устюговтың төрағалығымен өткен жиналысқа қалалық әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Ж.К.Сатаев, аудан прокуроры А.К.Мұхаметжанов, Түрксіб ауданы ІІБ бастығы Н.Ж. Мошкалов, ҰҚК аудандық бөлімінің бастығы Б.Қ.Күренбеков, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Б.М.Оспанов, округтер бойынша жергілікті өзін-өзі басқару және үйлестіру кеңестерінің төрағалары, «Тұран» КЖП ассоциациясының өкілдері, аудан қызметтерінің басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім бастықтары, полицияның учаскелік инспекторлары қатысты. Күн тәртібіне енгізілген «Түрксіб ауданы ІІБ- ң 2011 ж. І тоқсанында атқарған жұмыс қорытындысы және қылмысқа қарсы күресті күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алу» туралы мәселе қарастырылды.

Қылмыстар түрлерінің алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторларының және криминалдық полиция қызметкерлерінің күштерімен тұрғын үй алаптарын және адамдар көп жиналатын жерлерді күзету жұмыстарын қайта бастау ұсынылды. Сондай-ақ осы учаскелік полиция инспекторларының рөлін күшейту үшін олардың назарлары қызмет көрсетететін учаскілерінде қылмыстардың және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жауапкершілікті күшейтуге аударылды.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде ауданда «Естелік күні» өтті. Бұл іс-шара осы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи жерлер күніне арналды. Ескерткіш ғимараттарын және тиесілі аумақтарын тазалау жұмыстары «Ұлы Отан соғысына қатысқандардың даңқы арта берсін», «Ұлы Отан соғысындағы совет халқының жеңісі» мемориалдарында, Толстой мен Некрасов көшелеріндегі стеллалар, Ә.Жанкелдин ескерткіші және соғыс майдандарында қаза тапқан түлектерге арналған ескерткіш объектілерінде жүргізілді.

№59 орта мектебінің оқушылары «1 - Алматы» темір жол вокзалы алаңындағы Ә.Жанкелдин ескерткішінің тиесілі аумағын тазалап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, сонан соң «Азамат» балалар ұйымына мүшелікке 5 сынып оқушыларын қабылдау бойынша жиналысын өткізді. Ал №61 орта мектептің оқушылары Шолохов көшесіндегі Даңқ стелласына барып, сондай-ақ қоқыстан тазалап және тақтаны тазалап жуғаннан соң гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Одан басқа барлық мектептерде мәдени мұра мәселелері жөнінде сынып сағаттары өткізілді.

2011 жылдың 15 сәуірінде Түрксіб ауданының «Шарис» кафесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Наурыз мейрамы өтті. Аталған шараны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Шарис» кафесі мен «Алтай» базары әкімшіліктерінің демеушілігімен ұйымдастырды. Ауданда осындай қайырымдылық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады, осы ретте мерекеге жүзден астам балалар ата-аналарымен шақырылды. Наурыз мерекесіне қатысушылар мен қонақтарына №7 оқушылар үйінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарламасын өткізді.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жинау пунктінен 50 бозбала әскерге аттандырылды. Салтанатты жиын аудан әкімдігі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының өкілдері қатысты. Түрксіб «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы әскерге шақырту алғандарға естелік сыйлықтарын берді. Болашақ әскерлердің атынан Байділдаев Дархан сөз сөйлеп, әскери борышты өтеу салтанатына келген ата-аналарына, туыстарына және достарына алғысын білдіріп, олардың сенімдерін ақтауға бар күш-жігерлерін салатындығын айтты.

Концерттік бағдарлама №83 мектептің үрлеме оркестрімен домбырашылар дуэты және вокалдық орындаушыларының қатысуымен өтті.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «У рощи» кафесінде фашизмнің тұтқындарын еске алу күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті. Аудан әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға 30 фашистік лагерлерінің тұтқындары, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандарының тұрғындары қатысты. Іс-шараға қатысушыларға №6 оқушылар үйінің көркем-өнерпаз ұжымы соғыс жылдарындағы әндерінен концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бағдарлама барысында ардагерлер танымал «Бухенвальдский набат» пен «Катюша» әндерін балалармен бірге қосылып орындады. Іс-шараның аяғында қатысушылар фашизм тұтқынында қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Көктем жарыстары» атты су туристік көпсайысты жарыстар өтті. Осы іс-шаралар аудан әкімдігі мен «Жетісу» спорттық-туристік клубының бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл жарыстар аудан көлемінде екінші рет өткізіліп отыр. Осы жылы қатысушылардың саны көбейгені байқалды. Жастардың көбісін су туристігі қызықтырады. Жарыстар дәстүр бойынша көлдің беті мен жағалауын тазалаумен басталып, аяқталады. Қатысушылар бұл экологиялық акцияны «Таза жағалау» деп атап кетті.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан бойынша жалпықалалық сенбілікке 19 260 адам қатысты. Аудан әкімдігінің жанында сенбілікке дайындық пен өткізу жұмысын ұйымдастыру үшін аудандық штаб құрылған.

Осы ретте тазалауға бірнеше учаскелер бөлінді. Атап айтқанда, «Шұғыла» кинотеатрының саябағы, тиесілі аумақтарды «Аяжан» колледжінің студенттері тазалады. Алматы көлінің маңында Азаматтық авиация университетінің студенттері жұмыс істеді. «Тинчеллендж» қоғамдық бірлестігі «Жас Қанат» ықшам ауданының аумағын тазалады. Сенбілікке сондай-ақ Құрылық әскери институтының, ІІМ училищесінің курсанттары, №7 және №9 лицейлерінің, №1 педагогикалық колледждерінің оқушылары да қатысты.

Сенбілікке жалпы 176 техника тартылды. 2663 текше метр қоқыс шығарылды, ұзындығы 7000 м. құрайтын арық тазаланды, Сүйінбай даңғылы бойындағы 1050 түп ағаш әктелді.

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «1 - Алматы» теміржол вокзалы ғимаратының алдындағы алаңда аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған флэш-моб акциясы өтті. ХДП «Нур Отан» филиалының белсенділері «Нұр Отан» ХДП көшбасшысы Н.Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісін ерекше атап өтті. «Біз Президентімізді сүйеміз» атты жазулары бар екі түсті футболкалар киген, қолдарында «Біз көшбасшымен біргеміз» деген жазулары бар жалаушалар ұстаған жүзден астам жас жігіттер мен қыздар «Нұрсұлтан –Қазақстан – Нұр Отан!», «Халықтың жеңісі – ортақ жеңіс!» деген ұранмен алаңға шықты. Аталған флеш-моб 10-15 минут өткізіліп, жиналған жастар тарап кетті.

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде аудан әкімдігінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Аудан әкімі В.Устюговтың төрағалығымен өткен отырысқа аудан прокуроры А.Мұхаметжанов, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты М. Оспанов, аудандық құрылымдар мен қызметтердің басшылары шақырылды. Күн тәртібіне сәйкес аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы күреске байланысты заңдарды қолдануы туралы мәселе қарастырылды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша лекциялар оқу, семинарлар өткізу жолдарымен жемқорлықтың алдыналу жұмысын бақылауда ұстау, сондай-ақ білім беру бөлімі қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру жұмыстарының сапасын көтеру үшін құқықтық оқытулардың сапасын көтеру бойынша шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде сайлауға қатысқан аудан тұрғындарының 93 пайызы Н.Назарбаевты қолдап дауыс берді. Осы күні жүргізілген жалпы санақ бойынша сайлаушылар 80 пайызы сайлау учаскелеріне келді. 2005 жылы өткен сайлаумен салыстырғанда (алдыңғы президенттік сайлау), жалпы саны 55 пайызға жуық болса, 2011 жылы сайлауға қатысқандардың саны 25 пайызға өсті. Бұл тұрғындар белсенділігінің артқанын және аудандағы Н.Назарбаевты қолдау штабының сайлауалды белсенді жұмысы арқасында қол жеткізілгенін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде таңғы сағат 7.00-де ауданның барлық 58 сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды, осы сайлау учаскесінде аудан әкімі В. Устюговта дауыс беріп, «Тан» ТА-на сұхбат берді. Халықаралық байқаушылар аудандағы 18 сайлау учаскелерінде болып, сайлау кампаниясының өткізілу барысымен танысты.

2011 жылдың 1 сәуірінде Түрксіб ауданының №4 қалалық клиникалық ауруханасында 3 сәуірде өтетін сайлауда Н.Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсету бойынша іс-шара өтті. Іс-шараға президент сайлауын өткізу жөніндегі қалалық пен аудандық штабтардың өкілдері, Н.Назарбаевтың сенімді адамдары қатысты. Жиында сөз сөйлегендер Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы денсаулық сақтау саласындағы басымдықтарды қолдайтындарын, №4 қалалық аурухананың ұжымы ауруларға көрсетілетін емдеу-диагностика көмегін жетілдіруге және қызметтерінің сапасын жақсартуға бағытталаған жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті. Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген қалалық ХДП «Нұт Отан» партиясы төрағасының орынбасары М.Бейдали №4 қалалық аурухананың ұжымы дұрыс таңдауын жасап, өздерінің болашағы, Қазақстанның болашағы үшін және Н.Назарбаевты қолдайтынына сенетінін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында аудан әкімдігі наурыз айында туылған ақсақалдарды туған күндерімен құттықтады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне тек мереке күндерінен басқа күндерде де көңіл бөліп, ай сайын туған күндерімен барлығын құттықтап тұру туралы шешім қабылдады. Осы ретте ардагерлерге «Ашок» кафесінде құрмет көрсетілді. Туған күнін тойлаушыларды аудан әкімі В. Устюгов құттықтады.

Ағымдағы жылдың 30 науырызында № 83 мектеп-гимназиясында мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында «Наурыз Мейрамы - 2011» атты спорттық жарыстар өтті. Осы іс-шараны аудан әкімдігі аудандық мүгедектер қоғамы және ХДП «Нұр Отан» аудандық бөлімшесімен бірігіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырды. Аудан тұрғындарымен бірге Медеу ауданының мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қатысқан жоғарыда аталған спорттық жарыстың мақсаты мүгедектерді спорттық оңалту және оларды спортпен дене шынықтырудың қолжетімділік түрлеріне бейімдеу болып табылады. Іс-шараға қатысушыларды аудан әкімі В.Устюгов құттықтады.

Іс-шара барысында мереке қонақтары үшін «Абылай хан» спорттық клубының жас таэквондистері мен №83 мектеп гимназиясының чирлидинг тобы өнерлерін көрсетті.

Ағымдағы жылдың 28 наурызында аудандық президенттікке үміткер Н. Назарбаевты қолдау штабының кеңсесінен мотошеру жарысқа шықты. «Біз елбасыға дауыс береміз!», «Біз Назарбаевқа дауыс береміз!» атты ұрандары жазылған туды көтеріп, шеруді байк-клубының президенті, Мәслихат депутаты Д. Петрухин өзінің аңызға айналған мотоциклінде бастады. Ол командасымен моторлы шеруді Алматы қаласының көшелерін аралап, тұрғындарды 3 сәуірде өтетін еліміздің басты оқиғасы – президентті сайлауға қатысуға шақырды. Д.Петрухин мемлекетті басқарып отырған Елбасы Қазақстанды тұрақтылық, гүлдену жолымен әрі қарай жетелейтін нағыз көшбасшы болып табылатынына сенімді екенін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 25 наурызында ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің Алматы гарнизонында «Ашық есік күні» өтті. Осы «Нұр Отан» ХДП аудандық бөлімшесі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылды. Ашық есік іс-шарасына колледж және аудан мектептерінің оқушылары келді. Аталған шарада қонақтарға қоян-қолтық ұрыстың әрекеттерін жаттықтыратын кешендер көрсетіліп, сондай-ақ нұсқаушылар жауынгердің психологиялық дайындығы, оның өзі таңдаған – отанды қорғау ісіне адалдығы негізгі рол атқаратынын айта кетті.

Түрксіб ауданында 2011 жылдың 24 наурызында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар Сейфуллин атындағы саябақта өтті. Қолдан жасалған «Қазақ ауылы», «Палуандар ауылы», «Бөбектер ауылы» (түрлі қалашықтар, алаңқайлар), көрмелер, павильондар, аттракциондар орналастырылды. Өздерінің қазақ үйлерін қоғамдық ұйымдар, аудан қызметтері, ірі кәсіпорындар, сондай-ақ президенттікке үміткер Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі штабы да тікті. Этно-мәдени орталықтар қол өнер, ал мектепке дейінгі мекемелер өз тәрбиеленушілерінің қолдарымен жасалған бұйымдар көрмесін ұйымдастырды. Спорттық қалашықта тұрғындардың қалаулары бойынша спорттың «Көкпар тарту», «Тоғыз құмалақ», «Қазақша күрес», «Бұқа тартыс», «Арқан тарту» сияқты ұлттық түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарын аудан әкімі В. Устюгов пен мәслихат депутаттарының тобы құттықтады.

2011 жылы 20 наурызда Сейфуллин атындағы саябақта Наурыз мерекесін атап өтті. Аталған мерекеде «Қазақ ауылы», «Палуандар ауылы», «Бөбектер ауылы», көрме павильондары, аттракциондар орналастырылды. Этно-мәдени орталықтар қолөнер шығармашылығының көрмесін ұйымдастырды, ал мектепке дейінгі мекемелер балалардың қол өнер бұйымдарын көрмеге шығарды. Спорттық қалашықта «Көкпар тарту», «Тоғыз құмалақ», «Қазақша күрес», «Бұқа тартыс», «Арқан тарту» түлері сияқты ұлттық спорт ойындарына қатысушылар арасында жарыстар өтті. Тұрғындарды Наурыз мейрамымен аудан әкімі В. Устюгов және қалалық мәслихатының депутаттық тобы құттықтады.

2011 жылы 18 наурызда «Аяжан» колледжінде Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың патриоттық сезімін, поэзияны, шығармашылықты құрметтеуді ұлы қазақ ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығы негізінде тәрбиелеу болып табылады. Әдеби кеш барысында колледж, лицей оқушылары, Әскери институтының курсанттары үш номинация: ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, өлеңдерін орындау, ақынның шығармашылығына арналған стендтер безендірудегі өнерлерін көрсетті. Іс-шараның қорытындысы бойынша 1- орынды Әскери институттың курсанттары, 2- орынды № 9 кәсіптік лицей оқушылары, 3- орынды Азаматтық авиация академиясының студеттері және № 1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі иеленді.

2011 жылы 16 наурызда №78 мектеп-гимназиясында мектеп пен жанұяның өзара іс-әрекеті бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Түркісіб ауданы бойынша білім бөлімінің бастығы М.К.Бұзаубеков, ІІАБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін қарау бойынша бөлім бастығының міндетін атқарушы Л.Ж.Сатова, Әлеуметтік-медицинаны түзету орталығындағы жасөспірімдердің нарколог-дәрігері И.А.Андреева, мектептегі тәрбие жұмыстары бойынша директорының орынбасары, әлеуметтік мұғалімдер. Дөңгелек үстелге қатысушылар бала тәрбиесіне және оның ұжымдағы ортаға бейімделуіне мектеп пен жанұяның психологиялық ахуалына әсер ететін түрлі жақтарын қарастырды. Сонымен бірге мектеп пен жанұяның өзара іс-әрекеттері балалар және жасөспірімер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың қажетті шарттары ретінде қарастырылды. Өзара жүргізілген жұмыстардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын анықтау үшін № 85 жалпы білім беру мектебінде оқушылардың күнделігіндегі ата-аналардың қолдарының бар жоғын тексеру нәтижесі бойынша 12 % жуығы ғана үнемі қарайды. Әлеуметтік мұғалімдер ата-аналардың мектепке деген сенімділік дәрежесін зерттеу мақсатында ата-аналар арасында әлеуметтік сауалнама өткізуді ұсынды. Қатысқандар тұлғаны тәрбиелеу процесінде жанұяның әлеуметтік дәрежесін негізгі бөлшегі ретінде көтеруді, мұнда білім беру процесіне қатысушылардың жанұяға қоғамның негізгі құндылығы ретінде қарау екендігі жөнінде тұжырым жасады.

2011 жылы 15 наурызда Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде жиналыстар өтуде. 15 наурызда осындай іс-шаралар Казстройстекло, «Кастинг» ЖШС, «Эйр Астана» АҚ, Аудандық санэпидқадағалау басқармасында, № 61, 142, 59, 131, 15 орта мектептерінің, МДК педагогикалық ұжымдарында өтті.

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген осы ұжымдардың басшылары алдағы президент сайлауында - 3 сәуір күні Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға өз әріптестерін шақырды. Сонымен қатар жиынға қатысқандар «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылап, осы жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатының әрі қарай жақсартуға нақты міндеттер қойылғаны туралы пікірлерін ортаға сала отырып, негізгі құжатта ұсынылған гүлдендіру мен тұрақтылық бағыттарын қолдайтындарын білдірді.

Ағымдағы жылдың 14 наурызында президенттікке үміткер Н.Назарбаевтың сенімді адамдары «Казахстан Тексти лайн» компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Бұл кәсіпорын 1997 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ол Қазақстан нарығында жылдам дамып келе жатқан киім шығарумен және оны сатумен айналысатын кәсіпорын болып табылады. Аталған компания Германия, Жапон, Австрия, Чехия, Ресейдің жаңа қондырғыларымен жабдықталған. Кездесу барысында осы жылдың қаңтар айында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы басымдықтар негізіндегі сайлауалды бағдарламасымен кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлері таныстырылды. Өз кезегінде компанияның қаржы директоры Бабошкина Оксана Қазақстанда халықтың әл-ауқаты жақсарғаны және шағын және орта бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалып жатқаны туралы айта кетті.

Сондықтан да қазақстандықтармен бірге «Казахстан Тексти Лайн» компаниясының ұжымы үшін Н.Назарбаевты қолдау заңдылық қадам болып табылатынын ол өз сөзінде қадап айтты.

Ағымдағы жылдың 11 наурызында Алматы көпір конструкциялар зауытының еңбек ұжымында кезектен тыс өтетін президент сайлауына арналған жиналыс өтті. Жиналыста аталған зауыттың бас директоры, Алматы қаласының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ахметжан Шардинов сөз сөйледі. Қазіргі уақытта кәсіпорында 500 жуық адам жұмыс істейді. 2011 жылдың 3 сәуірінде кезектен тыс өтетін ҚР Президент сайлауында еңбек ұжымы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын білдірді.

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Халықаралық әйелдер күніне орай № 6, № 7 оқушылар үйлерінде мерекелік концерт өтті. Аудан әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға аналар - соғыс және еңбек ардагерлері, мұғалімдер, көпбалалы аналар мен мүмкіндіктері шектелген әйелдер шақырылды. Концерттік бағдарламада эстрада жұлдыздары Сұлушаш Нұрмағамбетова, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының жас музыканттары, №6, №7 оқушылар үйлерінің вокалдық, хор және би топтары қатысты. Іс- шараға келген қонақтарға естелік сыйлықтары таратылды.

Ағымдағы жылдың 9 наурызында Сейфуллин атындағы саябақта аудан тұрғындары Масленица мерекесін атап өтті. Бұл мереке жыл сайын аудан әкімінің бастамасымен және қолдауымен атап өтілуде. № 6, № 7 оқушылар үйлерінің шығармашылық ұжымдары, білім мекемелері мерекені өткізуге белсенді қатысып отырады.

Ағымдағы жылдың 5 наурызында аудан әкімі В. Устюгов қоғамдық автокөлікте жеңілдікпен жүру мәселесі бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті. Ардагерлермен кездесу барысында Владимир Николаевич олардың сұрақтарына жауап бере отырып, бастапқы кездегі жүру билеттерінің тапшылық жағдайы шешілгені туралы айта кетті. Қазіргі уақытта олардың саны жеткілікті, бірақ қажетті жағдайда қосымша жасап шығарылатын болады. Ардагерлерге жеңілдікпен жүру айлық билеттері "КазПресс" дүңгіршектерінде сатылуда. Сондай-ақ аудан аумағында 8 дүңгіршек жүру билеттерін сатумен айналысады.

2011 жылдың 23 ақпанында Түрксіб ауданы әкімдігінің мәжіліс залында азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз көтерілуі мәселелері жөнінде жиналыс өтті. Іс-шараға ҚР Аумақаралық инспекциясы агенттігі тауар нарығының мониторинг және талдау бөлімінің бастығы Е. Мағзымбекова, «Нұр Отан» ХДП аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары М. Тәжібаев, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім бастығы Қ.Сағындықов, аудан прокуратурасы, шағын және орта бизнес ұжымдарының өкілдері қатысты. Мұнда азық-түліктің бағаларына талдау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша «Султан маркетинг», «Астык», «Алма Цес» ЖШС-тері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың көлемі 2 302 959 тенгені құрады. Қазіргі уақытта сүт өндіретін 8 кәсіпорындарға - олар «Фудмастер» АҚ, «Фудмастер трэйд», «Вимм-Билль-Дан» ЖШС, “RG Brands”, «Данон Беркут», «АПК Адал», «Агропродукт Азия», «Райымбек Агро» ЖШС-терге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта «Нұр Отан» ХДП аудандық бөлімшесі жанында азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз көтерілуі жөнінде ақпаратты мемлекеттік органдарға хабарлап отыратын жедел топтың жұмысы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Түрксіб ауданында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау жөнінде қоғамдық штаб құрылды, оның құрамына беделді азаматтар – саяси партиялардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, қала мен аудан жұртшылығының өкілдері кірді. «Алматы Халықаралық әуежай» АҚ президенті Айбол Әнуарұлы Бекмұхамбетов құрамында 15 мүшесі бар штабты басқарады. Штабтың басты мақсаты Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа оның сайлау компаниясындағы сайлау алды бағдарламасын түсіндіру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

2011 жылдың 15 ақпанында Азаматтық Авиация күніне арналған мини-футболдың VI- турниріне қатысып 3- орынды жеңіп алған Алматы Халықаралық әуежайының футбол командасы Мәскеу қаласынан оралды. 2 күн бойы өткен Чемпионатқа авиация саласының 24 командасы - әуежайлар, авиация компаниялары, қызмет көрсету компаниялары, ғылыми-зерттеу институттары қатысты. Аталған іс-шараға білікті және білімді жаттығушылардың жетекшілігімен тәжірибесі мол мықты ресейлік командалар қатысты. Қазақстандағы ең ірі Алматы Халықаралық әуежайында футболдың түрлі турнирлеріне қатысу дәстүрге айналды.

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында № 49 орта мектепте мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің қатысуымен спорттық жарыстар өтті. 7 команда доппен, шеңгелдермен эстафета ойындары және арқан тартудан жарысты. Жанкүйерлер аз болған жоқ - ата-аналар мен оқушылар жарысқа түскендерді қызу қолдады. Олар өздерінің жетекшілерін қолдай ғана қоймай, мерекеге өте қуанышты болды.

Салауатты өмір салтын насихаттау үшін мектеп директорының бастамасымен мұғалімдер ұжымы алдағы уақытта осындай жарыстарды ұйымдастырып отыратын болады.

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында № 6 оқушылар үйінде қазақ поэзиясының патшасы Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Мұғалімдер ұжымы мен № 9 кәсіптік лицейдің оқушылары дайындаған әдеби-музыкалық кешке аудан жұртшылығының, қалалық орта мектептерінің өкілдері, ата-аналар қатысты. М.Мақатаевтың өлеңдері қазақ ұлттық поэзиясының алтын қорына енгені белгілі.

1985 жылы Қазақстан жазушылар одағымен М.Мақатаев атындағы бәйгесі құрылды. Ал 2000 жылы өлгеннен кейін оған әдебиет, өнер және архитектура саласында ҚР Мемлекеттік сыйақысы тағайындалды.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында № 44 мектеп-гимназиясында А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған әдеби байқау өтті.

10 ақпан ұлы орыс ақынды еске алу күні екені белгілі. Осы байқауға мектептердің 5-6 сынып оқушылары қатысып, олар тек А.Пушкинның «Сказка о царе Салтане …», «Сказка о золотом петушке», «Сказка о мертвой царевне и о семи богатырях» т.б. белгілі ертегілері ғана емес, осы ертегілерінің үзіндісіне шағын-қойылымдар қою шеберлігінен де жарысты. Ең сәтті орындап шыққан «актерлер» естелік грамоталармен марапатталды.

2011 жылдың 8 ақпанында Түрксіб ауданында жұмыс комиссиясы мен қалалық штабтың ауданды аралап өтуі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы шығарылды. ЖПИК-тердің аулаларды тазалау жұмыстарында кемшіліктер аңықталды. Үй аулаларының қалыпты санитарлық жағдайын қамтамасыз ету ЖПИК-тер жұмыстарының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі кезде құрылған жұмыс тобы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қызметін жақсарту жобасы бойынша барлық ұсыныстарды қарастыруда және тұрғын үй қорының басқару жүйесін жақсартудың тиімді жолдарын іздестіруде. Сонымен бірге ЖПИК-тер таратылмайды, бірақ осы саладағы жиналған түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешу механизмедері жасалуда.

2011 жылы 28 қаңтарда тікелей телеканалдардан берілген ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аудан әкімдігінің мәжіліс залында және барлық еңбек ұжымдарында көрсетілді. Аудан тұрғындары еліміздің 20 жылда қол жеткізген жетістіктер негізінде болашақтағы экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатын көтеруге барлық мүмкіндіктердің бар екендігіне барлық қазақстандықтармен бірге сенеді. Еңбек ұжымдары Жолдаудың бағытын қолдай отырып, еліміздің Президентіне сенім артатындықтарын жеткізді.

2011 жылы 27 қаңтарда № 6 оқушылар үйінде «Я здоровье берегу…» атты фестиваль жарысқа қатысушылардың күшімен дайындалған «Азиядаға күлкі сыйла!» атты концерттік бағдарламамен аяқталды. Оқушылардың Азиядаға арнаған суреттерімен қолдан жасалған түрлі ұсақ-түйек жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Фестиваль барысында қатысушылар Азиядаға қатысатын елдердің ұлттық киімдерін көрсетіп және өлеңдер мен билерін орындады.

2011 жылдың 25-26 қаңтар аралығында Түрксіб ауданының әкімдігі №32 орта мектебінің спорт алаңында «Я здоровье берегу…» атты аудандық фестивалін ұйымдастырды. Спорттық жарыстар 7 - ші қысқы Азия ойындары аясында аудан мектептері оқушыларының арасында спорттың қысқы түрлерінен өтті. Аталған жарысқа мектептерден 24 команда қатысты. 26 қаңтарда фестиваль № 83, 84, 17 мектептерде жалғасты. Жарыстар арқан тарту, конькиде жүгіру, шанада сырғанау, волейболдан, баскетболдан, теннистен тағы спорттың басқа түрлерінен өтті. Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылып, барлық қатысушыларға бауырсақпен шай берілді.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында 7- қысқы Азия ойындары шеңберінде №32 орта мектебінде өткен жылы ашылған «Астана- Алматы» стадионында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық ойындары өткізілді. Жарыста ауданның Демалыс орталықтары тәрбиеленушілерімен мектеп оқушылары қысқы спорттық ойындар түрлерінен белсенділік танытты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында № 6 оқушылар үйінде аудан әкімі В. Устюговтың тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі өтті. Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары В. Долженков, қалалық және аудандық басқармалар мен қызметтерінің басшылары, Мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аудан әкімдігі өткен кездесулердегі тұрғындардың айтқан сын-пікірлерімен ұсыныстары бойынша жоспар бекітіп, оны бақылауға алды. Тұрғындарға қойған сауалдары бойынша жазбаша түрде жауап берілетін болады.

2011 жылдың 17 - 21 қаңтар аралығында Түрксіб ауданының бес округінде аудан әкімі В.Устюговтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары В. Долженков, қалалық және аудандық басқармалар мен қызметтерінің басшылары, Мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Аудан тұрғындары қала басшыларына түрлі сауалдар қоюға мүмкіндік алды, сонымен қатар өздерінің ұсыныстарын және өз пікірлерімен білдірді. Аудан әкімдігінің өткен жылы атқарған қызметіне тұрғындар алғыс білдірді.

2011 жылдың 10 қаңтарында Түрксіб ауданының Демалыс орталықтары арасында Жұлдыз ықшамауданында спорттың қысқы түрлері бойынша жарыстар өтті. Бұл іс-шараны аудан әкімдігі өткен жылы ашылған спорт алаңында ұйымдастырды. Спорттық жарыстар хоккейден, қарды бағанаға лақтыру, шанада сырғанау, арқан тарту, қардан түрлі мүсіндер жасау және тағы басқа ойын түрлерінен жүргізілді. Жеңімпаздар жинаған үпайларына байланысты анықталды. Жарыс барысында барлық қатысқан командалар жақсы ойындарын көрсетті, соның ішінде «Батыр», «Жетісу», «Апельсин», «Қарлығаш», «Ұшқындар», «Мечтатель», «Қайрат» демалыс орталықтарының өкілдерін ерекше атап кетуге болады. Жеңімпаздар естелік жүлделермен марапатталды.

Түрксіб ауданында 2011 жылдың 8 қаңтарында Жұлдыз-1 ықшам ауданының спорттық алаңында Демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері арасында қысқы ойындарының жеті түрінен: хоккей, нысанаға қар лақтыру, шанада сырғанау (жарыс), сағат, қарлы пішіндер, арқан тартудан жарыстар өтті. Спорттық ойындарды аудан әкімдігі ұйымдастырды. Ойындарға 12 -15 жас аралығындағы балалар, жасөспірімдер қатысты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының кіріспе сөзі

Оқиғалар күнтізбесі
 қазан 2014 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 8 (727) 271-66-47

E-mail: uvp-almaty.kz@mail.ru

 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы