КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
06:07:38 сарсенбi, 2017 жылғы 26 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Саяси-қоғамдық жұмыс бөлімі

Саяси-қоғамдық жұмыс бөлімі

Е Р Е Ж Е С І

1. Жалпы ережелер 1

1. Саяси-қоғамдық жұмыс бөлімі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Басқарманың жұмысын бастық басқарып отырады. 1.2. Бөлім өз жұмысын жүргізуде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2002 жылдың 15 шілдесіндегі №344-II «Саяси партиялар туралы», 1996 ж. 31 мамырындағы №3-І «Қоғамдық ұйымдар туралы», 1999 ж. 23 шілдесіндегі №453-І «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Басқарма туралы ережені, өзге де нормативті-құқықтық актілерді, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.

2. Бөлімнің міндеттері

2.1. Мемлекеттік билік пен халықтар достастығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың демократиялық қағидаларын қоғамдық өмірге енгізу, азаматтық отансүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Бөлімнің қызметтері

3.1. Бөлім өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес келесі қызметтерді атқарады:

  • Саяси партиялар қызметтерін, Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси жағдайды болжап, бақылау жүргізуді және талдауды ұйымдастыру. Азаматтық отансүйгіштікті насихаттау, қоғамның біртұтастығын және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жұмыстарын жүзеге асыру. Соған байланысты ұсыныстарды жазып дайындау.
  • Конституциялық қағидаларды және заңдарды сақтау туралы саяси партиялармен, қозғалыстармен, ұйымдармен жұмыстар жүргізу. Қоғамдағы келіспеушілік, жанжалды жағдайларды алдын-ала болжап, оларды болдырмаудың жолдарын қарастыру.
  • Қоғамдық-саяси қатынастар саласында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының өзара іс-қимылдарын қалыптастыру.
  • Саяси партиялармен өзара іс-қимылдарды дамыту. Саяси қатынастар саласындағы теріс үрдістерді алдын-ала ескертуге бағытталған шараларды жандандыру.
  • Қоғамдық-саяси ұйымдар ұйымдастырған іс-шараларға тұрақты түрде қатысу.
  • Оппозициялы0 саяси партиялармен жұмыс жүргізу туралы ескерту шараларын әзірлеп қабылдау.
  • Қаланың ішкі саясат саласындағы маңызды мәселелері бойынша әкімдіктің отырыстарына мәліметтер дайындауға қатысу.
  • Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай туралы тоқсандық мәліметтерді және т.б. құжаттарды дайындау.

4. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

4.1. Бөлімді бөлім бастығы басқарады, бөлім қызметкерлерін жұмысқа алу және босату заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылады.

4.2. Бөлім құрамы штат кестесіне сәйкес құрылады.

4.3. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін бөлім бастығы белгілейді, қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерін бөліп береді.

4.4. Қызмет аясында Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара әрекеттестікте болады.

5. Бөлімнің құқықтары

5.1. Бөлім өз құзырында келесі құқықтарға ие:

  • Алматы қаласы әкімімен бекітілетін қалалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;
  • Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша қала әкімінің шешімдері мен әкімдіктің қаулыларының жобасын жасауға;
  • Бөлім құзырына қатысты ҚР Заңдарын, Президент жарлықтарын және әкімдерін, Үкімет актілерін, Алматы қаласы әкімінің шешімдерін, бекітілген шаралардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар жасау және оның орындалуын бақылауға;
  • қалалық конференцияларды, семинарларды, «дөңгелек үстелдерді», мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруға, оларды өткізуге және қатысуға;
  • Бөлім құзырындағы мәселелер арнасында азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарауға;
  • Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша Басқарманың басқа бөлімдерінен ақпараттар сұрауға.

6. Бөлімнің жауапкершілігі

6.1. Бөлім қызметкерлері заңда белгіленген тәртіп бойынша бөлімнің жұмысы үшін жауапты.


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы