КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
06:10:29 сарсенбi, 2017 жылғы 26 сәуір   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің (ары қарай «Бөлім») міндеттерін, қызметтерін және құқықтарын, сонымен қатар Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының (ары қарай «Басқарма») бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін анықтайды

1.2. Бөлім Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі №451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 2002 ж. 15 шілдедегі №344 ІІ «Саяси партиялар туралы», 1996 ж. 31 мамырдағы №3-1 «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1999 ж. 23 шілдедегі №453-І «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Басқарма жөніндегі Ережені, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласының әкімімен бекітіледі.

2. Бөлімнің міндеттері

2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:

  • мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау мен өткізілуі жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты жүзеге асыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың орындалуын бақылау;
  • жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен сәйкес үгіт-насихат шараларын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • басқарма басшылығының ағымдағы тапсырмаларын орындау.

3. Бөлімнің қызметі

3.1. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес бекітілген тәртіпте келесі міндеттерді жүзеге асырады:

  • БАҚ тіркеуге қою (қайта тіркеу) мен тіркеуден алу сұрақтары бойынша кеңестік-сараптамалық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • жоғары тұрған мемлекеттік органдармен хат алысуды жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің, қала (аудан) Прокуратурасының, қала әкімі аппаратының және басқа қалалық құрылымдық бөлімдердің сұрауы бойынша анықтамалар мен ақпараттарды құрастырады;
  • БАҚ тығыз байланыс орнатады, «Қазақстан-2030» Стратегиясын, ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын, реформалар мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің бағыттарын насихаттау туралы материалдардың БАҚ-да жариялануы мен ұйымдастырылуы жөніндегі жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;
  • бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты жақсартады;
  • мемлекеттік саясатты насихаттаумен байланысты жұмыстардың және есептердің барлық түрлерін орындайды;
  • бөлім қызметін жетілдіру жөнінде Басқарма басшылығына ұсыныстармен шығады;
  • аймақтық және соның ішінде тәуелсіз БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
  • бөлім жұмысының үш айлық, жарты жылдық және жылдық жоспарларын құрастырады және жүзеге асырады. БАҚ ішін ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындайды.
3.2. Жүзеге асырады:
  • Алматы қаласының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ есепке алу;
  • аймақтағы ақпараттық кеңістіктің ахуалына мониторинг жүргізу;
  • отандық және шетелдік ақпарат өнімдерінің газеттік-журналдық, аудио-визуалдық және басқа өнімдерін сараптау;
  • БАҚ туралы заңнаманың орындалуы бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдарын жоспарлық тексеру;
  • Басқарма басшысы тапсырған басқа да функцияларды орындау.

4. Бөлімнің құқықтары

4.1. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін және өз функцияларын орындау үшін Бөлім келесі құықтарға ие:

  • осы Ережеге сәйкес өзінің қызметін жоспарлауға және жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аймақтық мерзімді басылым өнімдерін, эфирге шыққан теле және радио бағдарламалардың жазбаларының міндетті тегін даналарын алуға;
  • Басқарма құзыретіне қатысты заңнаманың сақталуына байланысты сұрақтар бойынша тексерулерді жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған шараларды қабылдауға;
  • бөлім құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша Басқарманың өзге бөлімдерінен ақпарат сұрауға.

5. Бөлім қызметін ұйымдастыру

5.1. Бөлімнің қызметін Басқарма басшысының бұйрығымен лауазымды қызметке тағайындалатын бөлім басшысы басқарады. Бөлім қызметкерлері заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес қызметіне тағайындалады және босатылады. 5.2. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге тапсырылған тапсырмалардың орындалуына және бөлім қызметінің жүзеге асырылуына жауапты. 5.3. Бөлім құрамы штаттық кестеге сәйкес қалыптастырылады. 5.4. Міндеттер мен функцияларды іске асыру барысында Бөлім Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара бірлесіп қызмет атқарады.

6. Бөлімнің жауапкершілігі

6.1. Бөлім қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару барысында Басқармадағы құқықтық және кадрлық жұмыстардың ахуалы үшін заңмен бекітілген тәртіп бойынша жауапкершілік жүктелінеді.


Оқиғалар күнтізбесі
 сәуір 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы