КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
18:01:32 жұма, 2017 жылғы 24 наурыз

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

ІСБ ережесі

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 2/243 қаулысымен бекітілді

«Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы ( бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласы әкімдігінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы болып табылады. 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, оның заңнамаға сәйкес мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен төрткіл мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ банкте есеп шоттары болады. Басқарма өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастар жасасады. Басқарма, егер оның заңнамаға сәйкес өкілеттігі болса, мемлекет атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың бір тарабы ретінде іс - әрекет жасауға құқылы. 4. Басқарманың құрылымы мен штаттық санының лимитін Алматы қаласының әкімдігі бекітеді. 5. Басқарманың заңды мекен – жайы: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4. 6. Мемлекеттік органның толық аталуы: мемлекеттік тілде - «Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде -государственное учреждение «Управление внутренней политики города Алматы». 7. Осы Ереже Басқарманың құрылтайшы құжаты болып табылады. 8. Басқарма қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 9. Басқармаға міндеттерін орындауда осы органның қызметі болып табылатын кәсіпкерлік әлеуметтік тобымен келісім - шарт арқылы қатынас жасауына тыйым салынады. Егер Басқармаға заң актілерімен табыс әкелетін қызмет құқығы берілсе, онда осы жолмен алынған табыс жергілікті бюджеттік табысына қосылады.

2. Басқарма қызметінің мәні мен мақсаты

10. Басқарма қызметінің негізгі мәні мыналар болып табылады:

  1. мемлекеттік      билік пен халықтар      бірлігін нығайту жолында      мемлекеттік саясатты жүзеге      асыру, демократиялық қағидаларды, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты баянды ету, азаматтық отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
  2. қоғамдық саяси қатыныстар      саласында, әлеуметтік      ортада, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат,      жастар, тіл саясаты, саяхат, спорт саласында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының біртұтас стратегиясы мен      өзара келісіп әрекет етуін қалыптастыру;

11. Басқарма белгіленген заң тәртібінде мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын насихаттау мен түсіндіру, қазақстандық қоғамның одан әрі нығаюы      мен бір тұтас      мемлекеттік идеологияны қалыптастыру      жөніндегі бағдарламаларды даярлау және жүзеге асыру;
  2. партиялармен,      қозғалыстармен және ұйымдармен конституциялық қағидалар мен      қазіргі қолданыстағы заңнаманы сақтай      отырып жұмыс істеу, қоғамдағы келіспеушілік жағдайларды      болжау және болдырмау;
  3. Қазақстан Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері, Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанындағы жастар істері жөніндегі комитеттермен өзара байланыс жасау;
  4. Мемлекеттік      рәзімдердің пайдаланылуын ретке келтіру, олардың Алматы қаласының сыртқы келбетінің келісілген тұжымдамасына      сәйкес қолданылуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен бақылау;
  5. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары      туралы» (бұдан әрі - БАҚ) Заңында қарастырылған талаптардың сақталуына, сондай - ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы      таратылатын жарнамаға қатысты талаптардың сақталуына бақылау жасау;
  6. БАҚ- да Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылғандығы анықталған жағдайда әкімшілік құқықтың бұзылғандығы және оны сот органдарына беру туралы      хаттамалар жасау;
  7. Бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша мәдени ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни конфессиялармен жастар, қоғамдық саяси      және басқа да бірлестіктермен байланыс жасау;
  8. 2030 –      Стратегиясын, реформалар бағыттарын      және де басқа мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру шаралары жөнінде Алматы қаласының әкіміне тоқсандық жиынтық ақпараттар әзірлеу;
  9. ақпараттық саясат саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жасау, лицензиялар мен тіркеу мәселелері бойынша БАҚ басшыларымен өзара қарым - қатынас      жасау, ақпараттық нарықтық жағдайына,      шетелдік БАҚ - ды есепке      алуға мониторинг жүргізу;
  10. Заң бойынша жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге      асыру.

12. Басқарманың алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруы үшін мынандай құқықтары болады:

  1. Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламалардың жобаларын дайындауға қатысу;
  2. Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігі мен әкімінің әкімдері мен актілерінің жобасын дайындау;
  3. биліктің жергілікті атқару органдары қызметінің қорытындысы бойынша, сараптама, талдау      және жинақтау жұмыстарын жүргізу,      ішкі саясат саласындағы      жұмыстарды жетілдіру      бойынша ұсыныстарды қарастыру;
  4. Конституциялық қағидалар мен қолданыстағы заңнаманы сақтауға байланысты биліктің тиісті атқару органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық- саяси, насихатшы топтарымен өзара қарым-қатынас жасауда келіспеушілік ахуалды болдырмау;
  5. 2030 –      Стратегиясын, реформалар бағыттарын      және де басқа мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру шараларының барысы туралы анықтаманы әзірлеу және жұмысты үйлестіру;
  6. барлық қоғамдық - саяси, мәдени      – бұқаралық, ақпараттық -      сауық шараларға қатысу және оларды талдауды, қорытындысы бойынша қала әкіміне бақылау      талдамалық анықтама тапсыруды қамтамасыз ету.

3. Басқарманың мүлкі

13. Басқарма оңшаланған мүлкін оралымды басқаруға құқылы. Басқармасының мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, негізгі және айналым қаржысының есебінен, сондай - ақ Басқарманың балансында көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады. 14. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 15. Басқарманың өз бетінше өзіне берілген мүлікті басқаға беруге және басқа да жолдармен иелігінен шығаруға құқығы жоқ. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша және ерекше жағдайларда ғана мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

16. Басқармаға Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын бастық басшылық етеді. Басқарма бастығының екі орынбасары болады, олар қызметке заңмен белгіленген тәртіп бойынша тағайындалып, одан босатылады. 17.Басқарма бастығы басқарманың жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді, басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және оның қызметін жүзеге асыруға жауап береді. 18. Бұл мақсатқа бастық:

  1. Өзінің орынбасарлары мен бөлім бастықтарының міндеттерін және өкілдіктерін анықтайды;
  2. заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындап одан босатады;
  3. заңда белгіленген тәртіп бойынша Басқарма қызметкерлерін ынталандырады және оларды тәртіпке      шақырады;
  4. бұйрықтарға қол қояды;
  5. Басқарманың бөлімдері      мен құрылымы туралы      Ережені бекітеді;
  6. барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Басқарманы      атынан өкілдік етеді;
  7. Басқарманың жұмыс      регламентін бекітеді.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

19. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 20. Басқарманы қайта құру, біріктіру, қосу, бөлу, бөлек шығару, өзгерту заңнамада қарастырылған үлгілер бойынша жүзеге асырылады. 21. Басқарма қайта құрылған ұйым ретінде қосылу арқылы қайта құрылған жағдайдан басқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қайта ұйымдастырылды деп саналады. Қосылу арқылы оған басқа ұйым қосылып, қайта құрылған жағдайда оның алғашқысы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу регистріне жазба жазылған уақыттан бастап қайта құрылды, ал қосылған ұйымның қызметі тоқтатылады деп саналады. 22. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіп негізінде ерікті түрде немесе еріксіз (шешім бойынша) таратылуы мүмкін. Мекемені тарату жайында шешім қабылдаған Басқарма құрылтайшылары немесе орган бұл жайында заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына тез арада жазбаша хабарлауға міндетті. Тарату жайында шешім қабылдаған құрылтайшылар тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның таратылу мерзімін белгілейді. Тарату комиссиясы тағайындалғаннан кейін оған заңды тұлғаны және мүлікті басқару өкілеттілігі өтеді. 23. Татару комиссиясы Әділет органының ресми орталық басылымдарында мекемені тарату жайында ақпарат, сондай – ақ оның қарызгерлерінің талаптары туралы өтінішті беру уақыты мен тәртібін жариялайды. Талап өтініштерін беру мерзімі мекемені тарату жайында жарияланған мерзімнен бастап, екі айдан аспауы тиіс. 24. Талап өтінішін беру мерзімі аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын мекеме мүлкінің құрамы, талап қоюшылар өтінішінің тізбесі, сондай-ақ оны қарастыру нәтижесі көрсетіледі. 25. Қарызгерлермен есеп айырысқаннан кейін тарату комиссиясы оны коммерциялық емес ұйымды тарату жайында шешім қабылдаған мекеменің немесе органның мүлік иесі бекіткен тарату балансын жасайды. 26. Мекеме таратылды, ал Басқарма өз қызметін тоқтатты деп, бұл жайында заңды тұлғаларды мемлекеттік регистріне енгізу туралы жазба жазылған уақыттан бастап, есептеуге болады.


Оқиғалар күнтізбесі
 наурыз 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы