КАЗ РУС
Басты бет Байланыстар
08:32:15 сейсенбі, 2017 жылғы 23 мамыр   СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 2716728

Ресурстар
ҚР Заңдары
Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Шетелдік БАҚ-ты есепке алу ережесі

Шетелдік БАҚ-тарды тіркеу ережесі

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 843 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) талаптарына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгi жай-күйiн дұрыс әрi уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - шетелдiк БАҚ-тар) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi. 2. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:

  1. бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
  2. жергілiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергілікті мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
  3. шетелдiк бұқаралық ақпарат құралы - тұрақты атауы және ағымдық нөмiрi бар шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымы (газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар); шетелдiк теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарлама (мерзiмдi аудиокөрiнiстiк хабарламалар және хабарлар жиынтығы);
  4. таратушы - шетелдiк БАҚ меншiк иесiмен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде Қазақстан Республикасының аумағында олардың өнiмдерiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк);
  5. шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтама - таратушыға жергiлiктi атқарушы орган беретiн және таратушы анықтаған аумақта таратылатын шетелдiк БАҚ-тар атауларының тiзбесiн растайтын белгiленген нысандағы құжат.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 936 қаулысымен (осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 3. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тарды есепке алуды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады. 4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тардың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. 5. Жергiлiктi атқарушы орган осы Ереже 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтердi Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тардың бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзу үшiн тоқсан сайын уәкiлеттi органға жiберiп тұрады. 2. Шетелдік БАҚ-тарды есепке алу шарттары мен тәртібі 6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-ты есепке алу үшiн таратушы жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттар тапсырады:

  1. шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы өтiнiш, онда мыналар көрсетiлуi тиiс:
  2. Өтiнiш берiлетiн жергілікті атқарушы органның атауы;
  3. таратушының мәртебесi (жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы (аты, әкесiнiң аты жөне тегi), орналасқан жерi (тұрғылықты жерi);
  4. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тардың толық атауы;
  5. шетелдiк БАҚ-тың таралу аумағы;
  6. таратылатын шетелдiк БАҚ-тың тiлi (тiлдерi);
  7. таратылатын шетелдiк БАҚ-тың негiзгi тақырыптың бағыттығы;
  8. шетелдiк БАҚ-тар мерзiмдi баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды саны, хабарларын тарту көлемi;
  9. таратушы жеке тұлға үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттық көшiрмесi;
  10. таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк) үшiн - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкiлдiктi) мемлекеттiк тiркеу (есепке алу) туралы куәлiктiң көшiрмесi.

7. Өтiнiш және оған қоса берiлетiн құжаттар жергiлiктi атқарушы органда олар тiркелген күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады. 8. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша және ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес болған ретте тарату үшiн мәлiмделген шетелдiк БАҚ-тардың есепке алынғаны туралы анықтама таратушыға берiледi. 9. Анықтамада мынадай мәлiметтер көрсетiлуге тиiс:

  1. таратушыға анықтаманы берген жергілікті атқарушы органның атауы;
  2. анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күнi;
  3. таратушының ұйымдық-құқықтық нысаны мен атауы;
  4. Өтiнiште көрсетiлген аумақта таратылатын шетелдiк БАҚ-тар атауларының толық тiзбесi;
  5. анықтаманың қолданылу мерзiмi;
  6. анықтаманы берген лауазымды адамның аты мен әкесiнiң атының бас әрiптерi, тегi және қолы.

10. Шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтама қаржы жылы iшiнде жарамды. Шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтаманың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн таратушы жаңа анықтама алу үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға жүгiнуге тиiс. Егер осы Ереже 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген таратушыға немесе таратылатын шетелдiк БАҚ-тарға қатысты мәлiметтер бұрын берiлген анықтаманың қолданылу уақытында өзгерсе, таратушы жаңа анықтама алу үшiн 10 күн мерзiмде осы Ережеде белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға жүгiнуге тиiс. Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 936 Қаулысымен (осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 11. Таратушының шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтаманы басқа адамға беруiне тыйым салынады. 3. Шетелдік БАҚ-ты есепке алудан бас тарту, анықтаманың қолданылуын тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу 12. Жергiлiктi атқарушы орган таратушыға Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-ты есепке алудан бас тартуға құқылы, егер:

  1. осы Ереженiң 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжат ұсынылмаса;
  2. осы Ереженiң 6-тармағында көзделген құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес ақпарат көрсетiлсе;
  3. шетелдiк БАҚ материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекеттiк қауiпсiздiгiн әлсiретудi, соғысты, әлеуметтiк, тектiк-таптық, дiни, нәсiлдiк, ұлттық және рулық артықшылықты, қатыгездiктi, зорлыққа табынуды және порнографияны насихаттауды немесе үгiттеудi қамтыса;
  4. таратушыға қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса;
  5. шетелдiк БАҚ өнiмiне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешiмi болса.

13. Шетелдiк БАҚ-ты есепке алудан бас тартылған ретте таратушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 14. Таратушы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтаманы сот тәртiбiмен тоқтата тұруға не керi қайтарып алуға құқығы бар. 15. Егер жергiлiктi атқарушы орган осы Ереженiң 7-тармағымен белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы өтiнiштi қарамаса немесе таратушыға негiзсiз бас тарту жауап ұсынса, не шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтаманы заңсыз тоқтата тұрса немесе кері қайтарып алса, онда таратушы бұл іс-әрекеттерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 4. Жауапкершілік 6. Осы Ережені бұзғаны үшін таратушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен белгіленген жауапкершілікті көтереді.


Оқиғалар күнтізбесі
 мамыр 2017 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31
Әлеуметтiк видео
Ауа райы
Погода в Алматы
Жазылу
Байланыстар

Басқарманың мекен-жайы:
050001 Алматы қ., Республика алаңы, 4

Телефон: 271-66-47

E-mail: 716728@mail.ru

форум

Логотип мероприятия для размещения
материалов по тематике VII Гражданского
Форума Казахстана

ДОЛЕВОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО БЕЗ ОБМАНА
 
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы