Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың Үйлестіру кеңесі өтті

3 шiлде 2017 жыл

Алматыда қала әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында халықтың мобильді топтарының әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдар нысандарына бейімделу мәселесі, инклюзивті білім берудің проблемасы мен болашағы қаралды.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова егер 2016 жылы әлеуметтік қолдауға мүмкіндігі шектеулі 13 мың адам қамтылып, оларға 2,1 млрд. теңгенің көмегі көрсетілсе, биылғы 2017 жылы 22 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау көрсету үшін 4,1 млрд. теңгенің бөлінгенін айтты.

«Өткен жылы артығымен бөлінген қаржының арқасында алғаш рет қосымша жоғары сапалы техникалық бұйымдар сатып алынып, мүгедектерге көрсетілген әлеуметтік көмектің аясы ұлғайды. 2017 жылы 836 мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Германия мен Польшадан құны 200 миллион теңгеден асатын 958 орындық - арба сатып алынды.Құны 593 млн. теңге болатын 2543 дана заманауи сурдо-тифлотехникалық бұйым сатып алынып, 2 мыңнан астам адамға таратылды, сонымен қатар бағдарламалармен және дауыс синтезімен жабдықталған ноутбуктер, оқу машиналары да алынды. 2012 жылдан бері кезекте тұрған мүгедектердің барлығы қажетті жабдықтармен толық қамтылады», - деді А.Ахметова.

Қалада инклюзивті білім беруге айрықша назар аударылуда. Бүгінгі күні Алматыда ерекше күтімді қажет ететін 36 бала бес мектепте білім алса, 17 балдырған үш бала бақшада тәрбиленуде, 276 студент үш оқу орнында дәріс алуда. 36 мектепте мыңнан астам баланы қамтыған коррекциялық – даму сыныптары бар, психологиялық- педагогикалық коррекцияның 7 кабинет жұмы сітейді, бұларда 877 балаға көмек көрсетілді, ал 4 психологиялық -медициналық консультацияларда 5588 балдырған тексеруден өтті.

Биылғы жылдың мамыр айында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті кәсіби білімнің Ресурсты орталығы ашылды. Мұнда жыл аяғына дейін 500 мүгедекке білім берілетін болады.

Аумағы шағын өз бетінше жетілуге мол мүмкіндік береті көлемі шектеулі үйлер жүйесін дамыту жұмысы қарқын алуда. Мұнда әір мүгедектің жеке мүмкіндігі анықталып, олардың отбасында бейімделуіне ықпал етеді. Ментальді ауытқушылығы бар 65 мүгедек үшін үш Орталық ашуға 60,7 млн. теңге мен Медеу ауданында кеңсе бөлінді.

Мүгедектердің спорттық шынығуына да жете назар аударылады. Қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Алматының спорт клубы» жұмыс істейді. Қозғалысы шектеулі, көзі нашар көріп, құлағы естімейтіндер мұнда жүзумен, жеңіл атлетикамен, футболмен, еркін күреспен, волейболмен, арба теннисімен, басқа да спорт түрлерімен айналысады. Жаңа спорт нысандары мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты етіп салынуда.

Қала басшысының ткіелей тапсырмасы бойынша қазіргі кезде мүгедектерді әлеуметтік нысандар мен көліктік құрылымдарға, саябақтар мен скверлерге, мәдени орындарға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, әр ауданда инклюзивті балалар алаңдарын жасау қарастырылған, ал Абай атындағы МАТОБ осындай орынның жобасын жасап, тиісті жұмысты бастап кетті. Қала басшысы бұл жұмысқа қаланың барлық әлеуметтік институттары мен үкіметтік емес ұйымдарын кеңінен тарту қажеттігін қадап тұрып айтты.

«Өмір бір - ақ рет беріледі, тек уәде берумен ғана шектелмей, мәселені бірден қолға алып, бірден шешу қажет», - деді Б.Байбек және бөлінген қаржылардың барлығының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын барысында «К. Иманалиев» атындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы жөніндегі комиссия төрағасы Виниамин Алаев Үйлестіру кеңесі мүшелерінің ашық дауыс беру жолымен екі жылдық мерзімге қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып сайланды.