Алматыда жаяу жүргіншілерге жайлы болу үшін бірқатар көшелер қайта жасалады

14 маусым 2017 жыл

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында қаладағы жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жасау жөнінде көшпелі кеңес өткізді. Биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңында жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.  Алматыда қала тұрғындарына жайлы болу үшін оң шаралар жүйесі одан әрі жалғасуда, яғни саябақтар мен скверлер, жаяу жүргінші аймақтары қайта жасалып, веложолдар салынуда, қоғамдық кеңістікті қалқалап тұратын қорулар алынып тасталуда.  Қаланың Алмалы ауданындағы Дүйсенов көшесі Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесі Абылай хан көшесінен Масанчи көшесіне дейін толық көгалдандырылады. Бостандық ауданында Тимирязев көшесінің учаскесі Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,5 км. аймақта қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр.  Жоба бойынша брусчаткалар төселіп,арықтар созылады, урналар қойылып, қоршаулар және басқалары алынып тасталады. Бұлардың орнына спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаңдары пайда болады, ағаштар отырғызылады, жасыл желекті қоршаулар, клумбалар жасалады.  Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңында жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.