Алматы әкімі қаланың жол инфрақұрылымы құрылысының барысымен танысты

12 маусым 2017 жыл

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті көшпелі жұмыс сапарында қаланың жол инфрақұрылымын қайта құру және салу жұмыстарымен танысты.

Негізінен Б.Байбек Абдулин көшесі мен оған жақын орналасқан жерлерге жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі жолдың шығыс жағында тротуар жоқ, қоғамдық кеңістік қоршаумен жабылған. Мегаполис басшысы қаланың құрылымдық бөлімшелеріне қоршауды алып тастауды, тротуар жасауды тапсырды.

Көшпелі жұмыс сапарына қатысқандар жолдардағы жүргіншілер қауіпсіздігін де талқылады. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов биылғы жылы Алматыда 102 өтпелі жолдардың қайта жасалып,түн мезгілінде жарықпен қамтамасыз етілетінін айтты.

«Биылғы жылы бағдар шам арқылы ретке келтірілетін 10 өтпелі жолдар салынады әрі қоршалады. Қоршау конструкциясы қарастырылған, балалар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы, жүргізушілердің жақсы көруі де қамтамасыз етілген, балалар жақындаған автокөлікті бірден байқайды. Бүгінгі күні мектептер маңында осындай 62 өтпелі жолдар бар», - деді М.Исахов.

Тексеру барысында мегаполис басшысы Фурманов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейін теміржол арқылы эстакаданы қоса қиып өтіп , жолды ұзарту, жол айрықтарын және қалаға қосылған елді мекендерде жол салу стратегиялық іс- шаралар болып табылатынын атап өтті. Ол жол салуды мерзімінде әрі барынша сапалы атқару үшін бақылауды күшейту қажеттігін қадап тұрып айтты.

Қазіргі кезде қалада Хмельницккий көшесі Сүйінбай көшесінен Жас-қанат ықшам ауданына дейін үңгіленуде, сонымен қатар Абай даңғылынан, Әуезов көшесінен Қалқаман елді мекеніне , одан қала шекарасына дейін жол тартылады, ал Сейфуллин,Жансүгіров көшелері мен Рысқұлов даңғылы, Емцов көшесі мен Құлжа тракті бойларында жол айрықтары салынады, BRT желісі бойынша жол- көше жүйесі қайта жасалады, Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,335 км болатын, Алатау ауданыныңда Алғабас және Ақбұлақ елді мекендерінде ұзындығы 10,993 км болатын жолдар салынады.