Астанада «ЭКСПО-2017» аясында Алматының Мәдени күндері өтеді

6 маусым 2017 жыл

Астанада «ЭКСПО-2017» аясында 11-19 маусым аралығында Алматының Мәдени күндері өтеді, аталған шараға құрамында эстрада жұлдыздары, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар бар 400-ден астам адам қатысады.

11 маусымда «Қазақстан» ОКЗ-да «Махабатпен, Алматыдан!» атты концерттік бағдарламамен мәдени күндер ашылады, қазақ эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мәдина Араппаева, Мәдина Сәдуақасова, Айқын, Луина, «Дос-мұқасан», «Рензо», «Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтары,«Сарын» дуэті, «Салтанат» ансамблі, «Бала дауысы» балалар байқауының жеңімпаздары және басқалары өнер көрсетеді.

12-16 маусым аралығында Алматының мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында күніне екі рет «Құлыншақ пен Бөлтірік»,«Веселые медвежата» атты үздік спектакльдерін қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

16-17 маусым аралығында «Жастар» театрында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Асқақтай бер, қазақтың сазды әуені» атты музыкалық кеші өтеді.

11-19 маусым аралығында «Этно-ауыл Алматы» көрмесі болады, мұнда үздік суретшілер мен қолөнершілер өз туындыларын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні көрмеге келушілерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

18 маусымда Халықаралық «Астана ЭКСПО - 2017» арнайы көрмесінің амфитеатырнда мәдени күндердің «Асқар таулы Алматы!» атты қорытынды концерті өтеді, оған Асылбек Еңсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мусаев, Еділ Құсаинов, Ғазиза Габдахимова, Шолпан Даржанова, Сауле Жұмабай, Азамат Асқаров, «Ұлытау», «Арт Дала», «Алашұлы» топтары, «Жетіген», «Сазген сазы», «Салтанат» ансамбльдері,Н. Ашировтың домбырашылары, «Арлан» театры және басқалары қатысады.