Басқарма ережесі

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы ___ ___________ № _____

қаулысымен бекітілген

«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

  1. Жалпы ережелер

1. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында ішкі саясат саласында үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

9. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление внутренней политики города Алматы».

10. Осы Ереже «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

13. Егер «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі

 

  1. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңынасәйкес анықталды ‒ мемлекеттік билік пен халықтар бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, демократиялық қағидаларды, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты баянды ету, азаматтық отансүйгіштікке тәрбиелеу.

15. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңымен анықталады:

1) қоғамдық-саяси саласында, әлеуметтік ортада, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар, тіл саясаты, туризм, спорт саласында жергілікті мемлекеттік және атқарушы биліктің барлық құрылымдарының біртұтас стратегиясы мен өзара келісіп әрекет етуін қалыптастыру;

2) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру;

3) Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру, партиялармен, қозғалыстармен және ұйымдармен конституциялық қағидалар мен қолданыстағы заңнаманы сақтау бойынша жұмыс істеу, қақтығыс жағдайларды болжау және болдырмау;

4) «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да бағдарламалық құжаттарды көпшілікке тарату, қазақстандық қоғамның одан әрі бірігіп нығаюы мен бірыңғай мемлекеттік идеялогияны қалыптастыру, қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу саласында практикалық шараларды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәзімдерін көпшілікке тарату, мемлекеттік рәміздердің қолданылуын ретке келтіруді ұйымдастыру және бақылау, олардың Алматы қаласының сыртқы келбетінің келісілген тұжырымдамасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

6) мемлекеттілікті және ұлт бірлігін сақтау және күшейту, азаматтық қоғам институттарымен диалог үрдісі тетігін жетілдіру;

7) адами әлеуетін және гендерлік теңдікті дамыту, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы, әйелдер және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясымен өзара әрекет жасасу;

8) Басқармаға Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңымен анықталады:

1) Алматы қаласының тұрғындары арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын түсіндіру жұмысына жергілікті билік органдары мен қалалық құрылымдарды, ақпараттық-түсіндіру топтарды, үкіметтік емес ұйымдарды, саяси партияларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, Алматы қаласының қоғамдық кеңестерін және қоғамды тарту;

2) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктердің, құқық қорғау мен басқа да қоғамдық ұйымдарының, кәсіби одақтар, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтар, қоғамдық пікір жетекшілерімен қарым-қатынасты жүзеге асыру;

3) жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпартаттық саясатты жүргізу;

4) Алматы қаласының қоғамдық-саяси ахуалына талдау жасау және мониторингілеу, әлеуметтік шиеленістерді шешу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;

5) «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау;

6) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты басқарма органының функциясын жүзеге асыру;

7) конституциялық қағидалар мен қолданыстағы заңнаманы сақтау саласында тиісті атқарушы және мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу;

8) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

9) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

10) мемлекеттің қатысуымен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;

11) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануын және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігің) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аудару;

12) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігінен жергілікті атқарушы органмен белгіленген мөлшерлерде дивиденттерді (табысты) төлеуге бағыттау үшін шалалар қабылдау;

13) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында үлесі бар коммуналдық мүлікті, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акцияларын енгізуді жүзеге асыру;

14) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысына акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) тағайындау үшін кандидатура ұсыну және жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесін (байқау кеңестерін) жергілікті атқарушы органдарымен келісу арқылы қалыптастыру;

15) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. «Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламалардың жобаларын дайындауға қатысуға;

2) Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігінің қаулыларын, өкімдері мен актілерінің жобаларын дайындауға;

3) қала әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) реформалар бағыттарын, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру барысы туралы (оның ішінде аудандар әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) қала әкіміне аналитикалық анықтаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіруге;

5) барлық қоғамдық - саяси, мәдени - бұқаралық, ақпараттық ойын- сауық іс-шараларға қатысуға;

6) тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар қызметкерлерін Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді дайындауға тарту, өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте сұрауға;

7) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 56 бабымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен өтініш білдіруге;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

  1. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

18. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты басшы жүзеге асырады, ол «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларының жүзеге асырылуын дербес жауапкершілікте болады.

19. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласының әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Алматы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Алматы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады;

2) «Алматы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі өзінің орынбасарлары мен бөлімдері бастықтарының міндеттерін және өкілдіктерін белгілейді;

3) «Алматы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапкершілікте болады;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, тәртіптік жаза қолдану бойынша шаралар қабылдайды;

7) «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

8) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;

9) «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;

10) сенімхаттар береді;

11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

22. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

23. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.