Алматы әкімі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-тің жаңа оқу орталығының жұмысымен танысты

2 маусым 2017 жыл

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы жылу жүйесінің жаңартылған оқу орталығында болды, мұнда бір жыл ішінде жылу,энергетика кәсіпорындарының 900 қызметкері жеті сала бағыттары бойынша кәсіби білімдерін жетілдіре алады. Орталық мегаполистің Медеу ауданындағы «Алматы жылу жүйесінің» өндірістік базасында ашылды.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша жылу, энергетика қызметкерлерінің білімін жетілдіретін жаңа оқу орнының ашылуы білікті кадрлар тапшылығын жоюдың қажетті әрі заманауи қадамы болып табылады. Жаңа орталықтың базасында білікті қызметкелер құрамын 30%-ға арттыру жоспарланған. Сабақ оқылатын аудиториялардың санын екі есе ұлғайту барысында жаңа орталықта күніне 50-ден аса адам бірмезетте дәріс алады.

Болашақта жаңа оқу орталығында ПИК қызметкерлерін қоса есептегенде ТҮКШ-тың 600 маманы қайта даярланады, жеке сервистік ұйымдар өкілдері де білімдерін жетілдіре алады, оқу бітіргендерге арнайы сертификаттар табыс етіледі.

Бекітілген оқу кестесіне сай жаңа орталықта жер асты жылу жүйелері мен жылу нүктелерін, түрлі қондырғыларды жөндейтін слесарьлар, насосты қондырғылар машинистері, жылу нүктелерінің операторлары, электротехникалық қызмет жұмысшылары кәсіби дайындықтан өтеді.

Жаңа оқу орталығында білім алғандар заманауи автоматтандырылған жылу нүктелері мен жылу желілерінде жұмыс істеудің түрлі әдістерін меңгереді, гидравликалық режимде жұмыс істейтін қондырғыларды еркін меңгеріп, насосты станцияларды басқарудың ерекшеліктерімен танысады. Бұлардан өзге, оқу курсына қатысқандар жылумен қамтамасыз етудің және энергияны тұтынуға сараптама жасаудың экономикалық режимдегі әдістерін игереді. Орталықтағы кәсіби білімдерін толықтырушы мамандарға тәжірибелі шеберлер, оқытушылар заманауи оргтехниканы, қондырғыларды, макеттер мен зертханаларды ұтымты пайдалана отырып, сабақ береді.