Алматы әкімі Татарстан Республикасының делегациясымен кездесті

2 маусым 2017 жыл

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Татарстан Республикасы Президенті аппарат басшысының орынбасары Игорь Савельевпен кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты және сауда- экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Игорь Савельев Алматы мен Татарстанның жоғары технология саласындағы ынтымақтастықта әлеуеттері жоғары екендігін айтты.

«Менің Алматыда алғаш рет болуым, қалада кәсіпкерлік рухының ерекше дамығанына тәнтімін. Бізді шағын және орта бизнесті дамытудағы, стартаперлерді қолдаудағы, «Ақылды қала» жобасын іске асырудағы, қоғамдық кеңістіктерді ұтымды пайдаланудағы іс-шаралар қызықтырды», - деді ол.

Татарстан делегациясына Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың мүмкіндіктері көрсетілді. Татарстан Республикасы Президенті аппарат басшысының орынбасары Игорь Савельев Қазан қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан «Иннополис» инновациялық орталығының жұмысы туралы айтты. Мұнда жоғары технология болып саналатын микроэлектроника, нанотехнология, робот техникасы, баламалы энергетика, биотехнология жақсы дамыған, бұлардың барлығы ерекше экономикалық аймаққа енген.

Алматы әкімі Татарстан инвесторларын биылғы жылдың 30 маусымында өтетін «Almaty Innovations – 2017» форумына шақырды. Аталған бас қосуда қалалық инновацияны енгізудің озық тәжірбелері талқыланады.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың нақтылы бағыттары, оған жауапты жандар белгіленді және тәжірибе мен технологияны зерттеу үшін профильді делегацияны жіберу жөнінде келісім жасалды.