Алматы әкімі Балаларды қорғау күнімен кішкентай алматылықтарды құттықтады

1 маусым 2017 жыл

Бүгін Алматыда Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекеленуде. Негізгі мерекелік шаралар Республика алаңында, Орталық мәдени және демалыс саябағында, ерекше күтімді қажет ететін балалардың «Жұлдызай» ХІІ республикалық фестивалі жеңімпаздарының гала-концерті болатын Республика сарайында өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың коррекциялық мектептерінің оқушылары салған сурет көрмесінде болды. Республика сарайында Н. Островский атындағы соқыр және әлсіз көретін балалар тәрбиелентін №4-ші жалпы білім беретін мектеп-интернаттың және тілі жетілмеген балалар дәріс алатын №9-шы коррекциялы мектеп- интернаттың, «Жанұя» арнайы кешенінің, керең балалар оқитын №5-ші мектеп-интернаттың, №1-ші жалпы білім беретін мектеп- интернат оқушыларының салған суреттері қойылған көрме ұйымдастырылған.

Бауыржан Байбек ұсынылған жұмыстардың сапасы мен шеберлігін жоғары бағалады және интеллектуалды дамуы кешеуілдеген балалар оқитын №7-ші мектеп-интернат оқушылары салған «ЭКСПО-2017 балалар көзімен» триптихін қатты ұнатты. Тәрбиешілер триптихті балалардың 3 айға жуық салғанын, бұл өте қиын жұмыс екенін, жіптерді орап, киізді желімдеудің, ерте қазақ техникасы арқылы кесте тігудің өте күрделі екенін айтты.

«Мен бүгінгі көрмеге өз қолдарымен жасаған жұмыстарын қойғандардың барлығына шексіз ризашылығымды білдіремін. Өйткені, заттардың барлығы барынша сапалы жасалған. Бұл жұмыстардың бәрінен өмірге деген сүйіспеншілік, күш-жігер, рух сезіледі. Осы биіктікті төмендетпеңдер, мен сендерге сенемін», - деді Б.Байбек.

Қала басшсысы Алматы-2020 даму бағдарламасы аясында ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін қалада 2016 жылы 3 психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетінің және бір психологиялық- медико-педагогикалық консультация ашылғанын айтты. Қазіргі кезде қалада осындай 11 кабинет жұмыс істеуде. Корпоративті «Болашақ» қоры мен «Ашық Әлем» қоғамдық қоры инклюзивті білім беруді дамыту үшін кабинеттер мен ресурстар орталықтарын ашты.

Биылғы жылы бюджет есебінен 6 бала бақша, 2 мектеп, 6 мектеп жанынан қосымша нысандар салынады. Білім саласының 28 ғимаратының сейсмикалық қуаты күшейтіледі, 1 мектеп қайта жасалады. Биыл жазғы каникул кездерінде балаларды сауықтандыру мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 190 млн. теңге бөлінді. 1 маусымнан бастап 100 мың баланы қамтыған 771 лагерь ашылды.

Алматылық балалар үшін 1 маусым күні көңілді шаралар ұйымдастырылды. 5 мың бала қатысқан жастардың музыкалық оркестрілері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.

Таңнан бері Орталық мәдени және демалыс саябағында балалардың шығармашылық ұжымдарының концерттері қойылуда. Бұл мәдени шараға «Сенім», «Наргиз», «Мөлдір», «Непоседы», «Тамаша», «Сюрприз», «Ерке наз» балалар топтары, Т.Жүргенов атындағы Университет студенттері қатысты және «Бозторғай-2017» халықаралық конкурс жеңімпаздарының гала-концерті өтті. Балалар үшін «Вы наш гость» хореографиялық-музыкалық композиция, ұзын қуыршақтар, аниматорлар, цирк артистері өз өнерлерін ортаға салды, ертегі кейіпкерлері, жанды дауыстағы музыка балалардың көңілдерін ерекше көтерді. Саябақта: «Менің сүйікті қалам», «Бақытты балалық шақ», «Экспо-2017», «Қазақстан Республикасы» атты сурет көрмелері ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында еліміздің әр облысынан 400 бала қатысқан «Жұлдызай» фестивалінің спорттық бөлігі ойдағыдай аяқталды.

Бүгін Республика сарайында еркеше күтімді қажет ететін балалардың «Жұлдызай» ХІІ республикалық фестивалінің гала-концерті өтті, оған 7 780 конкурсант қатысты. Фестивальдің екінші іріктеу турының жеңімпаздары әнші Маржан Арапбаевамен, «КешYOU», «ӘлемBand» сынды топтарымен бірге ән салды.

«Фестиваль - балалардың өміріндегі жаңа баспалдақ, олар осы өнер байқауы арқылы өмірден өз орындарын табады, оқуға түсіп, біріккен шығармашылық ұжымдар құрады. Мұндай ерекше балалар өздерінің ерік-жігерлерінің мықты екенін дәлелдеп, түрлі кедергілерді жеңе біледі, алға қарай ұмтылады. Міне, бұл - жобаның басты жетістігі», - деді фестивальді ұйымдастырушы, BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев.

Гала-концерт қарсаңында екінші іріктеу туры жүлделі орындар мен гран-при иелерін анықтады. «Хореография», «Вокальді орындау», «Инструментальді орындау», «Әнді қимылмен орындау» номинацияларына Қазақстанның әр түкпірінен келген өнерлі балалар қатысты. «Жұлдызай» ХІІ республикалық фестивальдің Гран-приін «Әнді қимылмен айту» номинациясы бойынша Қостанайдан келген «Экспрессия» тобы: Виктория Головнева, Алина Гриневич, Балжан Жұмағазиева, Исмаил Цицкиев жеңіп алды.

Алматы қаласы әкімінің 
баспасөз қызметі