Алматыда жаңа тегін мұз айдындары ашылуда

30 қараша 2018 жыл

Алматыда жаңа тегін мұз айдындары ашылуда, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары тәулігіне 24 сағат бойына тегін сырғанай алады. Олардың алғашқысы бүгін кешкісін Атакент алдындағы алаңда, Белканың жанында іске қосылды.

Қаланың әртүрлі бөліктерінде бірнеше мұз айдындары ертең жұмысын бастайды.

Барлық мұз айдындарында нұсқаушылар жұмыс істейді, олар сырғанаушыларға тегін кеңес береді.

Мұз айдындары жанында конькилер жалға беріледі және тамақтану аймақтары бар, олар таңғы сағат 10:00 ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді прокатка алу сағатына 800 теңге.