Алматыда «Орбита» ықшам ауданынан метроның «Райымбек» бекетіне дейін автобус бағыты ашылды

20 ақпан 2018 жыл

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Бүгін №98 бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен автобустар жолға шықты.

Евро-5 экологиялық сыныптағы төмен еденді автобустар мыналарды қамтиды: Рысқұлбеков көшесіндегі «Байтал»ТК – Мұстафин – Торайғыров көшелері – Әл-Фараби даңғылы– Розыбакиев – Қожабеков көшелері – Гагарин даңғылы – Тимирязев – Әуезов – Жандосов көшелері – Абай даңғылы – Абылай хан – Маметова көшелері – метроның «Райымбек» бекеті.

Бұрындары Рысқұлбеков көшесі, Сайын мен Мұстафин көшелері бойындағы тұрғындарға қоғамдық көлік келмейтін, енді олар Гагарин көшесі бойындағы Бостандық ауданының ХҚКО-на еш кедергісізі бара алады.

Аталаған бағытқа 12 көлік бірлігі бөлінген, интервал 12-14 минут, болжамдағы жолаушы легі – 3 мың адам.

Айта кетерлігі, Алматыда №12, 22, 50, 56, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.