Алматыда Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде позициясын жақсарту бойынша шаралар жоспары жасалды

15 ақпан 2018 жыл

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік органдар басшыларының, қаржы секторы, соның ішінде екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның «Doing Business» бүкіләлемдік рейтингінде позициясын жақсарту бойынша кеңес өткізді.

Алматы әкімдігінде түрлі мемлекеттік органдар қызметін пайдалану мониторингінің, сонымен қатар екінші деңгейлі 19 банкте есепшот ашудың нәтижелері айтылды.

Анықталғаны, екінші деңгейлі 11 банктің бөлімшелерінде, олардың ішінде «Банк Хоум Кредит», «Альфа-банк», «Сбербанк», «Цеснабанк», «QazaqBanki», «Нурбанк», «Forte Bank», «Банк Астана», «Halyk Bank», «Tengri Bank» банктері бар, кәсіпкерлер есепшот ашқан кезде заңға қарсы әрекеттерге барып, кәсіпкерлерден 2015 жылы алынып тасталған мөрдің таңбасын талап еткен. Ал Евразия банкі сонау 2012 жылы күшін жойған жарғының нотариалды расталған көшірмесін де сұраған.

Алматы әкімі кеңес барысында қалада бизнесті жүргізудің жолын оңтайландыратын әрі реформаларды одан әрі имплементациялайтын бірқатар шараларды жүзеге асыуруды тапсырды. Бұлардан өзге мемлекеттік органдарға бизнесті жеңілдетудегі жаңа өзгерістерді кәсіпкерлерге түсіндіруді күшейту қажеттігін атады.

«Бүгінгі күні Үкіметте орталық деңгейде ОЭСР стандарттарына сай тиісті заңдар, реформалар қабылдануда, ал біз жергілікті жерде оларды жүзеге асыруға және процесстерді оңтайландыруға тиіспіз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, өткен жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік «Doing Business» рейтингінде Алматы бойынша анықталатын Қазақстан 190 елдің ішінде 36 орынға шықты. Рейтингте позицияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі 2018 жылдың 45 баптан тұратын шаралар жоспарын жасады.