Алматы әкімі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты

13 желтоқсан 2017 жыл

Алматы әкімі Бауыржан Байбек университеттің технопаркі мен «жасыл технология» орталығында болып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты. Мұндағы жобалардың басым бөлігі Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде алғаш рет көрсетілген болатын.

Бүгінгі күні ұлттық университет аумағында жел, күн, геотермал, биогаз, сутегі және гидро энергияларды алу үшін экспериментальды алаңдар жасалған. Соның арқасында студенттер энергияның баламалы түрін алу жолдарымен практика жүзінде танысуда.

Мегаполис басшысына «жасыл технология» орталығындағы энергия тиімділігін жүзеге асырған жылыжайда агротехниканың заманауи тәсілдері арқылы жеміс-көкөністі вируссыз өсірудің әдістері көрсетілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалым Мұтанов ЖОО маңындағы кампуста экологиялық тұрақты және жайлы «жасыл кеңістіктің» пайда болғанын айтты.

«Кереңқұлақ» өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды әрі мұнда су тазартатын жүйе де бар. Өзен суы «Аквапоника» жасанды экожүйеде қолданылады. Бұл аймақ студенттер мен қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналады. Яғни, аталған аумақ студенттер үшін практикалық база болып, бағалы балықтар мен декоративті өсімдіктер өсіріледі»,- деді Ғ.Мұтанов.

Алматы әкімі «ЭКСПО-2017» өткізуге ықпал еткен ғылым мен инновациялық жобаларды дамыту мен енгізуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі кезде Алматыда жас стартаперлерге және олардың жобаларын коммерцияландыруға ерекше назар аударылуда.

Университетті аралап шыққан Бауыржан Байбек әкімдік тиісті басқарламарына Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі қызық жобаларды зерттеуді әрі тиімді қолдануды тапсырды. Соның ішінде, жылу электрстанцияларының экологиялық - экономикалық көрсеткішін арттыратын плазмалы жылу жүйесі, ТҚҚ утилизациялау және құрылыс пен өндірісте пайдаланылатын полиэфирлі смол өндірісі жобалары тиімді екенін көрсетті.