Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының 2016 жылда атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

25 мамыр 2017 жыл

Ақпараттық идеологиялық жұмыс

 Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында қалалық ақпараттық топтың құрамы бекітілді. Бүгінгі күні ақпараттық топ құрамы мүшелерінің 450 кездесу ұйымдастырылып, іс-шараларда 96 000 жуық адам қамтылды.

Топ құрамы 39 адамды құрады, оның ішінде, мемлекеттік органдар, кәсіпорын басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, медициналық және білім беру ұйымдарының, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктер өкілдері.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту аясында іс-шаралардың желілік кестесі іске асырылды. Аталған желілік кесте бойынша қалада 900-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді

26 ақпанда «Медеу» мұз айданында «Мен не үшін Қазақстанымды сүйемін» атты телекөпір ұйымдастырылды.

Бұдан өзге, 27 маусымда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңдарын түсіндіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұран» университетінде мемлекеттік қызметкерлер мен Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған семинар тренинг өтті. Аталған семинарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология мен табиғатты қорғау сұрақтары бойынша Комитетінің мүшесі А.Мұрадов, «Тұран» университетінің ректоры, Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Алшанов, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі К.Маккалоу, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілі Н.Ахметжанова, «Интерньюс-Казахстан» заңгері О.Диденко, Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының құқықтық кеңесшісі (ICNL) Г.Кужікеева қатысты.

26 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің №1 залында «Конституция - құқықтық мемлекет ретінде орнығу жолын анықтайтын Қазақстан халқының тарихи тандауы», атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған конференцияда Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ө. Қопабаев, Алматы қаласының мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және білікті арттыру орталығын директоры А.Тоқтыбеков, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнография институтының аға ғылыми қызметкері С. Асанова, «Жастар үні» ҚҚ төрағасының орынбасары Б. Ағыбаев қатысты.

4 қазанда Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобильді жолдар академиясында Елбасының халыққа жолдаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Шараға оқу орынының басшылығы, профессорлы-оқытушы құрам, ЖОО студенттері қатысты. Кездесу барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы негізіндегі автомобильді, логистика және байланыс құрылымдардың саласындағы жұмыстар жөнінде талқыланды. Шараға 115 адам қатысты.

18 қарашада «Тұран» университетінде университет бітірушілеріне, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушыларына, сондай-ақ

барлық жұмыс іздеген азаматтарға арналған «Жетістікке өз жолыңды баста!» атты жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 100-ден астам ірі және орта кәсіпорындар қатысты. Жұмыс берушілер қатарынан: «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ, «АХБК-Қарғалы» ЖШС, «Қалалық клиникалық аурухана» ҚКА, «Био Нан» ЖШС, «Рамстор Казахстан» ЖШС, медициналық, қаржылық мекемелер және басқа да компаниялар 600-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Қатысқан азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары туралы кеңестер берілді. Ізденішулерге көмек ретінде аудандық жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа бағыттау туралы ақпарат орналастырылған буклеттер мен парақшалар таратылды. Жәрмеңкеше 500-ден астам адам қатысты.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту мақсатында іс-шаралардың желілік кестесіне сай бүгінгі күні, 220-дан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Мәселен, «Конституция - Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбында ҚХА жалпы республикалық акциясы, «Болашағымыз бірлікте» Алматы қаласының Х азаматтық форумы, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастары арасында «Тіл парасат» аудандық және қалалық байқаулары, «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы, «25 қайрымды іс» қайырымдылық акциялары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданған орын ретінде Қазақ-Британ техникалық университетінде ескерткіш тақтаның ашылуы, Республика сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметіне кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімі өткен орын ретінде ескерткіш тақтаның ашылуы, Тұңғыш Президент күніне арналған қалалық және аудандық салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер, «Ана тілім – ән жырым» қалалық байқауы, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медалдарымен марапаттау шаралары, «Жыл таңдауы – 2016» премиясының гала-концерті, «Алтын домбыра» ақындар айтысы, «Ұлы дала елі» халықаралық этно-фестивалі, «Еуразия барысы» турнирі, IV Халықаралық «Almaty Invest 2016» инвестициялық форумы, Индустрияландыру күні аясында өткен Жалпыұлттық телекөпір, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын және «Мәңгілік ел» атты мерекелік концерт, қала аудандарында салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынның онлайн трансляциясы сынды ауқымды іс-шаралар өткізілді.

 Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс орнату саласы бойынша ақпарат

 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың негізгі механизмі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында 154 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, ашық байқау қорытындысы бойынша 28 ҮЕҰ 47 жобаны жүргізу туралы келісім-шарттар жасалу арқылы іске асырды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есепті кезеңде 89 семинар-тренинг, 35 «дөнгелек үстел», 32 мониторинг, 13 мастер-класс, 31 акция, 17 кездесу, 3 спорттық жарыс, 11 баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар Мемлекет Басшысының Стратегиялық құжаттарын насихаттау мен түсіндіруге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен оралмандарды, зейнеткерлерге қолдау көрсетуге, терроризм мен

экстремизмге қарсы әрекет етуге, әйелдердің көшбасшы мектебін дамытуға, халық арасында экологиялық тәрбиені жүргізу, жолда жүру ережелерін сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-шараларға бағытталған.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар қаланың қоғамдық-саяси, мәдени өміріне қатысты іс-шараларға белсенді араласып отырады. Мәселен, 13 қаңтарда Дат архитекторы Яном Гейлмен өткен кездесуді атап өтсе болады. Аталған кездесуге Алматы қаласының 140 жуық ҮЕҰ-ның басшылары, архитекторлар қатысып, қаланың архитектурасын және экологиялық жағдайын кеңінен талқылады.

1 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында кезекті есепті-таңдамалы Алматы қалалық «Арадагерлер ұйымының» ІХ конференциясы өтті. Аталған конференция барысында ұйымның бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмысы талқыланып, төрағасы қайта сайланды.

13 маусымда «Тұран» университетінде қаланың белсенді ҮЕҰ-мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына құжаттарды тапсыру жолдарын түсіндіру бойынша кездсеу өтті. Аталған кездесудің мақсаты, құжат беру үрдісін толығымен көрсету. Жалпы кездесуде 30-дан астам ҮЕҰ қамтылды.

Бұдан өзге, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес құрылған Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Соның ішінде жер мәселесіне қатысты заңға енгізілген өзгерістер бойынша өткізілген кездесулерді ерекше атап өтуге болады. Осы ретте, 4 мамырынан бастап 7 маусымға дейінгі аралықта Алматы қаласы Мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелері мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 124 кездесу өткізіліп, барлығы 10 000 астам адам қамтылды.

20 қыркүйекте «Жәрдем» жастар қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы бірлесе отырып мүгедектермен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді. Аталған кездесуге «Алматылық №2 «Көзі көрмейтіндердің қазақ қоғамы» ҚБ, «Құлағы естімейтіндердің қазақ қоғамы» АҚҚ, «Мейірімділік» МҚ, «Өнер бұлағы» ҚБ, «Жігер» мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы» ҚБ, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Н. Сыдықов және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бүгінгі күні туындап отырған мәселелер, көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектің деңгейі мен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың сапасы талқыланды.

22 қарашада BEST WESTERN PLUS Атакент Парк қонақүйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Болашағымыз бірлікте! Вместе сильнее!» тақырыбында Алматы қаласының Х Азаматтық форумы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара байланысының жаңа үлгісін талқылау болып табылады. Диалогтық алаңның жұмысы барысында өзара бірлескен әрекеттердің ұсыныстары мен жоспарлары әзірленді.

Х Алматы Азаматтық форумына мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен орынбасарлары, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы мен мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты. Форум аясында «Өрлеу-2016» конкурысының және әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің лауреаттарын салтанатты марапаттау ұйымдастырылды.

29 қарашада Алматыда ҚР Президенті мұрағатының конференц-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Елбасының мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ғалымдар мен зерттеушілер, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері, жетекші заңгер-ғалымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары, PhD докторанттары мен магистранттар қатысты.

 Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі саласы бойынша

 Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының негізгі қызметтерінің бірі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру болап табылады. Осы орайда, Басқарма өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырады.

Ағымдағы жылы қалалық, республикалық БАҚ және интернер-ресурстары арқылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру үшін 1 млрд. 070 млн. 184 мың теңге бөлінген. Бүгінгі күні, ашық байқау қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қалалық 2 газет («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы») және 1 телеарна («Алматы» телеарнасы), сондай-ақ 7 республикалық газеттермен («Қазақстан Zaman», «Свобода слова», «Түркістан» Халықаралық» газеті, «Central Asia Monitor», «Литер», «Деловой Казахстан», «Капитал»), 13 интернет-ресурстарымен (altyn-orda.kz, kt.kz, newtimes.kz, szh.kz, bnews.kz, total.kz, shyn.kz, zakon.kz, 365info.kz, alashainasy.kz, abai.kz, qamshy.kz, kazinform.kz), 3 журнал (National Geographic, Таң-Шолпан, Театр.kz) келісім-шарттар арқылы жүзеге асырылды.

Еліміздегі және қаламыздағы неғұрлым қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар оқиғалар бойынша Ішкі саясат басқармасы тұрақты түрде медиа-жоспар, іс-шаралар жоспарын жасап, оның орындалуын мониторинг арқылы бақылайды.

Есептік кезеңінде жалпы 8 медиа-жоспар жасалды:

- Алматы қаласында Қазақстан Республикасының 25-жылдығын мерекелеу және маңызды іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары;

- Қазақстан Республикасының 25 жылдығын меркелеу барысын ақпараттық-имидждік сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары – республикалық медиа-жоспар негізінде;

- Бес институционалды реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспары;

- Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары;

- Алматы қаласында 2016-2018 жылдарға арналған мүгедектерді әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету, мүгедектіктің алдын алу, медицианлық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары;

- 2016-2018 жылдарға арналған жекешелендіру процесі аясында ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу бойынша медиа-жоспары;

- Қазақстан халды Ассамблеясының XXIV сессиясын және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары;

- 2017 жылға Алматы қаласының бірегей медиа-жоспары.

Аматы қаласы Баспасөз қызметімен бірлесе отырып мемлекеттік құрылым басшыларының, ҮЕҰ, саяси партия өкілдерінің, т.б. қатысуымен өтетін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірі және өзге де мәселелер бойынша өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық сүйемелденуі үнемі қамтамасыз етіліп тұрады.

Бүгінгі күні «Ұлттық телехабар қызметтерін ілгерілету және сандық хабар таратуға көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» аясында аналогты телехабар таратудың өшіретілетіндігі және «OTAU TV» ҰСТТ операторының қызметіне қосылу мүмкіндіктері туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.

- 5 наурызда №5 залында «Ұлттық телехабар қызметтерін ілгерілету және сандық хабар таратуға көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» тармақтарының орындалу барысы бойынша сандық телехабарды тарату мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында аналогты телехабар таратудың өшіретілетіндігі және «OTAU TV» ҰСТТ операторының қызметіне қосылу мүмкіндіктері туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, аудандарда үйлердің қасбеттерінде спутниктік тәрелкелердің орналасуына тексеру жүргізу, қала базарларында контрафактілік спутниктік құрылғылардың саудалануына рейд жасау, сонымен қатар, әлеуметтік әлсіз отбасыларын телевизиялық абоненттік приставкалармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде сандық хабар тарату қызметіне қаланың 429 білім беру мекемелері, 107 қонақ үйлері, демалыс үйлері мен турбазалары, сондай-ақ десаулық сақтау саласының 83 нысандары қосылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 92 отбасы.

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінде тіркеуге алынған Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары иелеріне мерзімді баспа және ақпараттық агенттіктерді есепке алу туралы 86 күәлік берілді.

2016 жылы республикалық және қалалық медиа-жоспарларды жүзеге асыру бойынша ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында:

- Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мекерекелеу бойынша қалалық газеттерде 450-ден астам мақалалар жарияланды және сюжеттер көрсетілді.

- «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын іске асыру барысы бойынша қалалық газеттерде 700-ден астам материалдар жарияланып, сюжеттер көрсетілді.

- Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы бойынша қалалық газеттерде 300-ден астам материалдар жарияланып, сюжеттер көрсетілді.

БАҚ объективті және сенімді ақпаратты таратуға шақыру мақсатында 9 қыркүйекте №1 залда мүдделі мемлекеттік органдардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші басшыларының қатысуымен резонанстық оқиғалардың ақпараттық сүйемелдеу бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында Алматы қаоасының ІІД жанындағы ОШБ жедел штабының қызметі туралы түсіндірілді.

23 қыркүйекте №3 залда «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі» АҚ-ның Қоғаммен байланыс депарраментінің менеджерінің қалалық БАҚ басшыларымен

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ақпараттық-насихаттық жұмысын жаңғырту мәселелері бойынша кездесуі өткізілді.

7 қазанда Достық үйінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ҚХА, азаматтық қоғам институттарының, этномәдени және діни бірлестіктер өкілдерінің, ҮЕҰ мен БАҚ қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет етудегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

13 қазанда №5 мәжіліс залында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысы Н.Сыдықовтың төрағалығымен бірқатар «Жас қазақ», «Түркістан», «Қазақстан Заман», «Заң газеті», «Ана тілі», «Президент және халық», «Қазақ үні», «Айкын», «Алматы Ақшамы», «Қазақ газеттері» республикалық газеттерінің бас редакторларымен Қазақстан Республикасының 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралардың ақпараттық сүйемелденуін, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарына жазылу мәселелері талқыланды.

 Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайы бойынша

 Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси саласындағы қызметі бекітілген Ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспары мен 2016 жылдағы Ішкі саясат басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Жоғарыда аталған Жоспарларды жүзеге асырылуына Ішкі саясат басқармасымен бірге өзге де қызығушылық танытқан құрылымдар қатысады, ол өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық саладағы қызметтің нәтижесіне оң әсерін тигізіп,сайып келгенде жүргізіл отырған идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттырады.

Ағымдағы жылы әлеуметтік шиеленістің анықтау және олардың шешілуі үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілді. Алматы қаласындағы өзекті мәселелерді анықтау және тұрғындардың әлеуметтік көңіл күйін диагностикалау мақсатында тұрақты түрде қоғамдық-саяси ортасына мониторинг жасалады.

Осы мақсатта Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевтың төрағалығымен қызығушылық танытқан мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен үнемі жұмыс жиналысы ұйымдастырылып тұрады.

Жалпы, 2016 жылы Алматы қаласының әкімдігіне қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізуге (бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар және т.б.) жеке және заңды тұлғалардан, қоғамдық-саяси ұйымдарының өкілдерінен, жастар ұйымдарынан және т.б 25 арыз келіп түсті. Олардың ішінде 5-не рұқсат етілмеген жағдай болды, 9 – рұқсат берілді, 8 – жазбаша түсініктеме берілді және 2 арызданушы шараны өткізуден бас тартты, 1 – «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда өткізуіне кеңес берілді.

37 рұқсат берілмеген наразылық акциясы өткізілді.

2016 жылғы өзекті мәселелердің бірі ағымдағы жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экс-министрі Е.Досаевтың ресми мәлімдемесіне қатысты болды. Ол өз сөзінде ауыл шаруашылығының жерлерін жеке меншікке беру мақсатында жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1,7 млн. га. жер аукцион арқылы сатылымға қойылатыны туралы айтты.

Мұндай ұлан-байтақ жер шетелдік заңды тұлғалар арқылы сатып алынады деп есептеген наразы азаматтар осындай саудаға қарсы шықты, дегенмен жер

заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық жерлердің шет елдіктерге сатылымына тыйым салынған.

Әлеуметтік шиеленістің алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 4 мен 6 мамыры аралығында ҚР Мәжіліс және Сенат Парламентінің депутаттарының қатысуымен ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрғындарға түсіндіру мақсатында Алматы қаласында 32 іс-шара ұйымдастрылды. Олардың ішінде 4 білім беру саласында, 8 жастар (студенттер) арасында, 2 спорт саласында, 4 денсаулық сақтау саласында, 4 өнеркәсіп саласында, 4 мәдениет саласында, 4 зиялы қаум арасында, 2 кіші және орта бизнес саласында өткізілді, кездесулер барысында 4 683 адам қамтылды.

ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрғындарға түсіндіру жүйелік кесетесіне қосымша кәсіпкерлер, денсаулық сақтау, спорт, ғылым, шығармашылық және мәдениет, кіші және орта бизнес, қаржы және қызмет көрсету салаларының өкілдерімен кездесулер енгізілді. Мынадай ірі сауда орталықтарында «Домилион» СО, «Атакент» ҚІӘО және қала басзарларында («Барлык» и «Керуен») кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, қала басшылығы жер реформасын түсіндіру мақсатында орта, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының, медициналық ұйымдарының (мектептер, ОАОО, ЖОО, ауруханалар мен емханалар, 400 адам қамтылды) басшыларымен кездесулер өткізді. Заңнаманың ережелері ірі бизнес қауымдастықтары мен базарлардың басшыларының арасында 60-тан астам адам қамтылған кездесулер ұйымдастырылды.

Алматы қаласындағы Қазақстан Дін істері басқармасының өкілдерімен жұма намазы уақытында айтылатын уағыз барысында келушілер арасында тұрақтылық пен бірліктің сақталуын насихаттау үшін имамдарды тарту туралы келіссөздер жүргізілді. Оған қоса, қазақ тілді жастармен (түсіндіру жұмыстарына Д.Бабамұрат, Е.Бейсенбай, М.Жақау сынды көшбасшылар тартылды) профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

Жер учаскесін бөлі туралы өтініштерін берушелр саны күн сайын көбейгендіктен өтініштерді ХҚКО-да қабылдау туралы шешім қабылданды. ХҚКО арызданушылар санын азайту мақсатында келесі алдын-алу шаралары қабылданды:

- Алматы қаласы мәслихатының депуттарынан, Қоғамдық кеңес мүшелерінен, Жер қатынастары басқармасының қызметкерлерінен, аудар әкімдіктерінің өкілдерінен тұратын 16 ақпараттық-түсіндіру топтары құрылды.

- Ақпараттық-түсіндіру топтарының Алматы қаласының тұрғындарымен кездесулері жөніндегі жүйелік кестесі жасалды. Кездесу барысында негізгі назар жаңадан қосылған аумақтар тұрғындарына, әсіресе Алатау ауданына жете назар айдарылды.

- «Алматы ақшамы» газетінің арнайы шығарылымы ұйымдастырылып, онда мәслихат депутаттарының және уәкілетті органдар өкілдерінің Алматы қаласында ЖТҮҚ-на белгіленген жер учаскелерінің жоқ екендігі жөніндегі мақалалары мен сұхбаттары жарияланды. Қаланың ХҚКО-на газеттің 1000-нан астам данасы таратылды.

Өзекті мәселелер қатарына ипотекалық қарыз алушылардың жағдайы, банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындаудағы қиындықтарын атауға болады. Бұл мәселе табыс көздерінен айрылуына байланысты қарыз алушылар міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына және келісім-шарттар бойынша өтемақы сомалары мен айыппұлдардың мөлшері шамадан тыс болғандықтан, кейбір

жағдайларда несиелік қызмет көрсетілуде қарыз алушының әлеуметтік мәртебесі өзгеруіне байланысты туындаған.

Ипотекалық несие алған қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер белсенділік танытады. Осындай «ипотекалық» ұйымдардың саны 6, олардың ішіндегі белсенділері - «Оставим народу жилье» ҚБ (Е.Өктешбаев), «Обеспечьте народ жильем!» (С.Жақсылықова) және «Flora GR» (К.Такеева). Жалпы Алматы қаласында 6,5 мың ипотекалық несие алған қарыз алушылар бар.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Алматы қаласында Ипотекалық несие алған қарыз алушыларды қайта қаржыландыру Бағдарламасы аясында 5,9 мыңнан астам өтініштер қабылданған, 48,1 млрд. теңгені құрайтын 4 383 өтініш оң шешімін тапқан. 36,5 млрд. теңгені құрайтын 3 523 өтініш бойынша қарыздар қайта қаржыландырылған.

Ипотекалық несие алған қарыз алушылардың кейбірі немесе бағдарламаға ілікпегендер, Бағдарламаның шарттары мен іске асырылу барысына көңілі толмай, наразылық әрекеттер танытуда. Жыл басынан бастап 10 наразылық акциясы өткізілді. Аталған салада наразылық деңгейін төмендету мақсатында, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері күрделі ипотекалық қарыз алушылар, атап айтқанда, К.Такеевамен («Flora GR»), Ю.Ширяева және Д.Инвеновамен («Центр медико-социальной защиты населения» ҚҚ басшылары) түсіндірме әңгімелесулер жүргізді. Бұл қабылданған шаралар осы саладағы тұрақтылық пен тыныштыққа әкелді. Бұл мәселе тұрақты бақылауға алынған.

Наурызбай ауданы тұрғындарының (барлығы 663 адам) тарапынан да наразылық көңіл күй байқалады, олар бұрынғы «Каменский» МЖЗ-ң аумағында орналасқан жер учаскелеріне үміткерлер. Олардың қайта-қайта Наурызбай ауданы мен қала әкімдіктерінің ғимараттарының алдында жиналуларын жоққа шығармаймыз. Аталған мәселені шешу мақсатында Ішкі саясат басқармасы Наурызбай ауданы әкімдігінің басшылығымен берлесе отырыа аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Соңғы кездері «Справедливость» қозғалысының белсенділерінің қызметі жандандырылды. Бұл топтың мүшелері (Р.Дюсембаева, Р.Ғалимзянова, Е.Қуандық, И.Кензин, М.Жиенбаев, В.Агапов сынды белсенділер) «Нұр Отан» партиясы АҚФ-ң ғимаратында түрлі наразылық акцияларын үнемі өткізіп келеді. Шара барысында олар сот және құқық қорғау органдарының жұмысына көңілі толмайтындықтарын айтып, оның ішінде кейбіреулері (М.Жиенбаев, Р.Дюсембаева) өзін-өзі өртемек ниетте екендіктерін жиі айтуда. Бұл бағыттағы әлеуметтік шиеленісті шеші мақсатында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып қозғалыс белсенділерінің (И.Кензин, М.Жиенбаев, Е.Қуандық, Р.Дюсембаева, Р.Галимзьянова, В.Ағапов) мүшелерімен кездесулер өткізіліп, түсіндірме әңгімелесулер ұйымдастырылды.

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру жұмысы үнемі бақылауда, сондай-ақ саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Қалада қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығын насихаттау мақсатында Басқарма тоғыз айда түрлі форматта іс-шаралар кешенін іске асырды, олардың қатарында:

15 ақпанда 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарылғанына 27-жыл толуына

орайластырылған Мәңгілік алауы монументіне және ауған-жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

20 ақпанда Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің және жергілікті әскери қақтығыстар қоғамдық бірлестіктері қалалық үйлестіру Кеңесімен бірлесе отырып «Өлмес полкінің» шеруі ұйымдастырылды. Бұл шараға ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының кезекті Жеңіс күніне арналған ресми гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Шараға 20 000-ға жуық адам қатысты.

31 мамырда Қабанбай батыр және Наурызбай батыр көшелерінң қиылысындағы скверде Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен 1931-1933 жылдардағы аштық күндеріне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шараның салтанатты бөлігіне қала басшылығы, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, жастар өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 150-ге жуық адамды құрады.

Сонымен қатар, «Жаңалық» аулындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысулары қамтамасыз етілді.

Алматы қаласының Орталық мешітінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін құрбан шалынды. Соңынан «Жұлдыз» мейрамханасында еске алу түскі асы берілді.

4 маусымда Ө.Жолдасбеков атындағы Студентер сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнін арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға қала тұрғындары, жастар мен қала қонақтары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 1500 адамды құрады.

22 маусымда 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағында «Еске алу және қайғы күні» атты акциясы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағындаға Даңқ Мемориалы - Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

8 тамызда 531 бөлмесінде 1986 жылғы «желтоқсан» оқиғасына қатысқандыр мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Е.Сыдықовпен кездесулері ұйымдастырылды. Кездесу барысында, «желтоқсан» оқиғасына қатысқан 17 адамға санаторлық-курорттық жолдамалар табыс етілді.

19 тамызда сағат 15.00 Желтоқсан даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында «Тәуелсіздік таңы» Моніментінің алдында «желтоқсан» оқиғасының 30-жылдығы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы «желтоқсандықтар» ұйымдарының басшыларымен кездесіп, Монументке жасалған қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

29 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының оқу залында «Ядерлік қару-жарақсыз әлемді құру» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Аталған конференция Семей ядролық полигонының жабылғанына 25-жыл толуына орайластырылды. Шараға қала әкімдігінің өкілдері, «Невада-Семей» қозғалысының өкілдері, саясаттану, тарих және философия саласындағы ғылымын зерртеуші ғалымдар қатысты.

Алматы қаласы әкімдігі 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» 30-жылдығына арналған Іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған Жоспар аясында 780 «желтоқсандықтар» қатысқан 273-тан астам іс-шаралар өткізілді. Жалпы іс-шаралар шеңберінде 33 мың адам қамтылды.

«Желтоқсандықтардың» әлеуметтік-тұрмыстық жағдайындағы мәселелерді шешу мақсатында медициналық қызмет көрсету жөнінде арнайы жоспар жасалды. 130 желтоқсандық кешенді медициналық тексеруден өтті және ем алды, сондай-ақ 25 «желтоқсандық» «Ақ Қайын» (25 жолдама берілді) санаторийінде өздерінің десаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздік таңы» Монументі қайта жөнделіп, түнгі жарықтандырылды. Осыған орай, 19 тамызда «желтоқсандық» ұйымдарының басшыларымен жасалған жұмыстар нәтижесін талқылау мақсатымен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылы қалалық басқармалармен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджетік жоспарлау) жыл сайынғы бір реттік материалдық көмек көлемін 20 мың теңгеден 50 мың теңгеге ұлғайту жөнінде келіссөз жасалды.

Сондай-ақ ақпараттық сүйемелденуін қамтамасыз ету үшін Медиа-жоспар жасалды. Бұл жоспар аясында БАҚ-та 6 «желтоқсандық» ұйымдарының басшыларының сұхбаты шығарылды, «Тәуелсіздік таңы» Монументінің қайта жөнделгені жөнінде материал шығарылды.

Тұрғын-үй, марапаттау, жұмыспен қамту және жеке мәселлер бойынша 20 «желтоқсандықтарға» жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы 5 желтоқсанда «Ғылым Ордасының» ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және 1986 жылғы «Желтоқсанның» 30-жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Аталған шараға қала басшылығы, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, ақындар, «желтоқсандықтар» және т.б. қатысты. Жалпы 80 адам қамтылды.

9 желтоқсанда №2 мәжіліс залында әкім қабылдауы ұйымдастырылды, шара барысында «желтоқсандық» ұйымдарының басшыларына медальдар табысталды. Ұқсас шаралар қаланың барлық аудандарында өткізілді. Осы күні, «желтоқсандықтарға» арналып түскі ас ұйымдастырылды.

16 желтоқсанда Тәуелсіздік Монументіне салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Шараға қала басшылығы, саяси партиялар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері, «желтоқсандықтар» мен қала жастары қатысты. Жалпы қатысқандар 400 адамды құрады.

17 желтоқанда «Желтоқсанның» 30-жылдығына орайластырылған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Шараға қала басшылығы, «желтоқсандықтар» және қала жастары қатысты. Жалпы қатысқандар 300 адамды құрады. Осы күні, «Жұлдыз» мейрамханасында «желтоқсандықтарды» еске алу түскі асы ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынған және одан әрі жалғасуда.