Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының 2016 жылғы I жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

25 мамыр 2017 жыл

Ақпараттық идеологиялық жұмыс

 Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында қалалық ақпараттық топтың құрамы бекітілді. Бүгінгі күні ақпараттық топ құрамы мүшелерінің 360 кездесу ұйымдастырылып, іс-шараларда 64 000 жуық адам қамтылды.

Топ құрамы 39 адамды құрады, оның ішінде, мемлекеттік органдар, кәсіпорын басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, медициналық және білім беру ұйымдарының, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктер өкілдері.

Есепті мерзімде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында Жолдаудың негізгі басым бағыттары бойынша барлығы – 100 материал жарық көрді. Соның ішінде электрондық БАҚ-та 40, мерзімді баспа бұқаралық ақпарат құралдарында – 60 мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту аясында іс-шаралардың желілік кестесі іске асырылуда. Аталған желілік кесте бойынша қалада 250-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні осы кестеге сәйкес 142 іс-шара өткізілді. Олардың арасында, 26 ақпанда «Медеу» мұз айданында өткен «Мен не үшін Қазақстанымды сүйемін» атты телекөпір, «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шаралар, халықаралық ақындар айтысы.

Бұдан өзге, 27 маусымда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңдарын түсіндіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұран» университетінде мемлекеттік қызметкерлер мен Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған семинар тренинг өтті. Аталған семинарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология мен табиғатты қорғау сұрақтары бойынша Комитетінің мүшесі А.Мұрадов, «Тұран» университетінің ректоры, Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Алшанов, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі К.Маккалоу, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілі Н.Ахметжанова, «Интерньюс-Казахстан» заңгері О.Диденко, Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының құқықтық кеңесшісі (ICNL) Г.Кужикеева қатысты.

 Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс орнату саласы бойынша ақпарат

 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың негізгі механизмі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында 150 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, ашық байқау қорытындысы бойынша 14 ҮЕҰ 23 жобаны жүргізу туралы келісім-шарттар жасалды.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар қаланың қоғамдық-саяси, мәдени өміріне қатысты іс-шараларға белсенді араласып отырады. Мәселен, 13 қаңтарда Дат архитекторы Яном Гейлмен өткен кездесуді атап өтсе болады. Аталған кездесуге

Алматы қаласының 40 жуық ҮЕҰ-ның басшылары, архитекторлар қатысып, қаланың архитектурасын және экологиялық жағдайын кеңінен талқылады.

1 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында кезекті есепті-таңдамалы Алматы қалалық «Арадагерлер ұйымының» ІХ конференциясы өтті. Аталған конференция барысында ұйымның бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмысы талқыланып, төрағасы қайта сайланды.

13 маусымда «Тұран» университетінде қаланың белсенді ҮЕҰ-мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына құжаттарды тапсыру жолдарын түсіндіру бойынша кездсеу өтті. Аталған кездесудің мақсаты, құжат беру үрдісін толығымен көрсету. Жалпы кездесуде 30-дан астам ҮЕҰ қамтылды.

Бұдан өзге, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес құрылған Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Соның ішінде жер мәселесіне қатысты заңға енгізілген өзгерістер бойынша өткізілген кездесулерді ерекше атап өтуге болады. Осы ретте, 4 мамырынан бастап 7 маусымға дейінгі аралықта Алматы қаласы Мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелері мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 124 кездесу өткізіліп, барлығы 10 000 астам адам қамтылды.

 Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі саласы бойынша

 Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының негізгі қызметтерінің бірі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру болап табылады. Осы орайда, Басқарма өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырады. Ағымдағы жылы қалалық, республикалық БАҚ және интернер-ресурстары арқылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру үшін 1 млрд. 070 млн. 184 мың теңге бөлінген. Бүгінгі күні, ашық байқау қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалалық 2 газет («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы») және 1 телеарна («Алматы» ТА) іске асыруда, сондай-ақ 7 республикалық газеттермен 8 лотты жүргізу туралы келісім-шарттар жасалды.

Еліміздегі және қаламыздағы неғұрлым қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар оқиғалар бойынша Ішкі саясат басқармасы тұрақты түрде медиа-жоспар, іс-шаралар жоспарын жасап, оның орындалуын мониторинг арқылы бақылайды.

Есептік кезеңінде жалпы 7 медиа-жоспар жасалды:

- Алматы қаласында Қазақстан Республикасының 25-жылдығын мерекелеу және маңызды іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары;

- Қазақстан Республикасының 25 жылдығын меркелеу барысын ақпараттық-имидждік сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары – республикалық медиа-жоспар негізінде;

- Бес институционалды реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспары;

- Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары;

- Алматы қаласында 2016-2018 жылдарға арналған мүгедектерді әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету, мүгедектіктің алдын алу, медицианлық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына

мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары;

- 2016-2018 жылдарға арналған жекешелендіру процесі аясында ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу бойынша медиа-жоспары;

- Қазақстан халды Ассамблеясының XXIV сессиясын және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары.

Аматы қаласы Баспасөз қызметімен бірлесе отырып мемлекеттік құрылым басшыларының, ҮЕҰ, саяси партия өкілдерінің, т.б. қатысуымен өтетін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірі және өзге де мәселелер бойынша өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық сүйемелденуі үнемі қамтамасыз етіліп тұрады.

Бүгінгі күні «Ұлттық телехабар қызметтерін ілгерілету және сандық хабар таратуға көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» аясында аналогты телехабар таратудың өшіретілетіндігі және «OTAU TV» ҰСТТ операторының қызметіне қосылу мүмкіндіктері туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.

- 5 наурызда №5 залында «Ұлттық телехабар қызметтерін ілгерілету және сандық хабар таратуға көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» тармақтарының орындалу барысы бойынша сандық телехабарды тарату мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында аналогты телехабар таратудың өшіретілетіндігі және «OTAU TV» ҰСТТ операторының қызметіне қосылу мүмкіндіктері туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, аудандарда үйлердің қасбеттерінде спутниктік тәрелкелердің орналасуына тексеру жүргізу, қала базарларында контрафактілік спутниктік құрылғылардың саудалануына рейд жасау, сонымен қатар, әлеуметтік әлсіз отбасыларын телевизиялық абоненттік приставкалармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде сандық хабар тарату қызметіне қаланың 429 білім беру мекемелері, 107 қонақ үйлері, демалыс үйлері мен турбазалары, сондай-ақ десаулық сақтау саласының 80 нысандары қосылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 80 отбасы.

2016 жылдың басынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінде тіркеуге алынған Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары иелеріне мерзімді баспа және ақпараттық агенттіктерді есепке алу туралы 50 күәлік берілді.

Есепті кезеңде республикалық және қалалық медиа-жоспарларды жүзеге асыру бойынша ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында:

- Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мекерекелеу бойынша қалалық газеттерде 120-дан астам мақалалар жарияланды, «Алматы» телеарнасының эфирінде аталған тақырыпта 80-нен астам сюжеттер мен репортаждар көрсетілді.

- «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын іске асыру барысыгда қалалық газеттерде 620-дан астам материалдар жарияланды, «Алматы» телеарнасында 430-дан астам сюжеттер көрсетілді.

 Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайы бойынша

 Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси саласындағы қызметі бекітілген Ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспары мен 2016 жылдағы Ішкі саясат басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Жоғарыда аталған Жоспарларды жүзеге асырылуына Ішкі саясат басқармасымен бірге өзге де қызығушылық танытқан құрылымдар қатысады, ол өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық саладағы қызметтің нәтижесіне оң әсерін тигізіп,сайып келгенде жүргізіл отырған идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттырады.

Жалпы, 2016 жылғы 1 жарты жылдықта Алматы қаласының әкімдігіне қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізуге (бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар және т.б.) жеке және заңды тұлғалардан, қоғамдық-саяси ұйымдарының өкілдерінен, жастар ұйымдарынан және т.б 17 арыз келіп түсті. Олардың ішінде 5-не рұқсат етілмеген жағдай болды, 7 – рұқсат берілді, 2 – жазбаша түсініктеме берілді және 2 арызданушы шараны өткізуден бас тартты, 1 – «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда өткізуіне кеңес берілді.

24 рұқсат берілмеген наразылық акциясы өткізілді.

2016 жылғы І жарты жылдығындағы өзекті мәселелер қатарына ипотекалық қарыз алушылардың жағдайы, банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындаудағы қиындықтарын атауға болады. Бұл мәселе табыс көздерінен айрылуына байланысты қарыз алушылар міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына және келісім-шарттар бойынша өтемақы сомалары мен айыппұлдардың мөлшері шамадан тыс болғандықтан, кейбір жағдайларда несиелік қызмет көрсетілуде қарыз алушының әлеуметтік мәртебесі өзгеруіне байланысты туындаған.

Ипотекалық несие алған қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер белсенділік танытады. Осындай «ипотекалық» ұйымдардың саны 6, олардың ішіндегі белсенділері - «Оставим народу жилье» ҚБ (Е.Өктешбаев), «Обеспечьте народ жильем!» (С.Жақсылықова) және «Flora GR» (К.Такеева).

2016 жылдың басынан Алматы қаласында Ипотекалық несие алған қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық бiрлестiктердің 10 наразылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталған «ипотекалықтар» арасында әлеуметтік шиеленістің өсуін азайту мақсатында, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукенов ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің, сондай-ақ қызығушылық танытқан мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен тұрақты жиналыс өткізіп отырады. Ағымдағы жылғы қаңтарда Е.Әукенов Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерден бас тарту туралы алған жауапқа арызданушылардың шағымдарын қарастыру жөніндегі комиссиясына басшылық етті. Осы қабылданған шаралар екінші деңгейдегі банктерге күрделі қарық алушыларды дер кезінде қабылдауы және оларға барынша көмек көрсетілуіне мүмкіндік ашты.

Сонымен қатар, ипотекалық несие алған қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын кейбір қоғамдық бiрлестiктердің көшбасшылары («Оставим народу жилье!» ҚБ және «Обеспечьте народ жильем!») қабылданып жатқан шаралар тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды деп мәлімдеген.

Қазіргі уақытта проблемалық қарыз алушылар арасындағы жағдай салыстырмалы тыныш. Алайда, қайта қаржыландыру процесінің негізсіз созылуы жағдайында, проблемалық қарыз алушылар деструктивті негізде түрлі бастамамен қоғамдық акциялар ұйымдастыру мүмкін. Бұл мәселе күнделікті бақылауға алынған.

Қалада қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығын насихаттау мақсатында Басқарма екінші тоқсанда түрлі форматта іс-шаралар кешенін іске асырды, олардың қатарында:

- 15 ақпан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарылғанына 27-жыл толуына орайластырылған Мәңгілік алауы монументіне және ауған-жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

- - 20 ақпан Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің және жергілікті әскери қақтығыстар қоғамдық бірлестіктері қалалық үйлестіру Кеңесімен бірлесе отырып «Өлмес полкінің» шеруі ұйымдастырылды. Бұл шараға ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

- 9 мамыр 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының кезекті Жеңіс күніне арналған ресми гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Шараға 20 000-ға жуық адам қатысты.

- 31 мамыр Қабанбай батыр және Наурызбай батыр көшелерінң қиылысындағы скверде Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен 1931-1933 жылдардағы аштық күндеріне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шараның салтанатты бөлігіне қала басшылығы, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, жастар өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 150-ге жуық адамды құрады.

Сонымен қатар, «Жаңалық» аулындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысулары қамтамасыз етілді.

Алматы қаласының Орталық мешітінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін құрбан шалынды. Соңынан «Жұлдыз» мейрамханасында еске алу түскі асы берілді.

- 4 маусым Ө.Жолдасбеков атындағы Студентер сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнін арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға қала тұрғындары, жастар мен қала қонақтары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 1500 адамды құрады.

- 22 маусым 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағында «Еске алу және қайғы күні» атты акциясы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағындаға Даңқ Мемориалы - Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынған және одан әрі жалғасуда.