Алматы әкімі Иран провинциясының губернаторымен кездесті

6 қазан 2017 жыл

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Иран Ислам Республикасының Хорасан-Резави провинциясының губернаторы Алиреза Рашидианмен кездесті. Кездесу барысында екі жақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Мегаполис әкімі Иранның Таяу Шығыс елдерінің арасында Қазақстанның екінші сауда әріптесі екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Алматы мен Иран арасындағы тауар айналымы 17,7 млн. АҚШ долларын құрады, қалада Ирандық капиталдың қатысуымен 107 кәсіпорын бар.

А.Рашидианның айтуы бойынша екі жақтық ынтымақтастықтың зор әлеуеті құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық химия өндірісі, туризм және басқа салаларда көрініс табады. Сондай-ақ Алматы қаласында осы күндері өтіп жатқан ирандық Өндірушілердің көрмесі әріптестік қатынастарды нығаюына тағы бір алаң болды.

Иран делегациясының кездесуі барысында Алатау ауданындағы Өнеркәсіптік аймақтың әлеуеті таныстырылды.

Хорасане-Резави провинциясы жыл сайын 1 млрд. доллардан астам сомаға тауар экспорттайды, олардың 60% -ы өнеркәсіптік өнімге келеді.