Алматыда Мұхтар Ауезовтың 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті

28 қыркүйек 2017 жыл

Ұлы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, Ұлттық Ғылым Академиясының алғашқы академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Ауэзовтың 120 жылдығына орай«Ғылым ордасы» ғимаратында «Мұхтар Ауезов және халықтың рухани жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті.

Мұхтар Әуезов Семей, Ташкент, Ленинградта оқып жұмыс жасады. 1930 жылдан бастап Алматыға көшіп келді. Сол кезеңдегі қаланың тағдыры мен өмірі «Алматы күні» атты шығармасында сипатталды.

Бүгінде жазушыларға арналған Төлебаев көшесіндегі 185 үй Алматыдағы қазақ мәдениетінің ерекше бойтұмардай орталықтарының біріне айналды. Дәл осы жерде ол өзінің атақты «Абай жолы» шығармасын аяқтап бітірді. Акиматтың қолдауымен ескерткіш үй-музей «Астана-Стройинвест» корпорациясы арқылы қайта жөнделді.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы өзіміздің рухани мәдениетімізді, тілімізді және әдебиетімізді сақтау керекпіз деп атап айтқан еді. Мұхтар Ауезовтың қаламы – қазақ классикалық әдебиетінің ең үздік мысалына және болашақ буынның таусылмас шабытына айналды», – деп өзінің алғы сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек атап өтті.

Қазақстанның беделді ғалым-филологтары симпозиум барысында қазақ әдебиетіндегі классикасының шығармашылық және ғылыми мұралары жөнінде және оның заманауи ғылым мен әдебиетте алар орны туралы сөз қозғады. Іс-шараға США, Голландия, Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания , Турция және т.б. елден ғалым-әдебиеттанушылар да қатысты.