Қала күні Алматы тұрғындары мен қонақтарын өте мазмұнды мәдени- көңілді бағдарламалар күтіп тұр

15 қыркүйек 2017 жыл

Қала күні қарсаңында Алматы тұрғындары мен қонақтарын өте мазмұнды мәдени-көңілді бағдарламалар күтіп тұр, олар: дәстүрлі «АЛМАFest-2017» алма фестивалі, көпмыңдық «Open Air «Gakku даусы», «Алматы Аренадағы» «ЕМА-2017» музыка сыйлығы және басқалары. 17 қыркүйекке дейін жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Кабанбай батыр көшелерін қайта жасау жұмыстары аяқталады. Жақында ғана жаңарған «Астана» алаңы, Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік- іскерлік орталығы, «Open Almaty» қалалық қоғамдық қабылдау нысаны ашылған болатын.

15 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары Алматы Мұражайында «Алматы петерборлық суретшілер көзімен» атты көрмені тамашалап, петерборлық суретшілердің туындыларын көре алады. Дәл сол күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында И.Морилэнд пен Г.Үзенбаевтың фортепианалық дуэт кеші өтеді, ал 19.30-да М. Лермонтов атындағы драма театрында 85-ші мерейлі маусым басталады.

15, 16 қыркүйек күндері сағат 19.00-де Абай атындағы МАТОБ-та классикалық өнерді бағалайтындар үшін әлемдік балет кеші көрермендерін күтеді.16 қыркүйекте заманауи отандық музыка әуесқойлары үшін қазақстандық «Gakku даусы» фестивалі өтеді

Қала күні - 17 қыркүйекте сағат 10-00 де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта жыл сайын 200 мыңға дейін Алматы тұрғындары мен қонақтарын жинайтын қалалық дәстүрлі «АЛМАFest-2017» алма фестивалі өтеді. Фестиваль маңында 100 тоннадан астам алманың дәмін татып, сатып алуға болады, сонымен қатар ашық аспан астында түрлі спорт, көркем, музыка алаңдары жұмыс істейді, бұларда шеберлік сыныптары, балалар және отбасылық ойындар ұйымдастырылады. Көрме аумағында қолөнершілер келушілерге өздері жасаған зергерлік бұйымдарын ұсынады, сонымен қатар осы жерден қолөнер шеберлерінің аксессуарларын, фурнитураларын алуға болады.

Дәл осы күні «Алматы Аренада» сағат 17:00-де отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен «ЕМА-2017» Евразиялық музыкалық сыйлығы өтеді.

Қала күніне орай Алматының тарихи орталығының үштен бірін жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қайта жасалған Панфилов, Кабанбай батыр мен Гоголь көшелерінде арық пен жауын жүйелері жаңғыртылды, нысандардың сыртқы келбеті бірыңғай әесм келбетке енді және кіші пішінді архитектурлық формалар, құрғақ фонтандар орнатылып, балалар және спорт алаңдары жасалды.

Жақында ғана Қала күніне орай қайта жасалған «Астана» алаңы, Наурызбай ауданының әкімшілік- іскерлік орталығы, «Open Almaty» қоғамдық қабылдау нысаны ашылған еді.

Айта кетерлігі, биылғы жылы әр ауданда 472 жаңа аулалар және екіден жүргінші аймақтары пайда болады. Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жол ретке келтіріліп, түн мезгілінде оларға жарық беріледі. Қалада 317км су құбырлары мен 265 км кәріз желілерін жүргізу және қайта жасау үшін қаржы бөлінген.