Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының 2017 жылғы І жартыжылында атқарылған жұмыстар туралы есебі

4 қыркүйек 2017 жыл

Ақпараттық идеологиялық жұмыс

 

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді.

1 ақпанда қала әкімі Б.Қ. Байбектің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылау мен түсіндіруге арналған қалалық активтің кеңесі өтті. Қала активіне Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері және олардың орынбасарлары, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялардың, мәдениет, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, бизнес салаларының, мүгедектер және кәсіподақтар бірлестіктерінің, діни және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ЖОО ректорлары мен профессорлық-оқытушылық құрамы және т.б. қатысты. Аталған іс-шараға аясында 570 адам қамтылды.

Бұдан өзге, Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша ақпараттық топ құрамы бекітілді. Ақпараттық топ құрамы 61 адамды құрайтын мемлекеттік органдар өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ҮЕҰ басшылары, зиялы қауым, БАҚ, денсаулық сақтау саласы, бизнес, жастар өкілдерінен тұрады.

Бұдан өзге Алматы қаласында ақпанның 2-і мен 10-ы аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қала тұрғындарымен 40 кездесуі ұйымдастырылып, жалпы саны 6370 адам қатысты.

Ақпан айының 16 мен 24-і аралығында Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаевтың басшылығымен орталық атқарушы органдары өкілдерінен құралған республикалық ақпараттық топтың кездесулері өтті. Осы ретте республикалық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен 15 кездесу өткізіліп, 5 310 адам қамтылды.

Жалпы қалада бүгінгі күнде Жолдауды түсіндіру және талқылау бойынша кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, әртүрлі меншік түріндегі ұйымдармен, денсаулық сақтау және білім беру саласының жұмысшыларымен, ҮЕҰ және ЭМБ өкілдерімен 1015 іс-шара өткізілді. Тұрғындардан 62 851 астам адам қамтылды.

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс орнату саласы бойынша

 

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың негізгі механизмі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 150 млн. теңгеге 30 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Жобалардың тақырыптары Мемлекет Басшысының Стратегиялық құжаттарын насихаттау мен түсіндіруге, оралмандар мен зейнеткерлерге қолдау көрсетуге, халық арасында экологиялық тәрбиені жүргізу, жолда жүру ережелерін сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, адам саудасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және қылмыстық жазасын өтеген және өтушілерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша іс-шараларға бағытталған.

Сонымен қатар, азаматтық қоғам өкілдерімен түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады. Мәселен, 21 ақпанда Алматы қаласы әкімдігінің №3 залында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Н. Сыдықов ҮЕҰ-дың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қарым-қатынас орнату мен ҮЕҰ-дың дерекқорына өз қызметтері жөнінде ақпарат беруді жолдарын түсіндіру. Аталған іс-шарада арнайы ҮЕҰ-дың дерекқоры туралы жасалған жадынама таратылды.

Бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы 41 іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде ең ауқымдысы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы болып саналады. Аталған конкурстың ұйымдастырушысы болып Алматы қаласы Азаматтық Альянсы» ЗТБ. 26 мамырда М.Әуезов атындағы драма театрында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаз отбасыларың салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған шара 700 адамды қамти отырып қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткізілді.

4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына» орай «Жас отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Мемлекеттік рәміздер-рухани жаңғырудың бастауы» атты конференция өтті. Аталған шараға қоғам қайраткерлері, қаланың жастары, тарихшылар қатысты.

 

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі саласы бойынша

 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының негізгі қызметтерінің бірі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру болап табылады. Осы орайда, Басқарма өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырады.

Ағымдағы жылы қалалық, республикалық БАҚ және интернер-ресурстары арқылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру үшін выделено 1 млрд. 525 млн. 487 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні, ашық байқау қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалалық 2 газет («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы») және 1 телеарна («Алматы» ТА), сондай-ақ 3 республикалық газеттер («Комсомольская правда в Казахстане», «Жас қазақ», «Қазақстан Zaman»), 2 республикалық журналдар («Ақиқат», «Мысль») және 9 интернет-ресурстары («Kazakhstan Today», «newtimes.kz», «skifnews.kz», «Nur.kz», «Tengrinews.kz», «KazInform», «zakon.kz», «szh.kz», «qamshy.kz») арқылы жүзеге асырылуда

Елдегі мемлекеттік саясатты және қаладағы аса маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалардың негізгі бағыттарын қамту мақсатында, Ішкі саясат басқармасы дер кезінде тақырыптық медиа жоспарларын, іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оның орындалуын бұқаралық ақпарат құралдарын мониторинг жасау арқылы бақылайды.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында келесі 4 медиа-жоспар жасалды:

- Конституциялық реформалар бағдарламасын насихаттау бойынша іс-шараларды жарықтандыру жөніндегі медиа-жоспары;

- «Коммерциялық емес ұйымдар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары;

- Алматы қаласында ҮЕҰ деректер базасын жүргізу бойынша кешенді жоспарын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары;

- ҚР Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының іске асырылу барысын түсіндіру бойынша Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының БАҚ-та сөз сөйлеулері жөніндегі кестесі;

- ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша ұйымдастырушылық шараларының жүйелік кестесі.

Аматы қаласы Баспасөз қызметімен бірлесе отырып мемлекеттік құрылым басшыларының, ҮЕҰ, саяси партия өкілдерінің, т.б. қатысуымен өтетін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірі және өзге де мәселелер бойынша өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық сүйемелденуі үнемі қамтамасыз етіліп тұрады.

14 маусымда қала әкімдігінің №1 залында «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» қалалық тілшілер конкурсы комиссиясының отырысы өткізілді.

16 маусымда «Алматы» телеарнасында телеарнаның жаңа түсірілім павильонының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Шара барысында «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» қалалық тілшілер конкурсының 7 номинациясы бойынша 9 жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету шеңберінде:

- Бес институционалды реформаның жүзеге асыру барысын ақпараттандыру аясында қалалық БАҚ-та 533 материал шығарылды және 197 сюжет көрсетілді.

- «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау мәселесі бойынша 35 материал жарияланды және 23 сюжет көрсетілді.

- Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының іске асырылу барысын ақпараттандыру бойынша 441 материал жарияланды және 267 сюжет көрсетілді.

- «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін» ақпараттық сүйемелденуін қамтамасыз ету және ақпараттық-насихаттық жұмысты белсендіру мәселелері бойынша 244 материал жарияланды және 53 сюжет көрсетілді.

- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша 67 шығарылды және 28 сюжет көрсетілді.

- «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша 60 материал жарияланды және 30 сюжет көрсетілді.

 

Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайы бойынша

 

Бүгінгі күні Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып белгіленеді. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы үнемі түрде әлеуметтік шиеленістер ошақтарын анықтау және қаланың саяси ахуалындағы үдірістеріне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырып, ішкісаясаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында шараларды қабылдауда.

Есептік кезеңде қалалық әкімдікке қоғамдық-саяси іс-шараларды (бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар) өткізуге жеке және заңды тұлғалардан 49 өтініш түсті. Олардың ішінде 34 өтініш иесіне жазбаша түсініктеме берілді, 4-не рұқсат берілді, 1-не рұқсат беруден бас тартылды, сондай-ақ 10 өтініш иесімен (С.Сұлтанғали) түсіндірмелі жұмыс өткізген соң, өтініш иесі өз еркімен іс-шараларды өткізуден бас тартты.

Сонымен қатар есептік кезеңде қоғамдық бірлестіктер мен азаматтармен ұымдастырылған 16 рұқсат етілмеген наразылық акция орын алды.

Басқарма ағымдағы жылдың 26 қаңтары мен 26 ақпан кезеңіне арналған конституциялық реформаларды талқылау бойынша Жүйелік кесте әзірледі. Жүйелік кестеге сәйкес Алматы қаласы аумағында 48 046 адаманың қатысуымен 600 іс-шара өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Басқарма «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын және конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша Жүйелік кесте әзірленді. Жүйелік кестеге сәйкес Алматы қаласында 20 мың адамның қатысуымен 80 іс-шара өткізу қарастырылған. 2017 жылғы 13 шілдеге сәйкес 5 930 адамның қатысуымен 36 іс-шара өтті.

Сонымен қатар, есептік кезіңде Басқарма түрлі іс-шаралар ұйымдастырды:

15 ақпанда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ауғанстаннан Кеңес әскері шығарылған күніне орай Мәңгілік от пен ауған соғысы ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.

1 наурызда Басқармамен Алаш қозғаласының 100-жылдығына арналған Іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған Іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласында 55 іс-шара өткізу көзделген, оның ішінде тақырыптық «дөңгелек үстелдер», конференциялар, көрмелер өткізу және арнайы ескерткіш ашу, ас беру мен гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастыру.

5 наурызда «qamshy.kz» интернет-порталы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен А.Байтұрсынұлының мұражай-үйінде Алаш қозғалсының құрбандарына арнап ас берді.

15 наурызда №149 мектепте оқушылар арасында 230 адамның қатысуымен «Алаш партиясы – біртұтас қазақ идеясы» атты тақырыпта іс-шара өтті.

18 мамырда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алаш қозғалысының 100-жылдығына орай «Алаш Орда және қазақ мемлекеттігінің мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнологи институтының, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, «Цукуба» Жапон университетінің, Мирзо Улугбек атындағы Өзбек Ұлттық университетінің, «Алматы» университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің және басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тарихшылары мен ғалымдары қатысты. Конференция нәтижесінде материалдар жинағы жарық көрді.

26 сәуірде «Atakent Park Otel» қонақ үйінде «Сарапшы» пікірсайыс клубының отырысы өтті. Іс-шараға сарапшылар, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында қатысушылар «Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасын» талқылады.

9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай салтанатты гүл шоқтарын қоб рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы құрбандарды еске алу мақсатында қалада «Қаһарман Ұлт – Бессмертный Полк» атты шеру өтті. Іс-шараға 40 мыңға жуық адам қатысты.

31 мамырда «Евразия» мейрамханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ас берілді. Іс-шараға зиялы қауым, мәдениет саласының өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары, 1986 жылғы Желтоқсанға қатысушылар қатысты, барлығы 400 адам.

4 маусымда У.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына орай іс-шара өтті. Іс-шараға 1 500-ға жуық адам қатысты.