Алматыда «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан баға фестивалі өтеді

25 шiлде 2017 жыл

Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан баға фестивалі өтеді, бұл шараға қаланың 100 сауда орталықтары мен 15 мейманханасы қатысады.

Осы фестивальге қатысушылардың барлығында киім, техника, аксесуарлар арзандатылған бағамен сатылады, тауарлар ассортимент кең. Сауда орындарында тауар ктаегориясына қарай олардың бағасы 80% ға дейін төмендетілген, ал қонақүйлер қызметі 40%-ға дейін арзандаған.

Фестиваль 4 тамыз күні «Мега Алма-Ата» сауда орталығында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ресми түрде ашылады.