Алматыда бірінші жартыжылдықта экономиканың барлық салаларында өсім байқалады

19 шiлде 2017 жыл

2016 жылы өңірлік жалпы өнім 2,6% немесе 10,3 трлн. теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде экономиканың барлық салаларында өсім байқалады: бөлшек сауда 6,8%-ға, көтерме сауда 0,7%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, құрылыс 0,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, ауылшаруашылығы 62,8%-ға артқан. Тұрғын үй салу 15,6%-ға, инвестиция көлемі 235,7 млрд. теңгеге өсіп, 12,2%-ға ұлғайған. Инфляция 3,6%-ды, республикада 3,7%.құрайды.

Қалада жұмыс істейтін ШОБ субьектілерінің саны 171,5 мың және олардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға өскен. Қалада салық түсімі де молайған. Республикалық бюджетке 645,2 млрд. теңге түскен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға (51,1 млрд. теңге) көп. Жергілікті бюджетке 184,2 млрд. теңге салық құйылған, 9%-ға (15,2 млрд. теңге) көп. Тұрақтылық жағдайында қалада жыл аяғына дейін өсім деңгейінің артады деп күтілуде.

Жалпы, 2017 жылғы қала бюджеті 542,4 млрд. теңгені құрайды. Өткен жылы үнемдеудің арқасында жергілікті бюджет 33 млрд. теңгеге немесе 50%-ға артты. Өткен жылмен салыстырғанда жолдарды жөндеу мен құрылыс салуға 2,8 есе, ал инженерлік желілерге 1,9 есе, абаттандыруға 2,7 есе көп ақша бөлінген.