2017 жылғы 1-жартыжылдықтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

3 шiлде 2017 жыл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы Басқарма өзінің қызметінде басшылыққа алатын заңдар, кодекстер, нормативті құқықтық актілер, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшылыққа алатын басқа да құқықтық актілер қарастырылды.

Мемлекеттік органның ережесін қарастыру барысында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының саласына қатысты 14 қызметке және оларға байланысты Қазақстан Республикасының Заңдарына (2011 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы»; 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»; 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»; 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»; 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»; 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрация ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы»; 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы»; 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары»; 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы») талдау жасалынды.

2017 жылғы 1-тоқсандағы басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы келесі бағыттарға жасалынды:

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Басқарманың штат саны 2017 жылдың басында 34 бірлікті құрады.

2 бос орын бар: 2 бірлік – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

 

  1. мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

  2. басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

  3. басқармада рұқсат беру функциялары жоқ;

  4. басқармада бақылау-қадағалау функциялары жоқ;

Басқарманың барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.

Басқарма мекенжайына «Желтоқсан-86-Тәуелсіздік Қырандары» қоғамдық қорының төрайымы Г. Жүністің 2017 жылғы 04 сәуірдегі №0000029-Ж-1 және №0000029-Ж-2 өтініштері түсті. Онда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауап арыз берушiге жолданды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Есептік кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

Сот актілері келіп түскен жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.