Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы – Алматы қаласының аумағында ішкі саясат саласында үйлестіруді жүзеге асыру.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы – «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» КММ.

3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері.

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде қызметкерлер өз қызмет шегінде:

1) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;

2) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің өкімдеріне және Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ережесіне сәйкес жүзеге асыру;

3) кез келген мүдделер қақтығысы туындайтын ықтимал жағдайларына жол бермеу жөнінде шаралар жасау;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;

5) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу үшін пайдаланбау;

6) әріптестерден жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап ету және қолдау қажет.

 

3.2. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

1) қызметтік этиканы сақтау;

2) еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтау, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иелену;

3) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, туралықпен және сапалы атқару;

4) жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

5) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсiз болу;

6) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбау керек.

 

3.3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау кезiнде:

1) нормативтiк және нормативтiк емес құқықтық актiлердi дайындау кезiнде «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы заңын қатаң ұстану;

2) өзi немесе үшiншi адам үшiн пайда алу мақсатында нормативтiк және нормативтiк емес құқықтық актiлердi қабылдауға жол бермеу қажет.

 

3.4. Тiршiлiк әрекеті саласының ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезiнде:

1) қарамағындағы жұмыскерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;

2) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер ұсынуға;

3) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда меншiктi ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;

4) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;

5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін үнемі өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға тиісті.

 

4. Басқа шектеулер мен тыйым салулар:

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметкерлеріне тыйым салынады:

1) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;

2) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде оның ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруда қатысуға, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмесе;

3) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылаудағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болуға; 

4) оның қызметтік қызметінің материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;

5) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымды міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға